Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны екі есеге шарықтатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына ағылған. Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көлік кептелісі орын алған.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде такси жүргізушілерінің жол жүру бағасын екі есеге қымбаттап жібергені туралы ақпарат тарады.
Жүргізушілер қала сыртына жеткізу үшін бағаны аспандатып жіберген.
Мәселен, Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңге дейін сұрап отыр. Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.
"40 мыңға дейін көтерген бағаны, ел басына күн туғанда көмек берудің орнына", “Біреулерді бақытсыздық асырайды” демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр екен", — деп оқырмандар әлеуметтік желіге жазба жариялауда.
Еске салсақ, Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан.
Бұған дейін Алматыда болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені туралы жазған едік.
Ал, Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін айтты.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.