Танымал бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрмен қатысушылардың жалақысы қалай берілетінін “Taboo” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Видеодан скриншот

Тележурналистің айтуынша, әр қатысушының уақытын бағалау – бағдарлама парызы екен. 

“Әр қатысушы күніне 4 сағат эфирге уақыт бөлуі керек, эфир сыртында тағы 3-4 сағат уақытын бөлуі керек, тамақтануы бар, киінуі бар, жол жүруі бар, анауы бар, мынауы бар. Үйінен эфирге келіп, эфирден үйіне кетуді кем дегенде қамтамасыз ету парызымыз деп ойлаймын. Төленеді болғанда, бұл бір жалақы ретінде емес, мысалы, біз журналистік іс-сапарға шыққан кезде өзің жұмсаған ақшаңның есептерін жинап алып, бухгалтерияға өткізіп, соның қайтарымын алуға мүмкіндіктер болатын еді, кезінде ұлттық арнада жұмыс істеп жүрген кезде. Тура сол сияқты жүйе. Қазір Алматының өзінде бір жақтан екінші жаққа келудің өзі – 3 мың теңге, әрі қарай қайтадан кетуінің өзі – 3 мың теңге, кем дегенде сол жол ақысын біз өтейміз. Ал былай "Мынау сенің қатысушы болғаның үшін жалақы" деген сияқты дүниені төлемейміз. Бұл ақшаны алып, байып кететін дүние емес. Одан кейін түскі асты да бағдарлама ұжымы береді. Студияға келген кезде өзіміз міндетті түрде тамақтандырамыз. Түскі асты беру – біздің міндетіміз. Өйткені адам 8 сағат уақытын бізге жұмсайды. Ал былай "Міне, сенің жалақың" деп, ешқашан ақша төлеп көрген жоқпыз”, – деді журналист. 

  • "Үстілеріне сұйықтық құйып, өртеп жіберді": Мәскеудегі теракт куәгерлері шабуыл жасағандардың өте мықты дайындықпен келгенін айтты

  • "Бәрін нұсқаулыққа сәйкес істедім: Қырғызстандық 15 жастағы жасөспірім теракт кезінде 100 адамды қалай құтқарғанын айтып берді

Сонымен қатар, тележүргізуші бағдарлама арқылы шаңырақ көтеріп, отбасы болған қатысушылар туралы да айтып өтті. 

“Кеше ғана санап едік. Бағдарламаға келіп, отбасын құрған ерлі-зайыптылардың арқасында 30 бала дүниеге келіпті. Тіпті, үміткері ұнамай, жобада қалған қатысушылар басқа адамдарға сезімі оянып, шаңырақ көтерген. Жобадан шығып жатқандармен де хат-хабар алмасып тұрамыз. Ажырасып кетсе, жүрегіміз ауырады. Жеке өздеріне хабарласып, татуластыруға тырысамыз”, – дейді медиа маман. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.