ҚР халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі аукционға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Әншінің костюмі Dauletten қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауызашарда сатылған. Сатылымнан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде жіберіледі. 

“Димаштың костюмін үйге алып кеттім. Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің концертке киген костюмін сатып алуға мүмкіндік болады деп ойламаппын. Бірақ менің қолымда сол костюм тұр. Осыдан бірнеше күн бұрын Дәулет Мұқаевтың қайырымдылық шарасына шақырту алдым. Он жылдан бері таныс болғандықтан, қайырымдылық шарасынан қалмайын деп шештім. Қорға 1 млн теңге аударамын деп бардым. Себебі, бар ақша Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен халыққа кетеді. Ауызашарда қайырымдылық іс-шара болды. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы халыққа ақша жинау мақсатында, аукцион өтті. Аукционда басты экспонат – Димаш Құдайбергеннің костюмі. 1 млн теңге жоспарлап барғанымен, аукцион басталған сәтте баға одан асып кетті. Соңында осы костюмді 2 млн теңгеге сатып алдым" , – деді Еркебұлан Әріпбай есімді азамат. 

  • "Далада қалған ағайынға көмек берілетініне сенемін": Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау білдірді

  • Тегін "Құдайбергенге" өзгерткен Димаштың латынамерикалық тыңдарманы домбыраның құлағында ойнайды

Желі қолданушылары кәсіпкер жігітке ризашылығын білдіріп, жарыса пікір жазып жатыр. 

“Димаштай ұлдың әкесі болыңыз!”, “Керемет іс-шара екен”, “Ұлыма сіздер жолмен жүруді нәсіп етсін!”, “Ниеттерің қабыл болсын!”, “Дүниежүзіне танымал Димаштай дарынды тұлғаның елі суға кетіп жатқаны өкінішті”, “Біз батыспен біргеміз”, – жазды оқырман қауым. 

Еске салайық, еліміздің суға кеткен өңірлеріне танымал тұлғалар көмек қолын созып жатқанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Еркебұлан Әріпбай (@yerkintd)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.