Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі, блогер, мотиватор Толқын Тұрарбек денсаулығында ақауы бар тұңғышы туралы айтып, жас аналарға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Блогер – 5 баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана. Тұңғышы Кәусардың денсаулығында туабітті кінәраты бар екен. 

“Сән қызымыз Кәусар туралы ашылып айту да біраз уақытты талап етті. Қызым 29 аптасында, 1,5 келі, 49 см болып туды. Туа сала жансақтау бөліміне алып кетті. Тек апараттың көмегімен демалып жатты. Баланың жағдайы ауыр дегенді есту қандай қиын. Сол қиындықты жеңдік. Қазір сол күндер көрген түстей өтіп кетті. Толық жазылып, қатарластарына қосылып кетпесе де, денсаулығы қалыпты. Мектеп бағдарламасына ілесті. Қызымның жағдайына өзімді кінәлайтын едім. Қазір ондай сезімнен арылдым. Ол өте ақылды қыз болып бойжетті. Өте төзімді әрі шыдамды. Алланың бар екеніне сенеді. Шай үстінде бізге жол сілтеп, ақыл айтады”, – дейді жас ана. 

  • "10 жыл бойы үй мен аурухананың ортасында жүрдік": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды

  • "Наркоз алу, ағза ауыстыру мен ота жасау": Дін және медицинаның байланысы туралы маман айтты

Сонымен қатар ол денсаулығында ақауы бар бала тәрбиелеп отырған аналарды сабырға шақырып, тәжірибесін бөлісті. 

“Аудиториямдағы әр анаға жеткізгім келетіні – бәрінің бітетін шегі бар. Қазір қиналып жүрсеңіз, ертең осы күнді есіңізге алмауыңыз да мүмкін. Бірақ балаңыздың психологиялық мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Біздің айнамыз – балалар. Ең бастысы мүмкін емес нәрсе жоқ. Өзімізді өзгертейік, балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Өзіңізді де жазғырмаңыз. Әр нәрсенің қадіріне уақытында жету керек деген кеңес айтар едім. Баламен үйде отырмын деп жұрттың өміріне қызыға қарауды тоқтатыңыз. Бір білерім, ана өзінің жеке басындағы проблемаларының ақысын баласынан алуы, оларды шеше алмай өзінен-өзі ашуланып жүруі, баланың психикасына әсер етеді екен. Мен Кәусарды емдетемін деп жүргенде Тоғжанды көтердім. Оның артық балалығын көтере алмайтын едім. Сол үшін оған дауыс көтеріп, өзімді ақтадым. Мұның бәрін кейін түсіндім. Ол мен үшін үлкен тәжірибе” – дейді блогер. 

 Фото: Толқын Тұрарбектің stories-і

Еске салайық, блогер отбасындағы өмірлік қағидалары туралы айтқанын жазған едік.  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.