Түркияның Анталья қаласында жалауын желбіреткен Grand Slam турниріндегі Әбиба Абужақынова мен Нұрқанат Серікбаевтың бірінші белдесуіндегі қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін Анталья қаласында бастау алған байрақты бәсекедегі отандастарымыздың кімдерге қарсы белдесетіні анықталды. 48 келіде өнер көрсететін Әбиба жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Түркиядағы Grand Slam турнирінде португалиялық Брито Ракельмен белдеседі. Жеңіске жеткен жағдайда Қытай мен ресейлік балуан жұбының жеңімпазымен шығады. Ал 60 келідегі Серікбаев алғашқы айналымда тәжірибелі Цогт-Очир Бямбажавпен күреседі. 

Айта кетейік, бұл турнирде әлемдік рейтингтің көшбасшылары белдеседі. 60 келі салмақта ерлер арасында 39 балуан күрессе, Әбибаның салмағында 46 дзюдошы бақтарын сынайды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.