Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20 014 575 адамды құрайды, халық санының ең жоғары өсу қарқыны еліміздің үш қаласында байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

Сонымен қоса деректе 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артқаны, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өскені айтылады.

  • 2024 жылы Қазақстанда құжат жасату құны қанша болады?
  • 2023 жылы әлем халқы 75 миллион адамға өсті

“Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40%”, – делінген ақпаратта.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.