«бекітілген» «Нұр Отан» Х



жүктеу 1.47 Mb.
бет7/8
Дата09.09.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

7. БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН: халық бірлігі – ел бірлігі

Көптүрліліктегі бір тұтастық

7.1. Рухани бірлікті, ұлтаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизм сезімін таратуға

1

Қоғамдық санада этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты оң бағалағандардың үлесiн ұлғайтуды қамтамасыз ету

Қоғамдық санада этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты оң бағалағандардың үлесi 2013 жылы 67,4 % (әлеуметтік зерттеу нәтижесі қорытындысы бойынша).

Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасы


2012 жыл - 65%

2013 жыл - 66%

2014 жыл - 69%

2015 жыл - 78%

2016 жыл - 78 %


2

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысу

-

Алматы қаласы бойынша ҚХАС


Жыл сайын

2012-2017 жылдар



7.2. Қазақстанның барлық этностарының тілдерін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамыту үшін жағдайды қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеудің тиімділігін арттыру

1

Ана тілін оқыту курстарымен қамтылған этно-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесіне жетуді қамтамасыз ету

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Абай, А. Байтұрсынұлы, А. Пушкин оқулары, «Славян жазуының күндері», «Үздік аудармашы», «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», «Көрікті жарнама – көркем тіл», «Көркем сөз оқу шеберлері», мемлекеттік тілді меңгерген ұлты өзге мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» атты байқаулар өткізіледі.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жылы бұл фестивальді 20 қыркүйек күні өткізу жоспарланып отыр. Жыл бойына өткізілген байқаулардың жеңімпаздарын осы фестивальде қала басшысы арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Алматы қаласы бойынша жаңа технологиямен жабдықталған он мультимедиалық кабинет жұмыс істейді. Мультимедиакабинеттер оқыту процесіне қажетті лексикалық, грамматикалық мазмұндағы стендтермен және оқу-әдістемелік көмекші құралдармен жабдықталған. Барлық оқыту кабинеттеріне интерактивті тақта орнатылған.

Биылғы 2013 жылы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметшілерге, әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға 120 сағаттық оқу бағдарламасы бойынша 62 оқу тобында 378 тыңдаушыға қазақ тілін және 31 оқу тобында 223 тыңдаушыға ағылшын тілін оқыту курстары жүргізілуде. Сонымен қатар, этномәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде 120 сағаттық оқу бағдарламасы бойынша 7 оқу тобындағы 60 тыңдаушыға қазақ тілін және 11 оқу тобындағы 126 тыңдаушыға ана тілдерін оқыту курстары жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласындағы 231 балабақшаның 84-і қазақ тілінде жұмыс істейді. Балабақшаларға барып жүрген 43 мыңдай баланың 24 мыңға жуығы, яғни 56 пайызы қазақ топтарында тәрбие алуда.

Алматыдағы 185 мектептің 59-ы - қазақша және 64-і - аралас мектеп. Жалпы саны 74 мыңға жуық оқушы қазақ тілінде оқиды, оның ішінде 1400-ге жуығы өзге ұлт өкілдерінің балалары.

Осы жағдайларға байланысты қазақ тіліндегі оқыту құралдарына, әдеби шығармаларға және басқа да өнімдерге сұраныс өсіп отыр. Бұл сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің тарапынан бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Қазақ тілін мектеп қабырғасында сапалы меңгертуге қатысты жұмыстарға басым көңіл бөлінуде.

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балаларға арналған қазақ балалар әдебиетінің туындылары енген «Балаларға базарлық», «Шәкірттерге шашу», жасөспірімдер үшін қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан құрастырылған «Асыл сөз» атты аудиокітаптар шығарылды.

Тағы бір үлкен жоба – әрқайсысы он минуттық 85 сериядан тұратын «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» атты анимациялық мультфильм. Республикамызда тұңғыш рет 3D-форматындағы графикалық тәсілмен жасалған бұл туындының басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды насихаттауында. Мультфильм «Алматы», «Мир», «Балапан» телеарналары арқылы эфирге шықты. Бұл өнімдер Алматы қаласының барлық мектептері мен балабақшаларына тегін таратылды.

2012 жылы мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ және ағылшын тілдерін үйретуге арналған «Сиқырлы қалам» атты оқу-әдістемелік кешен жарық көрді. Заман талабына сай инновациялық-электронды оқу құралымен Алматы қаласындағы мемлекеттік балабақшалар түгелдей қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, қазақ ертегілерінің желісімен құрылған 3D-форматындағы анимациялық 40 сериялы мультфильм көпшілік назарына ұсынылды.

Алматы қаласындағы тілдік ахуалға жыл сайын тұрақты түрде әлеуметтік зертттеу жүргізіліп келеді. Студент жастар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер бойынша Алматыдағы қазақ жастарының 90 пайызы өз тілдерін жетік біледі. Ал қалғандары белсенді оқып-үйреніп жүр. Тілді үйренгісі келмейтін бір де бір жас жоқ. «Өзіңізді Қазақстанның патриоты санайсыз ба?» деген сұраққа қазақтардың 55 пайызы, орыстардың 46 пайызы, өзге ұлт өкілдерінің 48 пайызы батыл түрде «иә» деп жауап берген.

Сұралғандардың 52 пайызы, оның ішінде қазақтардың 69, орыстардың 19, өзге ұлт өкілдерінің 40 пайызы өздерін қазақ тілін еркін меңгергенбіз деп санайды.

Алматы қаласындағы әлеуметтік сұрау салынған өзге ұлт өкілдерінің 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді білетінін немесе түсінетіндігін мәлімдеген. Бұл Алматыда қазақ тілді ортаның қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ алматылық респонденттерді 74 пайызы елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясатына көңілдерінің толатындығын білдірген.


Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

2012 жыл - 25%

2013 жыл - 26%

2014 жыл - 27%

2015 жыл - 28%



2

Қаладағы үштілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын тiлдерiн) меңгерген халықтың үлесiне жетуді қамтамасыз ету

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

2012 жыл - 5,5%

2013 жыл - 6%

2014 жыл - 6,5%

2015 жыл -7%





3

Қалада Қазақстан халқы тілдері фестивалін өткізу

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



4

«Славян жазбалар күндерін» өткізу

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

Жыл сайын

2012-2017 жалдар



7.3. Шетелде тұрып жатқан отандастарымызға ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, олардың тарихи отанымен байланысын нығайтуға қолдау көрсету

1

Қазақстанның аумағынан тыс жерлерде тұрып жатқан отандастарымызға ұлттық дәстүрді қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

-

Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, СІМ /ҚР шет елдегі елшілігі (келісім бойынша)


Жыл сайын

2012-2017 жылдар



Рухани байлықты еселей отырып

7.4. Мәдениетті адами капиталға инвестициялар – елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық өсуінің іргетасы ретінде қарай отырып, оған инвестициялар үшін барлық қажетті жағдай жасау

1

Мәдениет саласындағы қызметтер сапасымен қанағаттанған тұрғындардың үлесі деңгейін ұлғайту

Н.Тілендиев атындағы «Отырар Сазы» мемлекеттік академиялық этно-фольклорлық оркестрінің концертін өткізуге көмек көрсетілді. (Өткізілген орны: Республика Сарайы, келушілер – 2600 адам – 100%).

Халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның концертін өткізуге көмек көрсетілді. (Өткізілген орны: Республика сарайы, 2600 адам – 100%)

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Майра Ілиясованың концерт өткізуге көмек көрсетілді. (Өткізілген орны: Республика сарайы, келушілер 2600 адам – 100%)

ҰОС Жеңіс күніне арналған концерт ұйымдастырылды. (Өткізілген орны: Астана алаңы, келушілер – 20 000 адам)

Астана Күні мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды. (Өткізілген орны: Абай алаңы, келушілер – 10000 человек).

«Қазақ мемлекеттік циркі» МКҚК

«Қазақ мемлекеттік цирк» МКҚК-ны әртістерін Дубай қаласына (БАӘ) ұзақ мерзімді гастролге жіберу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы театрлық-цирктік шоуы жаңа форматта әзірленуде. Ресейлік ергежейлілер циркі, түсті бульвардағы Юрий Никуллин атындағы Мәскеу циркі, Ташкент және Астана қаласы әртістерінің гастролдері өтті. Вьетнамдықтар «Императорлық цирк» бағдарламасы бойынша қойылым қойды.

Барлығы 54 цирктік қойылым көрсетіліп, 85 492 көрерменге қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, жетімдер мен балалар үйінде, емделу мекемелерінде жатқан мүгедек балаларға арнап жылжымалы 11 қайырымдылық концерттерін қойды. Барлығы 4 300 балаға қызмет көрсетті.

«Алматыкино» КММ

Мекеме мынадай қызметтерді жүзеге асырды. Мектеп пен колледж студенттері үшін тақырыптық кино дәрістер өткізілді. Барлығы 551 студентке қызмет көрсетілді. Қайырымдылық шаралары аясында еңбек пен ҰОС ардагерлері және зейнеткерлер арнап фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Барлығы 448 еңбек және ҰОС ардагеріне қызмет көрсетілді. Балалар фильмдерінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды. 2 329 балаға қызмет көрсетілді.



«Мемлекеттік қуыршақ театры» МКҚК

Бүгінде театр реконструкциядан кейін жаңа маусымын ашуға дайындық үстінде. Театрдағы барлық өндірістік цехтар жұмыс режимінде. Актерлік труппа 3 жаңа қойылымды сахналау бойынша дайындық жұмыстарымен айналысып жатыр. Қуыршақ театрын дамыту стратегиясын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оның басты міндеттерінің бірі – театрдың оңтайлы үлгісін жасау. Бұл біржағынан театрлық қойлымдардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды, екінші жағынан театр толығымен жекелеген мемлекеттік субсидияға өте алады.

Қазіргі таңда театр 30 жылжымалы спектакль қойған. Оның 4-еуі қайырымдылық шаралары. Спектакльдерді 4 597 адам тамашалады.

«Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі» МҚКҚ

Оркестр жұмысында негізгі басымдылық концерттік қызметке бөлінеді. Алматы қаласының мәдени өмірінде үлкен оқиғаға айналған шаралардың бірі – 13 мамырдағы «Қазақконцерт» залында әлемге танымал пианист, профессор, Карлсруэ қаласы жоғары музыка мектебінің құрметті докторы, Халықаралық конкурстардың иегері Калле Рандалумен (Германия) бірлесіп берілген концерт болды. Концерт толық аншлагта өтті.

Қазақстан компазиторларының туындыларынан бойынша арнайы әлеуметтік бағдарламалар жасау жұмыстар басталды. Оның ішінде биыл туғанына 100 жыл толатын белгілі композитор Мұқан Төлебаевтың шығармаларына баса назар аударылады.

Барлығы 20 концерт беріліп, оған 16 130 көрермен қатысқан.

Жаздың басты жобасы – «Арт-алаңдар» – алғаш рет 2012 жылы басталды. Жобаның ерекшелігі, ол барынша көп жұртың назарын өнерге аударуға қабілетті. «Арт-жобалар» қаланың барлық бөлігін қамтыды (6 ауданында іс-шаралар өтті) және жаз бойы сенбі-жексенбі күндері өткізілді. Көрермендерге әр кезде жаңа бағдарламалар ұсынылып отырады. Нәтижесінде 36 концерттік күнде «Арт-алаңдарды» 30 000-нан аса жергілікті тұрғындар мен астана қонақтары тамашалаған. 50-ден аса алматылық өнер ұжымдары (500-ге жуық әртістер) жаз бойы қаланың әртүрлі алаңдарда өнер көрсетті. 2013 жылғы маусымда «Арт-алаң» жобасы екінші маусымын ашты. Биыл жоба концептуальды түрде дамуға бет бұрды. Жобаның бағдарламасына концерттер, театрлық және цирктік шоу бағдарламалары, фильмдер көрсетілімі, жәрмеңкелер мен мастер-класстар, аудандық шығармашылық ұйымдардың қатысуы, сондай-ақ, әрбір тұрғынның өнермен етене араласуына мүмкіндік беретін интерактивті іс-шаралар енгізілді. Бірінші айдағы көрсеткіштерге сәйкес жобаны тамашалауға келген халық саны 4 700 адамды құрады.


Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы

2012 жыл - 45,0%

2013 жыл - 50,0%

2014 жыл - 51,5%

2015 жыл - 53,0%

2016 жыл - 54,5%


2

Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраларды кешенді зерттеу, дамыту, сақталуын қамтамасыз ету, оны кең танымал ету

Қазақстандық ғалым-энергетик Ш.Чокинге арнап салынатын ескерткішке арнайы жер учаскасын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Композитор Қ.Қожамяровтың ескерткіші орнатылған жер учаскасының жалға алынған мерзімін ұзарту (5 жылға дейін) бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Қазқайтажаңғырту» РМК Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас маманы Г.О.Камалованың қатысуымен Алматы қаласы тарихи-мәдени ескерткіштері қорғау аймағының жобасымен танысу шаралары жүргізілді.

Мәдени нысандар картасындағы тарихи-мәдени нысандардың орналасу орнын нақты анықтау бойынша жұмыстар аяқталды.

Халық әншісі, композитор К.Әзірбаевқа арналып салынатын ескерткіштің үздік нобайына жарияланған байқау аяқталды. Байқауға қатысуға бес конкурсант өз жұмыстарын ұсынды (К.Жарылғапов, А.Молдабаев, Б.Абишев, Ж.Адлет, Е.Рахмадиев).

Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияда үздік нобай анықталып, аталған ескертіштің мақұлданған моделі кішкене толықтыруға ұсынылды.

Сондай-ақ, Ә.Шәріповтің ескерткішін тұрғызу бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

2012 жылдан бастап

3

Елдің шығармашылық әлеуетін ынталандыру, мәдениет саласында жаңа бәсеке қабілетті өнім өндірісі үшін жағдай жасау

Мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру мәселесін шешу үшін, ресейлік сарапшыларды тарта отырып, Алматы шығармашылық менеджмент мектебі құрылды. 2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында арт-менеджерлер үшін мәскеулік «шығармашылық индустрия» агенттігі оқытушыларының қашықтан (дистанциялық) оқыту курсы ұйымдастырылды. 10 қызметкер (мәдениет басқармасы және ведомстваға бағынысты ұйымдардан) тәлім алды. Оқыту курстары мәдениетте бизнес-жоспарлау мен коммерциялық емес франдрейзинг саласы бойынша білім алу және тәжірибелік біліктілікті меңгеруге, сондай-ақ, жоспарлау тәсілдері құралдарын меңгеруге бағытталған.

Әлеуметтік медиамен (SMM) жұмыс бойынша ведомстваға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастырылды. Басқарма және ведомстваға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері стратегиялық маркетинг саласы бойынша Қазақстандағы Британдық кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Маркетинг және аудиториямен жұмыс істеу тәсілдері» тақырыбындағы мастер-классқа қатысты. Мастер-классты «Morris Hargreaves McIntyre» британдық зерттеу агенттігінің маманы жүргізді. Аталған агенттік, бұған дейін, Лондондағы Британ мұражайы, «Тейт» заманауи өнер галереясы, Эдинбургте халықаралық кинофестиваль сынды ұйымдарда тренингтер өткізген.

1 маусымда 55-ші Венецианский Биенналенің ашылуы өтті. Орталық-азиялық павильон «Зима» жобасы аясында бесінші мәрте қазақстандық суретшілерді таныстырды. «Қыс» жобасының жетекшісі Осло қаласында (Норвегия) тұратын жас суретшілер – Аятғали Төлеубек (Қазақстан), Тиаго Бом (Португалия). Бұл концепцияның идеясына Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі түрткі болған. Жобаның демеушісі, әрі серіктесі – халықаралық Hivos қоры (Даму және Кооперация гуманитарлық институты). Жобаның ұйымдастырушысы – Осло қаласында орналасқан Өнер Ұлттық академиясы. Бейресми бағдарламалар аясында IADA халықаралық коммерциялы емес ұйымның жеке бастамасы бойынша қазіргі қазақстандық өнер көрмесі жасалды. Жобаның мақсаты – қазақстандық суретшілерді халықаралық қауымдастыққа таныту ғана емес, 2015 жылы биенналеде ресми қазақстандық павильонның пайда болуы үшін алғашқы қадам жасау. Бұл бағытта басқарма жұмыс істеп жатыр.


Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

2012 жылдан бастап

7.5. Шығармашылық қызметкерлерге әлеуметтік және өзге де кепілдіктерді қамтамасыз ететін тәуелсіз ұйымдар ретінде шығармашылық одақтарды қолдау

1

Қоғамдық және халықаралық одақтарды Алматы қаласының бірлескен әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыруға тарту

Балалар шығармашылығына арналған «Бозторғай» XV Халықаралық байқауы

Аула клубтарының презентациясымен «Біз өмірді таңдаймыз» концертін өткізуге көмек көрсетілді.

«Батылдық бірінші болу – 2013» ІІ Қайырымдылық марафонын өткізуге және дайындық жұмыстарына көмек көрсетілді.

Қазақстан суретшілер Одағының 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды өткізуге көмек көрсетілді.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен «Еуразиялық мәдени альянс» қоғамдық бірлестігі жаздың басты жобасы – «Арт-алаң 2013» шарасын ашты. Алғашқы екі апталық арт-алаңдар 2013 жылғы 14 маусымда Алматы қаласының үш ауданында бір мезетте ашылды. Әрі қарай екі апта сайын, тамыз айының соңына дейін, жұма мен сенбі күндері өткізіліп отырады. Есесіне, жаз бойы шығармашылық ұжымдардың және әртүрлі жанрда өнер көрсететін жеке әртістердің қатысуымен 100-ге жуық мәдени сағат өткізіледі. Классикалық, халықтық, заманауи музыкалар, билер, цирктік, қуыршақ театрларының шоулары, қолданбалы-сән өнері – барлығы қаладағы арт-алаңдарда өнер көрсететін болады. Жоба аясында әзірленген үш бағдарлама жаз бойы Алматы қаласының алты ауданында (Бостандық, Медеу, Жетісу, Түркісіб, Әуезов, Алатау) жылжып қойылып отырады.

РФ Татарстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен Алматы қаласындағы татар мәдениет орталығымен бірлесіп «Сабантой – 2013» мерекесі ұйымдастырылды. (Өткізілген орны: Халықаралық шаңғы трамплині кешені, келушілер 15 000 адам)

Алматыдағы АҚШ Бас Елшілігімен бірлесіп, «UNI – модульдік жылжымалы кітапхана» атты инновациялық жоба ұйымдастырылды. Шара халықты кітап оқуға және білім алуға тарту мақсатында қаланың саябақтарында жаз мезгілінде өткізілді.

АҚШ елшілігімен бірлескен жоба аясында Жамбыл атындағы балалар кітапханасында «Америкалық бұрыш» жобасы жұмыс жасауды. Ол кітапханаға келушілердің АҚШ туралы нақты ақпараттар алуына және америкалық құндылықтарды жақсы түсінуіне септігін тигізеді.



«Нағыз алматылық» жобасы қалада экологиялық жағдайды жақсарту және мәдениеттілік деңгейді көтеруге бағытталған. Бағдарлама 2 жылға есептелген. Бағдарламаның міндеті – мәдениетке жат қылықтарға және қоршаған ортаның ластануына азаматтық төзімсіздікті қалыптастыру, азаматтардың мінез-құлқын, қоршаған әлемге, бір-біріне деген қарым-қатынасын өзгерту, әртүрлі жас санатындағы адамдарға және қоғамдық топтарға өзіндік тәрбиелеу бастамаларын жүргізу, мәдени сән үлгісін қалыптастыру. «Нағыз алматылық» жобасының барлық кезеңдері ең жоғары деңгейде ақпараттық қолдау тапты. Атап айтқанда, телеарналарда, радио, баспа және электронды БАҚ, лифті, кіреберіс, автобус және басқа да жерлерге орнатылған жарнамаларда дәріптелді. Жобаның екінші озық көрінісі – TNSGallupMedia компаниясының алдын-ала зерттеуінде негізделген. Сондықтан мәселенің объективті суреті анықталып, белгіленген міндеттерге маңызды кешенді тәсілдеме әзірленген.

Мәдениет басқармасының гранттарына бойынша өткізілетін шығармашылық жобалар байқауы. Басқармаға келіп түскен 86 өтінімнің ішінен 24 жоба таңдалды. Ұйымдастырушылармен келіссөздер жүргізіліп, жобаның тұжырымдамасы, бюджеті және өзге де ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Мұқият іріктеу нәтижесінде қаржылық және әкімшілік қолдауға ие болатын 11 жоба анықталды. Өтінімдерді іріктеу кезінде балалар мен жастарды көркем-ағартуды дамыту және мәдени-демалыс өткізуге байланысты жобаларға негізгі басымдылық берілді. Бұдан бөлек, өзге де іріктелген жобалар музыкалық, театрлық, бишілік және бейнелеу өнерін дамытуға бағытталды.

С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасы қызметкерлері Мәдениет басқармасына бағынысты ведомствалық мекемелер үшін «Үкіметтік емес ұйымдар құру және жұмыс істеу механизмі» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты – ҮЕҰ құру жолдары арқылы мемлекеттік мекемелер өздерінің ұйымдарын дамыту үшін бюджет қаржысынан тыс донар мен демеушілер тарту мүмкіндігін қарастыру.



«Қаланың шығармашылық индустриясы» деген тақырыпта Мәдениет басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық пікір-талас өтті. Пікір-таласқа арнайы шақырылған сарапшылар, шығармашылық мектеп өкілдері, журналистер және қоғамдық ұйымдар қатысты. Қатысушылар Мәдениет басқармасында атқарылған жұмыстар туралы, оның бағыттары жөнінде бірқатар мәліметтермен танысып, көкейдегі сауалдарына жауап тапты.


Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

2012 жыл - 12

2013 жыл - 15

2014 жыл - 18

2015 жыл - 21

2016 жыл - 24


2

Дарынды тұлғаларды қолдау, мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар беру

«Алтын адам – Человек года» XIV республикалық байқауының «Жылдың мәдениет қайраткері» номинациясын іріктеуге сәйкес, үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



7.6. Қаланың мәдени бейнесін сақтау үшін жағдай жасау

1

Тарихи-мәдени мұралардың сақталуын қамтамасыз ету

Халықаралық ескертіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында қаланың барлық ауданында орналасқан ескерткіштер маңын және алаңдарын тазалау шаралары ұйымдастырылды, тақырыптық іс-шаралар өтті.

БАҚ өзара бірлесе отырып, тарихи-мәдени мұраларды сақтауды кең көлемде насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.




Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



7.7. Азаматтар үшін қолжетімді болатын балаларға арналған музыка және көркемсурет мектептері мен клубтары, балалар шығармашылығы ұжымдары желісін қамтамасыз ететін боламыз. Әдебиет, музыка, театр және өнердің басқа түрлері саласында таланттарды қолдау

1

Халықаралық шығармашылық байқауларға жас таланттарды қатысуды ұйымдастыру

Балалар арасында өткен «Жанды классика» мәнерлеп оқу халықаралық байқауы

«Аялаған Астана» республикалық бақауының Алматы қаласы бойынша іріктеу туры

Балалар шығармашылығына арналған «Бозторғай» XV Халықаралық байқауы

2012-2013 оқу жылында өнер және ғылым саласы бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар, жарыстар мен байқаулар жеңімпаздарын «Үркер – 2013» белгісімен марапаттау бойынша іс-шаралар өткізуге және дайындық жүргізуге көмек көрсетілді.




Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы, аудандық әкімшіліктер (келісім бойынша)

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



2

Балалар шығармашылығының одан әрі дамуы

-

Алматы қаласы Мәдениет Басқармасы

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



7.8. Діни экстремизм мен радикализмді батыл тойтару идеологиясын тарататын, жаппай қоғамдық санада сенім төзімділігін, дінді ұстаушылардың сезімін құрметтеу және басқа да дін өкілдеріне игі тілектестік қарым-қатынас қағидатын нығайту

1

Діни бірлестіктер, ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жастар арасында ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Діни экстремизм мен радикализмді батыл тойтару идеологиясын тарататын, жаппай қоғамдық санада сенім төзімділігін, дінді ұстаушылардың сезімін құрметтеу және басқа да дін өкілдеріне игі тілектестік қарым-қатынас қағидатын нығайту мәселесі бойынша Басқарма тарапынан қала тұрғындары арасында іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Жалпы айтқанда, есептік кезеңде 50 шақты іс-шаралар өткізілген (семинарлар, дәрістер, дөңгелек-үстелдер, конференциялар, сынып сағаттары және т.б.). Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттық шаралардың сапасын арттыру мақсатында Басқарма тарапынан дін өкілдері және ғалымдар қауымымен бірлесе жұмыс жүргізудің тиімді моделі орнықтырылған. Өткізілген ақпараттық-насихаттық шаралардың басым көпшілігі теологтар және дін өкілдерінің қатысуымен өткен.

Сонымен бірге, Басқарма жағынан діни ахуалға мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Діни бірлестіктер өкілдерімен үнемі кездесулер өтіп тұрады.

Мәселен, 2013 жылдың 30 мамыр күні діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғ.Н. Шойкин қатысты, Алматы қаласындағы діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында діни қарым-қатынас саласындағы маңызды мәселелер аясында сұхбаттасу болып және Алматы қаласы бойынша діни бірлестіктердің қайта тіркеу үдерісінің қорытындысы айтылды.

Жергілікті БАҚ беттерінде қоғамдық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу бойынша профилактикалық бағыттағы материалдар жариялануда.

Бұл бағытта келесі материалдарды мысалға келтіруге болады, «Алматы ақшамы» басылымында «Бірін біліп, бірін білмей қалыппыз деген әңгімеге енді жол жоқ» (№26, 23.02.2013г.), «Қазақстанда лаңкестікке қарсы өңірлік комиссиялар құрылуда» (№20, 14.02.2013г.), «Террориспен де тіл табысуға болатын тәрізді» (№10, 24.01.2013г.), «Шынайы дін адамдарды теріс іс-әрекет атаулыдан сақтауы керек» (№7, 17.01.2013г.) мақалалары шықты.

Мысалы, «Вечерний Алматы» басылымында төменгі мақалалар жарияланған, «Отговорка, что наша правая рука не знала, что делает левая, теперь не пройдет» (№21, 14.02.2013г.), «В религии нет экстремизма» (№6, 17.02.2013г.), «Безопасность - это наша жизнь» (№21, 14.02.2013 г.), «Закон особого назначения» (№13, 31.01.2013г.).


Алматы қаласы Діни істер жөніндегі Басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасы, Алматы қаласы Жастар ісі жөніндегі Басқармасы

2012-2017 жылдар

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің факторы

7.9. Мемлекеттік тілді дамыту, оны елдің мемлекеттік және қоғамдық өмірінде қолдану аясын кеңейту

1

Алматы қаласындағы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

2012 жыл - 61,5 %

2013 жыл - 62,0 %

2014 жыл - 63,0 %

2015 жыл - 64,0 %





2

Тілдерді дамыту саласындағы заңнамаларды жетілдіру

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

2012- 2013 жылдар

3

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін кең насихаттауға бағытталған жыл сайынғы қалалық байқаулар мен фестивальдар өткізу

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

Жыл сайын

2012-2017 жылдар



4

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» қалалық байқауын өткізу

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

Жыл сайын

7.10. Мемлекеттік тілге оқыту және оқу орындарында оқыту әдістемесінің сапасын жақсарту

1

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанынан білім деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру және қазақ тілін оқитындар санының өсуіне мониторинг жүргізу

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы, басқарма жанындағы «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы

2012 - 2017 жылдар

2

Қазақ тілін оқыту бойынша аккредиттелген орталықтарға мониторинг жүргізу

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы

2012 - 2017 жылдар

3

Қазақ тілін оқытуға ықпал ететін интерактивті оқыту жүйелерін, инновациялық әдістемелік кешендерді әзірлеу және оларды шығару

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы, «Жаңа шешімдер» оқыту қоры» ЖШС

Жыл сайын

2012 - 2017 жылдар



7.11. Тіл білімінің өзекті проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу

1

Алматы қаласында тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтану-талдау зерттеулерін жүргізу

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы, «Нұр Отан» ХДП


2012 - 2015 жылдар



7.12. Ағылшын, орыс тілдерін, сондай-ақ этникалық диаспора тілдерін дамыту

1

Тiлдердi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы іске асыру

-

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттамалар Басқармасы,

2012-2017 жылдар

Қазақстандық демократия

7.13. Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге қатысу

1

Сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау

ОСК ұсыныстар, ОСК интернет-ресурсындағы ақпараты


Аймақтық сайлау комисссиясы

2013 жыл

7.14. Қоғамдық маңызды шешімдерді қабылдауға азаматтардың қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау

1

Әлеуметтік ауқымды маңызы бар мәселелерге қоғамдастық институттарын тарту

Алмат ықаласы мемлекеттік органдардың интернет-ресурсындағы ақпараты


Алматы қаласы әкімдігі, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар

2012-2017 жылдар

7.15 Партиялық кадрлық резерв механизмі арқылы әйелдерді билік институттарына ілгерлету, гендерлік теңдікті нығайту мақсатында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін көтеру

1

Партияға мүше белсенді әйелдердің ішінен партиялық кадрлық резервті құру

-

«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы

2012-2017 жылдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет