Бекітілді қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже



жүктеу 226.21 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі226.21 Kb.


Жоба
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы ____
№ ____ Жарлығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы.

Бас прокуратура өз өкілеттіктері шегінде, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – прокуратура органдары) басқаруды жүзеге асырады, мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет атынан өкілдік етеді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет аяларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.

2. Бас прокуратураның ведомствосы – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, білім беру мекемелері мен ұйымдары, сондай-ақ облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар (республикалық мағызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғатты қорғау, көлік, арнайы объектілердің прокуратуралары) бар.

3. Бас прокуратура өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, осы ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бас прокуратура мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген символдары және ерекшелік белгілері, мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерінде есепшоттары, оның ішінде валюталық есепшоттары бар.

5. Бас прокуратура азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бас прокуратура егер ол заңнамаға сәйкес оған өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

7. Бас прокуратура заңнамада белгіленген тәртіпте өзінің құзыреті мәселелері бойынша Бас прокуратура басшыларының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бас прокуратураның құрылымын Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Бас прокуратура қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің штаттық санын Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратураның жалпы штаттық саны шегінде Бас Прокурор белгілейді.

9. Бас прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 14.

10. Бас прокуртатураның толық атауы – «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бас прокуратураның құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бас прокуратураның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бас прокуратураға кәсiпкерлiк субъектiлермен Бас прокуратураның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2. Бас прокуратураның миссиясы, негізгі міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
14. Бас прокуратураның миссиясы: Қазақстан Республикасының аумағында заңмен белгіленген шектерде және нысандарда заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет атынан өкілдік ету және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

15. Бас прокуратураның негізгі міндеттері:

заңда белгіленген шекте мыналарды:

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді;

заң бұзушылықты, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды;

құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіруді;

заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

16. Бас прокуратураның негізгі функциялары:

1) заңда белгіленген шектерде және тәртіпте мыналардың:

мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, кез келген меншік нысанындағы өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;

заңды күшіне енген сот актілерінің;

атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;

құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі; қылмыстық жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы қызметінің;

мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқару органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, ал айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша – кез келген меншік нысанындағы өзге де ұйымдардың актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің);

заңда айқындалатын өзге де бағыттардың заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыру;

2) қылмыстық-процестік, азаматтық процестік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген негізде және тәртіпте сотта мемлекет атынан өкілдік ету;

3) қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

4) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында, осы органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында IT-технологияларды енгізу, цифрландыру және автоматтандыру процесіне қатысу;

5) Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Бас прокуратура алқасының, Бас прокуратура жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметі мәселелері жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастыру:

6) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- Заң) 6-бабының 3-тармағының 1) тармағында көзделген жағдайлардағы өтініштерді, сондай-ақ Заңның 6-бабының 4-тармағында және 7-бабының 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген жағдайлардағы заң бұзушылықтар немесе олардың болу қаупі туралы өтініштерді қарау;

7) мемлекеттік саясат шеңберінде қызметтің орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық бағыттарын, нысаналы индикаторларын және прокуратура органдары жүйесін дамыту стратегиясын айқындау, сондай-ақ прокуратура органлары жүүйесін дамыту стратегиясын іске асыру процесіне, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мониторинг жүргізу;

8) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

9) прокуратура органдары жүйесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының Президентіне еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметі туралы есеп ұсыну;

11) прокуратура органдары жүйесінің іс-қимылын басқару, үйлестіру, бақылау, олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету, олардың қызметінің тактикасын айқындау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

12) өз құзыреті шегінде заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу;

13) заңдарды қолдану, заңдылықтың жай-күйін талдау, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен біріктірілген ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып, қадағалау практикасын талдау және прокуратура органдары жүйесінің қызметін жетілдіру;

14) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерінің Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкестінін анықтау үшін оларды бағалау;

15) прокуратура органдарының жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық, әкімшілік және өзге де заңнамада белгіленген шектеулер мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

16) жүктелген міндеттерді шешу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және құқық қорғау қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз ету үшін прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай кадр саясатын әзірлеу және іске асыру;

17) норма шығармашылық қызметіне қатысу, нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету;

18) адамды беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды және психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарды беру, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу және ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және іске асыру;

19) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысу;

20) прокуратура органдары жүйесінің құзыретіне қатысты қызмет саласындағы шет елдердің және халықаралық ұйымдардың құзырлы органдарымен халықаралық ынтымақтастық;

21) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету;

22) құқық қорғау қызметі орталығының жұмысын ұйымдастыру;

23) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздік саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру;

24) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру;

25) прокураура органдары жүйесіндегі қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар айналымын, жұмылдыру дайындығы және арнайы есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

26) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік, дене шынықтыру және арнайы даярлығын ұйымдастыру;

27) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындауды, қайта есептеуді, индекстеуді, жерлеуге арналған жәрдемақыларды, зейнеткердің отбасы мүшелеріне өтемақы тағайындауды қамтамасыз ету;

28) құзыреті шегінде қауіпсіздікті, террорға қарсы қорғалушылықты, өткізу және объектіішілік режимдерді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

29) құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

30) ішкі істер органдарындағы қызметті, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын адамдарды кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру, құқық қорғау қызметі саласында ведомстволық бағынысты ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу саласындағы саясатты қалыптастыру;

31) техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қамтамасыз етуді және прокуратура органдары жүйесін қамтамасыз етудің басқа да түрлерін, оның ішінде күрделі құрылысты және реконструкциялауды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру;

32) прокуратура органдарының жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

33) прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай ақпараттық саясатын жүргізуді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

34) Бас прокуратураның ресми Интернет-ресурсының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» құрылымына қатысуын қамтамасыз ету, прокуратура органдарының Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толтыру бойынша қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

35) прокуратура органдары жүйесінде, өз құзыреті шегінде, дағдарыстық жағдай қаупі және оның туындауы туралы ақпаратты мониторингілеу;

36) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;

37) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ақпарат ұсыну;

38) прокуратура органдары жүйесінің ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;

39) ішкі аудитті жүзеге асыру;

40) Бас прокурор қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді есепке алуды және жүйелеуді жүргізу, олардың бақылау даналарын жүргізу;

41) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;

42) прокуратура органдарының тиімділігін және халықтың сенімін арттыру мақсатында, жобалық менеджмент құралдарын пайдалана отырып прокуратура органдарының қызметін жетілдіру;

43) оларға жүктелген міндеттерді шешу және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жобаларды басқару бойынша прокуратура органдарының жүйесінде бірыңғай саясатты әзірлеу және іске асыру;

44) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

17. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің функциялары:

1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру;

2) құқықтық статистика ақпаратын жинақтау, жүргiзу және өңдеу;

3) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу;

4) құқықтық статистика мәселелерi бойынша статистикалық байқаулар жүргiзу;

5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру;

6) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

7) шаруашылық жүргiзетін субъектiлерде өткiзiлетiн барлық тексерістердің бiрыңғай статистикалық есебiн жүргiзу;

8) тексеру белгілеу туралы актілерді тіркеуді жүзеге асыру барысында бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын заңсыз тексерістерден тексерілетін субъектілер, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

9) аумақтық органдар жұмысына басшылық ету және бақылау, оларға есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау, қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

10) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

11) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған тұлғалардың есебін жүргізу;

13) мемлекеттік органдарға жасалған өтініштерінің қабылдану, тіркелу, қаралу және шешілу сатысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

14) оған Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

18. Бас прокуратураның негізгі құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

3) тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандарды тарту;

4) прокуратура органдарының жүйесі қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

5) прокуратура органдары жүйесі қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


3. Бас прокуратураның қызметін ұйымдастыру
19. Бас прокуратураны басқаруды Бас прокурор (бірінші басшы) жүзеге асырады, ол Бас прокуратураға жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

20. Бас Прокурорды Парламент Сенатының келісімімен, бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан босатады.

21. Бас прокурордың орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары бар. Бас прокурордың орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

22. Бас прокурордың негізгі өкілеттіктері:

1) Бас прокуратураның жұмысын ұйымдастырады, оның және төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді;

2) мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысанда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республиканың ратификацияланған халықаралық шарттарына қайшы келетін нормативтік және өзге де нормативтік құқықтық актілерге қарсылық білдіреді;

3) Бас прокуратураның Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің және Алқасының төрағасы болып табылады;

4) Бас прокуратураның, ведомстволардың, облыстардың прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралар алқасын құру туралы шешім қабылдайды;

5) Бас прокуратура алқасының Жұмыс регламентін бекітеді және оның құрамын айқындайды;

6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, сонлай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Бас прокуратураның атынан өкілдік етеді;

7) тоқсанына бір реттен кем емес тәртіпте Қазақстан Республикасы Президентінің алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметі туралы есеп береді;

8) Президентке және Үкіметке прокуратура органдарының ұйымдастырушылық-штаттық, кадрлық, медициналық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас прокурордың орынбасарларын, прокуратураның ведомстволарының және білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізеді;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

11) Қазақстан Республикасы Президентіне прокуратураның ережесін, құрылымын және жалпы штат санын бекіту туралы ұсыныс енгізеді;

12) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындайды;

13) себеп пен негіз болған жағдайда қарсылық білдіреді және оны іспен және өтінішхатпен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жолдайды;

14) Бас прокуратураның, құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұйымдастырушылық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге де мәселелерді шешудегі өкілеттіктерін айқындайды;

15) прокуратура органдары жүйесінде Бас Прокурордың өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында және актілерінде тікелей көзделген өз өкілеттіктерін беретін лауазымды тұлғаларды айқындайды;

16) прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті актілер шығарады, оған бағынысты лауазымды тұлғалар қабылдаған, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшы келетін актілердің күшін жояды;

17) өз құзыреті шегінде мынадай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды:

қылмыстық-процестік заңнаманың, жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманың нормаларын қолдану мәселелері бойынша;

құқықтық статистиканың барлық субъектілері үшін міндетті құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша;

құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою мәселелері бойынша;

прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін айқындайтын;

прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын;

құқық қорғау қызметі, саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді, оларды үйлестіру және мониторингілеуді жүргізу тәртібін айқындайтын;

заңнамаға сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

18) заңда көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел- іздестіру және қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

19) мемлекеттік органдардан келіп түсетін прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарын қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын келіседі;

20) Бас прокурордың және қарсы барлау қызметтерін жүзеге асыратын органдармен қарсы барлау қызметінің заңдылығы үшін қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы бірлескен нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

21) шешім қабылданғанға дейін наразылық бойынша наразылық келтірілген құқықтық актінің немесе егер оларды орындау адамның өмірі мен денсаулығы үшін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін қайтымсыз салдарларға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін әрекеттердің орындалуын тоқтата тұруға құқылы;

22) Бас прокуратураның регламентін бекітеді;

23) облыстардың, аудандар прокуратураларының, оларға теңестірілген прокуратуралардың, прокуратураның білім беру мекемелері мен ұйымдарының ережесін (жарғысын) бекітеді;

24) құрылымдық бөліністердің, ведомстволардың, білім беру мекемелерінің, ұйымдарының, сондай-ақ облыстардың прокуратураларының және оған теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының, бас әскери және көлік прокуратураларының), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралардың (әскери, табиғатты қорғау, көлік, арнайы объектілердің прокуратуралары) құрылымы мен штаттарын бекітеді;

Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен прокуратураның жалпы штат саны шегінде прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің штат санын айқындайды;

25) заңдарға сәйкес еңбек қатынасы мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, мекемелердің басшыларын, ведомстволардың, білім беру мекемелері мен ұйымдары басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар бес жыл мерзімге тағайындалады. Көрсетілген тұлғаларды тағайындаған кезде оларға үш ай мерзімге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы;

26) прокуратура органдары жүйесінің жекелеген лауазымды тұлғаларын тағайындау және босату тәртібін белгілейді;

27) Еңбек тәртібінің қағидаларын бекітеді;

28) жұмыс уақытын есепке алу нысанын және тәртібін айқындайды;

29) прокуратура органдары жүйесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бекітеді;

30) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшылық құрамға сыныптық шендер беру және жоғары офицерлік құрамға офицерлік атақтар беру үшін кандидатуралар ұсынады;

31) құқық қорғау қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіпте прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер мен әскери атақтар береді;

32) прокуратура органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне мемлекеттік наградалармен марапаттауға және Қазақстан Республикасының құрмет атақтарын беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен марапаттайды;

33) Прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің санаттар бойынша лауазымдары тізілімінде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің бейтиптік лауазымдарының тізбесін бекітеді;

34) прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелері мен білім беру ұйымдарында қару, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар сатып алу, есепке алу, сақтау, ұстау, беру, тасымалдау тәртібін айқындайды;

35) құқық қорғау органдарының келісімі бойынша прокуратура білім беру ұйымдарында оқитындардың (магистранттар, докторанттар) құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін белгілейді;

36) ішкі істер органдарындағы қызметті қоспағанда, прокуратураның білім беру ұйымдарының құқық қорғау қызметіне алғаш орналасқан тұлғалардың кәсіби дайындауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

37) прокуратураның білім беру ұйымдарында оқитындардың (тыңдаушылардың) кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан және біліктілік арттырудан өту тәртібін белгілейді;

38) прокуратура органдары жүйесіне қызметке алынғанға дейінгі еңбек өтілін еңбек сіңірген жылдарға енгізу қағидаларын бекітеді;

39) заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өтінішпен шығады;

40) төмен тұрған прокурорларға мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, кез келген меншік құқығындағы өзге де ұйымдардың актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын анықтау мақсатында тексеріс жүргізу туралы тапсырмалар береді;

41) қосымша материалдар талап етіп алу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің айтарлықтай болуына байланысты төмен тұрған прокурорларға отыз күннен аспайтын мерзімге тексерістер жүргізудің мерзімін ұзартуға келісім береді;

42) заңдылықтың жай-күйін талдау, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен біріктірілген ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізудің тәртібін айқындайды;

43) прокуратура органдарының символдарының сипаттамасын бекітеді;

44) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарын бекітеді;

45) Бас прокуратура жанынан консультативтік-кеңестік органдар, сондай-ақ прокуратура органдары жүйесінің мәселелері жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды, олардың құрамын, қажет болған жағдайда, ережесін және (немесе) міндеттерін айқындайды;

46) прокуратура органдарында құжаттама жасау және құжаттаманы басқарудың, іс қағаздарын жүргізу мен ұйымдастырудың, мұрағат ісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді, ақпараттық жүйелер жасайды және оларды осы мақсаттарда пайдаланады;

47) Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдарын және әдістерін ашатын мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызады;

48) Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз етеді;

49) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің әкімшілік ғимараттарындағы өткізу және объектіішілік режимдердің тәртібін белгілейді;

50) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды прокуратура органдары жүйесіне арнайы есепке алуды жүргізу туралы нұсқаулықты бекітеді;

51) прокуратура органдары жүйесінде атыс дайындығын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

52) жұмылдыру дайындығы бөлінісін құрады не жұмылдыру жұмысы бойынша жекелеген бір қызметкерді тағайындайды;

53) айрықша жағдайда өз бастамасы бойынша Қылмыстық-процестік кодекспен белгіленген тергеу реттілігіне қарамастан, прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісін тапсырады;

54) сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында прокурорлардың өкілеттігінің ара жігін ажыратуды айқындайды;

55) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерінің Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкес келу мәніне бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

56) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Бас Прокурор болмаған жағдайда, оның міндеттерін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша бірінші орынбасар немесе орынбасарлардың бірі атқарады.

24. Бас Прокурор өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

25. Бас прокуратураның аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4. Бас прокуратураның мүлкі
26. Бас прокуратураның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікті иелене алады.

Бас прокуратураның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. Бас прокуратураға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгесі белгіленбесе, Бас прокуратураның өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату
29. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың тізбесі
1. Бас әскери прокуратура

2. Бас көлік прокуратурасы

3. Астана қаласының прокуратурасы

4. Алматы қаланың прокуратурасы

5. Ақмола облысының прокуратурасы

6. Ақтөбе облысының прокуратурасы

7. Алматы облысының прокуратурасы

8. Атырау облысының прокуратурасы

9. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

10. Жамбыл облысының прокуратурасы

11. Батыс Қазақстан облысының рокуратурасы

12. Қарағанды облысының прокуратурасы

13. Қостанай облысының прокуратурасы

14. Қызылорда облысының прокуратурасы

15. Маңғыстау облысының прокуратурасы

16. Павлодар облысының прокуратурасы

17. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

18. Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ескерту: облыстың және оларға теңестірілген прокуратуралардың шарттасылған құрылымдық бөлімшелері – аудандық оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралары (әскери, табиғатты қорғау, көлік, арнайы объектілер прокуратуралары) бар.
Бас прокуратура мен оның ведомстволарының қарамағындағы

мемлекеттік мекемелер тізбесі


1. «Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетi» мемлекеттік мекемесі

2. «Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі.

3. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

4. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет