Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет1/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



ХАЛЫҚҚА БIЛIМ БЕРУ УӘЗIРЛIГI

НАУАЙЫ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

Қазіргі қазақ тілі


МОРФОЛОГИЯ

ЛЕКЦИЯ МӘТIНДЕРI


«Қазақ тiлi мен әдебиетi» кафедрасының

аға оқытушысы Айменова Е.Р.

Науайы мемлекеттiк педагогика институты

«Қазақ тiлi мен әдебиетi» кафедрасының


  1. жыл 30 қыркүйек айындағы 2-сан

жиналысында бекiтiлген.

«Ә» деген одағай келiңдер «Ә» iске кiрiстiк я iске кiрiсiңдер «Ә» деген ишаратты бiлдiрсе, мiне «Ә» деген одағай көрдiңдер ме, айтқаным осы едi не осы сияқтанған басқа мағынада қолданыла бередi. Ауызекi тiлде қане «Ә» мiне «Ә» дегендердiң орнына сыпайырақ қанiкиiңiз, мiнiкиiңiз деп, мә «Ә» және «Ә» деудiң орнына мәңiз «Ә» жәңiз «Ә» деп те айтылады.

Одағайлар екi т:рлi жағдайда ғана сөйлем м:шесi бола алады.

1. Одағайлар кейбiр көмекшi етiстiктермен тiркесiп к:рделi м:шенiң құрамына кiредi. Мұндай да көмекшi етiстiк одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа т:сiретiн дәнекер болып қызмет атқарады. Мысалы: «Ә» - т - те - ге - не - ай «Ә» дедi ол таңдайын қағып Құқұр...р.р. Әй, Әй «Ә» дестi :й iшiнен екi дауыс дегендердегi одағайлар де етiстiгiнiң дәнекерленуiмен, қайттi не дедi қайтiп деген сұрауларға жауап берiп, сөйлемнiң м:шесi бола алады. 2. Одағай сөздер субстантивтенiп, т:рлi қосымшалар қабылдап, сөйлемнiң қалыпты м:шесi болады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Одағай сөздер дегенiмiз не

2. Оның басқа сөз таптарынан өзiндiк ерекшелiктерi неде

3. Одағайлар морфологиялық құрамына қарай неше топқа

бөлiнедi, олардың т:рлерiне мысалдар келтiрiң.

4. Одағайлар мағыналарына қарай қалай топтастырылады

5. Одағайлар сөйлемде қандай қызмет атқарады
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:
1. А.Ысқақов. Қазiргi ана тiлi. Морфология. Алматы, Ана тiлi. 1991ж.

2. Ә.Төлеуов. Cөз таптары. Алматы, 2002ж.

3. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы, 1999ж.

4. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. 1987ж.

5. С.Исаев. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы. Рауан. 1998ж.

104


Қазақ тiлi морфологиясы курсының зерттеу

обьектiсi мен мазмұны
Ж О С П А Р Ы:
1. Грамматика және оның салалары.

2. Морфология курсының зерттеу обьектiсi мен мазмұны

3. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына.

4. Грамматикалық форма мен категориялар.

5. Қазақ тiлi морфологиясының зерттелу тарихы
Тiрек сөздер: әрбiр тiлдiң өзiне тән грамматикалық амал-тәсiлдерiнiң жиынтығы тiлдiң грамматикалық құрылысы деп аталады, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып бөлiнедi, морфология -сөз және оның формалары туралы iлiм, морфологияның негiзгi обьектiсi -сөз.

Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы бiлдiруге болмайтыннеше алуан мағыналардың бәрiн де тек грамматикалық амал-тәсiлдердiң көмегi арқылы ғана т:сiнiктi етiп айта алады. Әрбiр тiлдiң өзiне тән грамматикалық амал-тәсiлдерiнiң жиынтығы тiлдiң грамматикалық құрылысы деп аталады.

Грамматикалық құрылыс сөзге с:йенедi және сөз арқылы ғана көрнiп отырады: сөздi таяныш етпейтiн бiрде-бiр грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тiлдiң грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзiнiң тексеретiн обьектiсiнiң негiзгi өзегi етiп сөздi және сөйлемдi алады. Тексеру обьектiлерiнiң осындай ерекшелiктерiне қарай грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын ек салаға бөлiнедi.

Морфология-сөз және оның формалары туралы iлiм. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем iшiндегi өзге сөздермен белгiлi заң бойынша әрқилы қарым-қатынасқа туседi де, әлденеше қилы өзгерiске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздердi жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгiлi топтарға бөлiп, сол топ-топтың әрқайсысына жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердiң әр тобының өзiне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың нәтижесiнде сөздiң жасалу, т:рлену, өзгеру ж:йелерi, сөздiң бөлшектенуi

және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен

1

қызметтерi анықталады.



Синтаксис - сөз тiркесi туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгiлi бiр ж:йемен тiркеседi. Сол тiркестердiң де, сөйлемдердiң де өз ж:йелерi, өз заңдары болады. Морфология сөздi, сөздiң тиiстi бөлшектерiн, олардың мағыналары мен қызметтерiн талдаса, синтаксис сөйлемдi, сөйлем iшiндегi тиiстi сөз тiркестерiн я жеке сөздердi, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды. Грамматиканың бұл екi саласы екi сара болып жiктелгенiмен, олар да iштей бiр-бiрiмен тығыз байланысты, тiптi екеуi бiр б:тiннiң екi бұтағы сияқты. Мысалы: Қызы едiм Есiмбектiң атым Шұға~ Басталды бұл өлкеге атым шыға (Б.Майлин) деген сөйлемдердегi сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздердi әрине морфология өз тұрғысынан, синтаксис өз тұрғысынан талдайды. Ал ондай талдау :стiнде iс ж:зiнде морфология синтаксистiң iшiне енiп кетсе, синтаксис морфологияның iшiне енiп кетедi, демек, ол екеуi бiр-бiрiне жәрдемдесiп, өзара селбесiп отырады.

Морфологияның зерттеу обьектiсi-сөз. Сөз дегенiмiз қыры мен сыры мол к:рделi грамматикалық категория. Белгiлi бiр ұғымның атауы ретiнде қолданылатын дыбыстық комплекстi сөз деймiз. Әрбiр сөздiң бiр-бiрiмен байланысты екi жағы бар: оның бiрi-сөздiң сыртқы дыбыстық жағы, екiншiсi сол дыбыстық жағы арқылы көрiнетiн я айтылатын iшкi мазмұны, мағына жағы.

Морфология сөздi оқшау алып қарамайды, оны басқа сөздермен байланысты қарап барып, олардың қарым-қатынастарын анықтайды. Бiрақ морфология сөздердi, олардың қарым-қатынастарын сол тiлдiң қалыпты бiр көрiнiсi, бөлшегi ретiнде талдап, оларды бiр-бiрiмен ұштастырып қарайды. Өйткенi сөзден сөз тудыру, сөздi т:рлендiрiп өзгерту, сөз бен сөздi жалғастыру сияқты амал-тәсiлдер -әрi әбден қалыптасып орныққан, әрi :немi қолданылатын дағдылы, ж:йелi құбылыстар. Сол себептен морфология тiлiмiздегi әрбiр жұрнақты, әрбiр жалғауды я болмаса басқа бiр морфологиялық құбылысты және олардың әрқайсысының формасын тiлдiң ж:йесiмен байланысты, сол ж:йеден тарайтын және сол ж:йеге барып тiрелетiн заңды құбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елжiреп (Абай)~ Екi атты таныған Абайдың көңiлiне ол аттың иелерi т:стi (М.Әуезов) деген сөйлемдердегi бiрiншi сөйлемнен қой және қойшы сөздерiн,екiншi сөйлемнен атты және аттың сөздерiн өзара бiр-бiрiмен салыстырып және қойды, қойға, қойдан, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, атшы, атшылар сияқты сөздердiң өзгерген т:рлерiмен салыстырып қарасақ, олардың әрқайсысы әрi тiлiмiздiң б:кiл грамматикалық ж:йесiнен тарайтын, әрi сол ж:йеге сарқылатын өзара бiр-

бiрiнен байланысты грамматикалық құбылыстар екенiн мойындаймыз.

2

болмайды. Одағайлар өздерi жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлiнiп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектерi далаға кетедi-ау Бәсе, соны айтыңызшы.



Одағай сөздер көбiнесе адам сезiмiнiң алуан т:рлi к:йiн бiлдiретiн дыбыстар сияқты болып келедi. Бiрақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден т:сiнiктi болып, белгiлi дағды бойынша сөз ретiнде пайдаланылатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа т:сiнiктi болып қалыптасқандықтан жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып белгiлi сөзге айналған. Мысалы, Т:у, қандай тымырсық т:н.

Одағайлар негiзгi және туынды болып екiге бөлiнедi. Негiзгi одағайларға: ау, па, ей, әй, я, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, о8о, ой, әй, ие, а8а, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып та қолданылады. Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелдi, әттеген-ай, жәрекiмалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға сияқтанғандар жатады. Олар әуел бастағы мағыналы сөздерден я сөз тiркестерiнен бiрiгiп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған деген одағайдың бастапқы төркiнi -мә, саған, бәрекелдi дегеннiң төркiнi дегеннен шыққан. Сөйтiп, одағайлар тек көңiл-к:йiн бiлдiретiн к:рделi дыбыстардан ғана емес, бастапқы кезде ақиқаттық мағынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлардың дәлдi мағынасы нақтылы сөйлей жағдайларымен байланысты контексте айқындалады, өйткенi бiр одағай сөздiң өзi, қолданылу ерекшелiгiне қарай әр сөйлемде әр т:рлi мағына бередi. Демек бiр одағайдың өзi бiрде таңырқау, бiрде с:йсiну, бiрде ызалану, бiрде ұнату, бiрде ұнатпау сияқты жай-к:йлердi бiлдiрiп ауысып отырады. Мысалы: Әй сол ма, тейiрi, Әй байғұсым-ай, басын бастаса т:сiне кетесiң-ау. Сөйтiп көңiл-к:йiне байланысты жоғарыдағы сияқты одағайлардың өздерi әлденеше т:рге бөлiнедi. Бiрақ мағыналарының соншалық ауысып отырғандығынан оларды жiктеу тiптi қиын.

Бұлардан басқа тiлiмiзде адамға арнай айтылатын: кәне, мiне, әнi, мә, жә, әйда, әй, тек , тәйт сияқты одағайлар да бар. Бұлардың мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрi басқашалау. Демек, олардың кейбiреулерi көрсету я тұсқау (кәнi, мiне, әнi), кейбiреулерi ұсыну (мә, айда), кейбiреулерi тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын бiлдiредi~ бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс. Одағайлар ойды көрiктендiрiп, ырғақпен (интонациямен) айтылатын сөйлем емес, бiрақ сөйлемге балама ретiнде қолданылатын сөздер. Бiрақ сөздер iштей м:шеленбейтiн, синтаксистiк жағынан басқа грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, әлеуметтiк қызметi мен мәнi әбден т:сiнiктi болып қалыптасқан сөздер. Осы ерекшелiктерiне қарай, одағайлар адамның көңiл-к:йлерiмен байланысты алуан т:рлi сезiмдердi бiлдiретiн лептi, сұраулы сөйлемдер ретiнде қолданылады. Мысалы: қане

103


2. Одағайдың құрамына және мағынасына қарай т:рлерi

3. Одағайдың сөйлемдегi қызметi


Тiрек сөздер: одағайлар басқа сөз таптарының бiрде-бiрiне ұқсамайтын өзiндiк ерекшелiгi бар сөз табы, одағайлар құрамына қарай негiзгi және туынды одағайлар болып екiге бөлiнедi, негiзгi одағайларға а, о, а8а, ей, я, т. б. туынды одағайларғы мәссаған, астапыралла, жәракiмалла, ойпырмай т.б cөздер жатады.
Одағай сөздердiң мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да өздерiне тәне еркшелiктерi бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының iшiнде алатын орны айрықша. Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзi туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-к:йi туралы да ұғым бермейдi. Олай болса одағайлар мағына жағынан зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, етiстiк, :стеу сияқтанған негiзгi сөз таптарына тән сөздердiң бiрде-бiреуiне ұқсамайды. Осындай ерекшелiктерiмен байланысты одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз м:шелердiң қызметтерiн атқармайды, сөйлемдегi басқа сөздермен тiкелей қарым-қатынасқа т:спейдi.

Сонымен қатар, одағай сөздер т:рлi шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткенi шылау сөздердiң өздерiне тән лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегi басқа мағыналы сөздермен селбесiп, оларды өзара байланыстыратын грамматьикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет те жоқ. Одағайларға тән ерекшелiктер мыналар: 1) Одағай сөздердiң мағыналары адамның әр т:рлi сезiмiмен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарлы бiлдiредi. Мысалы: Мұны бастап ж:рген кiм екен, ә, Япырмау, жастық деген қандай қызық дегендердегi ә, япырмау деген сөздер-одағайлар. Алғашқы сөйлемдегi ә к:дiктенгендiктi бiлдiрсе, соңғы сөйлемдегi япырмау деген с:йсiну, шаттану жайын байқатады.

Адамның көңiл к:йi құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердiң көпшiлiгiнiң мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келедi. Одағай сөздiң дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты болады. Сөйлемде айтылатын ойдың аңғарына қарай, демек, бiрде с:йсiну, бiрде кею, бiрде к:дiктену, бiрде өкiну сияқты алуан т:рлi сезiм құбылыстарына қарай, одағай сөздердiң айтылу ырғақтары да құбылып отырады. Мысалы: Әй, кiм, барсыңҰ Уай, жарандар, мен бiр ақыл айтайын ба Ұ деген сөйлемдердегi айтылған ойдың мағыналарына, қарай одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеушi адамның көңiл-к:йiн жарыстыра, қабаттастыра бiлдiрiп тұр.

3. Одағай сөздер сөйлемнiң басқа м:шелерiмен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса өзi жарыса айтылған сөйлемнiң м:шесi

102

Морфология сөздiң формасын да тексередi. Ал, сөздiң формасы деген ұғымға сөздiң негiзгi т:бiрi де, сөздiң туынды, бiрiккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған т:рлерi де, сөз тiркестерi де енедi. Екiншi сөзбен айтқанда, сөздiң формасы деген ұғым сөзден сөз тудыратын, сөз бен сөздi байланыстыратын тәсiлдердi де, сондай-ақ сөзге қосымша мағына жамайтын тәсiлдердi де қамтиды.



Тiлдегi сөздердi грамматикалық мағыналарына, формаларына және қызметтерiне қарай топ-топқа бөлiп топтастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның мiндетi.

Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның атауы болса, ол атаудың қоғамдық өмiрде өзiне телiнген мағынасы болады. Бiрақ ол мағына өзi атайтын затпен я құбылыспен тiкелей табиғи байланыста болмаса да сол ұғымды бiлдiретiн белгi я сол ұғымның мазмұнының бейнесi ретiнде қалыптасқандықтан бiр тiлде сөйлейтiн адамдардың бәрiне де бiрдей т:сiнiктi болады. Мысалы: тас, ағаш, топырақ деген сөздердi алсақ, олардың әрқайсысы -әрi нақтылы, әрi жалпы атау. Өйткенi ағаш деп көз алдымыздағы белгiлi бiр нақтылы ағашты да, сондай-ақ жалпы ағаш атаулыны да атай беремiз.

Әрбiр сөздiң өзге сөздермен қарым-қатынасқа т:спей жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негiзгi мағынасы, әдетте лексикалық я тура мағынасы деп аталады.Тiлдiң сөздiгi осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады.

Тiлiмiздегi сөздердi грамматикалық топтарға бөлу рәсiмi оларға грамматикалық тұрғыдан қарап, соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мысалы: Кен асылы - жерде, сөз асылы - елде. Елде болса ерiнге тиер~ Ауылда болса ауызға тиер. Тау тауға қосылмас, адам-адамға қосылар деген сөйлемдердегi жерде, елде, ауылда, ерiнге, ауызға, тауға, адамға сөздерi мен тиер, қосылар сөздерiн грамматикалық тұрғыдан салыстырып топтауымызға әбден болады. Мысалы: жерде, ауылда, елде, ерiнге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердiң лексикалық мағыналарында айырмашылық болса да, бұл жетi сөздiң алғашқы :шеуiнiң (жерде, елде, ауылда) грамматикалық мағыналарында да өзара iштей әлдеқандай бiр жалпылық барлығын аңғару қиын емес, бұл сөздердiң бәрiне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септiк жалғауы арқылы байланысса, ал ерiнге, ауызға, тауға, адамға сөздерiндегi жалпы грамматикалық мағына барыс септiгiнiң жалғауы арқылы топтанып айтылып тұр. Жалпы грамматикалық мағыналары жағынан бiрыңғай болып келетiн жоғарыдағыдай сөздердi зат есiмдер деп атап бiр топқа бөлемiз.

Екiншi топтағы тиер, қосылар деген сөздердiң лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұрса да, екеуiнде де iс-әрекеттi я амал-

3

қозғалысты бiлдiрулерiмен байланысты ортақ бiр жалпы мағына бар. Бұл жалпы мағына оларға жалғанып тұрған есiмшенiң -ар, -ер қосымшасынан тiптi айқын көрiнiп тұр. Сондай-ақ осы сөздердi ешбiр iрiктеместен тисе, қосылса, тиген тәрiздендiрiп бiрдей өзгерте беруiмiзге де болады. Iс-әрекеттi бiлдiретiн бұл сияқты сөздердiң бәрi де етiстiк деп аталатын сөз табы категориясына жатқызылады, өйткенi олардың әрқайсысына есiмше, көсемше, етiс, шақ секiлдi грамматикалық категориялардың қай-қайсысы да жат емес.



Сөздiң лексикалық мағынасына тiкелей байланысатын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сондай-ақ жалпы грамматикалық мағыналарды бiлдiретiн формаларды грамматика ғылымы зерттейдi.

Лексикалық мағынада, грамматикалық мағына да бiр сөздiң бойында жарыса өмiр с:ре бередi. Мысалы: Бала баланы көрсiн деген сөйлемдегi :ш сөздi алсақ, алғашқы екi сөздiң лексикалық мағынасы бiр болғанымен, грамматикалық мағыналарында өзгешелiктер бар. Бұл екеуiнiң грамматикалық мағыналарындағы жалпы ұқсастықтар мыналар:екеуi де зат есiм, екеуi де жекеше мағынаны бiлдiредi. Ал ол екеуiнiң грамматикалық мағыналарындағы өзгешелiк сол екi сөздiң сыртқы т:рлерiндегi айырмашылыққа байланысты. Әрине, бала сөзiнен баланы сөзiнiң -ны бөлшегi артық. Осы артық бөлшек екiншi сөздiң тек сыртқы т:рiне ғана емес, грамматикалық мағынасына да өзгешелiк енгiзiп тұр. Демек баланы сөзiнде жоғарыда айтылған грамматикалық мағынасынан басқа қосымша табыс септiктiң мағынасы да бар.

Сөздiң нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай саралай т:сетiн я сөйлемдегi басқа сөздермен қарым-қатынасқа т:су нәтижесiнде туатын жалпы мағынасын грамматкиалық мағына деймiз.

Грамматкиалық мағына сөздiң т:рленуi арқылы да, сөйлемдегi басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады. Мысалы: Бетiм барда бетiме кiм шыдар деп, Кiмi паңдау келедi, кiмi тантық деген сөйлемдердегi бетiм және бетiме, кiм және кiмi сөздерi өзара т:бiрлес, олардың тұлғаларында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткенi бетiм және бетiме, кiм және кiмi сөздерiнiң грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да айырмашылықтар бар.

Қазақ тiлiнде грамматикалық мағына тудыратын сөздердiң бiр тобы өте, тым, аса, нағыз, дәл, т.б. сияқты к:шейткiш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жұпыны, дәл өзi деген сөз тiркестерiнде өте, тым, дәл деген сөздер жақсы жұпыны, өзi дегендердiң мәнiн к:шейте т:сетiн граммтикалық мағына :степ тұр.

Тiлiмiздiң грамматикалық құрылысы ж:йелi сала-сала граммтикалық құбылыстардан тұрады. Ал сондай әрбiр грамматикалық

4

т:су:шiн қолданылатын(-қой,-ғой,-ды,-дi,-ты,-тi)демеулiктерi жатады.



4. Шектiк демеулiктер белгiлi бiр нәрсеге iс - әрекетке, амалға, сын-сипатқа, мезгiлге т.б. шек қоя тұжырымдап айту :шiн қолданылады. Ондай демеулiктердiң қатарына -қана, -ғана, -ақ шылаулары жатады. Мыс: Мыңнан аса жылқыны :ш - ақ адам бағады.

5. Болжалдық демеулiктерге -мыс, -мiс және - ау шылаулары жатады. Мысалы: :йлесер едiк деп айтады - мыс.

y. Болымсыздық демеулiктер. Т:гiл демеулiгi зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдер қимыл атауларына тiркесiп болымсыздық мағына жамайды. Мыс: Жазғы ауыл т:гiл, қысқы қыстауды да бiрге салдық.

u. Қомсыну демеулiгiне екеш шылау ғана жатады. Ол тiркесетiн сөзге қомсыну, кемсiну тiптi кейде мұқату сияқты мағыналық реңктер :стейдi. Бұл шылау көбiнесе есiм сөздерге тiркеседi де, олардан :немi кейiн тұрады. Мысалы: Құс екеш құста балапанын ұядан қияға ұшырып :йретедi.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Көмекшi сөздер дегенiмiз не, оның қандай т:рлерi бар 

2. Шылау сөздерге анықтама берiңдер, басқа сөздерден қандай

айырмашылықтар бар

3. Жалғаулықтарға қай сөздер жатады, қандай т:рлерi бар

4. Септеулiктер туралы не бiлесiз,шылаулардың септiктерге

қатысы қандай

5. Демеулiк шылауларға қай сөздер жатады , демеулiктердiң

қандай т:рлерi бар


Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет