«Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры: Мектеп директорының тәрбие ісі



жүктеу 44.08 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі44.08 Kb.

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Мектеп директорының тәрбие ісі

______Н. Н. Муханбетжанова жөніндегі орынбасары

_________Н.С.Галиева

«__»________201 7ж. «__»________2017 ж.



«Зеленов АББ Володар ЖОББМ»КММ



(ән байқауы)







Өткізген: музыка пәнінің мұғалімі

Жумакаев Қ.И

2016-2017 оқу жылы



Тақырыбы: Әнші балапан
Күні: 6 ақпан

Уақыты: сағат 1730

Өтетін орны: Спорт зал

Сынып:1 – 4 сынып

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға әннің қадірін, әнді мәнерлеп айту қабілеттерін және әннің мағынасы мен мәнін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың сахналық мәнерді, мәнерлеп сөйлеуді, өлеңнің қадірін түсінуді және өлең айту жолдарын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өлеңді ұғынып, өлең жолдарын түсініп айтуға, халқымыздың өлеңдердегі сөздердің мағынасын ашуға тәрбиелеу.

Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар. Володар жалпы орта білім беретін мектебіндегі 1-4 сынып арасында өтетін «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер. Байқауға қатысатын өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар.

1 «А» сынып оқушысы Берикова Айым

1 «А» сынып оқушысы Аронов Мирхат

1 «А» сынып оқушысы Бисенгалиева Анелья

2 «А» сынып оқушысы Табылды Райхан

2 «А» сынып оқушысы Сүлеймен Жанбота

2 «А» сынып оқушысы Қадырбеков Нұрғали

3 «А» сынып оқушысы Мақсот Абдулхаким

3 «А» сынып оқушысы Иргалиев Дәурен

3 «А» сынып оқушысы Мырзагелді Шынар

4 «А» сынып оқушысы Оралбай Іңкәр

4 «А» сынып оқушысы Жақсылық Әлижан
4 «А» сынып оқушысы Жумуров Санжар

1-жүргізуші:


Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын. Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.

Әнші балапан әділ қазыларын таныстырайық

Бастауыш пәні мұғалімі: Умбетова Алтынгүл Батырхайыровна



Мектеп завхозы: Умбеталиева Наталья Андреевна

Мектеп психологі Умбеталиева Рауза Нурлыхановна

Әнші балапан қонағы Қадырбекова Дильназды «Ақ көгершін» әнімен қарсы алыңыздар !!!


1-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
2-жүргізуші: Сахнада билеп жүреді
Айымды бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән салып береді
«Әліппе» әнімен 1 «А» сынып оқушысы Берикова Айымды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай

Отаным менің әсем қандай


2-жүргізуші Еркін елім еркелеткен
Мен ұлымын жазық маңдай деп келесі кезекте 1 «А» сынып оқушысы Аронов Мирхаттың «Қошақаным» әнін қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:

Мұңға батқан жүректі ән оятар


Тәтті үннің әсері жан оятар
2-жүргізуші: Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап

Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей


1 «А» сынып оқушысы Бисенгалиева Анельяның «Ойыншықтар» әнін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ертең-ақ мен ержетіп


Әнші ағадай боламын
2-жүргізуші: Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Дей келе 2 «А» сынып оқушысы Сүлеймен Жанботаның «Алақай» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
2-жүргізуші: Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін деп 2 «А» сынып оқушысы Табылды Райханды «Құттықтаймын мама, туған күніңмен! » әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:


Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған. Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек. Әрине бар. Ендеше сахнаға 2 «А» сынып оқушысы Қадырбеков Нұрғалиды «Әкелер» атты әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші. Әрбір ғажап әлемге арнап


Әсем бір ән айтайын - дей келе 3 «А» сынып оқушысы Мақсот Абдулхакимды «Анашым қартаймашы» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Уа ,туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
2-жүргізуші: Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
3 «А» сынып оқушысы Мырзагелді Шынарды «Гүлкөбелек» әнімен қарсы алыңыздар.

1- жүргізуші:


Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
2-жүргізуші: Жас дәуірдің түлегіміз
Ана деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Солдат болам мен ертең» әнімен 3 «А» сынып оқушысы Иргалиев Дәуренді қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып

2-жүргізуші:

Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада 4 «А» сынып оқушысы Оралбай Іңкәрді « Ақ мамам» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде

2-жүргізуші:


Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде 4 «А» сынып оқушысы Жумуров Санжарды «Біз отанның түлегіміз » әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең менше сүй» деп «Аяулы анашым» әнімен Жақсылық Әлижанды қарсы алыңыздар!!!


2-жүргізуші: Әділ қазы алқалары дайын болғанша 5 «А» сынып оқушысы Жасұлан

Аймекенді «Ертегілер» әнімен қарсы алыңыздар!!!

Әнші балапан қонағы Жумуров Жарасты «Төрешім» әнімен қабыл алыңыздар!!!
2- жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыны айтып марапаттап,сыйлықтар үлестіреді.
Каталог: uploads -> doc -> 0451
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет