«Бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі



жүктеу 67.06 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі67.06 Kb.

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ Е.Н.Иманғалиев «___»_________________2015 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Физика пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

Тапсырма формасы

1

Кинематика.

1

Кинематиканың негізгі теориялары. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс.

Түзу сызықты тең үдемелі қозғалыс



1

А

1/5

2

Дененің еркін түсуі. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Галилейдің салыстырмалы принципі.

2

В

1/5

2

Динамика.

1

Қозғалыс заңдары. Табиғаттағы күштер. Статика элементтері.

3

В

б/б

3

Жұмыс. Қуат. Энергия.

1

Тұрақты күштің жұмысы. Қуат Кинетикалық энергия (жылдамдықтың өзгеруі кезіндегі жұмыс). Кинетикалық энергия туралы теорема. Потенциалдық энергия (ауырлық күшінің жұмысы). Ауырлық күшінің жұмысы. Серпінді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы (серпінділік күшінің жұмысы).

4

В

1/5

4

Сақталу заңдары.

1

Дененің импульсі. Реактивтік қозғалыс. Импульстің сақталу заңы. Толық энергияныің сақталу заңы. Энергияның бір түрден екінші түрге айналуы.

5

С

б/б

5

Молекулалық физика. Жылу құбылыстары.

1

Молекулярлы физика. Жылу құбылыстары. Газ заңдары.

6

В

1/5

6

Термодинамика.

1

Термодинамика.

7

В

1/5

7

Электродинамика.

Электростатика.



1

Электростатика. Тұрақты тоқ.

8

В

1/5

8

Электродинамика.
Электромагниттік құбылыстар.

1

Магнит өрісі. Электромагниттік индукция.

9

В

1/5

2

Электромагниттік тербелістер мен толқындар.

10

С

б/б

9

Механикалық тербелістер мен толқындар.

1

Механикалық тербелістер мен толқындар.

11

А

1/5

10

Оптика.

1

Геометриялық оптика. Толқынды оптика.

12

А

1/5

11

Квант физикасы.

1

Фотоэффект. Фотоэффект теориясы. Фотондар. Фотоэффектіні қолдану

Салыстырмалылық теориясының элементтері.



13

С

б/б

12

Атомдық және ядролық физика.

1

Радиоактивтік ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Атом ядросының массасы және байланыс энергиясы

Ядролық реакциялар.



14

В

б/б

13

Астрономия негіздері.

1

Әлем.

15

В

1/5

14

Жағдаяттық тапсырмалар.

Әртүрлі түрдегі (тест, таблица, график, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б) ұсынылған ақпарат негізіндегі жағдаяттар (оқиға, мәселе, шынайы өмірде болған оқиға).



16-20

А, А, В, В, С

1/5

Ескерту:

1/5 - бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауап;

б/б –бірнеше жауап нұсқасында бір немесе бірнеше дұрыс жауап.
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 5 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 11 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 4 тапсырма.


5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес:



Механика: механикалық қозғалыс, денелердің өзара әсерлесуі, жұмыс және қуат, қысым, механикалық құбылыстарды зерттеу әдістері, механикалық теребелістер мен толқындар.

Молекулалық физика және термодинамика: заттың молекулалық құрылысы, жылулық құбылыстар, жылулық құбылыстарды зерттеу әдістері, жылулық процестердегі энергияның түрленуі.

Электродинамика: денелердің электрленуі, тұрақты электр тогы, магниттердің өзара әсері, электромагниттік толқындар, электромагниттік құбылыстарды зерттеу әдістері, жарық толқындары, жарық құбылыстары.

Атом және атомдық физика: атом, атом моделі және оны зерттеу әдістері; атом ядросы, ядродағы бөлшектердің байланысы, ядролық энергетика, ядродағы бөлшектерді бақылау және тіркеу әдістері бөлімдері бойынша алған білімдерін тексереді.

Асторномия негіздері: жұлдызды аспан және жұлдыздарға қарап бағдар алудың негiзгi принциптерi; жұлдыздар әлемi; жұлдыздарға дейінгі қашықтық; күн – жер байланысы; планета жүйелерiнің жұлдыздары; жер тобының планеталары; алып-планеталар; күн жүйесiнiң кiшi денелерi; бiздiң галактика; әлем эволюциясының негiзгi кезеңдерi; ғарышты игеру және адамзаттың оны игеру болашағы.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 70 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Тестте тапсырмалар келесі түрде берілген.

1) 10 тапсырма - берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау;

2) 5 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау;

3) Жағдаятқа бес тапсырма берілген, әр тапсырмадағы бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау.
9. Бағалау.

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.

Бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін - 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл алады.

Бірнеше жауап нұсқасынан барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

- жіберілген бір қате үшін - 1 балл,

- екі және одан көп қате жауап үшін– 0 балл беріледі.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».



ҰТО директоры Қ. Әбдиев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет