Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж. 5В080600 – «Аграрлық техника және технология»



жүктеу 30.5 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі30.5 Kb.

Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________М. Орынханов

2013 ж. «______»_____________

5В080600 – «Аграрлық техника және технология»

5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»

мамандықтарына арналған

«Физика» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Физика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:





Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Механиканың физикалық негіздері. Кинематика.

Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы.

Сақталу заңдары. Тұтас ортаның механикасының элементтері. Механикалық тербелістер мен толқындар.


4

2

Молекулалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері. Тасымалдау құбылыстары. Термодинамиканың бастамалары. Реал газдар.

4

3

Электрстатика. Электрстатикалық өріс. Электрстатикалық өрістегі диэлектриктер мен өткізгіштер. Тұрақты электр тоғы. Әртүрлі ортадағы электр тоғы

4

4

Электрмагнетизм. Магнит өрісі. Электрмагниттік индукция құбылысы. Электрмагниттік тербелістер мен толқындар.

Айнымалы электр тоғы.



4

5

Оптика және кванттық физика элементтері. Геометриялық оптика. Толқындық оптика. Жарықтың заттағы таралуы.

Жарықтың кванттық табиғаты. Фотондар.



5

6

Корпускулалық–толқындық екі жақтылық. Де Бройль толқындары. Анықталмаушылық қатынастары.

Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы.



2

7

Атомдық және ядролық физика, элементар бөлшектер

Атомдық физика. Ядролық физика. Элементар бөлшектер



2




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттерге механиканың физикалық негіздерің ілгерілемелі және айнамалы қозғалыстар кинематикасы мен динамикасы бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Директор Қ.Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет