Мәскеуге бара жатып Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде екі ресейліктің қаза тапқаны анықталды.Олар ерлі-зайыпты Волгодонск қаласының тұрғындары болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет желіден алынған

Волгодонск кәсіпкерлері Евсюковтар отбасы ұлдарымен бірге желтоқсан айында демалысқа Тайландқа ұшып барған. Шетелде жүргенде әйелі қатты ауырып, жергілікті ауруханаға жатқызылған.

"Біз оны Паттайядан Мәскеуге жеткізу мәселесін шештік. Отағасы онымен бірге жеке ұшақпен Үндістаннан жанармай құйып ұшты. Ал ұлы бір ғана адамға ілесіп жүруге рұқсат етілгендіктен ұлдары Таиландта қалған. Дегенмен оқыс оқиға салдарынан ұшақ Ауғанстанның үстінде құлады", – делнген жазбаларда. 

  • Бірде-бір көлік тоқтамаған: Қостанай облысында үш күн бойы далада қалған шопан қалай тірі қалғанын айтып берді

  • АҚШ НЛО-ға қатысты ақпаратты жария ету туралы заң қабылдады

Ұлы Мәскеуге тұрақты рейспен келіп, ата-анасының қайтыс болғанын білді.

Еске салсақ, Мәскеуге бет алған үнді ұшағы Ауғанстан аймағында апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.