Беташарда келін бала басын иіп сәлем береді. Бір сәлем енесіне, күйеу баланың туыстарына, ағаларына, апайларына, атасына, апасына бәріне сәлем береді



жүктеу 21.97 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі21.97 Kb.

CultureTalk Kazakhstan Video Transcripts: http://langmedia.fivecolleges.edu

Bride’s Greetings

Kazakh transcript:
Беташарда келін бала басын иіп сәлем береді. Бір сәлем енесіне, күйеу баланың туыстарына, ағаларына, апайларына, атасына, апасына бәріне сәлем береді. Және беташарда домбыраны шертіп тұрған ақын домбыраның шетімен бетіне жабылған фатаның шетін ашады. Соны ашқан үшін әңшіге елдер келіп ақысын төлейді. Беташар деген – ол өзі бір уықыт алатын дәстүр. Содан кейін құрметті қонақтардың бәрін орындарына отырғызып үлкен той басталады. Тойда тамада қайтадан сөз сөйлеп, ысқақ әңгімелерін айтып елдердің көңілдерін көтеріп тост айтуға, тілектер айтуға туыстарды ортаға шақырады. Орталарында балалар, жастар, үлкен адамдар би билейді. Кім би билегісі келеді, би билейді, ойын ойнайды. Сүйтіп той бес-алты сағат жүреді, не болмаса, таңатқанша болады. Ол қонақтарға байланысты. Ол ресторан, немесе кафе болса нешеге дейін жалдаңғанға байланысты. Соған байланысты той созылады. Той өткізу үшін көп ақша кетеді. «Неге?», десеңіз, мысалы, жүз кісі дейік. Жүз кісіні тамақтандыру, кафены жалдау және неше түрлі киім қыз балаға, ұл балаға, құдаларға алған үшін өте көп ақша кетеді. Сол үшін той өткізген кезде, не болмаса, ертерек дайындалады бір неше жыл бұрын ақшаларын жинап, малдары бар адамдар малдарын өткізіп ақша жасайды. Көбінесе елдер кредит алады той өткізу үшін. Сол кредит бойынша солай тойды өткізеді. Бірақ тойды өткізу әке-шешенің міндеті деп саналады. Әрбір әке мен ана үшін қызын қияға, ұлын ұяға орналастыру қасиетті міндет. Сол үшін тұрмыс жағдайлары қандай нәшәр болса да тойды дұрыс өткізіп, қыз баласы болса үйінен аттандырып, ұлы болса келінін үйге дұрыстап кіргізүге тырысады. Киеу бала жағы, киеу баланың әке-шешесі, туыстары болсын қыз жаққа қалым төлейді. Бұрыңғы уақытта бұл қалым деген бірнеше бас қой, болсын, болып саналатын. Қазырғы уақытта бұл ақша ретінде берілетін ақы. Оның сомасы әрбір регионда әртүрлі. Оны, мысалы, мың доллар деп айтуға болмайды, мың доллар міндетті түрінде беріледі деп. Әрбір жанұяның жағдайына байланысты бір сома төленеді. Ал қыздар жағы үйге қойылатын жиһаз, ыдыс аяқ, төсек-орын жібереді жаңа үйге. Сонда жаңа үй болып жастар үйлерін құрған кезде оларда үйлерінде ыдыстары, төсек-орындары, жиһаздары көп болмаса да біраз болады. Ал жағдайлары жақсы болса онда қалым да биік болады, және ұзатылған қыздың жасауы да мол болады. Осылай тойды әңдетіп, көңілдеп күліп өткізеде. Бұл тойды өткізу онай нәрсе емес. Оған көп күш керек. Оны үйымдастыру керек және оған көп ақша керек.

English translation:
During the betashar1 the girl (bride) bows and delivers greetings. One greeting is for the relatives of the groom, to the brothers, sisters, to the grandfather, the grandmother. Everybody gets greeted. The person, who is playing the dombira1, lifts the veil with the tip of dombira. Because he has lifted it (veil), people come in and give the singer a reward (money). Betashar is a custom that takes some time. Then all the respected guests are seated and the big celebration starts. During the celebration, again tamada continues to talk, tells funny stories, elevating the mood of the guests and invites the relatives to say their wishes. In between, children, young people, old people dance. [They] who want to dance, dance and plays games. The wedding lasts, like this for five, six hours or until morning. This depends on the guests. This depends on how long the restaurant or the café has been rented for. That’s what the length of the wedding depends on. A lot of money goes into a wedding because, for example, one hundred people… A lot of money goes to rent a café for a hundred people and to buy different clothes for the girl, the guy, for the kudalar2. That’s why people get prepared for the wedding ahead of time, a couple of years ahead. People save money for a couple of years, people who have livestock, sell it, and that’s how they make money (for the wedding). In most cases people take out a loan in order to organize a wedding. With this loan the wedding gets hosted. But hosting the wedding, it’s a parental duty. To see off the girl properly and to sufficiently supply the guy’s house is considered a holy duty for the parents. That’s why no matter how bad things are going, they (parents) try to arrange the wedding well, if it is a girl, to see her off, and if they have a boy, then to bring the bride properly into the household. The groom’s side pays kalym3 to the girl’s side. In the past, this kalym was considered to be… for example, a couple of sheep. Today, it is given in form of the money. Its amount differs in different regions. You can’t say that for example, it’s a thousand dollars. It’s not necessarily a thousand dollars. Depending on the financial situation of each family, an appropriate amount is paid. However, the girl’s side sends furniture, china and bedding into the new house. But if the financial situation is good, then kalym is higher and the girl’s dowry is larger. That’s how the wedding is spent with songs, in a fun way, with laughter. Conducting the wedding is not an easy thing. A lot of energy goes into this. You have to host this (wedding) and it requires a lot of money.


About CultureTalk: CultureTalk is produced by the Five College Center for the Study of World Languages and housed on the LangMedia Website. The project provides students of language and culture with samples of people talking about their lives in the languages they use everyday. The participants in CultureTalk interviews and discussions are of many different ages and walks of life. They are free to express themselves as they wish. The ideas and opinions presented here are those of the participants. Inclusion in CultureTalk does not represent endorsement of these ideas or opinions by the Five College Center for the Study of World Languages, Five Colleges, Incorporated, or any of its member institutions: Amherst College, Hampshire College, Mount Holyoke College, Smith College and the University of Massachusetts at Amherst.
© 2003-2009 Five College Center for the Study of World Languages and Five Colleges, Incorporated


1 Betashar – a ceremony of removing bride’s veil during a wedding accompanied by music and singing

1 Dombira – national string instrument

2 Kudalar – a group of people from groom’s or bride’s side

3 Kalym – type of dowry paid to the bride

Каталог: fileuploads -> ctalk transcripts
ctalk transcripts -> Қазақстанда қөп қызық жерлер бар. «Неге?», десеңіз, Қазақстанның жері өте үлкен. Бұл Орта Азияның ішіндегі ең үлкен мемлекет. Ең бірінші мен білетін жер ол Шығыс Қазақстан біздің тұратын жеріміз
ctalk transcripts -> Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады
ctalk transcripts -> Үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымдардың бірі ол сандық. Ол киім-кешек, мата-пұл сияқты бағалы заттар салып, сақтауға арналған. Сандықтың бетін былғарымен қаптап, құйма күміспен әшекейлейді
ctalk transcripts -> Осыдан кеін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Шаңырақ үй, әулет мағынасында да пайдаланылады. Оны «қара шаңырақ» деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады
ctalk transcripts -> Біз үйлерімізде әртүрлі тағамдар дайындаймыз. Көбінесе әйел адамдар жұмыс істейді. Өте уақыттары аз Бірақ сонда да ыстық тамақты дайындап, ыстық тамақты үйде ішу өте керекті және пайдалы нәрсе деп санаймыз. Сол
ctalk transcripts -> Гүлнәр: Және дастархан оған жайылады. Дастарханның үстіне қазақтардың ұлттық тағамдарын қояды. Мысалы, құрт, бауырсақ, ет асады. Қазақша ет асатын бізде «бес бармақ» деп айтылады. Және наурыз көжені дайындайды
ctalk transcripts -> Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай үшкіл киізден құралып, шошақ болып келеді
ctalk transcripts -> Қазақ халқы ертеде киіз үйде тұрған. Сондықтан қазақтың үй мүліктері мен жиһаздары ұлттық қолөнер дәстүрі бойынша көшпелі тұрмысқа лайықталып жасалған
ctalk transcripts -> Сонда менің әкем жылап келе жатады. Бірақ жаңағы шанасың тастамайды. «Неге?», десеңіз, шаңасыз қалса, онда қысқа ет жоқ болады, қыста ет жоқ болса, аш қыс болады
ctalk transcripts -> Қазақстанда шет тілін оқытуы туралы әңгіме айтып берейін. Ағылшын, француз, неміс тілі шет тілі болып саналады. Осы үш тіл шет тілдері деп мектептерде, не болмаса, жоғары білім оқу жерлерде беріледі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет