«Бекітемін» Астрахан ауданы білім бөлімі басшысының м а. А. А. Асқаров



жүктеу 69.91 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі69.91 Kb.

«Бекітемін»

Астрахан ауданы

білім бөлімі басшысының м.а.

___________А.А. Асқаров
X республикалық «Жарқын болашақ» «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу

ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1. Осы ережелер аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін X республикалық «Жарқын болашақ» «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:


  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаттары:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.


  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

-оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

- тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;



III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.

  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, ән айту, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс.(5 конкурстың ережелері №1қосымшада берілген)


ІV. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының өту мерзімі мен орны:

2018 жылдың 18 қаңтарда Астрахан№1 орта мектебінің базасында өткізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін сұранысты үлгі бойынша16 қаңтардан кешіктірмей аудандық білім бөліміне (З.Асқароваға) өткізулеріңіз тиіс. Ескерту: мерзімінен кешіктірілген сұраныс қабылданбайды және сұраныссыз оқушы олимпиадаға қатыстырылмайды.


Қосымша1

_____________«Бекітемін»

Астрахан ауданы

білім бөлімі басшысының м.а.

А.А.Аскаров

Х республикалық «Жарқын болашақ» республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының 5 конкурсы бойынша

ЕРЕЖЕЛЕР
I. «Сөз шеберлері» конкурсы

1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.

2. Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.

3. Шарттары:

- қатысушы 1 прозалық және 1 поэзиялық шығарманы (немесе үзінді) жатқа мәнерлеп оқиды;

- шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, Отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;

- мәнерлеп оқуға берілетін уақыт мөлшері (1 тақырып үшін) – 3 минут.



4.Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі

2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі

2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай


II. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы (10-11-сынып оқушылары қатысады)

1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы.

2. Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.

3. Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (10–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 25 тест сұрағы). 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (10–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 25 тест сұрағы).

4. Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 60 минут.

5. Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.

III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарыс.

2. Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.

3. Шарттары:

- қатысушылар қазақ халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды;

- ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, Отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын әндер болу керек;

- әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.

- ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек;

- ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады;

- әнді орындаушы қазақтың ұлттық киімімен шығу керек;
4.«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:


Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау


1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі

2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы

2) әуені

3) киімі

5ұпай

5ұпай

5ұпай

5ұпай



IV. «Жас ғалымдар» конкурсы

1. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.

2. Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.

3. Шарттары:

- ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек;

- қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады;

- ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек);

- қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады;

- қазақ ұлттық киімімен шығу керек;

- қорғаушыға берілетін уақыт мөлшері – 10 минут.


  1. «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі

Тың тақырып, жаңалығы

1) ғылыми жоба талаптарына сай орындалуы

2) дизайны

1) Киім

2) Уақыт

Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5ұпай


V. «Жазушылар» конкурсы

1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.

2. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

3. Шарттары:

- оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;

- эссе көлемі (оқушы дәптері) 3 беттен кем болмау керек;

- жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 150 минут.



- эссе тақырыптары: қазақ тарихы, мәдениеті, әдебиеті, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолы, жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б. (қатысушы өзімен бірге дәптер ала келуі тиіс)

«Жарқын болашақ» Х республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасына

қатысатын оқушылардың тізімі

(сұраныстың үлгісі)



Тегі, аты

Сы-нып

Ұлт

Конкурс атауы

Орындайтын шығарманың атауы

Мұғалімі






















Әр мектептен бір номинацияға бір оқушыдан. Барлығы 5 номинация , яғни бір мектептен 5 оқушы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет