Бекітемін егіндікөл ауданының әкімі Н. Төлепов



жүктеу 69.02 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі69.02 Kb.



БЕКІТЕМІН

Егіндікөл ауданының әкімі

_____________Н. Төлепов

«___»_____________20___ ж.

Абай ауылы әкімінің 2017 жылғы

әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2018 жылға арналған міндеттер туралы есебі
Сіздерге 2017 жылы атқарылған жұмыстар және 2018 жылға жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат беруге рұқсат етіңіздер.

2017 жылғы 19 қаңтарыңдағы алдыңғы кездесу барысында халықтан сұрақ түскен жоқ.ауыл әкімі аппаратының ғимаратының кіре берісінде халықтан сұрақтар және ескертулер,ұсыныстар үшін жәшік орналасқан.

Есепті кезеңге Абай ауылында 24 аула бар, халықтын саны 74 адамды құрайды, олардың ішінде 8 зейнеткер. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындар. Тыл еңбеккерлеріне теңестірілгендер - 1 адам, 1-3 топты мүгедектері - 2 адам. Асыраушысынан айырылу бойынша – 2 адам.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.А. жыл сайынғы халыққа жолдауында біздің азаматтардың әлеуметтік – экономикалық әл-қуаты жақсарту үшін тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды іске асыру барысында келесі жұмыстар жүргізілді:



  • «Барлықтарына кәсіби – техникалық тегін білім» жоба щеңберінде № 12 Егіндікөл ауылы Агротехникалық колледжіне қайта оқыту бойынша қысқа мерзімді курстарға өздігінше жұмыспен қамтылған 3 адам жіберілді;

  • Ауыл тұрғындарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпаратты – түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

  • Жаңа форматта адресті әлеуметтік көмек көрсету туралы халықпен әңгіме өткізілді.

«100 нақты қадам- ұлт жоспары» сәйкес елде институциональдық бес реформа жүргізілуде. «Ашық Үкімет» жетілдіру жұмысы реформаның бір бөлігі болып табылады, мемлекеттік органдардың есеп берушілігі және ашықтығы және де азаматтық қатысудың кеңейтуі.

2017 жылдың басынан Абай ауыл әкім аппараты 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет Заңына сәйкес Абай ауылы әкім аппараты мемлекеттік қызметтін 5 көрсетеді:

1.Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру- есепті кезенде 16 анықтама берілді.

2. Оқушыларды және тәрбиелеушілерді жалпы білім беру ұйымдарына және қайта үйіне тегін жеткізу – 5 бала қамтылды.

Үш мемлекеттік қызмет бойынша: елді мекен шегінде объект құрылысы үшін жер участкісін ұсыну, жер участкісін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, және сауда- саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқық беру,халықтан үңдеу түскен жоқ.

Әкімшіліктің ғимаратында «Е-gov» атты халыққа қол жеткізу бұрышы құрылған. Бұл бұрыш қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету үшін құрылған, және де халық арасында электронды сауаттылығын арттыру барысында мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалған.

Абай ауылы әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштеріне біріңғай есеп жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨЕЖ ААЖ) орнатылған. Есепті кезеңде жазбаша сұрақтар бойынша 1 адам ауызша сұрақтар бойынша: жеке тұлғалар - 4 адам, заңды тұлға – 1. Барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданды, барлық өтініштер толық көлемде заңмен белгіленген мерзімде орындалды. Құжаттандыру, құжат ауыстыру бойынша жоспарлы жеке қосалқы шаруашылықты жазу аулаларды аралау жүргізіледі. Жеке қосалқы шаруашылықты жазу электронды түрде жұргізіледі.

Мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес, ауыл әкімінің аппараты қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерің қарауды, жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдауды, органдармен құжат айналымын ұйымдастыруды, сондай-ақ ауыл әкімінің нормативтік құқықтық және әкімшілік – басқару сипаттағы шешім, өкімдерін дайындауды қамтамасыз етеді.

2017 жылы құжат айналымының жалпы көлемі қызметтік хат-хабарларды, нормативтік актілер мен азаматтардың өтініштерін қосқанда 431 бірлікті құрады. Ауыл әкімі 44 өкім, 3 шешім қабылдады. Азаматтық хал актілерін тіркеу – туу, қайтыс болу, әкелікті белгілеу туралы, заңмен белгіленген тәртіпте уақытында жүзеге асырылады. Жыл басынан 1 тұған және 1 қайтыс болу жағдайы тіркелді. Жерлеуге арналған жәрдемақы уақытында рәсімделіп төленді.

«Медиация туралы» Заңына сәйкес ауылдық деңгейде сотқа дейінгі дауларды үлкен өмірлік тәжірбиесі және мінсіз беделі бар медиаторлар өткізеді.Ауылда кәсіби емес медиаторларына өткізілген 1 медиатор сайланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу сұрақтары бойынша лекциялар, дөңгелек стөлдер өткізіледі.

Есептік кезеңде жергілікті қоғамда 10 жиналыс өткізілді, АБШ шотына түскен ақша қаражаттарының жұмсалуы мен түсуі туралы келісім жүргізілді. Жоспар бойынша 2017 жылға АБШ шотына түскен ақша қаражаты 127 мың теңге соммасында жоспарланған.Есептік кезеңде АБШ шотына 188 мың теңге түсті. Жергілікті қоғамдастық жиналысы деректер шешімі бойынша ақшалай қаражат көше жарықтандыру шамдарын ұстауға және халыққа арналған ауыз су тасымалдауды төлеуге жұмсалған.

Табысы күнкөріс шегінен төмен және күнкөріс шеңберінде тұратын отбасыларды анықтау мақсатында, тоқсан сайын тұрғындардың әлеуметтік картасы жасалады. Есепті кезеңге атаулы әлеуметтік көмек алатындар тіркелген жоқ.

2017 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласында басты бағыты жұмыссыздарды және азқамтылған отбасыларды жұмыспен қамту болып табылады. Қысқа мерзімді курстар бойынша қайта оқыту № 12 Егіндікөл ауылының " Агротехникалық колледжіне 3 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарына 3 жұмыссыз алынып, кейін жұмыспен қамтылды, 366 мың 885 теңге төленді. Кедейлік шегінен тұратын отбасыларының үлесі 0% құрайды. Ауылда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімінен жалғызілікті қарттарға қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, барлығы 1 қарт адамға қызмет көрсетеді. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде балалар мерекесін өткізуге «Ульянов» ЖК Ульянов В. ауылдың кішкентай тұрғындары үшін мерекелік іс-шара мен шай ұйымдастырды. Қарт адамдарға ,әлеуметтік қолдау айының күндерінде, мүгедектерге және зейнеткерлерге 65 жастан асқан кезінде өткізу күндеріне арнап , аудандық мәслихаттың депутаты Достенов К. О. және ЖШС "Жалманқулақ - М" Экажев Р. М. демеушілік көмек көрсетті сатып алынды және үйлеріне азық-түлік пакеттері таратылды.К.О.Достеновтың қатыстуымен шай ішу мен құттықтау және сыйлық тапсыру ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі үй шаруашылығының үлесі болып табылады, табысы жалпы кірістер сомасындағы зейнетақы 36% құрайды және тағы басқа түрлі жәрдемақы 14% - ын құрайды, жалақы – 50%.

Коммуналдық мекемелердің болмауына байланысты ауылда бөлінген және бекітілген участкілерді тазалауы мекеме кәсіпорындарымен және де ауыл әкімі аппаратының мамандарымен, денсаулық қорғау жұмыскерлері және де жеке меншік үй иелерімен өткізіледі. Әр көшелерге мемлекеттік және денсаулық сақтау қызметкерлері арасынан жауаптылар бекітілді. Әр аулаға үй жанындағы аумақты абаттандыру туралы ескерту таратылды. Көктемгі және күзгі көркейту айлығында 10 таза бейсенбілік және 4 сенбілік өткізілді. Жұмыс істемей тұрған объектілер сыланып, жусандар қырқылды. 1 стелла сыланып, сырланып тәртіпке келтірілді, кіре берістегі билборд жаңартылды. 15 түп ағаш отырғызылды. Мира көшесінде 40 ағаш түбі ақталды. Екі зиратты қоқыстан тазалау және сырлау қоршау жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішіндегі қураған ағаштарды шабу жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары үйлерін ақтау қоршау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. 008 бағдарлама бойынша көшенің жарықтандыруын ұстауға 52 мың теңге бөлінді. Тамыз айында техниқалык қызмет корсетілді. Есепті кезеңде көшені жарықтандыратын 9 шам бар.

2018 жылға халықтың әлеуметтік экономикалық әл ауқаты дамыту негізгі міндет болып саналады қайта оқыту бойынша қысқа мерзімді курстарға өздігінше жұмыспен қамтылған жастармен жұмыты жүргізуін жалғастыру, жалпы жұмыстағы өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыс орнын ұйымдастыру және ары қарай жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.

Мәдени-ағарту жұмыстарымен ауылдық кітапхана айналысады, кітап қоры 10157 кітапты құрайды, ал мемлекеттік тілде 3415 кітап. Биылғы жылда ауылдық кітапханада көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілді. Жаңғырудың үшінші қағидасы, яғни халықты патриотизмге баулу мақсатындағы «Туған Жер» бағдарламасына сәйкес, ауылдық кітапханада тұрғындар үшін Наурызға арналған іс-шаралар, 9 мамырда «Мәңгілік полк» акциясы, «Қазақстанның біртұтастығын нығайту факторы ретіндегі «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық, патриоттық идеясының құндылықты негіздері» тақырыбындағы талқылау өтті.

Ауыл аумағындағы шаруашылық жүргізу субъектісі ауылшаруашылыққұрылым «Жалманкулак М» ЖШС болып табылады, ауылшаруашылық көлемі – 8547 га, оның ішінде егістік жер 6195 га. Ауыл әкімшілік шекарасында 11 жеке шаруа қожалығы тіркелген, жалпы көлемі 4697 га (егістік – 4557 га). Шағын кәсіпкерлікпен 2 адам сауда саласында қызмет қөрсетумен азық-түлікдүкені және бір жеке кәсіпкер жүк тасымалдаумен айналысады. Халықтың мұқтаждығына байланысты апта сайын «Шукуева»ЖК керекті азық-түлік, нан өнімдерін жеткізіп тұрады.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын Астық» халықты мемлекеттік бағдарламаға тарту аясында мал шаруашылығын дамыту үшін микрокредит алу үшін кепілді мүліктің үлесі азына байланысты алу мүмкін емес.Отбасылық бордақылау алаңын ашуы бағытында жұмыс жүргізілуде.

Абай ауыл әкім аппараты барлыққазақстандық антикоррупциялық «Адал жол- Честный путь» атты марафонға қатысты. Марафонның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру.Оқырмандардың кең ауқымдарына арналған БҚА «Сыбайлас жемқорлық: бұл не,және бұл осы күнге неге басты мәселе болып саналады?» тақырыбына мақала басылды.Осы марафонға қатысты әңгіме жүргізілді.Стендерттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар орналастырылды, халыққа буклеттер таратылды. Мемлекеттік және бюджеттік қызмет жұмыскерлер арасында үнемі жемқорлық бойынша құқықбұзушылық туралы әңгіме жүргізіледі.

Ауылда ең басты мәселе халықты сапалы ауыз сумен қамту болып тұр.Қазіргі уақытта ауылда су тасылмалы.

Халыққа қазіргі уақытта тасымал суды жеткізуді «Егіндікөл Су Арнасы» жүзеге асырады. Су қорының 25,10 және 6 кубтық сыйымдылығы бар. Қысқы кезеңге судың қорың 41 кубты құрайды.

- 2018 жылға арналған басымдылықтың бірі – сапалы ауыз су мәселесін барынша шешу.

- Қысқы кезеңде аудандық маңызы бар жолды қар алудан тазалау және жазғы кезендегі шөпті шабу жұмыстарын ұйымдастыру.

- Аумақты тазалау, көркейту, бұзылған ғимараттар мен үйлердің келбеттерін тиісті қалыпқа келтіру, күл-қоқысты шығару.

- Жайылымды алқаптарды сақтау қалу бойынша жұмысты жалғастыру.

- Жас отбасыларды мал шаруашылығын дамыту үшін және отбасылық бордақылау алаңын ашу бойынша мемлекеттік бағдарламаға тарту.



Ауыл әкімі Б. Абенов

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет