Танымал әнші Дильназ Ахмадиева сүйіктісінің фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Өнер иесі ұлы Зейданның әкесімен ажырасқан еді. Шетелде демалып жатқан әнші оқырмандарымен сырласты. Әйелдердің өмірі мен психологиясы туралы сыр шертті. 

“Қыз-келіншектерге айтарым, өміріңіз ұнамаса, өзіңіз өзгеріңіз. Алғашқы қадамды жасаңыз. Көп ұзамай нәтижесін көресіз. Соңғы уақытта өзіңмен жұмыс істеуді көп айтатын болдым. Өйткені нәтижесін көрдім. Қатты күйзеліп, жан-дүнием қиналғанда медитация жасадым. Ол менің бұрын соңды байқамаған қабілеттерімді ашты”, – деп жазды әнші.  

  • "Үлкен жігітті күтпей, жас жігітке тиіп алыңыз": Ерке Есмахан 40-тан асқан қыз-келіншектерге кеңес берді

  • "Құжынаған құрт шықты": Ләйлә Сұлтанқызы алғаш тамақ істеген сәтін еске алды

Өнер иесі сүйіктісі бола тұра баласының әкесімен араласатынын айтқан еді. 

“Зейданның әкесі бір айда екі рет келеді. Менің ойымша, бұл бала үшін аз уақыт. Көбірек жанында болғанын қалаймын. Қарым-қатынастарына қарсылығым жоқ. Зейданды менің анам бағып отыр. Бірақ “Балаңды еркелетпеймін, тәрбиесін менің мойныма жүктеме” деп айтып отырады. Бірақ ерекше жақсы көреді”, – дейді әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Еске салайық, Дильназ Ахмадиева ұлының әкесімен Тайланд елінде кездейсоқ кездесіп қалған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.