Бекітемін хтжжф деканы



жүктеу 198.84 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі198.84 Kb.
түріНұсқаулар


Әдістемелік нұсқаулар




ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

«5В060600 - Химия» мамандығының студенттеріне арналған

Теориялық бейорганикалық химия пәнінен

Зертханалық жұмыстарға



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларына бекіту парағы





ПМУ ҰС Н 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы



_______________Қ.Қ. Ахметов

«___»_____________2011ж.

Кұрастырушы: Абдуллина Г.Г.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар
«5В060600 - Химия» мамандығының студенттеріне арналған

Теориялық бейорганикалық химия пәнінен


Кафедра мәжілісінде ұсынылған «__»__________2011ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________К.Х.Жапаргазинова

ХТжЖФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2011ж. «___»________ №____ хаттама




ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Буркитбаева




ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАР
Химиялық зертханада жұмыс істегенде төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:


  1. Алдын жұмыстың мазмұнымен толық танысу керек.

  2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал-жабдықтар мен реактивтерді дайындап алғаннан кейін жұмысты бастауға болады.

  3. Жұмыс ретін және барысын нұсқау бойынша жүргізеді

  4. Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау керек.

  5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу керек.

  6. Дәптерде күні, айы,тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқа немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады.


Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану

Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер: химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т), ерекше таза (е.т), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, ол ыдыстарды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т,. а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға болмайды.


Реактивтерді қолдану ережелері

  1. Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек

  2. Артық алынған реактивті қайтадан ыдысына салуға немесе құюға болмайды.

  3. Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына қояды.

  4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немесе шпательмен алу керек.

  5. Егер реактивті пипеткамен алса, сосын пипетканы жуу керек.

  6. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.


Химия зертханасындағы сақтық шаралар

  1. Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді.

  2. Тартпалы шкафта жұмыс істегенде оның терезесін ¼-1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.

  3. Тәжірибені кір ыдыста жасауға тиым салынады.

  4. Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы, т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды тартпалы шкафта жүргізу керек.

  5. Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құюға болмайды, оны тек лаборанттар өздері ғана жасайды.

  6. Химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.

  7. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.

  8. Киім жанса, көрпеге орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.

  9. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпеcі) өртті өшіреді.

  10. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 20-30 см қашықтыққа қою керек.

  11. Оңай от алатын сұйықтарды (оос- бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3м қашықтықта болуы керек.

  12. Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.

  13. Электролиз кезінде барлық контакт бір-бірінен жақсы оқышауланған болуы керек.

  14. Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын раковинаға тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.

  15. Газ шыққанын тексеру үшін сабын ерітіндісі қолданылады.

  16. Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек.

  17. Реактивтерді құйғанда шашырындысы бетке, киімге тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстаү керек.

  18. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе қасыңдағы жолдастарыңа қаратуға болмайды.


Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудегі сақтық шаралар

  1. Концентрлі қышқыл мен сілтілер денеге тигенде күйдіреді

  2. Аммиак, бром, концентрлі азот немесе тұз қышықылын тартпалы шкафқа қою керек.

  3. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды жайлап суға құю керек. Қышқылға су құюға болмайды!

  4. Құрғақ сілтілерді суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекпен ұстау керек.

  5. Қышқыл ерітіндісін сілтімен бейтараптағанда (немесе керісінше) бір-біріне тамшылатып қосу керек.

  6. Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты раковинаға құйюға болмайды, оны арнайы ыдысқа құяды.

  7. Хром қоспасы өте күшті күйдіреді және қауіпті.

  8. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) өте активті заттар екенін есте ұстау керек. Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.

1 лабораториялық жұмыс



Периодтық жүйесіндегі элементтер және олардың

қосылыстарындағы қасиеттерінің өзгеруі
Жұмыстын мақсаты: элементтер және олардың оксидтері мен гидроксидтерінің период пен топ бойынша өзгеруін оқып уйрену.

Теориялық мәлімет


Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев (1834-1907) ашқан периодтық заң химияның негізгі заңдарының біріне жатады. 1871 жылы Д.И Менделеев периодтық заңның анықтамасын берді:

Элементтердің, олардың жай және күрделі қосылыстарының, қасиеттері атомдық массаға периодты тәуелділікте болады.

Табиғат құбылыстарын көрсететін заңдардың әр түрлі теңдеулер түрінде математикалық өрнегі болады. Д.И Менделеевтің периодтық заңының математикалық өрнегі-периодтық жүйе.

Периодтық жүйе әр бір элементті жеке қараумен бірге барлық элементтердің арасындағы терең ішкі байланыстарын көрсетеді. Период екі түрге бөлінеді: қысқа және ұзын период. Периодтық жүйедегі элементтің реттік номері оның ядросындағы оң зарядтардың және оны айналып жүретін электрондардың санын көрсетеді.

Период деп сілтілік металмен басталып инертті газбен аяқталатын элементтердің тобын айтады. Периодтың нөмері осы периодта орналасқан элементтер атомдарының қалыпты (қозбаған күйдегі) электрондары орналасатын қабаттардың санын көрсетеді.

Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің реттік нөмерлерінің өсуіне байланысты олардың металдық қасиеттері артады. Оның себебі атом құрлысы тұрғысынан қарағанда бір периодтағы элементтердің электрондық қабаттарының саны өзгермейді, ал ядро зарядтарының саны біртіндеп арта береді де сыртқы валенттік электрондарының ядроға тартылуы күшееді. Осының нәтежесінде элементтердің радиустары кішірейіп электрон беру қасиеті азаяды, яғни металдық қасиеттері кемиді де бейметалдық қасиеттері артады. Мысалы: 3-ші периодтың элементтері натрий атомының радиусы 0,180 нм, ал хлор атомының радиусы 0,073 нм. Сондықтан атомының радиусы үлкен натрий күшті металл, ал радиусы кіші хлор күшті бейметалл.
Жұмыстың орындалуы

1 тәжірибе – III периодтағы оксидтер мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

а) Натрий металының ауамен және сумен әрекеттесуі:

Шыны ыдыстағы керосинге салынған натрий металының кішкене бөлшегін пинцетпен алып сүзгі қағазына қоямыз. Оны пышақпен кесеміз. Металдың жаңа кесілген жерінің өзгеруін бақылаңыз: металдың өте кішкене бөлшегін кесіп алып (металды) суы бар химиялық ыдысқа тастаңыз - өте күшті реакция жүреді. Ыдыстағы алынған ерітіндіге 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыз. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріңіз? Реакция теңдеуін жазыңыз.

б) Магнийдің сумен әрекеттесуі:

Сынауыққа су құйып, магнийдің аздаған бөлшегін салыңыз және 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыз. Сынауықты спирт шамының жалына қыздырыңыз. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

в) Алюминийдің суға және ауаға қатысы:

Ұзындығы 80 мм алюминий сымын қайрақ қағазбен тазалаңыз. Сымды 30º бұрыш жасайтындай етіп бір жағын суы бар сынауыққа түсіріңіз, сынауықтан сутегі бөлініп шыға ма? Сынауықты қыздырыңыз, 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыз. Ерітінднің түсі өзгере ме?

г) Фосфордың жануы (жұмысты тартпалы шкафта істеу қажет):

Керамика пластинасына не болмаса асбест қағазына аздаған мөлшерде қызыл фосфор қой. Оны сірінке арқылы тұтат. Фосфор тұтанысымен оны сүзгімен жап. Сүзгінің үстіне құрғақ сынауық кигізілген.

Ауа кіріп түру үшін сүзгінің шетіне сіріңке қорабын қою керек. Жанудан пайда болған ақ тұтін воронка қабырғасына қонады. Фосфор жанып болған соң, воронканы сынауықпен бірге алыңыз. Аздаған таза (дистильген) сумен сүзгінің қабырғасындағы ақ түтінді жуып, сынауыққа түсіреміз. Алынған ерітіндіні метилоранж ерітіндісімен тексереміз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

д) Күкірттің жануы (жұмысты тартпалы шкафта істеу қажет):

Конусты колбаның 1/3 бөлігіне дистильген су құйып, оған 2-3 тамшы метилоранж қосамыз. Одан кейін метал қасыққа кішкене кукірт бөлшегін салып, оны от жалынына ұстаймыз. Күкірт тұтанысымен, қасықты суы бар колбаға тусіреміз (суға тигізбей). Колбаны мақта тығынымен бекітеміз. Күкірт жанып болған соң қасықты алып, колбадағы суды араластырыңыз. Ерітіндінің түсінің өзгеруіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.

е) III периодтың амфотерлі элементінің тұзын алып, сынауықта оның гидроксидін ал.

Сынауықтағы затты екі сынауыққа бөліп құйыңыз. Бірінші сынауыққа тұз қышқылың, екіншісіне сілті ерітіндісін құйыңыз. Жүрген реакцияны түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.



Бірінші тәжірибенің нәтижелерін төмендегі кестеге толтырыңыз


элемент

Na

Mg

Al

P

S

Cl

оксидінің формуласы


















гидроксидінің формуласы


















оксидтермен гидроксидтердің химиялық қасиеттері



















Периодтағы элементтердің және олардың қосылыстарының өзгеруінен шығатын қорытынды





















2 тәжірибе. V топтағы негізгі топшаның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

а) сурьма гидроксидінің қасиеті.

Сынауыққа 2-3 см3 сурьма хлоридінің ерітіндісін құямыз және оған ақ тұнба түзілгенше натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңыз. Алынған ерітіндіні екі сынауыққа бөліп құямыз. Біріншісіне сілті ерітіндісін, ал екіншісіне тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. Екі жағдайда да ақ тұнбаның толық еруін қадағалаңыз. Жүріп өткен құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

б) Висмут гидроксидінің қасиеті.

Сынауықтың 2-3 см3 көлеміне висмут нитраттының ерітіндісін құйып, оған тамшылатып натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызыңыз. Алынған ерітіндіні екі сынауыққа бөліп құйыңыз. Біріншісіне сұйылтылған азот қышқылын, екіншісіне сілті ерітіндісін құйыңыз. Қай сынауықта ақ тұнба ерімейді. Реакция теңдеуін жазыңыз.
2 тәжірибенің нәтижелерін кестеге жаз

Элемент


Оксидтің формуласы

Гидроксидтің формуласы

Химиялық касиеті

5 топтағы негізгі топшаның оксидімен гидроксидінің химиялық қасиеттерінің өзгерістері, нәтижесі

N













P













As













Sb













Bi














Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Периодтық заңды тұжырымдап айтыныз.

  2. Иондану энергиясы дегеніміз не? s- және p- элементтердің реттік номері өскен сайын химиялық тұрақтылығы қалай өзгереді? Неліктен?

  3. Электрон біртектілігі дегеніміз не? Бейметалдардың қышқылдық активтілігі период және топ бойынша қалай өзгереді? Реттік номері өскен сайын қалай өзгереді?.

  4. Германий, ванадий, марганец және ксенон элементтерінің қайсысы ең жоғарғы қышқылдық қасиет көрсетеді?

5. Атомдарындағы соңғы электрон қабаты 3d–және 4d орбитальдарында

орналасатын элементтер қандай үйелменге жатады?

2 лабораториялық жұмыс

Химиялық реакцияның жылдамдығы

және химиялық тепе-теңдік



Жұмыстың мақсаты: Реакция жылдамдығына реакциялаушы заттардың концентрацияның ықпалы және біріккен тепе-теңдіктің ығысуы.

Теориялық мәлімет


Химиялық реакциялар жылдамдықтар мәселесін қарастырғанда гоменді жүйедегі ағынды, қажетті реакцияны айыру. Реакция жылдамдығын, реакциялаушы заттар концентрациясының өзгеруі, уақыттың үлкендік шамасы, реакцияның орташа жылдамдығы осы формуламен анықталады
Vорт → C2 – C1 ∆ C

t2 – t1∆ t


C1 – t1 уақыт мерзіміндегі заттың бастапқы концентрациясы C2 – t2 уақыт мерзіміндегі заттың соңғы концентрациясы. Заттың табиғаты реакцияның жылдамдығына әсер етеді, оларға концентрация, температура, катализатор, қосынды қатысады және реакциялаушы заттардың концентрациядан реакция жылдамдығына тәуелді заңын әсер етуші масса білдіреді.

Берілген температурада реакциялаушы заттар концентрациясының көбейтіндісі химиялық реакцияға тура пропорционал mA+nB → cD мұндағы: A,B-заттар концентрациясы V=K[A]m•[B]n m және n - стереометрлік коэффициенттер K – жылдамдық түрақтысы. Температура жоғары болғанда реакцияның жылдамдығы көбейеді. Көпшілік реакцияларда температураның 100С жоғарлығында жылдамдық 2-4 рет шамасына өседі. Химиялық тепе-теңдік оның химиялық процесс күйіндегі реакцияның тура және кері жылдамдықтары өзара тең.

MA+nB=cC+dD
K = [C] c • [D]d
К - бірқалыпты теңдіктің туракты шамасы.
V= К.[A] m • [B]n

Жұмыстың орындалуы


1.Тәжірибе: Реакция жылдамдығына заттардың концентрацияларының ықпалы.

Натрий тиосульфаты мен күкірт қышқалының арасындағы реакцияны келесі теңдеумен көрсетуге мүмкін

Na2S2O3+H2SO4= Na2SO4+SO2+S+H2O

Жасалған тәжірибеге 4 сынауыққа 2% натрий тиосульфаты ерітіндісін құйыңыз. Біріншіге 2 см3 су қосамыз. Белгілі уақыт мерзімінде күкірт қышқылы құйылады және түнбаның пайда болу уакыты белгіленеді.






Көлемі см3

Қыш

қыл

Тиосульфат концентра

циясы %

өткен уақыт ішіндегі қосылыстан шыққан тұнба

Реакция жылдам

дығындағы бірлік

ерітінді

су

1

2

4

6

33,3







2

3

3

6

50,0







3

4

2

6

66,6







4

6

-

6

100%







Тәжірибеден алынған мәліметтер бойынша милиметрлік қағазда график салыңыз.

2.Тәжірибе: Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның ықпалы.

3 сынауыққа 2% натрий тиосульфатының ертіндісінен 4см3 қую керек, ал қалған үш сынауққа 2% 4см3 күкірт қышқылы ертіндісін құямыз. Барлық сынауықтарды суық суы бар стаканға 5-8 мин қоямыз. Термометр арқылы стакандағы судың температурасын белгілеу, сосын 1 сынауықтағы күкірт қышқылын 1 сынауықтағы тиосульфат ерітіндісіне құйып, араластырамыз және тұнбаның тұзілген мерзімін секундомер арқылы өлшеп, кестеге жазамыз. Содан кейін стакандағы судың температурасын бастапқы температурадан 100С температураға көтереміз, сосын тағы да 3-5 минут температураның өзгермеуін бақылаймыз. Сосын 2 сынауықтағы күкірт қышқылын екінші сынауықтағы тиосульфат ерітіндісіне құямыз. Тағы да тұнбаның түсе бастаған уақытын секундомер арқылы бақылап кестеге жазамыз. Сосын стакандағы судың температурасын тағы да 100С температураға көтереміз, сосын 3-5 минут температураның өзгермеуін бақылаймыз. Содан кейін 3 сынауықтағы күкірт қышқылын 3 сынауықтағы тиосульфат ерітіндісіне құямыз. Тұнбаның түсе бастаған уақытын секундомер арқылы бақылап кестеге жазамыз.



Сынауықтың №

Температура

Қосындыдан түнба пайда болғанда шейінгі уақыт (t)

Реакция жылдамдығына берілген бірлік V=1/t





































Екінші кестедегі нәтижелер бойынша график салыңыз. (Реакция жылдамдығының шамасын ординат өсіне, ал абцисса өсіне температураны орналастыру).

3.Тәжірибе: Реакциялаушы заттар концентрациясы озгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысуы.

Сынауыққа бірнеше тамшы калий роданиді немесе аммоний радониді (KCNS немесе NH4CNS) ертіндісінен құямыз және оған темір (III) хлориді ертіндісін құямыз да үстіне су қосамыз. Шыққан қоспаны 4 сынауыққа біркелкі бөлеміз. Бірінші сынауыққа FeCI3 ертіндісін қосамыз, ал екіншіге қүрғақ KCL немесе NH4Cl, үшінші сынауққа KCNS немесе NH4CNS ертіндісін қосамыз. Осы сынауықтағы ертіндінің түсін төртінші сынауықтағы ертіндінің түсімен салыстырамыз.



Сына

уықтың №


Қосылғыш

Байқаған өзгерме

Қортынды:

Қай жақта тұрған реакцияның жылдамдықтың тепе-теңдігін белгіле



+FeCI3










+KCL










+KCNS










Эталон










1) FeCI3 және KCNS (NH4CNS) арасындағы реакциялар теңдеуін жаз.

2) Химиялық тепе-теңдік тұрақтылығын реакция тендеуін жаз. Химиялық тепе-теңдік тұрақтылығын Ле-Шателье принципі бойынша түсіндіріп беріңіз.

3 лабораториялық жұмыс

Тотығу-тотықсыздану реакциялар.
Жұмыстын мақсаты: 1. Кең таралған тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштардың қасиеттерін білу. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тендеулерін құрастырып үйрену.
Теориялық мәлімет.

Көптеген химиялық реакциялар жүру кезінде оларға қатысатын заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелері өзгермейді. Бұларға электролит ерітінділеріндегі иондар арасында жүретін алмасу реакциялары, сондай -ақ қүрделілігі жоғары заттардың күрделілігі кемірек заттарға ыдырау реакциялары, күрделі заттардан одан да күрделірек заттар түзу кезінде жүретін қосылу реакциялары жатады. Мысалы ретінде магний нитраты мен натрий корбанатының арасындағы реакцияны, темір (ІІІ) гидроксидінің айырылу реакциясын, фосфор (V) оксиді мен судың қосылу реакциясын келтіруге болады;


Mg2+(N5+ O2-3)2+Na21+ C4+ O32-=Mg2+ C4+ O32-+Na1+ N5+ O32-
Fe3- (O2- H)3 1+=Fe23+ O32-+ H21+ O2-
P25+ O52- + H21+O2- = H31+ P5+O42-

Бұл келтірілген мысалдардан әрбір рекцияға қатысатын және оның нәтежесінде түзілетін заттардың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгермейтінін байқау қиын емес.

Реакциялардың екінші тобына, яғни тотығу-тотықсыздану еакцияларына заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін химиялық процесстер жатады:
Zn0+2H1+Cl=Zn2+Cl2 +H20
Бұл реакция жүргенде мырыш екі электронын сутегі ионына беріп тотығады, ал сутегі иондары әрқайсысы бір-бірден электрон қосып алып тотықсызданады. Бұл тотығу тотықсыздану процестерін жеке-жеке былай көрсетуге болады:

Zn0 - 2é = Zn2+ (тотығу)

2H+ + 2é = H20 (тотықсыздану)
Реакция кезінде электрондары беретін бөлшекті (атомды, ионды немесе молекуланы) тотықсыздандырғыш дейді, ал электронды қосып алатын бөлшекті тотықтырғыш деп атайды.

Тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде тотықтысыздандырғыш тотығады, ал тотықтырғыш тотықсызданады.

Жоғарыдағы келтірілген реакциядағы мырыш тотықсыздандырғыш, ал сутегі ионы тотықтырғыш қызметін атқарады.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру үшін реакцияға қатысқан және оның нәтежесінде түзілген заттардың құрамындағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін дұрыс анықтай білу керек.



Жұмыстың орындалуы

Берілген зертханалық жұмыста ерітінділерде жұретін тотығу-тотықсыздану реакциялары зерттелінеді. Тәжірибелерді өткізу үшін сынауқка аз мөлшерде 1-2 мл ерітінді құйылады. Тәжірибе өткізерде берілген шартты қатал сақтау керек. Тәжірибе нәтежелерін өндеу мынандай талаптардан тұрады:



  1. Реакция барысындағы байқалатын өзгерістерді белгілеу.

  2. Реакция тендеуін жазу

1 тәжирибе. «Калий перманганатының әр түрлі ортадағы тотақтырғыштық қасиеттері».

Калий перманганатының тотықсыздану өнімдері әр түрлі ортаның рН-тәуелді. Калий перманганатының KMnO4 ерітіндісін 3 сынауыққа құйындар. Оның біріншісіне дәл осындай көлемде күкірт қышқылын, екіншісіне-концентріленген сілті ерітіндісін, ал үшіншісіне ештене құймандар.

Үш сынауққа да бір-бір тамшыдан Na2SO3 ерітіндісін қосыңдар: біріншісіндегі ерітінді түссіз болғанша, екіншісінедегі ерітінді жасыл түске боялғанша /K2MnO4/, ал үшіншісіне-күрен тұнба түзілгенше /MnO2/.

2 тэжірибе. Калий бихроматынын тотықтырғыш қасиеттері.

Екі хромды қышқыл H2Cr2O7 және онын тұзы. Мысалы K2Cr2O7 қышқыл ортада Cr+6----Cr+3 не өту нәтежесінде күшті тотықсыздандырғыштар болып саналады.

Үш сынауққа K2Cr2O7 ерітіндісін құйындар және дәл сондай көлемде H2SO4 2 н ерітіндісін құйындар. Тотықсыздандырғыш ретінде:

1-ші сынауыққа - құрғақ тұз FeSO4

2-ші сынауыққа - құрғақ тұз NaNO2

3-ші сынауыққа - SnCI2 ерітіндісін қосындар

Барлық сынауқтарда калий бихроматының тоқсары түсі жасыл түске айналады. Бұл хромның тотықтырғыш дәрежесі +6 дан +3 ке дейін өзгергенін көрсетеді.

3 тәжірибе. Галогендердің теріс иондарының тотықсыздандырғыш қасиеттері.

Сынауққа 1 мл мөлшерде Fe2(SO4)3 немесе FeCI3 тұзының ерітіндісін және 1 тамшы KI ерітіндісін құйыңдар. Сынауққа дистилденген суды ерітінді ашық сары тұске айналғанша құйындар және 1-2 тамшы крахмал қосыңдар. Ерітінді көк түске айналуы онын құрамында бос күйдегі I2 бар екені білдіреді.




Бақылау сұрақтары

  1. Қандай заттар тотықтырғыш. Және қандай заттар тотықсыздандырғыш деп аталады?

  2. Неге барлық металдар тотықсыздандырғыш қасиетін, ал бейметалдар тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетеді?

  3. Азотпен хлордын келесі қосылыстардағы тотығу дәрежесін көрсетіндер: HNO3, NO, NO2, NH4CI, HCI, HCIO, HCIO4.




  1. Қандай жағдайда электрондар беріледі, ал қандай жағдайда қабылданады?

S→ S2- Fe0→Fe2+

Fe3+→Fe2+ Sn2+ →Sn4+



S+6 → S+4 I→I0

  1. Неге S2- ионы тотықсыздандырғыш қасиетін , ал S0 атомы тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш , ал S+6 тек қана тотықтырғыш қасиетін білдіреді?

  2. Периодтық жүйе бойынша қай элементтер оте күшті тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиетіне ие болады?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет