«бекітілді» Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/5
Дата23.04.2019
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5



Оңтүстік Қазақстан облысының

денсаулық cақтау басқармасы

басшының 2017 жылғы

«16» қаңтар № 47 Н/Қ

бұйрығына 2-қосымша
«БЕКІТІЛДІ»

Оңтүстік Қазақстан облысы

денсаулық сақтау

басқармасының басшысы
________________ Егизбаев М.К.

2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу бойынша тендерлік құжаттама
Ұйымдастырушы «Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекеме 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алу бойынша тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді дайындау үшін әлеуетті өнім берушілерге ұсынатын осы тендерлік құжаттама (будан әрі - Тендерлік құжаттама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы 1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Ереже) қаулысына сәйкес әзірленді.

Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып жүргізіледі:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
      2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы әділетті бәсекелестік;
      4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
      5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;
      6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
      7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек

8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету.


  1. Тендерлік құжаттаманың құрамы

1. Осы тендерлік құжаттама төмендегіден тұрады:

1) тендерлік құжаттама;

2) 1-қосымша - сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;

3) 2-қосымша - сатып алынатын тауарлардың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома, төлем шарты, жеткізуде талап етілетін орны;

4) 3-қосымша - тендерге қатысуға өтінімнің нысаны;

5) 4-қосымша - әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру нысаны;

6) 5-қосымша - берешектің жоқтығы туралы анықтаманың нысаны;

7) 6-қосымша - біліктілік туралы мәліметтер;

8) 7-қосымша - әлеуетті өнім берушінің бағасының кестесі;

9) 8-қосымша - банктік кепілдік;

10) 9-қосымша – сатып алудың үлгі шарты.
2. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары.

2. Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады: 


     1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі (осы талап өндірушілерге қолданылмайды);

      3) төлем қабілеттілігі – салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

      4) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызметі сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;

      5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;

      6) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.



  1. Біліктілік талаптары Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.

  2. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды.

5. Әлеуетті өнім беруші осы тендерлік құжаттаманың 6-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың; медициналық мақсаттағы бұйымның; медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып, бір саудалық атауын ұсынады.

6. Медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі тендердің бір лоты бойынша, егер сатып алынатын негізгі медициналық техниканы пайдалану үшін қосымша медициналық техника және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйым жиынтықта бірлесіп пайдалану үшін талап етілсе, екі және одан да көп өндірушіні ұсына алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет