Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



жүктеу 51.69 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі51.69 Kb.

Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.

5В061200 – «Метеорология» мамандығына арналған

«Физикалық метеорология» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Физикалық метеорология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырмалар саны


1

Кіріспе. Метеорология пәні және метеорология әдісі. Оның басқа ғылымдар арасындағы орны және олардың өзара байланысы. Метеорологияның құрылуы мен даму тарихы. Метеорологияның шаруашылық пен әр түрлі салалардағы маңызы. Метеорологияның ғылымдағы жетістіктері. Метеорология саласындағы халықаралық байланыс.

3

2

Атмосфера туралы жалпы түсініктер.

Атмосфералық ауаның құрамы. Атмосфералық ауаның құрамдас өзгермелі бөлігі . Құрғақ ылғалды ауа күйі теңдеуі. Газ тұрақтысы. Ылғалды ауаның күйі. Вертикальды температура. Ауа ылғалдылығының сипаттамалары және олардың өзара байланысы Атмосфераның құрылысы. Атмосфераны қабаттарға бөлу принциптері. Ауа массалары және шептер туралы түсінік. Бұлттардың морфологиялық классификациясы.


4

3

Атмосфера статикасы.

Атмосфера статикасының негізгі теңдеуі. Барометрлік формулаларжәне оларды қолдануы. Ауа тығыздықтын биіктік бойынша өзгеруі. Вертикальді қысым градиенті, қысым сатысы. Стандартты атмосфера.



3

4

Атмосфераның радиациялық режимі.

Атмосфераның жоғарғы шекарасында күн радиациясының спектрлік құрамы. Спектр бойынша энергияның таралуы жән күн радиациясының интегралдық ағыны. Күн тұрақтысы. Атмосферада күн радиациясының жұтылуы. Атмосферада күн радиациясының шашырауы. Радиацияның монохроматты және интегральді ағындарының әлсіреу заңы. Күн радиациясының жер бетіндегі спектральдік құрамы. Тіке, шағылған және жиынтық радиациялар. Альбедо. Жер бетінің және атмосфераның сәуле шашуы. Жер бетінің сәуле шашуы. Атмосфераның сәуле шашуы. Атмосфера мен Жер бетінің сәуле шашуың есептеудің жартылай эмпирикалық теңдеулері. Қарсы сәулешашуына және нәтижелі сәулешашуына бұлттылықтын әсері. Нәтижелі сәуле шашудың тәуліктік және жылдық жүрісі. Атмосфера және жер бетінің радиациалық балансы. Жер бетінің радиациялық балансы. Атмосфераның радиациялық балансы. Жер-Атмосфера жұйсінің радиациялық балансы. Радиациялық баланс шамасын анықтаушы факторлар, оның тәуліктік және жылдық

жүрісі.


3

5

Атмосфераның термодинамикасы.

Атмосфераға байланысты термодинамиканың бірінші бастамасы. Адиабатты процестер. Пуассон теңдеуі. Құрғақ адиабата – күйі қисығы. Құрғақ адиабатты градиент. Потенциальді температура және оның қасиеттері. Атмосфера стратификациясы.

Ылғаладиабатты процесстер. Ылғаладиабатты процесс жағдайындағы термодинамиканың бірінші бастамасы. Ылғаладиабатты градиент, оның температура мен қысымға бағыныштылығы. Псевдоадиабатты процестер. Эквивалентті, эквивалентті потенциалды температура, олардың қасиеттері. Аэрологиялық диаграмма


3

6

Атмосфераның жылу режимі.

Атмосфераның турбуленттік күйі. Жерге жақын ауа қабаты. Атмосфераның ламинарлы және турбулентті күйі. Турбуленттіктің қарапайым сипаттамалары. Конвективті және турбуленті жылу ағындары. Турбуленттік атмосферада жылу ағындардың теңдеу. Жерге жақын ауа қабатының аңықтамасы мен биіктигі. Атмосфераның шекаралық қабатта ауа температурасының тәуліктік жүрісі. Шекаралық қабатта ауа температураның биіктік бойынша таралуы. Жерге жақын ауа қабаттарындағы температуралық инверсиялар. Атмосфера мен тоселме беткейдің әрекеттесуі. Топырақтың жылу және салқындау процестері. Топырақтың жылулық физикалық сипаттамалары. Жер бетінің температурасы, тәуліктік және жылдық жүрісі. Жылудың топырақта таралуының негізгі заңдары. Топырақ температурасының вертикальді таралуы. Топырақтағы жылу ағыны, оның тәуліктік және жылдық жүрісі. Топырақтың жылу режиміне өсімдік пен қар жамылғысының әсері. Үсік.Топырақтың қатып қалуы, мәңгі тоң қабаты. Жылудың су қоймаларында таралу ерекшеліктері. Тропосфера, стратосфера және мезосфераның термикалық режимі. Тропосферады және томенгі стратосферада ауа температурасының таралуы. Ракета мәлеметтрері боыйнша стратосфра және мезосфераның термикалық режимі. Атмосферада температураның таралуына құрылықтардың және мұхиттардың әсерлері. Ауа температурасының кезеңсіз өзгеруі.



3

7

Ауа ылғалдылығы

Ылғалдылық сипаттамаларының тәуліктік және жылдық жүрісі. Булану. Табиғи жағдайдағы булану процесі.

Атмосферадағы су буының конденсациясы мен сублимациясы. Атмосферадағы су буының конденсациялану жағдайлары. Конденсация ядроларының ролі.

Тұман және мұнар. Тұмандардың пайда болуының физико-метеорологиялық жағдайлары. Олардың классификациясы. Тұмандардың физикалық характеристикасы.

Тұман құрылуының моделі.


3

8

Атмосфера шекаралық қабатындағы ауа қозғалысының ерекшеліктері. Шекаралық қабаттағы жел. Жерге жақын және шекаралық қабаттағы желдің құрылымы. Желдің биіктік бойынша өзгеруі. Желдің тәуліктік жүрісі. Орфографиялық бөгеттердің желге көрсететін әсері. Жергілікті желдер.

3




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Физикалық метеорология» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет