Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 1-ші тоқсан ішіндегі жұмыстары туралы



жүктеу 42.17 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі42.17 Kb.

Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 1-ші тоқсан ішіндегі жұмыстары туралы

Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 3 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың саны 2898 оқушыны құрайды. 


Білім беру бюджеті. 2014 жылғы 1-ші тоқсанға бюджет білім беру мекемелері бойынша 300384,0 мың теңгені құрады.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Асханаларға 900,0 мың теңге сомада құрал-жабдықтар сатып алынды.
Ыстық тамақпен тамақтандыру. Барлық 24 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылды, бұл 100 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта 24 асхана мен буфет жұмыс істейді, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылады. Тамақтандыру құрамына сүт және сүт өнімдері мен дәрумендірілген кисель, аптасына 6 рет 1-4 сыныптың бір оқушысына 10 граммнан, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамманан есептегенде бал енгізілді. Аптасына 3 рет 200 грамм сүт беріледі. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балалардың саны 452 баланы құрайды. 

Барлық балалар жергілікті бюджеттің қаражаттары мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде тамақтандырылуда.


Кадрлар. Аудан бойынша барлығы 475 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 404 мұғалім – жоғары біліммен, 71 мұғалім – орта-арнайы біліммен. 59 мұғалім – жоғары санатымен, 189 – бірінші, 129 – екінші санатымен. 2013-2014 оқу жылдары жалпы білім беретін мектептерге 19 жас маман келді, оның ішінде 14 маман 121,1 мың теңге сомада көтерме жәрдемақы алды.  
Мектепке дейінгі білім беру. Ауданда 1 Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекемесі жұмыс істейді. Балабақшада 135 баланы қамтитын 6 топ жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта 23 мектепте 778 баланы қамтитын шағын орталықтың 41 тобы, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 150 баланы қамтитын 6 толық күнді шағын орталық ұйымдастырылды. 378 бала мектепалды даярлықпен қамтылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылған балалардың саны – 913 бала, бұл 97,5 пайызды құрайды. 2013 жылғы сәуірде Бесқарағай ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталды.   
Оқу-әдістемелік жұмыстар. «Дарын» өңірлік ғылыми іс-тәжірибелік орталығының кестесіне сәйкес математикадан «Малахит» облыстық интеллектуалдық конкурсы өткізіліп, онда 21 мектептен 418 оқушы қатысты, жүлделі орын - 99.
«Қазақстандық Олимпиада Ғаламторы» (ҚОҒ) порталымен бірлесе интеллекуталдық жарыстарға қатысуды ынталандыру, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында оқушылар жалпы білім пәндері бойынша республикалық арақашықтық олимпиадаға белсенді қатысты.

2014 жылғы 5-10 қаңтар күндері Алматы қаласында «Ақбота-2013» конкурсының жүлдегерлері Жыланды негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Ангелина Макарова мен Мостик орта мектебінің 7-сынып оқушысы Әділ Асылханов «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық кезеңіне жолдама алды.


2014 жылғы 24 қаңтарда Ү-Владимировка орта мектебі мен Борас орта мектеп-бақшасының мұғалімдері Зырян ауданының «Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» базасында өткізілген І-ші облыстық жас ұстаздар кеңесінің отырысына, сонымен қатар, Башкөл орта мектебінің 3 жыл жұмыс өтілімен жас ұстаздар Көкпекті ауданының «Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп» базасында өткен ІІ-ші облыстық жас ұстаздар кеңесінің отырысына қатысты.
Бесқарағай ауданында Березовка орта мектебінің базасында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында, Канонерка орта мектебінің базасында «Сабақ беру және оқытудың жеті үлгісін енгізу» тақырыбында аудандық семинарлар өткізілді.   
2014 жылғы 28 ақпанда Семей қаласында дінтану мұғалімдері үшін «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарының іс-әрекеттерін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өткізіліп, оған Белокаменка негізгі мектебінің мұғалімдері қатысты.
Үлкен Владимировка орта мектебінің мұғалімі Д.Т.Хамитова және Борас орта мектеп-бақшасының мұғалімі Н.А.Калижанова «Үздік электрондық ресурстар» атты облыстық сырттай конкурсына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Үлкен Владимировка орта мектебінің мұғалімі математика пәнінің мұғалімі Р.Х.Тулеубаева және Н.Баймұратов атындағы орта мектептің мұғалімі О.Тастамбеков «Үздік вариаттық бағдарлама» атты облыстық конкрусына қатысып, О.Тастамбеков 2-ші орынды иеленді.
2014 жылғы 12 наурызда Борас орта мектеп-бақшасының базасында бастауыш сыныптардың аудандық олимпиадасы өткізіліп, оған 23 мектептің ішінен 104 оқушы қатысты. Оқушылар олимпиадаға белсенді қатысып, 44 жүлделі орынды иеленді (8 оқушы – І-ші орынды, 15 оқушы – ІІ-ші орынды және 21 оқушы – ІІІ-ші орынды иеленді).

12 оқушы облыстық олимпиадаға өтті, бастауыш сыныптардың олимпиадасы «Дарын» орталығының кестесі бойынша өткізілетін болады. 


2014 жылғы 19 наурызда өткен Үлкен Владимировка орта мектебінің базасында «Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында ғылыми-тәжірибелі конференцияға 15 мектептен 44 оқушы қатысты. Математика, физика, информатика және астрономия секциясында жүлделі орынды – Семеновка, Беген, Березовка орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектептің оқушылары; биология, химия, география секциясында – Беген және Семеновка орта мектептерінің оқушылары; қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет секциясында – Канонерка, Қоянбай орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектептің оқушылары; тарих, дінтану секциясында – Борас орта мектеп-бақшасының және Кривинка орта мектебінің оқушылары, бастауыш сыныптар секциясында – Кривинка, Беген, Ү-Владимировка орта мектептері мен Борас орта мектеп-бақшасының және Белокаменка негізгі мектебінің оқушылары иеленді.
2014 жылғы 28 наурызда Өскемен қаласында химия және биология пәнінің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептерде химия және биологиядан сабақ беру функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында аумақ аралық семинар өткізіліп, оған Өндіріс және Сосновка орта мектептерінің мұғалімдері қатысты.

«Дарын» орталығының кестесіне сәйкес оқушылардың дәстүрлі өңірлік ғылыми-эко-биологиялық конференция өткізілді, оған Борас орта мектеп-бақшасының оқушысы Наргиз Рахметуллина қатысып, І-ші орынды иеленді.


2014 жылғы қаңтар айынан бастап 55 мұғалім қысқа мерзімді курстан өтіп, 23 мұғалім деңгейлік курстардан өтуде. Жалпы аудан бойынша 60 мұғалім деңгейлік курстан өтті.
Спорт. Сочи қаласындағы 22-ші қысқы Олимпиада ойындарына арналған шайбалы хоккей бойынша аудандық турнирде Ү-Владимировка орта мектебінің командасы – 1-ші орынды, Семияр орта мектебінің командасы – 2-ші орынды және К-Владимировка орта мектебінің командасы – 3-ші орынды иеленді.
Балалар жаттықтырушыларының естелігіне орай футзалдан ашық турнирде Бесқарағай ауданының командасы – 1-ші орынды иеленді.
Ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында баскетболдан финалдық жарыстар өткізілді.
Бесқарағай ауданының командасы Шығыс Қазақстан облысының оқушылары мен колледж оқушылары арасындағы VІ-ші жазғы облыстық спартакиадасы аясында жасөспірімдер арасында баскетболдан жарыстарда бірінші орынды иеленді.

 

Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің


басшысының міндетін атқарушы К.Тастенбекова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет