Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары



жүктеу 430.91 Kb.
бет1/3
Дата29.04.2019
өлшемі430.91 Kb.
  1   2   3

Нарын ауылдық округі бойынша

жергілікті қоғамдастық жиналысының

2018 жылғы 20 наурыздағы хаттамасымен

БЕКІТІЛДІ



Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ


2018 жыл




  1. КІРІСПЕ

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары онда тұратын және оған жақын тұрған ауылдардың тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Нарын ауылдық округінің құрамына 2 елді мекен кіреді. Орталығы Шынқожа ауылы. Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы санақ бойынша Шынқожа ауылында 278 шаңырақ, 1417 адам; Ай елді мекенінде 15 шаңырақ 77 адам тұрып жатыр. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылдың «12»шілдедегі №12/138-к шешімімен Нарын ауылдық округінің Қарауыл және Төленді елді мекендері Шыңқожа ауылының құрамына енгізілді. Жалпы 293 шаңырақ, 1494 адам тұрады. Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 929 адамды құрайды. Өзін – өзі қамтып отырғандар – 355 адам, әкімшілік – 8, орта мектеп пен шағын орталықта – 66, дәрігерлік амбулатория – 9, мәдениет үйінде – 4, Пошта бөлімшесінде – 1 адам жұмыс істейді.

Нарын ауылдық округінің құрамына Шынқожа ауылы, Ай елді мекені кіреді. Нарын ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 127 973 га құрайды. Осының ішінде ауыл орталығы мен елді – мекендердің жер көлемі 21 902 гектарды құрайды. Шаруа қожалықтарына берілген жер көлемі 74 200 гектарды құрайды.





  1. Талдау

1.1 Нарын ауылдық округінің экономикасы және ауыл шаруашылығы
Ауылдық округтің экономикасының негізгі басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнес, және ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауыл бойынша 4 дүкен, 2 тойхана, 1 қатымхана, 3 дәмхана, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 сто, 1 жанар жағар май станциясы, 1 жылыжай, 1 почта, 2 мал сою алаңы және 2 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдағы шаруа қожалықтар саны 92, тіркеліп заңды жұмыс істеп отырған 13 кәсіпкер бар, оларда 17 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығындағы басымдылық мал және мал өнімдерін өсіруге бағытталған.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Мал шаруашылығы ауылдық округтегі ең басты сала болып табылады. Ауыл тұрғындарының негізгі күн көріс көзі мал шаруашылығымен айналысу болғандықтан, округ бойынша мал басы жыл санап өсуде округ бойынша 92 шаруашылық құрылса, осыдан 42 шаруашылық қыстамаларға орналасқан. Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар округтің әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Шаруа қожалықтарында және ауылдың қосалқы шаруашылығында барлығы 5264 бас ірі қара, 1617 бас жылқы және 12725 ұсақ мал, 2100 үй құстары тіркелген.

Аудан орталығына жақын орналасуы ет-сүт өнімдерінің нарығына сұранысты арттырады, сондықтан ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру мүмкіндіктері бар. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығы саласының қожалықтарына қажетті орын - 2 мал сою пункті бар.


Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің

2015-2017 жылдардағы өзгеру динамикасы

Көрсеткіштер атауы

2015 ж


2016 ж


2017 ж


Өсу қарқыны 2017/2015,%

Мал басы (бас):













ІҚМ

5350

5500

5650

106 %

Қой-ешкі

22000

21600

21000

96 %

Жылқы

1850

1900

1950

106 %

Құс

2050

2100

2150

105 %

Өнім өндіру,

Тонна













Ет

3800

4100

4300

118 %

Сүт

7600

8100

8500

116 %

Жұмыртқа, мың дана

35,0

37,0

40,0

106 %

Агробизнес – 2020 бағдарламасының арқасында ауылшаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында былтырғы жылы Нарын ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтар Лизинкке 4 трактор және 6 қосалқы бөлшектерімен жиыны 25 млн. 631 000 теңгеге әкелінген болатын.

Нарын ауылдық округінде тіркелген жалпы тракторлар саны 81 дана болса, бүгінгі танда соның 14%-ы жанарды. Аудан әкімдігінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қойған талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы бөлімімен бірігіп, шаруа қожалықтар иелерімен ірі қара малдарын асылдандыру жұмысы жүргізілуде. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы арқылы мал бордақылау алаңын ашу үшін « Ардақ » ш/қ төрағасы 10 млн. теңгеге кепілдеме қою арқылы 5 млн. теңге несие алып, мал бордақылау алаңын ашты.

Сонымен қатар «Нұрдәулет» шаруа қожалығының төрағасы Серік Бақиянов Үкіметтің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы микрокредит беру ұйымы - «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының « Аягөз Несие» серіктестігі арқылы мал шаруашылығын дамыту үшін жылдық 6 пайызбен кепілдеме қою арқылы 12 млн. теңге несие алып, ауылымыздың сырт жағынан жалпы ауданы 1560 шаршы метр болатын мал соятын алаң, мал бордақылайтын алаң, және жем тартып өндіретің шағын цех салу үшін құрылыс жұмыстарын бітіріп, бүгінде жем тартатын аппаратын сатып алды. Жеке кәсіпкер Ерлан Ақымжанов мал шаруашылығын дамыту үшін жер алып, сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі танда сиыр сауатын апараттарын 400,0 теңгеге сатып әкеліп қойды, сонымен қатар симменталь тұқымды сүтті құнажындар сатып алуда.


ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Нарын ауылдық округінен тіркеліп заңды жұмыс істеп отырған 13 кәсіпкер бар, оларда 17 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ауыл бойынша 4 дүкен, 2 тойхана, 1 қатымхана, 3 дәмхана, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 сто, 1 жанар жағар май станциясы, 1 жылыжай, 1 почта, 2 мал сою алаңы және 2 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. Шағын бизнестің қарқынды дамуына ауылдық округтің аудан орталығына жақын орналасуы да әсер етіп отыр.

Биылғы жылы Сакенаева Оразғайша деген азаматша Ай елді мекенінен 1 қымызхана салып, кәсіпкерлік ашып жұмыс жасауда. Бұрынғы ветеринарлық пунктіге берілген ғимараттан мал сою алаңын ашу жөніндегі аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер Қалиясқаров Нұрбек мал сою алаңын ашты.


НАРЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ


      1. Шаруа қожалықтары, мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланулары қажет

2. Ауылда малдың ет-сүт, құс өнімдерін өңдеуді дамыту – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс және құс өнімдерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша құнын арттыру

3. Аягөз қаласының сауда нүктелерінде Нарын ауылдық округінің ет-сүт өнімдерін өткізу ауыл бизнесінің экономикаға қатысу тетіктерін әзірлеу болып табылады.


SWOT-талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Ауылдық округте ауылшаруашылық

өнімдерінің сапалы болуы.

  1. Аудан орталығына жақын орналасуы

  2. Ауылымыз тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан жеке кәсіпкерлікпен айналысу тиімді.

  3. Мал басының көбеюі

  4. Кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жерлер

  5. Ауылдық округтың тиімді географиялық орналасуын және өткізудің негізгі нарығына жақындығын пайдалану

  1. Физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген ауылшаруашылық техника және жабдықтау;

  2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі қол жетімсіздігі

  3. Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

  4. Мал өнімдерінің өткізу мәселесі

  5. Кәсіпкерлік салаға қажет мамандар тапшылығы, білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз

  6. Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы

Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы

  2. «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

  3. «Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары»

  4. «Агробизнес 2020» бағдарламасы




1.Округтегі ауыл шаруашылығының негізгі өнімдеріне деген бағаның төмендеуі

2.Ауыл шаруашылығы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

3.Бағаның қымбаттауы

4.Инфляция




2.2. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету

Ауылдық округтің әлеуметтік инфроқұрылымы мен қызмет көрсету жағдайы қалыпты, базалық қызмет көрсетеді. Ауылдық округтің демографиялық өсімі төмен, ауыл тұрғындарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 7% кеміді, яғни 2018 жылға -1494 адам.



Білім беру

Нарын ауылдық округінде «Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін» 1 орта мектеп бар. Онда 216 оқушы оқып , 36 ұстаз, оның ішінде жоғары санатты 31, арнаулы орта білімді 5 ұстаз білім береді, сонымен қатар мектеп алды шағын орталықта тәрбиеленушілер саны – 50, 5 – тәрбиеші, және 2 – көмекші тәрбиеші қызмет атқарады. Осы мектептің шаруашылық жұмыстарына 15 адам тартылған. Аудан бойынша мектептер арасында ҰБТ-ның қорытындысы бойынша биылғы жылы екінші орынды иеленіп отыр. Биылғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы осы мектептің түлегі Танирбергенов Ерасыл жұмысқа орналасып, осы мектепте қызмет істеуде. Мектеп ішінде түстен кейінгі уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі спорт секциялары жұмыс істейді және де аптаның сәрсенбі, жұма күндері кешкі 17:00 – ден 20:00 –ге дейін ауыл жастарына мектеп спорт залы ашық.Мектеп оқушылары, және ауылымыздың жастары түрлі денгейде өтетін жарыстардан қалмай ауылымыздың намысын қорғап, ауылымыздың мәртебесінің өсуіне өзіндік үлес қосуда. Материалдық техникалық базасы жақсы, мектеп интернет желісіне қосылған. Биылғы жылы аудандық бюджеттен 9 млн. теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Нарын ауылдық округі бойынша 1 емдеу мекемесі бар. Емдеу мекемесінде 1 жоғарғы білімді дәрігер, 6 арнаулы білімі бар мамандар, 1 тазалықшы , 1 жүргізуші жұмыс істейді.. Жыл сайын ауданнан жылжымалы ем көрсету машинасы келіп ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеріп отырады. 1 жедел жәрдем көлігі бар.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауылда материалдық-техникалық базасы музыкалық аппаратурасымен жабдықталған мәдениет үйі және ауыл кітапханасы бар.

Ауыл ішінде 1 спорт алаңы, 2 спортзал бар. Мұнда балаларға футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес спорт секциялары және әр түрлі спорттық іс – шаралары ұйымдастырылады. Шынқожа ауылында «Нарын мешіті» орналасқан.



Тұрғын үй

Ауылдық округтің тұрғын үй жағдайы ауылды жерге тән жағдайда, тұрғын үйлердің 100% жеке меншік, ескі үйлер, жаңадан үй салынбайды, пешпен жылытылады.



ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Нарын ауылдық округі бойынша барлығы зейнетақы алатындар саны – 188 адам, асыраушыларынан айырылған отбасы саны – 7 адам, 1-2-3 топтағы мүгедектер саны 34 адам, 4 баладан жоғарғы отбасылар саны 32 адам, 1 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатындар 18 адам, балаларының мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар саны 6 адам, көп балалы аналар саны 30 адам, 1 жастан 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар 32 адам, тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны 9 адамды құрайды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 отбасы жергілікті бюджеттен 613 325 теңге жәрдемақы алып, мақсатты түрде пайдалануда. Бюджеттік мекемелерден жалақы алатындар саны 94 адам.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Нарын ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібіне жауапты учаскелік полиция қызметкері бар, ол арнаулы көлігімен қамтамасыз етілген.
Әлеуметтік саладағы проблемалар:

1. Жастардың ауылға тұрақтамауының негізгі себептері, бұл,тұрмыстық жағдайлар, жұмыстың болмауы, аз мөлшердегі еңбек ақы.

2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаның нашар болуы

3. Жастарға арналған мәдени ошақтардың болмауы

4. Жұмыссыздық

5. Төменгі еңбек ақы


Нарын ауылдық округінде әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:

1. Жастардың ауылға тұрақтауына тұрмыстық жағдайлар жасау

2. Мәдени-спорт саласы бойынша материалдық-техникалық базаны жаңарту

3. Жастарға арналған мәдени ошақтар салу

4. Жұмыс орындарын ашу, еңбек ақы мөлшерін көбейту
Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну бойынша

SWOT – Талдау


Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Кітапхана мен мәдениет үйінің болуы

  2. Спорт залдарда спорттық үйірмелердің болуы

  3. Шынқожа ауылында спорт алаңдарының болуы

  4. Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі

  5. Полиция қызметінің болуы

  1. Мектептерде кабинеттер тапшылығы

  2. Ауыл аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының кейбір заманауи спорт құралдарымен қамтамасыз етілмегені




Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. ҚР 2016-2019 жылдары білімді дамыту бағдарламасы

  2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

  3. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  4. 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  5. «Өрлеу», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары

  6. Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі

  2. Инфляция

  3. Жұмыссыздық

  4. Маман тапшылығы




2.4 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен жабдықтау

Нарын ауылдық округін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет етеді. Ауылда жиыны 45 калонка бар, соның 9-ы істен шыққан. Су жүйесіне 3 тарифті электр есептегіш құралы қойылған. Тариф бойынша 1 квтқа 16 тенге деп есептелінеді. Бір күндегі тексеріс бойынша 1 күнге 123 куб су кетті. Бұл дегеніміз 123 000 л, әр адамға яғни 748 адамға бөлсек, 1 адамға 164 л су жіберіледі деген сөз. Тұрғын үй иелерімен «Су» КММ мен келісім шартқа отырғызу жұмыстары және су құбырына қосу жұмыстары жүргізу жұмыстары жалғасуда



Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Ауылда «ВК РЭК» АҚ қарайтын электр желілері учаскесі жұмыс істейді. Ауылдық округтің елді мекендері түгелдей электр желілерімен қамтылған. Электр желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық.


Байланыс және коммуникациялар

Ұялы байланыс операторларының қызметі 100 % қамтылған. Интернет байланысымен қамту 80%-ды құрайды. Шынқожа ауылында «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындарға жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу және жеткізуге жағдай жасалған.

Интернет жылдамдығы жақсы, жұмыс жасауға кедергі туғызбайды. Теле Шынқожа ауылында орналасқан пошта бөлімшесі жеке ғимаратта орналасқан, бірақ күрделі жөндеуді қажет етеді.

Көліктік қолжетімділік және ауыл ішілік жол

Нарын ауылдық округінің орталығы Шынқожа ауылы аудан орталығынан 33 шақырым, ал облыс орталығынан 350 шақырымда орналасқан. Жолдардың жағдайы – қанағаттанарлық. Ауылдың көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Барлық жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Жолдарды күтіп ұстауға «Аягөз жолдары» ҚМК бекітілген.

Қысқы уақытта жолдарды «Аягөз жолдары» мекемесі қардан тазартып отырады. Ауылдық округ тұрғындары аудан орталығына қатынау үшін тасымалдаушылардың (такси) қызметтерін пайдаланады.

Абаттандыру және экология

Экологиялық қауіпті өндірістердің болмауынан ауылдық округтің экологиялық жағдайы қалыпты.Экологиялық тұрмыстық қатты қалдықтарды төгу полигоны ауылдың сыртында орналасқан.

Нарын ауылдық округінде мәдени-демалыс орындары саябақ, балалардың ойын алаңдары бар. Сонымен қатар әрбір көшеге балалар ойнайтын алтыбақан, ойын құралдары меморандум есебінен қойылды. Осы жасалған жұмыстар ауылда құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауымен, үнемі тексеріліп отырылады. Нарын ауылдық округінде абаттандыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Нарын ауылдық округінің орталығы Шынқожа ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан қолма-қол ақша бақылау шотына түскен ақша негізінде ауылдық округте құрылған қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімімен 150 000 теңгеге ауылдың көшелерін көріктендіру үшін жасанды гүлдер орналастырылды. 450 000 теңгеге Шынқожа батырдың ескерткішін Шынқожа батыр атындағы мектептің алдына орналастыру жұмыстары жүргізілді.( қоршау, вазон, брущатка, кафелдеу, бояу, бардюрлар). 100 000 теңгеге ауылды көріктендіру мақсатында баннерлер жасалынды. 200 000 теңгеге ауылдың сырт жағында орналасқан қоқыс төгетін орынға санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. 270 000 теңгеге ауылды көріктендіру мақсатында электр бағаналарына ашық диодты лампалар орнатылды. 300 000 теңгенің 150 000 теңгесін ауыл көшелеріне орналасқан электр бағаналарының жанбай тұрған ақауларын қалпына келтіру жұмыстарына, 150 000 теңгесі ауылдың көшелерін безендіру жұмыстарына жұмсалды. Қалған қаражатты қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімімен ауыдға Жаңа Жыл мерекесіне орай түнгі жарықшамдар сатып алуға жұмсалды. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында салықтан түскен қаражатқа ауыл көшелеріндегі үйлерге көше атауы мен нөмірі жазылған тақталар орнатылды.

Ауылда малдардың жайылуы үшін табын ұйымдастырылған, иесіз қаңғыған иттер жоқ.

Негізгі прблемалар:

1.Су құбыры жүйесінің ескіруі

2. Жоғары жылдамдықтағы интернеттің болмауы

3. Елді мекен жолдарының нашар болуы

4. 100% ауыл көшелерін жарықтанбауы
Ауылдың инфрақұрылымын дамытудың негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

1.Су құбыры жүйесін қалыпқа келтіріп, таза ,сапалы сумен қамтамасыз ету.

2. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу

3. Елді мекен жолдарын жөндеу.

4.Ауылды абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізу – парк,

балалар алаңдарын, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру.



  1. Ресурстарды үнемдеу, ауылды абаттандыру, ауылдағы инфрақұрылымдық жобалардың жобалануын және іске асырылуын қоғамдық бақылау мәселелеріндегі ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру


SWOT-талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  1. Сумен қамтамасыз ету

  2. 85 % көше жарықтандырылған

  3. Аумақта «ШҚ РЭК» АҚ қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.

  4. Қалыпты экология жағдайы

  1. Автомобиль жолының қанағаттарлықсыздығы

  2. Су құбыры жүйесінің 90 пайызының ескіруі

  3. Ауылды абаттандыру саласындағы проблемалар (жарықтандыру, көгалдандыру)

Мүмкіндіктері

Қауіптері

  1. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  2. Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  3. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы

  1. Инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейлерінің төмендігі



3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Көрініс

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары шағын және орта бизнесі дамыған қызмет саласы бар және ет–сүт өнімдерін өндіру жолға қойылған, жоғары жұмысбастылық орын алған ауылдық округ.

Ауданға жақын орналасқан ауылдық округ Аягөз қаласындағы сауда нүктелерінде, жәрмеңкелерінде сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруда.

Елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымның барлық қызметтерімен қамтылған. Мәдениет үйіндегі үйірмелермен, спорт кешеніндегі секция қызметтерімен қамтамасыз етілген. Ауылдың балаларының жабдықталған жайлы мектептерде оқуға мүмкіндігі бар.

Ауылдың халқы заманауи жабдықпен қамтылған медициналық мекемелерге бару қол жетімділігіне ие, мәдени-тынығу қызметтері дамыған, саябақтар, балалар алаңқайлары сияқты бұқаралық демалыс орындары бар. Нарын – сумен, ауыл ішілік жолдарымен, жарықтандырылған және абаттандырылған көшелері, саябақтары, тынығу орындары бар өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған ауылдық округ.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет