Білім басќармасы облыс јкімдігініѕ 15



жүктеу 87.48 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі87.48 Kb.

02.09.2011 ж.

Мектеп басшыларына!
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2011 жылы қыркүйек айында 7-11 класс оқушылары үшін Ақтөбе облысының оқушылары арасында белгілі ақын, қаламы жүйрік публицист Мейірхан Ақдәулетұлының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында оның шығармашылығына арналған байқау ұйымдастырады.

Байқауға қойылатын талаптар:

Байқауға Ақтөбе қаласының мектептерінен 3 (үш) оқушы қатыса алады;

М.Ақдәулетұлының оқуларына қатысушы үміткер ақынның шығармаларын жақсы білуі және кез-келген өлеңін талдай білуі қажет. Сонымен қатар талапкер өз шығармашылық қабілетін де көрсете білуі керек.

Байқау үш номинация бойынша өтеді.

  1. Қатысушы М.Ақдәулетұлының «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Жалғыз досым-жүрегім», «Дәруішнама», «Бейуақтағы мінәжат» атты жыр жинақтарынан бір өлеңді жатқа оқиды.

  2. М.Ақдәулетұлының аудармаларынан үзінді оқу.

  3. «Жыр жазамын» бағытында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы,оқу мәнеріне,жатқа оқуына назар аударылады.

Сұраныстарыңызды 2011 жылдың 10 қыркүйегіне дейін төмендегі үлгі бойынша «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығына жіберулеріңіз сұралады.





Оқушының аты-жөні (толық)

Ауданы, мектебі

Класы

Орындайтын

шығармасы

Жетекшісі

Еңбек өтілі,

Санаты























02.09.2011 ж.

Мектеп директорлары мен мектептен тыс мекемелер басшыларына!
Қалалық білім бөлімі Облыс әкімдігінің 15.07.2011 ж. №3736 хаты негізінде берілген облыстық білім басқармасының №2-2479 хатына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында ағымдағы жылдың 20-22 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай І Республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалі өтетіндігін хабарлайды.

Аталған фестивальға номинацияларға қарай мұғалімдер,оқушылар және мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім алушылар т.б. қатарынан қабілеті жоғары дарындылар қатыса алады.

Өнер фестиваліне қатысуға тілек білдірушілер қалалық білім бөліміне 15 қыркүйекке дейін №61 кабинетке әдіскер А.Тамашеваға сұраныс тапсырады.

І Республикалық «»МАҒЖАН КӨКТЕМІ» өнер фестивалін өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
КІРІСПЕ

«Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі сәулесі мәңгі өшпес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» - деп жазды Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында. «Бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын Мағжанның сөзі» (М.Әуезов) – қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында әлемдік деңгейге көтерді. Ол халқына бүкіл өлеңімен, өмірі мен жанын сала қызмет етті.Мағжанның өз ұлтына деген махаббаты адамзатқа деген сүйіспеншілігімен жіксіз ұласып жатты.Мағжан Орта Азия ақындарының арасынан сырылып шығып, тұранды, түркі құндылықтарын жырлады.Тұран халықтарының сонау гуннен басталатын тарихын шолып, осынау еуразиялық кеңістіктегі мәдени, рухани байланыстар бөгесіндеріне ересен қайрат көрсетті. Мағжан әлемін таныған, тереңіне бойлаған әр адамның жан дүниесі ерекше нұрланып, өрісі ашылары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған І Республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалі (бұдан әрі фестиваль) ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жүйелі түрде насихаттап, есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында, оның «кіші отаны» - туған өлкесі Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавл қаласында 2011 жылы қазан айының 20-22 күндері өткізіледі.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Осы ережелер толығымен Фестивальді өткізу тәртібін реттейді.

  2. Фестивальдің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің Мәдениет комитеті, өткізушісі – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

  3. Фестиваль төмендегідей үш номинация бойынша өткізіледі:


І. Мағжанға арналған жазба ақындар мүшайрасы.Мазмұн- тақырыбы ұлы ақынның шығармашылық –адами келбетін, айнымас ұстанымын, елдік-ерлік қасиетін, ұлт тағдырындағы алатын орнын, туып өскен жерінің шежірелі тарихын, сұлу табиғатын, осы өңірде өмір сүріп жатқан халықтың ақ пейілді достық құшағын, Қазақстан экономикасын көтерудегі жасампаз істерін көрсететін туындылар болғаны абзал. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған, 14 кеглмен жазылған, көлемі 4-5 беттік бір немесе бірнеше өлеңдерден тұратын топтамасы бүркеме (лақап) атпен жіберіледі.

ІІ. Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу – көркемсөз оқушылар өнері. Ақынның мұрасы - өлеңдері, поэмалары,прозалары жатқа оқылып, аудиотаспаға, CD , DVD немесе мини-дискіге жазылған түрінде бүркеме (лақап) атпен жіберіледі. Ұзақтығы 7-8 минут.

ІІІ. Мағжан өлеңдеріне жазылған әндер.

Жаңа музыкалық туындының ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы қажет.Шығармаға аудиотаспаға, CD , DVD немесе мини-дискіге жазылған түрінде, бұған қоса екі дана клавирі (партитурасы) мен екі дана өлеңі қоса жіберіледі. Бір автор бірнеше шығармасымен қатысуға құқығы бар. Туынды(лар) Фестивальға бүркеме атпен жіберіледі.



ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ

  1. Фестивальдің мақсаты мынадай болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған І Республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің мақсаты: ұлы ақынның шығармашылық мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани талғам-сезімін дамыту.

2) Отандық әдебиет пен өнер, музыка салаларында озық дүниелердің келуіне, оның авторлары – зиялы тұлғалардың шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік тудыру.



ФЕСТИВАЛЬДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Мүшайраға қатысушылардың, мәнерлеп оқушылардың, әншілердің шеберлігіне, мәдениетіне, дауысының сұлулық иірімдеріне Әділқазылар тарапынан үлкен мән беріледі.

  2. Қатысушылардың жасына шек қойылмайды.

  3. Мүшайра жыр-өлеңдері, мәнерлеп оқушылар өнері, жаңа әндер 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін төмендегі мекен-жайға жіберіледі: 642027, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Байланыс телефоны: (87152) 46-03-32.

  4. Фестиваль жеңімпаздары 2011 жылы 22 қазанда өтетін Гала- концертке қатысып, тегін өнер көрсетеді.

  5. Қатысушылар төмендегі құжаттарды қоса жібереді.

- жеке және салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері;

- шығармашылық өмірбаяны;

- білім жайындағы куәліктің көшірмесі (оқушылар мен студенттер үшін анықтама);

- түрлі-түсті 13×18 көлемдегі екі фотосурет;

- мекен-жайы, байланыс телефоны,электрондық поштасы.


  1. Жеңімпаз атанған авторлар мен орындаушылардың жатын орнын,келіп-кету жолын (темір жол), тамағын ұйымдастырушы жақ көтереді.

  2. Фестивальдің өткізілу ережелері, Әділқазылар шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

  1. Фестивальді жоғары ұйымдастырушылық-шығармашылық деңгейде өткізу мақсатында облыс әкімі орынбасарының бекітуімен Ұйымдастыру комитеті (әрі қарай - Ұйымком) құрылады.

  2. Ұйымком Фестивальдің барлық ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып, шараның жоғары деңгейде өткізілуңн қамтамасыз етеді.

  3. Ұйымком Әділқазылар алқасының жүйелі сапалы да нәтижелі жұмыс жасауына жағдай жасайды.

ФЕСТИВАЛЬДІҢ ӘДІЛҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫ

  1. Фестивальдің Әділқазылар құрамын Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің Мәдениет комитетінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары бекітеді.

  2. Әділқазылар алқасына республиканың белгілі мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері шақырылады.

  3. Әділқазылар алқасы жеті адамнан құрылады: төраға және алқа мүшелері. Алқа мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

  4. Әділқазылар алқасы мүшелерінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

  5. Әділқазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы шешімге келіп, қарапайым түрде көп дауыс алған шығармалар тиісті жүлделі орындарға ие болып, Фестивальдің жеңімпазы аталады.

  6. Әділқазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделіп, қайта талқылануға, қаралуға жатпайды.

  7. Әділқазылар алқасы белгіленген жүлделердің барлығын бірдей тағайындамауға немесе бір жүлдені екіге бөлуге құқылы.


МАРАПАТТАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ

  1. Фестиваль жеңімпаздарына төмендегі жүлделер тағайындалады:

  • бір Бас жүлде және лауреат атағы (үш номинацияға ортақ);

  • бір Бірінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);

- бір Екінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);

- бір Үшінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша);



  • екі Көтермелеу жүлдесі және дипломант атағы (әр номинация бойынша)


2.09. 2011 ж Директорам школ!

СРОЧНО!!!

2.09.2011 в 16.00 ч. В областном режиме онлайн Областное управление образования проводит областной семинар по теме прохождения курсов нового формата в центрах педагогического мастерства при АОО «Назарбаев Интеллектуальных школах», АО «Национальный центр повышения квалификации «Орлеу».

Обязательное участие администраций школы и учителей.

Всем школам подключиться областном режиме онлайн.

Директор ГНМЦ Ж.Мухамбетова



2.09. 2011Ж Мектеп басшыларына !
2011-2012 оқу жылында ДБҰ « Назарбаев интеллектуальды мектептері» 7-11 кластар арасында 4 пән бойынша (физика,химия,биология,математика) онлайн сабақтар және мұғалімдерге арналған онлайн семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

www. eIp. kz порталында төмендегі кесте бойынша өтеді:



Утверждено приказом Председателя Правления

АОО «назарбаев Интеллектуальные школы»

От «25» августа 2011 года №82/ОД

График проведения онлайн уроков и семинаров

Апта күндері

Пән

1 группа

2группа

3группа

ДҮЙСЕНБІ


ХИМИЯ

8-9 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 12.00



10-11 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 15.30






СЕЙСЕНБІ


МАТЕМАТИКА

7-8 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 12.00



9-10 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 15.30



11 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 14.30



СӘРСЕНБІ

ФИЗИКА

7-8 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 12.00



9-10 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 15.30



11 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 14.30



БЕЙСЕНБІ

СЕМИНАР ПО КРИТЕРИАЛЬНОМУ ОЦЕНИВАНИЮ

Учителя общеобразовательных школ Республики Казахстан Начало семинара в 16.00

ЖҰМА

БИОЛОГИЯ

7-8-9 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 12.00



10-11 кл оқушылары үшін

Сабақ басталуы 15.30







Әр айдың соңғы сәрсенбі ( среда) күні әрбір мектептен бірлестік жетекшісі қатысқан оқушылар мен мұғалімдер туралы

Мәліметті ҚББ –не математика,химия,биология,физика пәні әдіскерлеріне хабарлама міндетті түрде жіберіп тұру сұралады.

Хабарлама жинақталып Астанаға жіберіледі. Бұл сабақтар жыл бойы өтеді.
Имангалиева Г.Ж,Садыкова А.С.,Ескалиева Г.Т,

2.09.2011 Мектеп басшыларына!

Облыстық олимпиадаға қатысушы оқушыларды анықтау,дамыту және жекеленген пәндерден білімін жетілдіру мақсатында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы сырттай олимпиадалық резерв мектебінде оқыту жүргізеді.

Сырттай олимпиадалық резерв мектебінің құрамына сынақ тапсырмаларды орындау негізінде 5-8 класс оқушылары қабылданады.

Қабылдау емтиханы 2011 жылдың 23 қыркүйегінде өткізіледі.

Сырттай олимпиадалық резерв мектебіне түсу жарнасы 200 теңге,оқу жарнасы жылына 2000 теңге.

Сырттай олимпиадалық резерв мектебінің Ережесі қосымша жалғанады.
Директор Ж.Есенжолова
(ереже каб №36 ) әдіскер Г.Ескалиева


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет