«Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және оны жүзеге асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы



жүктеу 13.38 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі13.38 Kb.

«Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және оны жүзеге асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 
2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде бүкіл әлемде аса күрделі мәселеге айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Бесарық ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы және оны жүзеге асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, осы жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда.

Ауылдық округтегі мекеме қызметкерлерінің жұмыстарын, орындаушылық тәртіптерін күшейту және құқықтық  сауаттылығын арттыру мақсатында жиындар, айына бір рет құқықтық оқу өткізілуде. 2017 жылдың 
24 ақпан күні «Жемқорлық. Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?» тақырыбында бір жиын, 10 наурыз айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел, 01 ақпан,
17 наурыз айларында «Қызметкерлер арасында қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндірме», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелерінің қатысуымен құқықтық оқулар өткізілді.

Ауылдық округ қамтуындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Ауылдық округі әкімінің аппаратында қабылданып жатқан құқықтық актілер ай сайын прокуратура органы тарапынан тексерілуде.



Ауылдық округі әкімі аппаратында «сенім телефоны» орнатылған, «сенім телефоны» және ауыл әкімінің жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесі жергілікті баспасөз бетінде жарияланған. Мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі қойылған, есепті кезең ішінде бұл жәшікке түскен өтініштер болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет