“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов анасына арнап, жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Жақында өнер иесінің әкесі дүниеден озған еді. 

“Әкем кеткелі анамның еңсесі қатты түсіп кетті. Бала-шағасы бар, шүкір ғой. Арқасүйер ер азаматысыз өмір сүру қиын ғой. Біз түсіне бермейтін шығармыз. Кішкене ем алуға жатқан екен. Ұшақтан қалып, жағдайын сұрап қайттым. Ағарып, реңі жақсарып қалыпты, қуанып қайттым. Сіз аман болыңыз, анашым! Әкеммен бірге армандаған армандарым орындалып жатса, куәсі сіз болыңыз!”, – деп жазды әнші. 

  • "Көшу "не вариант": Мадина Сәдуақасова жер сілкінісінен кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты

  • "Ұланға ұрсып аламын": Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасындағы жұбы туралы пікір білдірді

Желі қолданушылары анасының деніне саулық тілеп, әншіге сәттілік тілеп жатыр. 

“Киноңды жарыққа шығар, әкеңнің арманы еді”, “Анаңыз аман болсын!”, “Жабағалы руы әкеңізді әлі күнге дейін мақтап отыр”, “Анаңызға оңай емес, 40 жыл отасқан жардан айырылу”, – деп қолдап жатыр оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 𝐁𝐀𝐆𝐋𝐀𝐍 𝐀𝐁𝐃𝐑𝐀𝐈𝐌𝐎𝐕 (@baglan_abdraimov_official)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.