Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған.
"Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған.
Сондай-ақ 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.