Белсенді оқыту әдістерін талдау садуақасова Н. С., Жидеқұлова Г. Е



жүктеу 112.52 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі112.52 Kb.

ӘОЖ 004.032.6
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Садуақасова Н.С., Жидеқұлова Г.Е.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталуда. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты азаматты қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі кезде әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:


  • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

  • мәселелі жағдай тудыруға көмектесетін тәсілдер;

  • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

  • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.

Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру.

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:


  • әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;

  • әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;

  • ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;

  • әңгіменің жүйелілігі болуы керек;

  • әңгіменің әсерлілігі;

  • тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;

  • мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.

Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.

Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:



  • сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;

  • себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;

  • салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;

  • жүйелілік.

Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады.

Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:


  • ес пен тілді дамытуы;

  • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;

  • оқушылардың білімінің белгілі болуы;

  • жақсы диагностикалық құрап;

  • үлкен тәрбиелік күші бар.

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:

  • уақыттың көп кетуі;

  • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Әль-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:



  • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

  • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;

  • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

  • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

  • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

  • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

  • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.

Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды. Зерттеу жұмыстары сабақта, үйде орындалып, бір аптада, бір айда орындалатын тапсырмалар жоспарланады.

Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.

Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

Индуктивтік әдісі - оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.

Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманың негізгі идеясын айтады. Оқушы шығарманың негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай бастайды.

Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.

Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.

Мадақтау түрлері:


  • баға қою;

  • тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;

  • оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;

  • топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;

  • үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;

  • білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;

  • жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.

Жазалау түрлері:

  • сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;

  • күнделікке, дәптерге "қанағаттанғысыз" баға қою;

  • қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.

Ойын - оқыту әдісі Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;

4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.

Бүгінгі білім беру үрдісінде пәнге танымдық дербестікті дамыту құралы ретінде қызығуды қалыптастырудың мәні барған сайын ұлғайып келеді, өйткені, бүгінгі өмір оқушыдан ұдайы құбылып отыратын қоршаған әлемде бағдарын таба білуді талап етеді. Бұл орайда мұғалімнің міндеті табиғатпен, қоғаммен және өз-өзімен үйлестікте омір сүруге қабілетті, жоғары мақсаттарды дербес қоюға және оларға қол жеткізе білуге кабілетті адамды тәрбиелеу болып табылады.

Окушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізі В.Давыдов, Ч.Леонтьев, С.Рубинштейн Л.Эльконин, педагогикалық жақтары Ю.Бабанский, Г. Щукина, ал әдістемелік тұрғыдан Н.Хмель, Әбілкасымова, М.Құрмановтың және басқа да педагог-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, нақты әдістемелік ұсыныстар берілген.

Қазакстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу туралы айтылған.

Инновация (латын сөзі, in-b, novis-новое) - жаңарту, "жаңа", "жаңалық" немесе "инновация", "инновациялық үрдіс". Бұл ұғымдар К.Ангеловский, В.Загвязинский, В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина, В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған.

«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

Интерактивті әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, шәкірттердің “қалай”және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады.

Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Осы жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интерактивті оқытудың басты мақсаты  оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойығандай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына кредиттік технологияны енгізу себептері: еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік стандартқа келтіру, мамандардың дипломдарының халықаралық деңгейде жарамды болуы, отандық және дүниежүзілік еңбек рыногында біздің мамандарға деген сұраныстың биік деңгейге көтерілуі, біздің студенттердің шетелден білім алуына жағдай туғызу, шет елдермен студенттерді, оқытушыларды, мамандарды академиялық ауыстыруға мүкіндік жасау. Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның дүниежүзілік деңгейге көтеріліп, біздің ұлттық білім беру бағдарламамызды халықаралық дәрежеде тануға мүмкіндік береді.

Кредиттік оқыту жүйесінің тиімділігі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де айқын көрінеді, олар келесідей:



  • оқылатын пәндер саны қысқарады;

  • студент оқытушыны өзі таңдайды, оқу траекториясын белгілеуге эдвайзер көмекке келеді;

  • сынақ тапсыру болмайды;

  • студент өзінің білімділік бағытын пәндерді таңдау арқылы қалыптастырады,

  • білімді бағалаудың рейтингтік жолы білімді бағалауды шынайы әрі көрнекі етеді, студенттер білімі деңгейі жағынан ұпайлары арқылы айырылады;

  • студенттің күні бойы қолы бос болмайды;

  • алдыңғы қатарлы білім беру әдістері мен инновацияларды, интернетті, мультимедиялық сыныптарды қолдану мүмкіндігі артады /1/.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік әсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

Жаңа ақпаратық-коммуникациялық технологиялар ұғымының пайда болуы мен және кәсіптік білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауы мен тығыз байланысты. Сонымен, оқушының ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне мыналар жатады: компьютерлік білімдарлықтың белгілеріне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кең түрлілігін бағдарлай білу, олардың мүмкіндіктерін білу, нақты бір жұмыс үшін тиімді программалық құралдарды таңдай білу, бағдарламалық құралдар бойынша және кітапханасының болуы жатады.



Қорыта келгенде, оқыту үрдісінде дұрыс қойылданылған әдістер оқытуда оқушыларға мынадай өзгерістер қалыптастырады: компьютерлік сауаттылығы жоғарылайды; өз мамандығына деген қызығушылықтары артады; шығармашылық шабыты шыңдалады; ғылыми көзқарасы қалыптасады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы психологиялық кедергілер жойылады; оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыс пайда болады және де еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман қалыптасады. 


Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013 жыл.

  2. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.

Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и пе
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 II
konf 2015 II -> Электрондық Үкіметтің ҚҰжатайналымын бұлтты технология негізінде қҰру қазбеков Қ. Ж., Абдувалова А. Д
konf 2015 II -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 II -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 II -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 II -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 II -> Әож 62-214. 4: 62-85 ЖҰмыс істеу принципі бойынша жел қОЗҒалтқыштарын классификациялау
konf 2015 II -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 II -> Java технологиялары негізінде мобильді қосымша қҰрудың маңызы
konf 2015 II -> Әож 621. 3: 614. 89 Арнайы киімдерді дайындау үшін қолданылатын заманауи материалдарды талдау
konf 2015 II -> Әож 332. 3: 502 экология ландшафтық негізінде бағалау және талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет