«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» студенттермен кездесу кеші 2016 жыл, 14 қаңтар «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»



жүктеу 60.39 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі60.39 Kb.

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі




«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»

студенттермен кездесу кеші

2016 жыл, 14 қаңтар


«Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент»

студенттермен кездесу кеші


Мақсаты:

а)Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

ә)әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 10-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

б)бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;

в)мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру;
1-жүргізуші: Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым!

1- жүргізуші: Бүгін бізде студенттермен кездесу кеші

2-жүргізуші: Кешті жүргізуші — Cанжар және мен – Гүлназым.
1-жүргізуші: Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым еді іңкәрің,

Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.


2-жүргізуші: Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.


1-жүргізуші: Құрметті, кеш қонақтары! «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда, біздің қазақ мектебін 2015 жылы бітіруші түлектердің 14 қазіргі таңда студент қатарында .
1-жүргізуші: Олардың – 8-і жоғарғы, қалғандары арнаулы кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.

2-жүргізуші: Бұл студенттер Орал, Актөбе, Алматы қалаларында білім алуда!

1-жүргізуші: Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!

2-жүргізуші: Бұлар – елімізді болашағы!

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы – білімді жастарға қошемет, ағайын!

1-бөлім. «ЖАРАЙСЫҢ!»

2-жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

1-жүргізуші: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық Техникалық Университетінде машина жасау мамандығына оқып жатқан Өтегенов Фархат пен Жалелов Бауыржанды қошеметпен ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығына оқып жатқан Тілеш Гүлнараға қошеметтеріңіз!
1-жүргізуші: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық Техникалық Университетінде агрохимия және топырақтану мамандығына оқып Сембаева Жаннұрға қошемет.Рахмет.

2-жүргізуші: Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын!

1-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директоры Нигметов Берік Задагерейұлына береміз.
2-бөлім. «Бос микрофон» сұрақ-жауап бөлімі

2-жүргізуші:

  • Фархат! Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы оқушыларға мәлімет беріп, өз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!Иә, сіз грант ұтып алыпсыз! Осы жетістікке қалай жеттіңіз? Мүмкін, бұның бір сыры бар шығар.

  • Бауыржан! Сіз оқитын оқу орнының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіз.

  • Гүлнара! Сіз – болашақ мұғалім екенсіз.Бұл мамандықты таңдауға кімдер әсер етті?

  • Жаннұр! Сіз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз!

Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.

  • Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?

  • Айырмашылығы болса қандай?

  • Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?................

1-жүргізуші: Жалпы сұрақ! Сіздер елден жырақ – тәуелсіз қазақ елінің бірің солтүстік,бірің батысында оқисыздар. Шындарыңызды айтыңыздаршы,мектептегі өмірді, ауылды сағындыңыздар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар?

2-жүргізуші: Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

1-жүргізуші: Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арнаған

ӘН шашуды Қабыл алыңыздар!

11а сынының оқушысы Жексенова Шамшырақ орындауында__________________________

Қошеметтеріңіз!
2-жүргізуші: Біз сіздерге, сіздер арқылы барлық мектеп түлектеріне және болашақ түлектерімізге оқуда табыс тілейміз.

3-бөлім. «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы»

1-жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.

Алысыңда сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.


2-жүргізуші: Өз қайығың бар болса, өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық келешегің.


Әр адамның басынан қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?
1 - жүргізуші: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.

Оқушыларға берілетін жағдай.

  1. Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?


2 - жүргізуші: Студенттерге берілетін оқиға.

  1. Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?




  1. Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе. Сіздер қалай ойлайсыздар?



4-бөлім. «Ақ тілектер» ҰСТАЗ – СТУДЕНТ – ОҚУШЫ - СТУДЕНТ
1-жүргізуші: Сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марат Төлеуұлына береміз. Өзіңіздің айтар тілегіңіз болса деген ниетпен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:

  • Келесі сөз студенттерге беріледі. Биылғы түлектерге деген жүрекжарды тілектеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар!

  • Ал, оқушылар! Сіздер келіп отырған қонақтарға тілектеріңізді жолдаңыз!


1-жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын

Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.

Қайда барсаң жолдарың ашық болып,

Біліміңе бар әлем тәнті болсын!


2-жүргізуші: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеті бар»-деген екен Толстой, олай болса, әрқайысың да таңдаған мамандықтарыңның алтын қолды иесі болып, мамандықтарыңыз – өнерге, өнерлеріңіз – өмірге айналып,үлкен өмірде сіздерді тек БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен бүгінгі студенттермен кездесу кешімізді осымен аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Кешіміз әрі қарай би кешімен жалғасады. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет