Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қасқа жол" YouТube арнасына берген сұхбатында Смайылов басқарған үкімет парламент депуттаттары көтерген өзекті мәселелерге жауап бермегенін айтты. Оның сөзінше, осындай сорақылық оны отставкаға кетірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан кадр

Депутаттың сөзінше, қоғамның көп саласында күрмеуі қиын мәселе белең алып кетті.

"Смайыловтың үкіметі өте әлсіз болды. Бастамаға әлсіз болды. Көптеген мемлекеттік бағдарламаға қатысты сұрақтар көп болды. Оған жауап болған жоқ. Медицина саласындағы МӘМС-тің өзінде мәселе көп. Жергілікті медицина саласындағы қызметкерлер оны талан-таражға кетті. Білім саласында да сондай жағдай. Қаншама бағдарлама қабыланып жатса да, білім сапасын көтере алмай жатырмыз. Ауыл шаруашылығында қызып жатқан жемқорлық. Жай шаруа кедейленіп, олигархтар байып жатыр. Энергетика саласын алыңыз, қаншама жылу станцияларында апат болып жатыр. Осының барлығы пайда тауып отырған олигархтардың ақша салғысы келмеуінен. Екі ортада қарапайым халық зардап шегеді. Халық үшін, болашақ үшін тұруы керек ақшаны пайдаландық. Оған қоса, былтыр Ұлттық қордан ақша алып, жыртығымызды жамадық. Осы сорақылық отставкаға әкеп соқтырды",- деді ол.

 

 

 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.