Білім беру бағдарламасы мамандығы: «5В090600 -мәдени-тынығу жұмысы»



жүктеу 1.1 Mb.
бет1/6
Дата16.09.2017
өлшемі1.1 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: «5В090600 –Мәдени-тынығу жұмысы»
Деңгейі: Бакалавриат
Академиялық дәрежесі-«5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры

Қарағанды, 2016

«5В090600 – Мәдени–тынығу жұмысы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В090600 – Мәдени–тынығу жұмысы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

5B090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша

Білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны –131 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

1.2 Бітірушілердің білім деңгейінің мінездемесі:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

1.2.2 Кәсіби қызмет объектілері

1.2.3 Кәсіби қызметінің пәні

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

1.2.5 Кәсіби қызметінің функциялары

1.2.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

3. Кілттік құзыреттілік

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модульді сипаттау формуляры.

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Кәсіби тілдер және мәдени-тынығу жұмысының теоретикалық негіздері

Модуль 4. Мәдени-тынығу жұмысын әдістемелік және басқарушылық негіздері

Модуль 5. Әлеуметтік ортадағы мәдени- тынығу жұмысы

Модуль 6. Мәдени-тынығу жұмысының көркем-шығармашылық негіздері

Модуль 7. Мәдени-тынығу жұмысының тәрбиелік негіздері

Модуль 8. Мәдени-тынығу жұмысында театрға бейімдеу

Модуль 9. Қосымша білім беру жүйесіндегі көркемдік-бұқаралық жұмыстың кәсіби негіздері

Модуль 10. Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

Модуль 11. Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың технологиялары

Модуль 12. Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру формалары

Модуль 13. Бос уақытты ұйымдастырудың әлеуметтік негіздері

Модуль 14. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

Модуль 15. Іс тәжірибе

Модуль 16. Мемлекеттік аттестациялау


1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Мамандық бойынша жоғары кәсіби білім оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестацияны ойдағыдай тапсырған тұлғаларға «қызмет көрсету саласы «5В090600 - Мәдени – тынығу жұмыс мамандығы бойынша бакалавр» академиялық дәрежесi берiледi. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы бойынша квалификациясы және лауазымдық қызмет атқарылады. Түлек мынадай қызметтерге орналаса алады:



  • педагог-ұйымдастырушы;

  • дарынды балалармен жұмысындағы ғылыми-практикалық орталықтарда педагог-ұйымдастырушы;

  • вожатый, аға вожатый;

  • мектепте және мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы;

  • қосымша білім беру жүйесіндегі мекемелерде көркем жетекшісі;

  • аниматор;

  • мәдениет саласындағы мекемелерде басқармасында бас маман;

  • клубтың, мәдениет үйде немесе сарайында үйірмелердің жетекшісі.


1.2 «Мәдени - тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірушілердің білім деңгейінің мінездемесі

1.2.1. Кәсіби қызметінің саласы

Мәдени – тынығу жұмысы бакалавры кәсіби қызметін бос уақытты ұйымдастыру саласында, білім саласында, туризм және бұхаралық ақпарат құралдарында мәдени – тынығу жұмысының технологиялық поцессін басқарушы ретінде; қоюшы – режиссер, сценарист және мәдени – тынығу бағадрламаларының жүргізушісі ретінде; мәдени – тынығу жұмысының жетекшісінің дағдыларын қалыптастыратын және оқытатын педагог – мастер ретінде жүзеге асыра алады.



1.2.2. Кәсіби қызмет объектілері

Кәсіби қызмет объектілері

- бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері: мәдениет, өнер мекемелері, клуб бірлестіктері;

- шығармашылық орталықтар, жоғарғы және мәдениет пен өнердің орта арнаулы оқу орындары, мектеп және мектептен тыс мекемелер, әлеуметтік –мәдени мекемелер, туристік нысандар және бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады;



1.2.3 Кәсіби қызметінің пәні

Бакалаврдың кәсіби қызметі тұрғындардың, апта сайынғы мерекелік демалысын ұйымдастыру, бұдан бөлек мәдениет, өнер, туризм, білім беру және ақпарат құралдарында, әлеуметтік - мәдени мекемелерде, ұлттық мәдени құндылығы бар халықтың рухани мәдениетін дамыту және жетілдіру мақсатында шығармашылық процесті ұйымдастыру болып табылады.



1.2.4.Кәсіби қызмет түрлері

5В090600 – мәдени – тынығу жұмысы мамандығы бойынша бакалавр мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:



  • өндірістік басқару: мәдениет, білім, өнер саласындағы мекемелерді, шығармашылық ұжымдарды, ұйымдар мен бірлестіктерді басқару, мәдени орталықтар, меншіктің барлық түрі мен формаларындағы шығармашылық студиялар мен фирмаларды басқару;

  • шығармашылық: мемлекеттік бағдарлама және әлеуметтік тапсырыс бойынша бос уақыттағы бұқаралық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру; клуб бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарды басқару; өнер жанрлары бойынша жеке шығармашылық қызмет, таңдалған мамандық бойынша жоғары орындаушылық шеберлік пен теориялық білімдерді меңгеруді қамтиды; мәдени-тынығу жұмыстары формалары мен әдістерін, ұжымдармен, үйірмелер және студиялармен жұмыс істеу әдістемесін және тәжірибелік дағдылармен қарулану, көпшілік шаралар, концерттер, спектакльдерді қою;

  • ұйымдастыру-шығармашылық: барлық әлеуметтік топтарға мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру әрі шығармашылық ұжымдарды, әуесқой бірлестіктерді құру мен қатысушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту; тұрғындардың креативтік іс - әрекетін арттыру мақсатында танымдық және шығармашылық жұмыстарды ұйымдасытру;

  • жобалау- технологиялық: бос уақыт пен мәдениет саласында шығармашылық жобаларға қатынасуға жағдай жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық қалыптасуын ынталандыру;

  • ғылыми-зерттеу: тұрғылықты халықтың бос уақыт іс - әрекетінің мазмұны мен формасына деген талабы мен қызығушылығына әсер ететін әлеуметтік – мәдени үрдістердің жағдайын оқып - зерттеу; ұлттың мәдени мұрасын, тарихи және көркемдік дәстүрін зерттеу; қызмет көрсететін тұрғындардың талабы мен мәдени – шығармашылық потенциалын зерттеу; мәдени – тынығу жұмысы технологиясының нәтижелілігінің психолого – педагогикалық үрдістерін зерттеу.

1.2.5. Кәсіби қызметінің функциялары

Мәдени-тынығу жұмысы бакалаврының кәсіби қызметінің функциясы



  • тұрғындардың қарым – қатынасын ұйымдастыру;

  • тұрғындардың сауықтық және креативтік іс - әрекетін ұйымдастыру және оған жағдай жасау;

  • қызмет көрсету саласында барлық әлеуметтік топтарға анықтамалық – ақпараттық және танымдық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жеке тұлғаның шығармашылық және әлеуметтік потенциалын қалыптастыру және дамыту.

1.2.6. Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

5В090600 – мәдени – тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітіруші кәсіби қызметінің түрлеріне сәйкес төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:



  • тұрғындардың рекреациялық, коммуникативтік, танымдық, сауықтыру бос уақытын ұйымдастыру және жағдай жасау;

  • халықтың әлеуметтік және шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында студиялар, орталықтар, әуесқой бірлестіктер ұйымдастыру;

  • ұйымдастыру-басқару қызмет саласында:

  • мәдени – тынығу жұмысы саласында менеджмент, маркетинг қызметтерін ұйымдастыру;

  • қатысушылардың әлеуметтік және шығармашылық дамуының психологиялық – педагогикалық дағдыларының заңдылықтары негізінде әлеуметтік бірлестіктер және әуесқой шығармашылық ұжымдарды ұйымдастыру және басқару;

  • экспериментальды-зерттеушілік қызмет саласында:

  • тұрғындардың танымдық, коммуникативтік, рекреациялық, сауықтық және шығармашылық демалысының нәтижелі ұйымдастырылуының заманауи формалары мен әдістерін өз іс - әрекетінде пайдалану;

  • көркем – шығармашылық және әлеуметтік бірлестіктердің қатысушыларының шығармашылық даму потенциалының ғылыми әдістерін пайдалдану;

  • білімдік (педагогикалық) қызмет саласында:

  • мәдениет үйлері, қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет мекемелері, клубтардың мәдени – тынығу жұмысы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында әуесқой бірлестіктердің қатысушылары мен мамандардың бірлескен семинарларын, тренингтер, шығармашылық кездесулер ұйымдастыру;

  • шығармашылық – қойылымдық топтар мен шығармашылық ұжымдардың оқу – тәрбие сабақтарында мастер – кластар өткізу;

  • ғылыми-зерттеушілік қызмет аясында:

  • қызмет көрсететін тұрғындардың шығармашылық дағдылары мен қызығушылықтарын, рухани сұранысын зерттеу;

  • мәдени – тынығу іс – шараларының көпшілік және топтық формаларының шығармашылық – танымдық және эмоционалдық нәтижелілігін оқып - зерттеу;

  • жобалау қызмет аясында: мәдениет үйі, ұлттық орталықтар, демалыс орталығы және т.б. орталықтардың мәдени – эстетикалық құрылуында басқарушылық іс - әрекетті жоспарлау;

  • шығармашылық ұжымдардың тұрғындар алдындағы есебінің формасы мен мазмұнын жобалау;

  • демалыс қызметін ұсынатын ұйымдармен, орындарымен, білім беру мекемелерімен байланысты жоспарлау және сол саладан әлеуметтік және көркемдік – шығармашылық бірлестіктерге қатысушыларды тарту.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы кәсіби құзыреттерді, сапалы кәсіби білім беру үшін толық жағдай жасау - бұл білім беру саласында "мамандығы бойынша 5В090600 - Мәдени – тынығу жұмысы" жалпыұлттық мақсаты болып табылады



3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, туризм ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, туризм менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны



Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәнің коды

Пән атауы

Бақылаутүрі

семестр


Несие саны

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

ECTS




Жалпы міндетті модульдер

ЖММ-1

Қоғамдық-коммуникативті


ЖББ/МК

ККZТ1101

Қазақстанның казіргі заман тарихы

емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: оқыту барысында Қазақстан тарихының түбегейлі мәселелерін және олардың қазіргі деңгейдегі ғылыми-зерттеулерді біледі, тарихи жағдайларды түсіну және салыстырмалы анализ жасау, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, кәсіби іс-әрекеттегі телекоммуникациялық технологияны және ақпараттарды қабылдау, өз еркімен әртүрлі философиялық тұжырымдамаларға талдау жасау.

Білуі тиіс: Қазақстандағы адам қоғам дамуының тарихы әлемдік

тарихи процестің бөлігі ретінде, кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білу, ойлаудың категориялы аппараты және танымның әлеуметтік-философиялық әдістері арқылы әлемнің бейнесі негізделетін және сипатталатын әлеуметтік ғылымдар туралы белгілі бір білімдер мен түсініктер көлемін игеру



Дағдылары болуы тиіс: тарихи жағдайларды анализдеу, қазіргі өмірдің көкейтесті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным дағдыларын қолдану, нақты сөйлеу, оқу және жазу.

Құзыретті болуы тиіс: оқытудың кәсіби іс-әрекеті және алған теориялық білімдерін қалыптастыру, тілдік құбылыстардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, шет тілі иесінің мінез-құлқы сияқты қарым-қатынасының тапсырмаларын шешу үшін сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру, философияның ұстанымының қолданысында   табиғаттың, қоғамның дамуы.

ЖББ/МК

FIL 2102

Философия

емтихан

3

3

5

ЖББ/МК

ShТ1103

Шет тілі

емтихан

1-2

6

11

ЖББ/МК

ОТ1104

Орыс тілі

емтихан

1-2

6

11

ЖББ/МК

АКТ 1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

емтихан

1

3

5




Жалпы модуль бойынша
















21

37




ЖММ-2

Саяси-әлеуметтік және жаралыстану















4

3

5

Білікті болуы тиіс: саясат мәселесі мен сұрақтарына қатысты құбылыстарға талдау,салыстыру жасай білу, бүгінгі қоғамдағы құбылыстарды әлеуметтік тұрғыдан талдай білу, экологиялық білім беру негіздерін пайдалану арқылы




ЖББ/ТК

Ale2106

Saya2106


ZhS2106

Әлеуметтану

Саясаттану

Жастар саясаты


емтихан










төтенше жағдайларда шешім қабылдау, нақты ситуацияларды қарастыру жағдайлардағы экономикалық мәселелердің шешімін табу, құқықтық институттарды және оларды қамтамасыз ететін нормаларды ажырата білу.

Білуі тиіс: мемлекет және құқық теориясының негіздері, мемлекет және құқықтың пайда болу және даму түсініктері, заңдары мен принциптері, экологияның негізігі заңдары, экожүйелердің шеңберінде биотикалық және абиотикалық компоненттерін тығыз қарым-қатынаста түсіну, жеке қорғану құралдарын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету.

Дағдылары болуы тиіс: экономикалық шешім қабылдау, құқықтық құбылысты жекелей анализ жасау экологияның негізігі заңдары, экожүйелердің шеңберінде биотикалық және абиотикалық компоненттерін тығыз қарым-қатынаста түсіну, жеке қорғану құралдарын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету.

Құзыретті болуы тиіс: философияның ұстанымының қолданысында   табиғаттың, қоғамның дамуы, ішкі және сыртқы саясатта, халықаралық қатынастардың ерекшелігі жайлы, бүгінгі саясаттың өзекті мәселелерін игеруде, жалпы және глобальды экологиялық мәселелер және қауіпсіздік және тіршілік әрекетінің мәселелері.

ЖББ/ТК

ETD1107

TKN1107


Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздік негіздері




емтихан

1

2

4

ЖББ/ТК

КN1108

EN1108


SZhKMN1108


Құқық негіздері

Экономика негіздері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері


емтихан

1

2

4




Жалпы модуль бойынша
















7

13




Мамандық бойынша міндетті модульдер

МММ-3

Кәсіби тілдер және мәдени-тынығу жұмысының теоретикалық негіздері

БП/МК

КОТ2201

Кәсіби орыс тілі

емтихан

3

2

4

Білікті болуы тиіс: оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу, өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, оқылған тілдік құралдарды кәсіби сөйлеу қарым-қатынастың ауызша және жазбаша түрлерін іске асыруға пайдалану, кәсіби бағытталған шет тілінің білімдерін және дағдыларын пайдалану, мәдени тынығу жұмысының тарихы мен теориясының жетістіктерін; қоғамдық құбылыстардың әлеуметтік аспектілері, көркемөнер шығармашылығы,өнер тарихы жұмысын жүзеге асыруда бұқаралық мерекелер мен әдеби мәтіндермен жұмыс сұрақтарын мәдени тұрғыда зерттей білу, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Білуі тиіс: кәсіби қазақ тілінің, кәсіби шет тілінің лексико-фразеологиялық, грамматикалық нормалары мен жалпығылыми және мамандық терминологиясын білу;

мәдени-тынығу жұмысының теориясы мен тарихының мәні мен ерекшеліктері;



әртүрлі тарихи кезеңдердегі мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру түрлері.

Дағдылары болуы тиіс: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу); кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу.

Құзыретті болуы тиіс: мәдени-тынығу жұмысы кәсіби қызмет ретінде, мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі түрлері және формалары және тарихи талдауға баға беру дағдыларды білу; көркемөнер шығармашылығы шараларға байланысты іс-шаралар мазмұнының теориялық және практикалық мәліметтерін игеру.

БП/МК

KBShT2202

Кәсіби бағытталған шетел тілі

емтихан

4

2

4


БП/МК

MTRTТ 1203

Мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы

емтихан

2

3

5

БП/МК

KSh2204

Көркемөнер шығармашылығы

емтихан

3

3

5

























Жалпы модуль бойынша
















10

18




МММ-4

Мәдени-тынығу жұмысын әдістемелік және басқарушылық негіздері

БП/МК

MTKSMMN4206

Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы менеджмент,маркетинг

емтихан

7

2

4

Білікті болуы тиіс: Мәдени-тынығу жұмысы саласындағы менеджмент,маркетинг ақпараттарының технологиялық, практикалық, теориялық, әдістемесі, мәдени-тынығу жұмысы технологиялары кәсіби қызмет ретінде, коммуникативік мәдениет негізінің теориялық негіздері, жеке тұлғаның коммуникативті компетенттілігі туралы; мәдени-тынығу жұмысындағы менеджмент және маркетинг жұмысын кәсіби қызмет ретінде ұйымдастыру, мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі түрлері және формалары және тарихи талдауға баға беру дағдыларды білу.

Білуі тиіс: Коммуникативік мәдениет негізінің теориялық негіздері, жеке тұлғаның коммуникативті компетенттілігі туралы; мәдени –тынығу іс -әрекеті жұмысың алатын орны, принциптері мен білімді менгеру; мәдени-тынығу жұмысының технолгияларын ұйымдастыру үшін теоретикалық білім мен оны іске асыруды менгеру; кәсіби өзара қатынасты ұйымдастыру дағдыларды менгеру; мәдени-тынығу жұмыстың қоғамдағы ролі, тұрғындармен мәдени тынығу жұмысты ұйымдастырудағы дағдыларын жетілдіру,мәдени-тынығу жұмысының менеджмент, маркетинг қызметінің мәдени-тынығу жұмысының теориясының қалыптасу процесінде мәдени-ағарту жұмысының ролі туралы, мәдени-тынығу жұмысының құрамдас бөлігі туралы,

Дағдылары болуы тиіс: өзіндік іс әрекетте коммуникативтік мәдениетті қалыптастырудағы жұмыстар, қоғамның қалыптасуында әр түрлі дәуірлерінде мәдени-тынығу жұмысының мазмұны туралы білімді меңгеру; талдауды ұйымдастыруды іске асыру, мәдени-тынығу жұмысының тәжірибесіне алынған білімді интеграциялау дағдыларды меңгеру.

Құзыретті болуы тиіс: – мәдени-тынығу жұмысының әлеуметтік институт ретінде, мәдени-тынығу жұмысының теориясының қалыптасу процесінде коммуникативтік мәдениеттің ролі туралы білу; мәдени-тынығу жұмысының технологиялары; әдістері; кәсіби іс-әрекеттегі мәдени-тынығу жұмысының технологияларының мәні; шараның түріне байланысты ақпараттық технологияларыды нәтижелі таңдау, мәдени бос уақыт саласындағы менеджмент,маркетингті басқару.

БП/МК

KMN2207

Коммунакативтік негіздері

емтихан

4

3

5

БП/МК

MTKAZhT3208

Мәдени-тынығу жұмысының технологиялары

емтихан

5

3

5




Жалпы модуль бойынша
















10

18




МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТАҢДАУ МОДУЛЬДЕРІ

МТМ-5

Әлеуметтік ортадағы мәдени-тынығу жұмысы

БП/ТК

MTZhUD

1209

MTIAZT 1209


Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері Мәдени-тынығу іс-әрекетінің замануи теориялары

емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: мәдени-тынығу жұмысындағы ұлттық дәстүрлер туралы жалпы түсінік алу, оның кәсіби қызмет ретінде, мәдени-тынығу жұмысының тәжрибесіне алынған білімді интеграциялау дағдыларды менгеру; мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі түрлері және формалары және тарихи талдауға баға беру дағдыларды білу; мәдени-тынығу жұмысының заманауи теориялары мен технологияларының мазмұны, классификациясы, әдістемесі туралы білімдер мен дағдылары; мәдени-тынығу жұмысының инфрақұрылымы; әдістері; кәсіби іс-әрекеттегі ақпараттық-технологиялық технологиялардың мәні; шараның түріне байланысты ақпараттық технологияларыды нәтижелі таңдау.

мәдени-тынығу жұмысының мақсатын шешу үшін мәдени-тынығу жұмысының заманауи теориялары мүмкіндіктірінің білімі және дағдысы; ғылыми ақпараттың талдауы.



Білуі тиіс: мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың формалары және тарихи талдауға баға беру дағдыларды білу; Қазақстандағы мәдени тынығу жұмысының тарихи кезеңдері, қоғамдық даму жағдайында бос уақыт қауымдастығының алатын орны мен ролі туралы білу; білім беру әлеуметтік институт ретінде, жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінде білім беру мекемелерінің ролі туралы, қолданбалы бизнес,бизнестің экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі туралы, жаhандану мазмұны туралы білімді меңгеру;қоғамның мәдени дамуындағы жаhанданудың келешегі өзара қатынасты ұйымдастыру дағдыларды менгеру.

Дағдылары болуы тиіс: мәдени-тынығу жұмысындағы ұлттық дәстүрлер пәні арқылы мәдени-тынығу жұмысының теориясының қалыптасу процесінде мәдени-ағарту жұмысының ролі туралы, мәдени-тынығу жұмысының тәжрибесіне алыңған білімді интеграциялау дағдыларды менгеру; балалар, жасөспірімдермен жұмыста қажетті және тиімді технологияларды қолдана білу; әр түрлі білім беру және мектептен тыс мекемелерінде мәдени-тынығу жұмысын заманауи ұйымдастыру, мәдени-тынығу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету дағдыларды білу.

Құзыретті болуы тиіс: балалар мен жасөспірімдер қозғалысының тарихын анализдеу негізінде ұлттық дәстүрдің рөлін қарастыру; қоғамдық ұйымдардағы бос уақытты ұйымдастыру мәселесін қарастыруда, қосымша білім беру мекемелер жүйесіндегі балалар мен бірлескен өзара іс-әрекет, бос уақытты көркемдік-бұқаралық ұйымдастыру мәдени-тынығу жұмыс тәжірибесін қолдану.


БП/ТК

BZhKTT 1210

KBUIADK1210



Балалар,жасөспірімдер қозғалысының тарихы мен теориясы

Қазақстанда бос уақыт іс-әрекетінің дамуы және қалыптасуы



емтихан

1-2

4

7

БП/ТК

EMTZH 2211

TP2211


Этноортадағы мәдени-тынығу жұмысы

Толеранттылық педагогикасы



емтихан

3

3

5

БП/ТК

KB3212
BEOKKE3212

Қолданбалы бизнес

Бизнестің экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету



емтихан

6

2

4

БП/ТК

ZhBZhZh3213

KMDZhK3213



Жаhанану болашағы және жобалау жұмысы

Қоғамның мәдени дамуында жаhандану келешегі



емтихан

6

2

4




Жалпы модуль бойынша
















14

25




MТМ-6

Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудың көркемдік-шығармашылық негіздері

БП/ТК

KBBMOIAU1214

MOT1214


Қосымша білім беру мекемелерінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру

Мерекелерді өткізу технологиясы



емтихан

2

4

7

Білікті болуы тиіс: қосымша білім беру мекемелерінде ойын іс-әрекетінің бағдарламасын құру, оның ішінде мәдени және ойын-сауық іс-шаралар, ұйымдастыру іс-шаралары, ойынның сценарийлерін жазу; жақсы дикция және икемді дауыспен мәнерлеп оқу, эмоционалдық қисынды салынған әдеби сөйлесуді көрсету, ғылыми ақпараттардың технологияларын қолдану , игеру үшін.

Білуі тиіс: қосымша білім беру мекемелерінде ойын іс-әрекетін ұйымдастырудың теоретикалық және әдістемелік негіздері,мерекелерді өткізу технологиясы мен мәдени-тынығу жұмысындағы сахна тілін қолдану тәжірибесі, мәдени-тынығу саласындағы жарнама және бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы, эстрадалық өнер және театрланған қойылым

Дағдылары болуы тиіс: мектепке дейінгі мекемелердегі мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырудағы дауысты қою әдістері мен сахна тілі іс-әрекетінің технологияларына сәйкес қолануға байланысты.

Құзыретті болуы тиіс: эстрадалық өнер және театрланған қойылымдарды өткізу мен өңдеу процесін ұйымдастыру саласында, ғылым негізінде мерекелерді өткізу технологиясын ұйымдастыру, сонымен қатар, тынығуды ұйымдастырушылардың сахна тілін қою әдістерін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет