Бекітілген қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/3
Дата23.04.2019
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3


Жоба
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы «___» ________

№ ______ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы


  1. Қазақстан Республикасын индустриялық дамытудың көрінісі

Қазақстан Республикасының индустриялық дамуының тәсілдері 2003 жылы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясының (ИИДС) шеңберінде қалыптастырылды, бірақ 2007-2009 жылдардағы дағдарыс оның жүзеге асырылуын тоқтатты.

Белсенді индустриялық саясатқа оралу 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) шеңберінде болды, бұл көбінесе ИИДС 2003-2015 қағидалары мен тәсілдемелеріне негізделді.

Екі құжатта кеңейтілген фокустарымен ерекшеленді және мемлекеттің экономикалық саясатын көрсете отырып, экономиканың барлық секторларын қамтыды. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында өңдеу өнеркәсібінің 6 саласында 14 сектордан шағын басымдықтар белгіленген болатын.

2020 жылдан бастап индустрияландырудың 3 бесжылдығы басталады. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауына сәйкес, аталған Тұжырымдама «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020- 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ИИДМБ 2020-2024) өңдеуге идеологиялық негіз, қағидалар мен тәсілдемелерді қалыптастырады. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы мынадай қағидаларды ұстанатын болады:


  • индустриялық саясаттың сабақтастығы;

  • тиімді өндірушілерді қолдау;

  • индустриялық және кеңістікті дамудың түйіндесуі;

  • индустриялық дамудың, инновация және цифрлық технологияның ымырасы.

Бұдан әрі индустрияландыру саясаты мемлекеттік жоспарлаудың синхрондалған жүйесі шарттарында жүзеге асырылады. Индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында берілген ұзақ мерзімді мақсаттар мен елдің даму бағытын ескеретін болады және «Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі» саясаты мен «Технологиялық жаңарту және цифрлық жүйеге көшу» реформасының шеңберінде Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін дамуының Стратегиялық жоспарының бастамаларына негізделеді.

Индустрияландыру саясаты сабақтастығын сақтайды және өндіру өнеркәсібінің тапсырмаларын орындауға топталатын болады. Ол инвестициялық климатты дамыту бойынша қабылданған бағдарламалар, шетел инвестицияларын тарту және ұстау, экспортты жылжытуға, жаппай жұмыс бастылықты қамтамасыз етуге, жалпы инфрақұрылымды, цифрлық инфрақұрылымды, сонымен қатар аймақтарды дамытуға ұштасатын болады. Индустриялық-инновациялық дамытулар Бизнесті дамыту және қолдау бойынша, АӨК дамыту бағдарламалары, қызметтер салаларының бірығай бағдарламасымен жүзеге асырылатын саясатты ескеретін болады.

Индустрияландыру саясатының соңғы нәтижесі – өндіру өнеркәсібі кәсіпорнының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі. Бұндай нәтижеге қол жеткізу қазақстандық тауар экспортының өсуімен, номенклатураның кеңеюі және «күрделенуімен», сонымен қатар ішкі нарықта шетел жеткізушілерімен сәтті бәсекелестігімен расталады.

Тұжырымдамада тура және жанама мемлекеттік қолдау, институционалдық жүйе үшін, ИИДМБ 2020-2024 одан әрі әзірлеу мақсатында «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыру үшін механизмдер мен шарттар жасауға жалпы қағидалар, тәсілдемелер, ұсыныстар және ұсынымдар тұжырымдалған.



    1. Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау


2010 жылдан бастап белсенді жүргізіліп келе жатқан индустриялық-инновациялық дамыту саясаты экономиканы әртараптандыру процесін іске қосу үшін негізгі шарттарды қоюға мүмкіндік берді, заңнамалық қор құрылды, өнеркәсіптік инфрақұрылымының дамуы жалғасуда, дамыту институттарының жүйесі құрылды, мемлекеттік қолдаудың құралдары әзірленіп, сыналды.

Бірінші бесжылдық шеңберінде қабылданған шаралар өңдеу өнеркәсібінің өсімінің оң қарқынын сақтауға мүмкіндік берді. Мәселен, 2008-2009 жылдардағы қысқартудан кейінгі өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ (3%-ға және сәйкесінше 2,8%,) 2010 жылдан бастап нақты тау-кен өндіру секторының өсу қарқынынан (2008 жылға қарай 120,6%) оза отырып, (2014 ж. 2008 ж. қарай 127,8%), тұрақты оң траекторияға шықты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталындағы инвестицияның көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 2 есе артты ( 357 бастап 729 млрд. теңгеге дейін), нақты өсім 155,5% құрады.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру басында 2015-2016 жылдары Қазақстанда жаһандық дағдарыстың әсерінен 16 жылдың ішінде бірінші рет тау-кен өндіру секторының төмендеуі себебінен (2,5% және 2,7%, сәйкесінше) өнеркәсіптік өндіріс қысқартылды (1,6% және 1,1%, сәйкесінше). Өңдеу секторында өндіріс өсімін сақтау (0,2%-ға және сәйкесінше 0,6%) тек қана индустрияландыру жылдарында жинақталған әлеуеттің арқасында мүмкін болды және дағдарыс шарттарында өңдеуші секторының үлкен тұрақтылығын растау болды.

Өңдеу өнеркәсібі шығарылымының көлемі 2017 жылы 9,4 трлн. теңгені, ЖҚҚ – 5,9 трлн. теңгені, ЖІӨ-де өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 11,2% құрады. ИИДМБ 2015-2019 негізгі индикаторларына қол жеткізу бойынша әр түрлі бағытталған серпін байқалады (1 кесте).


1 Кесте. 20171 жылдың қорытындысы бойынша 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ-ң негізігі индикаторларына қол жеткізу

Көрсеткіш

2017 жылға болжам

2017 жылдың факті

2015 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты құндық көлемінің өзгеруі

97%

111,0%

2015 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің нақты өсімі

105,6%

102,6%2

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі қапиталындағы инвестициялар көлемі, млрд. теңге

2015-2017 ж.ж.

2 352


2015-2017 ж.ж

2 659


2014 жылдың деңгейіне өңдеу өнеркәсібінде энергия сиымдылығының төмендеуі

97%

87,5%3

Дереккөз:ҰЭМ СК
Ел өнеркәсібінде оң құрылымдық өзгерістер байқалады. Индустрияландыру жылдарында өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,7 п.т. (2009 жылы 35,6% бастап 2017 жылы 42,3% дейін) артты; экспорттың жалпы көлемінде – 4,4 п.т. (27,8% бастап 32,2% дейін, сәйкесінше); негізгі капитал инвестицияларында – 2,7 п.т. (8,2% бастап 10,9% дейін, сәйкесінше); тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағынында –16,5 п.т. (8,5% бастап 25% дейін, сәйкесінше) артты.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін талдау ЕАЭК бойынша серіктестермен салыстырғанда Қазақстан Ресей және Беларуссиядан ЖҚҚ-ға негізгі капиталда инвестициялардың ара салмағы және 1 000 экономикалық белсенді халыққа кәсіпорындардың саны бойынша артта қалатынын көрсетті. Арменияны есептемегенде Қазақстанның экономикалық күрделілігінің Индексі өте төмен. Сол уақытта Қазақстан ЕАЭК-нің барлық елдерінен еңбек өнімділігі бойынша алда.


2-кесте. ЕАЭК елдері бойынша салыстырмалы талдау4

Мемлекет

2012

2013

2014

2015

2016

Өңдеу өнеркәсібінде ЖҚҚ-ға негізгі капиталдағы инвестициялардың ара салмағы

Ресей

21%

23%

23%

21%

20,4%

Қазақстан

17,8%

17,9%

17,8%

19,6%

16,5%

Беларусь

30,3%

33,4%

35,7%

29,4%

21,1%

Қырғызстан

20,1%

17,9%

20,7%

30,1%

13,1%

Армения

5,7%

3,4%

9,5%

2,2%

2,2%

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі (жұмыс бастыға мың. АҚШ доллары)

Ресей

24,1

24,6

23,3

16,8

15,0

Қазақстан

42,4

45,9

42,6

34,3

27,4

Беларусь

15,8

16,5

17,2

12,6

11,0

Қырғызстан

4,6

7,4

6,4

5,4

5,8

Армения

10,7

11,2

11,9

11,3

13,0

1 000 экономикалық белсенді халыққа қолданыстағы кәсіпорындардың саны

Ресей

3,39

3,45

3,49

3,44

3,49

Қазақстан

0,97

0,96

0,88

0,89

0,91

Беларусь

2,75

2,88

2,88

2,77

2,25

Қырғызстан

0,56

0,55

0,49

0,45

0,48

Армения

1,61

1,73

1,75

1,87

2,10

Экономикалық күрделілік индексіндегі орын5

Ресей

56

55

52

50

48

Қазақстан

80

106

84

91

84

Беларусь

23

22

30

32

31

Қырғызстан

59

51

86

62

57

Армения

н/д

н/д

н/д

н/д

н/д

Қазақстан Республикасында өңдеу өнеркәсібінің нақты даму деңгейі технологиялық, географиялық бөлу және экспорт параметрлері арқылы анықталады.

Өңдеу өнеркәсібі экономиканың барлық секторлары ішінде аса әртекті болып табылады. Ол капитал сыйымдылығы, еңбекті пайдалану, технологиялылық, орналасу орнын таңдау және тұтыну табиғатының деңгейімен ерекшеленетін 24 әр түрлі саладан тұрады. UNIDO дайындаған «2018 өнеркәсіптік даму туралы есепте» Қазақстан өңдеу өнеркәсібі даму үстіндегі елдердің қатарына жатқызылған. Өңдеу өнеркәсібінде қосылған құнның үлкен бөлігі төмен және орташа технологиялық секторларға жатады6 (1-сурет).
1-сурет. Технологиялық күрделілік бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылымы (ЖІӨ-ге, %)7

group 7

басқа


секторлар

Төмен технологиялық секторлардың ішінде ең ірісі азық-түлік (1,7%), мұнай өңдеу (1,2%) өндірісі және сусындар өнідірісі (0,7%) болып табылады. Орташа технологиялық секторлардың ішінде басым айқандамаға (80%) түсті және қара металлургия ие. Жоғарғы технологиялық секторларға өңдеу өнеркәсібінің тек қана сегізінші бөлігі келеді.

Түсті металлургия, қара металлургия және мұнай өңдеу – өңдеу өнеркәсібінде ЖҚҚ жартысын құрайды. Сол уақытта жоғары технологиялық салалардың өнімдерін пайдалану көбінесе ішкі сипатта және экспортта маңызды көрініс тапқан емес. Индустрияландыру картасына қосылған 60% аса жобалардың төмен және орташа технологиялық күрделілігі бар.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты өсімі 19% -ға өсті. Осылайша, нақты өсімнің негізгі үлесі түсті металлургияға түсті 64% (100% дан). Азық-түлік өндірісінің үлесі – 23%, бейметаллдық минералды өнімдер – 13%. Жоғарытехнологиялық химия өнеркәсібінің үлесі - 11% құрады.

Сол уақытта жоғарғы технологиялық секторлар қатарының өндіріс көлемінің орташа жылдық өсім қарқыны 2010-2017 жылдары өңдеу өнеркәсібі бойынша (2,5%) – автомобиль шығару (17,6%), химиялық өнеркәсіп (10,8%), электр жабдықтарын өндіру (2,8%) жоғары болды.

Өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті оның инвестициялық тартымдылығымен анықталады. Белсенді индустриялық саясатты жүргізу позитивті трэнд құруға мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібінің тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағынындағы үлесі 2010-2017 жылдары 10,1%-дан 25%-ға дейін артты. Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылы 956 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда 543 млрд. көп. Аталған мерзімде өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың нақты өсімі (70%) тау-ке қазу өнеркәсібінен озады (31,6%).

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестицияның негізгі үлесі екі негізгі сала – металлургия және мұнай өңдеумен бар активтерді жаңарту және кеңейту бойынша ірі жобалар есебінен қамтамасыз етілді. Жаңарту айналымының аяқталуын есепке ала отырып, осы секторларда бар кәсіпорындар тарапынан инвестициялық белсенділіктің төмендеуі күтілуде.
2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар, млрд. теңге8


878

825

729

687

611

482

413

Өңдеу өнеркәсібіндегі ағымдағы инвестициялық белсенділік индустрияландыру мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз. Негізгі капиталға инвестицияның көрсеткіші 2016 жылы 16,5% құрады, бұл Ресейден 3,8 п.т. және Беларусиядан 4,6 п.т. төмен (2 кесте). Металлургия және мұнай өңдеуді есептемегенде ЖҚҚ-ға көрсеткіш 13% төмендейді, бұл қарапайым өндірістік өнімдердің ұдайы өндірісіне жақын.

Өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын маңызды факторлар кәсіпорындардың саны мен бәсекелестік деңгейі болып табылады.

Белсенді өндірістік саясатты жүргізу басында Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін ілгерінді арттырады. 1000 экономикалық белсенді халыққа өңдеу өнеркәсібінде кәсіпорындар саны маңызды өсуі байқалады. 2005-2013 ж.ж. 1,47-ден 1,16-ға дейін түскеннен кейін көрсеткіш 38%-ға артып, 2017 жылы 1,61 құрады. Бірақ, бұл ретте 1000 экономикалық белсенді халыққа белсенді кәсіпорындар санының ара қатынас көрсеткіші бұрынғыдай Ресей (2016 жлы 3,9 есе) және Беларусиядан (2,5 есе) артта қалады.

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекелестік деңгейі жеткіліксіз. 2017 жылдың қорытындысы бойынша белсенді ірі және орта кәсіпкерлер барлығы 689 (өндірістік сектордағы белсенді кәсіпорындар жалпы санынан 9,2%) саналғанына қарамастан, өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында экономикалық шоғырланудың жоғары деңгейі байқалады. Секторлар қатарында 2016 жылы төленген салықтардың жартысынан көбі кәсіпорындардың шектелген санына келеді: темекі өнімдері (1 кәсіпорын), электроника (1), мұнай өңдеу (2), фармацевтика (2), металлургия (2), автоөнеркәсіп (2), көлік құралдары (2), химиялық өнеркәсіп (6), электр жабдығы (7), жиһаз (8), жеңіл өнеркәсіп (9), азық-түлік өнеркәсібі (11), металл өңдеу (15), машиналар және жабдықтар (16). Жергілікті өндірушілер арасында төмен бәсекелестік олардың шетелдіктерге қатысты бәсекеге қабілеттіліктерін және иноновацияларды пайдалануға ынталандырманы төмендетеді.

2017 жылы Қазақстан тауарларының жалпы экспорты 48,2 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі– 15,6 млрд. АҚШ долл. (3 сурет). Экспорт 2012 жылдан бастап едәуір қысқарды, бірақ өңдеу өнеркәсібі төмен құбылмалылықты көрсетті, ал оның үлесі артты.
3-сурет. Қазақстан Республикасы тауарлар экспортының серпіні, млрд. ақш долл.9

Өңдеуші өнеркәсібінің субьектілерін талдау 1000 жуық кәсіпорын-экспорттаушыларды анықтады. Кәсіпорындардың жартысынан көбі үш салаға келеді: тамақ өнеркәсібі; бейметалл минералды өнімдердің өндірісі; резеңке және пластмасса бұйымдарын өңдеу;

Өңдеу өнеркәсібінің өсу тұрақтылығы мен келешегі оның «күрделілігіне» байланысты. «Күрделілік» бағасы елде инновациялық белсенділікті түсіну және технологияның өнеркәсіп саласына әсерін анықтау үшін қажет. Бұл ел экономикасының негативті сыртқы факторларға қарсы тұру қабілетін және экспорт өсімін көрсетеді.

ECI10 (84) экономикалық күрлелілік индексі бойынша Қазақстанның орны Дүниежүзілік Экономикалық Форумының (72) Жаһандық Бәсекеге қабілеттілік Индексі бойынша ұстанымынан әлдеқайда төмен. Қазақстан сол сияқты ЕЭК бойынша барлық серіктестеріне жол береді. Жалпы, экономикалық күрделілік индексінің нақты өсуі 2010-2012 ж.ж. кейін өзгерген жоқ. Оны өзгерту үшін экспорттық қоржынды «күрделі» тауарлардың көп санына қарай өзгерту қажет.

Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің 182 тауарын салыстырмалы басымдылықпен экспорттайды, бұл кезде Ресей– 358, Беларусия – 690, Қытай – 1402, ЭЫДҰ елдері бойынша орташа – 1950. Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібі экспортының жартысы жаһандық саудаға айналатын 2439 ішінен барлығы 6 тауарға келеді. Соңғы тұтыну тауарының және технологиялық күрделі тауарлардың экспорты 16% құрайды.

Қазақстан ЕЭК елдері арасында өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің ең жоғарғы көрсеткішіне ие. Бұл ретте көрсеткіш секторлар үшін маңызды өзгешеленеді. Өнімділік шикізатты бастапқы қайта өңдеумен байланысты капиталды қажет ететін негізгі секторларда және ғылымды қажет ететін жоғарғы технологиялық секторларда жоғары.

Қазақстандағы жоғары өнімділік деңгейі өнеркәсіптік өндірісте негізгі металлдардың (2017 жылы бір адамға 63 мың АҚШ долл.) және кокс және мұнай өнімдерінің көп болуына байланысты (145 мың АҚШ долл.). Салыстыру үшін азық-түлік өнідірісінде – 27,6 мың АҚШ долл., машина жасауда – 12 мың, АҚШ долл. бейметалл минералды өнімдер өнідірісінде – 15,3 мың. АҚШ долл., химиялық өнеркәсіпте – 24,4 мың. АҚШ долл., жеңіл өнеркәсіпте – 6,2 мың. АҚШ долл.

Экономикалық белсенділіктің кеңістікті аспектісі мен географиялық бөлінуін талдау индустриялық саясат жүргізген кезде олардың маңыздылығын көрсетеді.

Инвестицияларды бөлу ірі кәсірпорындарды металлургия мен мұнай өңдеудің негізгі салаларына орналастыруға байланысты, олар шикізат немесе энергия көзіне тартылады. Нәтижесінде, үш аймаққа өңдеу өнеркәсібі негізгі капиталына барлық инвестицияның жартысы келеді: Павлодар облысы (металлургия және мұнай өңдеу қуаты), Атырау облысы (мұнай өңдеу және мұнайгазхимиялық паркі бойынша қуат), Қарағанды облысы (түсті және қара металлургия).

Металлургия және мұнай өңдеуден басқа өңдеу өнеркәсібінің өзге салаларындағы инвестиция ірі кенттенген немесе көп халқы бар аймақта шоғырланады. Мәселен, осындай инвестициялардың 40% жуығы Алматы қаласына (8%), Алматы облысына (16%) және Оңтүстік Қазақстан облысына (15%), инвестициялардың 24% Астана қаласына (7%), Ақмола (9%) және Қарағанды облыстарына (8%) келеді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық өңдеу өнеркәсіптерінің қосылған құнының 44% металлургиялық өндіріс шоғырланған Қарағанды облысына (21%), Павлодар (11%) және Шығыс-Қазақстан облысына (12%) келеді. Орта және жоғарғы технологиялық секторлар кәсіпорындарының көбі (металлургияны қоспағанда) кенттелген «өсу нүктесіне» шоғырланған. Соңғы тұтынуға байланысты секторлар (азық-түлік, сусындар, тігін бұйымдарын, жиһаз және басқа өндірістері) республикалық мағынадағы ірі қалалар мен облыс орталықтарында шоғырланады. Мәселен, тұтыну тауарларын өндіретін секторлардың жалпы қосылған құнының жартысынан көбі (56%) Алматы қ., Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында орналасқан кәсіпорындарды түрлендіреді.

Экономикалық белсенді халықтың 100 адамына өңдеу өнеркәсібіндегі белсенді кәсіпорындар санының көрсеткіші кенттені деңгейіне байланысты (4-сурет).
4-сурет. Қазақстан Республикасы аймақтары саласында кәсіпорындардың жеткіліктілік деңгейі мен кенттену деңгейінің өзара тәуелділігі 11.

Аймақтың кенттену деңгейі; экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына

өңдеу өнеркісібінің кәсіпорындар саны
Жоғарғы инновациялық белсенділігі бар кәсіпорындар сол сияқты жоғары кенттелген аймақтарға тартылады. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үшінші бөлігі Алматы және Алматы облысына келеді. Оған қоса кәсіпорындардың үшінші бөлігі Шығыс-Қазақстан (10%), Қарағанды (9%), Оңтүстік-Қазақстан (7%) және Жамбыл облыстарында орналасқан (6%). Сол уақытта, ҒЗжТҚЖ дамытуға шығындар салыстырмалы төмен болып қала береді – елдің ЖІӨ-нен 0,14% деңгейінде, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен 10 есе төмен (2,3%).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет