UFC тұжырымының бұрынғы спортшысы Жалғас Жұмағұлов Naiza 57 туниріндегі жекпе-жекте сынған аяғымен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Naiza

Жалғас Жұмағұлов (15-9) Naiza 57 тунирінде Кливленд Маклинге (17-11) қарсы жекпе-жекте сынған аяғымен жеңіске жетті. UFC-дің экс-спортшысы бірінші раундтың ортасында аяғынан жарақат алып, сол жарақатымен жекпе-жекті соңына дейін өткізіп шықты. Алғашқы раундты айқын басымдықпен Жұмағұловтың қарқыны 2-3 раундта баяулап, сынған аяғымен жекпе-жекті соңына дейін өткізді. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Жалғастың еншісіне жазды. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі сәтсіздігінен кейін Naiza лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетіп отыр.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.