Бесқарағай ауданының әділет басқармасының 2013 жылғы атқарған жұмысының қортындысы



жүктеу 35.33 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі35.33 Kb.

Бесқарағай ауданының әділет басқармасының 2013 жылғы атқарған жұмысының қортындысы.
Бесқарағай ауданының әділет басқармасы халыққа бес бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтатын болсақ, 1) Заңды тұлғаларды тіркеу; 2) Зияткерлік меншік құқығы бойынша; 3) Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңды қызмет көрсету бойынша; 4) Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша; 5) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мелекеттік тіркеу бойынша көрсетеді. 2013 жылы ЭҚАБЖ (электронды құжат айналымының базалық жүйесі) бойынша кіріс – 2192 құжат тіркелсе, ал шығыс құжаттар ЭҚАБЖ жүйесінде – 2138 құжат тіркеуден өтіп орындалды. Мерзімі бұзылып орындалмай қалған сұранымдар мен өтініштер болған жоқ. ААЖ деректі жүйесіне барлық тіркелінген өтініштер саны: 738 оның ішінде жеке тұлғалардың өтініші 280, заңды тұлғалардан – 458.

Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу үшін 2013 жылы – 71 өтініш түсті, оның ішінде тіркеуге - 10, қайта таркуге – 19, өзгерістер мен толықтырулар – 25, БСН – 10, тоқтата тұру және бас тарту – 3 болды. Осы тіркеу мен қайта тіркеуден түскен мемлекеттік баж сомасы- 82,220 теңге құрады.

2013 жыллы мемлекеттік мекемедерінен – 34, жеке тұлғалардан – 28, сауал түсті, түскен сұранымдарға жауап уақытыңда берілді.

2013 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқтар» бойынша, құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша семинар, дәрістер – 39, дөңгелек үстел – 5, БАҚ беттеріне – 3 мамақла шықты. «Контрафакт» шарасы бойынша Бесқарағай аудандық Ішкі істер бөлімі мен бірге Бесқарағай, Канонерка, Глуховка, Ерназар, Морозов орман шаруашылығы, Қарабас, Беген ауылдарындағы сауда нүктелерінде тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтары туралы» Заңының нормалары бұзылмағандығы анықталды.

Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңды қызмет көрсету бойынша әділет басқармасының мамандары 2013 жылы бекітілген жұмыс жоспары бойынша

Семинар, дәріс, тренинг - 214, Дөнгелек үстел - 17, Веб сайтқа - 15, «Әділет кеңес береді» айдарымен - 7 рет ашық есік күні өткізілді. Аудандық «Бесқарағай тынысы», қалалық «Семей таңы», «Ертіс өңірі», газетінің беттеріне - 25 мақала жарыққа шықты. Радиодан сөйлеу –1, Ақпараттық насихаттау тобымен шығу – 1.

Барлығы 208 іс шаралар өткізілді. Осы өткізілген іс-шаралардың барлығы «Әділет органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»туралы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтары туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу», « Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Тіл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» т.б заңдарға еніп жатқан өзгерістер мен толықтыруларды аудан тұрғындарын құлақтандырып жеткізу болып табылады.

АХАТ бағыты бойынша айтатын болсақ, 2013 жылы аудан бойынша 290 балаға туу туралы акті жазбасы толтырылды. Осы тіркелген балалардың 226 - ы Семей қаласында, 1-і Астана қаласында, 1-і Павлодар қаласында туған балалар. Мерзімінен кешіктіріліп тіркелген туу туралы акті жазбасы – 18. Қалпына келтіріліп тіркенген 9 туу туралы акті жазбасы тіркеуден өтті. Қайтыс болу туралы293 акті жазбасы тіркелінді. Өлі туған балар болмағандықтан акті жазбасы толтырылған жоқ. 1 жасқа дейін қайтыс болған 3 балаға акті жазбасы толтырылды.

Некеге тұруға тілек білдіріп, бірлесіп берген өтініштер бойынша 110 жұпқа неке қию туралы акті жазбасы толтырылып, оның ішінде 84 жұпқа куәліктер салтанатты түрде берілді. Бүгінгі күні заңды түрде некесін тіркейтін азаматтардан өтініш тек онлайн жүйесінде қабылданады. Ал бұрын некеде болған немесе жұбайының біреуі қайтыс болған азамат некеге тұру үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша әділет басқармасына береді.

Ерлі-зайыптылардың бірінен сот шешімі бойынша 46 өтініш түсіп некелері бұзылды. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша 6 жұптың некесі бұзылып, неке бұзу куәліктері берілді

Әкелігін анықтау үшін 50 жұптан өтініш түсіп тіркеуден өтт. Ал 7-і Бесқарағай аудандық сотының шешімі негізінде әкелері қайтыс болған балалардың аналарының өтініші бойынша тіркелінді.

Балағып асырап алу туралы 1 өтініш түсіп орындалды.

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін 11 қтініш түсіп орындалды. Ағымдағы жылы өндірілген мемлекеттік баж сомасы - 778673 теңгені құрады. Сонда аудан бойынша барлық түрлері бойынша 814 акті жазбасы толтырылып тіркеуден өтті. Барлық түрлері бойынша түскен өтініштер мен сұранымдар саны – 1344. Акті жазбалары расталып – 148 анықтамалар берілді. 702 акті жазбаларының көшірмелері басқа АХАЖ бөлімдерінің сұратулары бойынша жіберілді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша 2013 жылы мемлекеттік тіркеуге 1858 өтініш түскен. Бұған себеп, жер бөлімінен жалға берілетін жерлерді тіркеу үшін жеке тұлғалардан ХҚКО арқылы келсім шарттарын тіркеуге түскен өтініштер санының көбейуі.

Архивтік құжаттардың көшірмелерін беру туралы 18 өтініш түсіп орындалды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілерді мемлекеттік тіркегені үшін алым 2402820,6 тенгені құрады.

ӘҚтК 354-3 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 1 ісі тоқтатылды. Сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылғындардан 225,030 теңге құрамында айыппұл өндірілді. 2013 – 2012 жылдар аралығына сот қарауындағы жылжымайтын мүлікке қатысты арыз-шағым сот процестері болған жоқ.




Басшы: Мирашева Г.М


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет