Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. В. Краевский, В. С. Леднев, И. Ялернер, М. Н. Скаткин және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде сипатталады



жүктеу 1.92 Mb.
бет1/10
Дата02.02.2018
өлшемі1.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде жалпы. білім беретін бастауыш мектеп дүние жүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім қорын жинақтаған, өз бетінше шешім қабылдай алуға, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеуі тиіс. Дарынды, білімді жастар ғана егемен еліміздің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.

Білім беру мазмұнын анықтаудың жалпы теориялық негіздері В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.ЯЛернер, М.Н.Скаткин және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде сипатталады.

"Математикадан оқу-әдістемелік кешендерді даярлауда жалпы талаптар компоненттеріне білім беру мақсатындағы көзқарас ("төменнен жоғарыға" сабақтастьіқ принципі, математиканы оқытудың практикалық бағыты, оқытудың дамытушылық және тәрбиешілік қызметін, математика курсының алгоритмдік бағытын күшейту) енгізілген" - деп атап көрсетті қазақстандық белгілі ғалым-әдіскер С.Е.Шәкілікова.766

Оқыту мазмұнын анықтаудың проблемалары мен оның әдістемелері Н.К.Гончаров, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина және т.б. ғалымдар еңбектерінде мазмұндалған.

Математиканы оқытудың жалпы теориялық-әдістемелік негіздері А.Н.Колмогоров, А.И.Маркушевич, В.М.Монахов, А.А.Пинский, Г.И.Глейзер, В.А.Гусев, Ю.М.Колягин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың проблемалары қазақстандық ғалымдар Қ.Қабдықайыровтың, Д.Рахымбектің, С.Е.Шәкілікованың, Ж.А.Қараевтің ,Ө.М.Мұсабековтің және т.б. еңбектерінде айқындалған.

Бастауыш мектептерде оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарды оқытудың мемлекеттік білім стандарты негізінде анықтау Б.Б.Баймұхановтың, Е.Ө.Медеуовтің ғылыми еңбектерінде жан-жақты сипатталған.

О.В.Баринованың кандидаттық диссертациясы бастауыш сынып оқушыларының мәтінді математикалық есептерді деңгейлік саралауды жүзеге асыру негізінде шығаруына арналған. Р.Б.Тасболатованың ғылыми зерттеу жұмысында деңгейлік саралауды жүзеге асыру негізінде бастауыш сынып оқушыларының геометрия есептерін шығара білу біліктерін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Ж.Т.Билялованың диссертациялық жұмысы деңгейлік саралауды жүзеге асыру негізінде оқу есептерін теориялық материалдарды оқып үйренудің, математикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырудың құралы ретіңде пайдаланудың әдістемелік негіздеріне арналған. Деңгейлік саралауды жүзеге асыру жағдайында бастауыш сыныптарында теориялық-сандық материалдарды оқытудың әдістемелік негізі Л.Х. Ғабитованың жұмысында жан-жақты зерттелген.

А.С.Акрамованың жұмысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігін арттырута математикадан жеке дараланған үй тапсырмаларының жүйесін қолданудың әдіс-тәсілдері анықталған. М.Р.Ковжасарованың, Ж.У.Қобдикованың ғылыми зерттеу жұмыстарында негізгі негізгі мектеп оқушыларының әр түрлі деңгейлердегі оқуға дайындығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттары негізделген. Е.Ю.Берлизованың кандидаттық диссертациясы бастауыш сынып оқушыларына олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып математика пәнін оқытудың шарттарын анықтауға арналған.

Бұл айтылған еңбектерде бастауыш сыныптарда деңгейлік саралауды жүзеге асыру негізінде оқушылардың математикадан алатын білімінің дәрежесін көтеруге болатындығы анықталып, оның кейбір жолдары мен әдіс-тәсілдері келтірілген.

Дегенмен де бастауыш сыныптарда математика курсын оқытуды талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды:

- қоғам дамуының өзгерістеріне байланысты математиканы оқытуда оқушының жеке тұлға ретінде дамуына әлі де жеткілікті көңіл бөлінбеуі;

- деңгейлік оқыту үрдісінде білім беруге бағытталған оқу-әдістемелік құралдарының жазылмағандығы;

- деңгейлік оқыту үрдісінде оқытудың әдістемесі жасалмағандығы.

Математикадан білім беру стандартының талаптары оқушылар меңгеруі керек білімнің міндетті деңгейін анықтап, оқуға қызығушылығы, қабілеті жоғары оқушыларды деңгейлік дамыта оқытуға мүмкіндік береді.

Олай болса, бұл бастауыш сынып оқушыларының терең білім алуға ынтасы, дайындығы және ойлау мәнері қальштасқандықтан, деңгейлік дамыта тереңдетіп оқытуды бастауыш сыныптан бастау қажеттігіне алып келеді. Оны жүзеге асырудың бір жолы оқушыларға сабақта қиындығы жоғары деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептерді шығарту арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру.

Бастауыш сыныптарда математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру осы уақытқа дейін шешімін таппаған тың мәселе.

Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқытуда оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің әдістемелік негізін жасау қажеттілігі, зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі "Математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің әдістемесі " атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік берді.

Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқыту төмендегі мәселелерді кешенді түрде шешуді қажет етеді:

а) математиканы бастауыш сыныптан тереңдетіп оқытып, үйрету;

ә) математикалық деңгейлік дамыта оқыту есептерін өз бетінше шешіп, талдай білуге үйрену.

Жоғарыда аталған мәселелерді қолға алғанда математика пәнін бастауыш сыныпта оідытудың оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруте әсер ететіндігі жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижелерінен байқалды. Ал бүдан оқушылардың математика пәніне деген оқу ынтасын, танымдық белсенділігін арттырумен меңгерілетін білімнің жүйелілігін, бірізділігін, қабілетін жетілдіре дамыта оқытудың әдістемесін қамтитын әдістерді таңдау, осы үрдісті тиімді басқарудың формалары мен жолдарын табу, математикадан білім беру стандарты талаптарымен ғана шектеп қоймай оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруте бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың әдістемесін жасаудың негізі зерттеудің өзекті мәселелері болып табылады. Осы айтқан мәсәлелерден математика пәнін төменгі сыныпта оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру бағытындағы әдістемелік жүйенің негіздемесі мен оған сәйкес оқу мазмұны, әдістемелік материалдарының жасалуын зерттеуді айқындайды.



Зерттеу проблемасы – бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу объектісі - жалпы білім беретін бастауыш сыныптарда математика пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу нысанасы —бастауыш сыныптарда математика пәнін білім беру стандартынан асатын деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар деңгейлік дамыта оқытудың негізі.

Зерттеу мақсаты - деңгейлік дамыта оқытуды жүзеге асыру арқылы математика пәнін оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының математикалық дайындығына қойылатын талаптар.

Зерттеу міндеттері:



: Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптардың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқьшдау;

деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының математикалық дайындығына қойылатын талаптардың тигізетін әсерін анықтау;



Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныптарда математика пәнін оқыту үрдісінде деңгейлік дамыта оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптардың әдістемесі жасалса, онда:

оқушылардың математикадан білімі терендейді және олар математикадан алған білімін басқа пәндерді меңгеруде де пайдалана алатындай деңгейге жетеді, өйткені деңгейдік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы және логикалық ойлау қабілеті артады



Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі - білім берудегі жеке тұлғалық даму мен іс-әрекеттік қатынас және дамыта оқыту мен оқытудың іс-әрекет теориясы, педагог және психолог ғалымдардың білім беру мазмұны мен әдістері жөніндегі тұжырымдамалары.

Ғылыми—зерттеу әдістері - психологиялық-педагогикалық материалдармен танысу, мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен сауалнамалар өткізу, тәжірибелік эксперимент жұмысын ұйымдастыру.

Зерттеудің жетекші идеясы - егер бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастырса, онда оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар жетілдіріледі.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең Бұл кезенде тақырыпқа байланысты психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, әдістемелік жүйенің теориялық негізі анықталды.
2-кезең Теориялық мәселелерді зерттеу мақсатында эксперимент жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сыныптарда математика пәнін деңгейлік дамыта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тапсырмалар жүйесі жасалынды .Зерттеу негізінде алынған нәтижелерді жалпылап талдау жұмысты қорытындылауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқытудың үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін

жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;

-математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал,) деңгейлік дамыта оқытуға сәйкестендіру барысында оқушының математикалық дайындығына қойылатын талаптар жетілдіріледі.



Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағыттап деңгейлік дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздемесі жасалып, оны практика жүзінде іске асырудың әдістемесі мен математикадан құрастырылған деңгейлік дамыта оқытуға арналған тапсырмалар жүйесі ұсынылып отыр.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында математиканы деңгейлік дамыта оқыту үшін оқу бағдарламаларына сұрыптап алынған бастауыш сыныптарында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіретіндей оны оқытудың әдістері мен тапсырмалар жүйесін бастауыш мектепте, лицей, гимназия, профильді мектептерде пайдалануға болады. Зеттеудің қортындысын бастауыш сыныптары үшін оқу кешендерін дайындау кезінде, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі. Зерттеу мақсатына сәйкес кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге арналған психологиялық - педагогикалық ғылыми еңбектердегі қағидалардың басшылыққа алынуымен; тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өндеумен және алынған мәліметтерді талдау қорытындысымен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмысына мыналар ұсынылады:

- бастауыш сыныптарда оқушыларға математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі;

- математиканы деңгейлік дамыта оқытуға арналған тапсырмалар жүйесі ұсынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, зерттеудің негізгі түжырымдары келтірілген қорытындыдан, зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу объектісі мен пәні, оның болжамы мен міндеттері, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы баяндалған. Сонымен бірге қорғауға ұсынылған мәселелер мазмұны, зерттеу барысында алынған нәтижелердің макұлдануы және олардың мектептің іс- тәжірибесіне енгізілуі сипатталған. "Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері " атты 1-ші бөлімде математикадан мемлекеттік оқу стандарты деңгейлік дамыта оқытудың негізі болатындығы анықталып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны баяндалып, математика пәнін деңгейлік дамыта оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру жолдары қарастырылған.

"Бастауыш сыныптарда математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістемесі" атты 2-ші бөлімде математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері, деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған сабақтың орны мен рөлі қарастырылған және де бастауыш сыныптарда математика пәнін деңгейлік дамыта оқытуға арналған тапсырмалар жүйесі, оны құрастыруға қойылатын талаптар, математика курсын бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудағы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің тиімділігі баяндалған.

Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар берілген.

1 МАТЕМАТИКАНЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕҢГЕЙЛІК ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ -ПЕДАГОГИ

КАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


    1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР – ДЕҢГЕЙЛІК ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ.

Мектепте математикалық білім беру стандарты талаптарына сай оқытудың мазмұны мен әдістерінің ғылыми негіздерін жасау үздіксіз білім беру үрдісін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі болып келді. Бұл міндеттер математикадан білім беру стандарты қоятын талаптардан асатын деңгейлік оқытудың дидактикалық алғы шарттарын анықтауға, оны жүзеге асырудың талаптары мен жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқытудың негіздемесін жасау және оны жүзеге асыру мәселесін зерттеу психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылатын әдістемелік принциптерге негізделетіндіктен, алдымен оның психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын зерттеуге, содан кейін математикадан білім беру стандарты қоятын талаптарының аталған оқытуға қатысын айқындауға алып келеді.

Жалпы білім беретін мектепте оқушыларды математикадан білім беру стандарты қоятын талаптардан асатын деңгейлік оқытуға дайындау, әлемдік және ТМД елдері тәжірибелері мен педагогика ғылымы саласындағы жетістіктерді негізге ала отырып, оқудың мазмұны мен әдістерін анықтауды талап етеді.

Оқушыларға математикадан сапалы білім беруге бағытталған әдістемелік жүйені (мазмұны, мақсаты, әдіс, құрал, форма) құрудың бір жолы оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарды саралау екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

Алдымен "деңгей" терминіне тоқталсақ, ол күнделікті оқыту үрдісінде қолданылып, оның педагогикада мағыналы түсіндірмесін ғалымдар өлшем деп беріп жүр. Біз де зерттеуімізде оның осы мағынасына жүгіндік. Өйткені, оқушыларға қойылатын талаптар жоғарылаған сайын "деңгейлік" есептер шығарудың тиімді екендігі біздің жүргізген тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде айқын көрініс тапты.

Мүндай жағдайға келтіру үшін оқушылардың математикадан білімі мен біліктеріне мұғалімнің қоятын талаптары әрбір оқушыға алдын-ала белгілі болып отыруы қажет. Мұғалімнің мұндағы негізгі мақсаты, біріншіден, барлық оқушы үшін әрбір тақырыпты өткеннен кейін қандай білімді меңгеруі және қандай есептерді шығара білу қажеттігін көрсетіп беру; екіншіден, әрбір оқушының қабілеті мен қызығушылығына қарай стандарт талаптары арнасынан асатын деңғейі жоғары білім дәрежесін анықтау болып табылады.

Педагогикада оқушылардың біліміне қойылатын талап проблемасы ғылыми түрде жан-жақты зерттеліп, шарттары анықталып, шешімі табылған. Дидактикалық тұрғыдан сипаттай келіп "оқыту нәтижесіне байланысты қойылатын талаптар" ұғымын, Р.Ф.Кривошалова, Э.А.Красновский, В.З.Резникова: "білімді игерудің сапалық және мөлшерлік сипаттамаларын білдіретін күтіліп отырған оқыту нәтижелерінің (білім, білік, дағды) бейнеленуі" -деп түсіндіреді. . Сонымен, қатар осы аталған еңбектер оқушының біліміне, білігіне және дағдысына қойылатын талаптардың мазмұны мен құрылымы да жалпы дидактикалық негізде сипатталады. Ғалымдардың пікірі бойынша, дидактикалық талаптар төмендегідей құрамды бөліктерден тұрады:

- оқу пәні үшін маңызды білімдер жиынтығы (іргелі ғылыми ұғымдар, заңцар, ережелер, және т. б.). Дидакттардың пікірінше бұл білім элементтері білім негізін құрайды.

- әрбір танымдық обьектіні (білік, дағдыларды қоса алғанда) игеруте тән іс-әрекет түрлері;

- оқу мәліметтерін меңгеру сапасы:

Орта мектепте оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптар математиканы оқыту мақсатына байланысты анықталады. Ал оқытудың нақтылы мақсаты оқыту мазмүнына және оған қойылатын талаптар мен олардың орындалуына тікелей байланысты. Алайда оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар окьіту мақсатымен салыстырғанда нақтырақ. Ол оқушының білімін бағалаудың негізі болып табылады. Оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптардың негізгі міндеті оқушының білімі мен қоса білігін де анықтауға негіз болып табылады. Сондықтан да оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар, математикалық білім беру стандартының негізгі буыны ретінде айқын көрініс тапқан .

Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар математика курсындағы іргелі ғылыми үғымдар, заңдар, ережелер және тағы басқа білім мен біліктерді қалыптастыруды көздейді. Ал бұлар болса математикадан білім беру стандартына сай оқытуда аса маңызды орын алады. Сөйтіп математиканы оқытуда мұғалім беретін білімнің тереңцік дәрежесі мен оқушының оны меңгеру деңгейін анықтау- математиканы оқытуға қойылатын талаптардың 1-ші құрамды бөлігі болып қарастырылған.

Математикадан білім беру стандарты мектеп математика курсының оқушы меңгеруге тиісті әрбір тақырыбымен қоса алғанда осы тақырыпқа сәйкес оқу материалын игеру кезінде орындалатын іс-әрекет түрлерін де көрсетіп беруі қажет. Психологияда әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс деп үғынылады. "Әрекетіміз дүрыс болу үшін,- дейді Әл-Фараби,-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз. Олай болса, оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптардың деңгейлік оқыту үрдісіне қатысын анықтау маңызды. Сонымен ондағы екінші талап, оқушының оқу материалдарын меңгерудегі іс - әрекет түрлерін анықтау және оқушының оқу материалын білуге бағытталғандығын, оқудағы өзіндік жұмыс істеу деңгейі, еңбек өнімділігін т.б. ерекшеліктерін есепке алу. Теориялық және практикалық материалдарды тавдауда және оны сабақта беруде оқушының өзіндік жұмыс істеу қабілеті мен мұғалімнің басқаруымен өтетін оқыту үрдісінде оқушының жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Мүндағы ескеретін жағдай, біз зерттеуімізде іс-әрекет үғымына тоқталамыз, олай болатыны психологияда әрекет үғымының ауқымы аса кең, ал іс-әрекеттің сипаты шағын,ол жеке мақсатты орындауға бағытталады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі, алда түрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен нәтгоке шығару оның басты белгілері болып табылады. Сондықтан әрекеттің негізгі түрлерінің ішіндегі оқушыны,оқуға бағытталған іс-әрекетін аламыз және оқушы психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар сананың да күрделене түсуіне ыкдал жасайтынын ескереміз. Ал "өзіндік жұмыс" педагогикалық сөздікте оқушылардың оқу үрдісіндегі мұғалімнің басшылығы бойынша, бірақ оның тікелей көмегінсіз орындалатын іс-әрекеті делінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын талап ететін тапсырмалар олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып беріледі. Ондай тапсырмалар жүйесі сатылыққа, ізденімпаздық деңгейінің және мазмұнының күрделене түсуіне сүйенеді

Б.П.Есиповтың "Оқыту үрдісіндегі оқушылардың өзіндік жұмысы-олардың белгілі бір уақытта, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, бірақ оның көмегінсіз орындайтын жұмысы және олар өздерінің бар күш-жігерін жүмсай келе, ой мен дене әрекеттерінің нәти,жесін көрсете отырып, алдарына қойған мақсатқа саналы түрде жетуте тырысады" деген анықтамасын Н.Г.Дайри толықтырып, өзіндік жұмыстың белгілері:

1) оқушы оны өзі, ешкімнің көмегінсіз орындайды;

2) жеке білімі, дағдысы, тәжірибесі, көзқарасына сүйенеді, инициативасын, шығармашылығын, жеке қатысын пікір айта отырып орыңдайды;

3) еңбектің мазмұны білім сапасы және тәрбиелік мәні жөнінен маңызды болып келеді, сондықтан ойлау қабілетін дамыта түседі дейді. Біздің жағдайымызда осы айтылған жайларды негіз етіп аламыз, олай болатыны оқушылар өз бетінше сөздіктермен, түрлі анықтағыш құралдармен жұмыс жасайды, шығармашылық мәндегі, мақсаттағы тапсырмаларды орындайды.

Ал енді, математикалық дайындыққа қойылатын талаптарды анықтағанда тек оқушы меңгеретін білім мен білікті ескеріп қоймастан, оқу ісіндегі меңгерген білім мен білік арқылы оқушы қабілетін жетілдіретіндей етіп ұйымдастырылуы да есепке алынуы қажет болады. Сөйтіп, бұдан математикалық дайындыққа қойылатын талаптардың үшінші құрамды бөлігі оқыту нәтижесінің сапасын ескеру келіп шығады.

Математикадан оқушының дайындығына қойылатын талаптарды анықтағанда оқу іс-әрекеті мен оқытудың нәтижесін қандай терминмен белгілеудің маңызды болды. "Білім", "білік", "дағды" терминдері күнделікті дәстүрлі қолданылып жүргенімен педагогикада олардың мағыналы түсіндірмесін ғалымдар түрліше беріп жүр.

Олар: іс-әрекет теориясы түрғысынан алғанда білім оқушының іс-әрекеті нәтижесінде меңгеріледі және іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады, ал, тұлға теориясы түрғысынан қарастырғанда оқушы білімді өзінде бар білімдер арқылы меңгеруі керек. Білім жеке тұлғаның іс-әрекетінің объектісі және құралы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кез-келген дағды1 мен білік (ол ақыл-ой немесе практикалық икемділік бола ма бәрібір) оқушының меңгерген іс-әрекетінің тәсілдері болып саналады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындауындағы басты ерекшелік-олардың жеке дағдыларында. Психологияда дамуы шегіне жеткізілген дағдылардың белгілері төмендегідей байқалады:

1. дағды алудың белгісі-әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау;

2. дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып жұмыс істеу жойылады;

3. дағдыланудың үшінші белгісі- бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан түтас бір амал жасай алу.

Дағды оқушы әрекетінің қайсысында болсын ерекше орын алады, ол іске шапшаң, шүғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдылану арқасында сана қызметке түпкілікті, шешуші кезеңдерде жүмылады, ол жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Оқушы көп істе дағдыланса, біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдаланатын болады. Оқу дағдыларын жете меңгерген оқушы оқуда жетістіктерге жететін болады. Сондықтан, егер оқушы "теореманы біледі" десе, онда ол "оқушы теореманы түжырымдай алады" немесе "дәлелдейді" немесе "қолдана алады" дегенді білдіреді. Бірақ мектеп оқушысы дәл нені білуі керектігі оқушының дайындығына қойылатын талаптарда анықталады, ал ол тек оқу үрдісінде оқушының үйренетін обьектілерді меңгеруіне байланысты орындалатын іс-әрекеттер көмегімен ғана іске асырылады.

Сол себепті, математикалық Педагогика әдебиеттерінде оқу іс-әрекетінің негізінен үш деңгейі қарастырылады, атап айтқанда, қабылдау, ой елегінен өткізу және есте сақтау; білімді үқсас жағдайда, яғни үлгі бойынша қолдану; білімді жасампаздық іс-әрекеттерді талап ететін жаңа жағдайларға қолдану болып бөлінеді Ал, М.И.Махмутов болса, бұған төртінші деңгейді - өзіндік жаңа білімді қарама-қайшылықты жою жолымен "оқу проблемасының шешілу жаңашылдығы мен меңгеруді қосады" .

Сонымен, оқытудың нәтижесіне қойылатын талаптарда қайталап айтып беру, үлгі бойынша жұмыс істеу іс-әрекеттің де, өнімді іс-әрекеттің де мәнін төмендетпеу керектігі де ескеріледі.

Мектеп математика курсын, әрбір кейінгісінің меңгерілуі үшін тірек болатын білімдер мен біліктер құрайды. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптардың ең басты міндеті де осындай тірек білімдер мен біліктерді анықтап алу болды. Профессор Е.Ө.Медеуов атап көрсеткендей, математикалық орта білім беру стандарты бірінші кезекте оқушылардың барлығына бірдей міндетті түрде берілетін және оның игеру дәрежесі үнемі тексеріліп отырылатын, оқушының математика курсымен сабақтас пәндерді жалғастыра оқуына қажетті, алған білімдерін практикалық қызметте пайдалануға мүмкіндік беретін білімдер мен біліктерді дәл анықтауды мақсат етеді..

Математика курсын меңгеру - ол тек теориялық фактілерді біліп алу ғана емес, оны қолдануды үйрену екендігі белгілі. Мысалы, оқушы көп таңбалы сандарды қосудың заңдарын ғана біліп қоймай, оны нақты жағдайға қолданып қосындыны табуды білуі керек. Оқу материалын оқушының меңгергендігі білімді тексергенде белгілі болады. Олай болса, білім мен білік және дағды математика курсын оқып білу нәтижелерінің қорытындысы болып табылады. Сондықтан да негізінен математикадан оқушы дайындығына қойылатын талаптар арқылы оқытудың әр сатысындағы оқушының меңгеруге міндетті біліктер жүйесі қалыптастырылады. Қорытынды білікті таңдаудың негізгі критерийі қарастырып отырған курстың мазмүнының оқыту мақсатымен сәйкес келуі, математиканы оқытуды жалғастыру мен сыбайлас пәндерді оқытуға қажеттілігі, меңгерілген білімнің өмірде қолдану мүмкіндігі болады.Математикадан оқушы дайындығына қойылатын талаптар оқу үрдісінің көптеген функцияларын орындауды реттейді. Олар оқу мақсаты мен оқу міндетін нақтылау арқылы күтілетін міндетті оқыту нәтижесін анықтайды: оқулықтар әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар және оқытудың құрал-жабдықтарының авторларына бағыт-бағдар береді; білім беру ұйымдарының жұмысын басқаруды ұйымдастырады, оқушы мен мұғалім арасындағы жұмыстың қандай болуы керектігін белгілеп береді; оқулық мазмұнының ондағы оқу материалының баяндалу әдістемесімен сайма-сайлығын анықтайды; мұғалімнің оқушы білімін объективті бағалауына жағдай тудырады; соның нәтижесінде барлық оқушы білуге тиісті міндетті білім, білік, дағдылар жиынтығының минимумы анықталады; қабілеті жоғары оқушылардың игеруіне тиісті білімі мен біліктің деңгейі белгіленеді. Жалпы психологияда қабілет дегенімізді мақсатқа бағытталған тәлім-тәрбие жұмысына байланысты оқушының бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімдігі және оны нәтижелі етіп атқаруы деп ұғынады. Қандай да болсын бір іске қабілеті жоқ оқушы болмайды.

В.И.Киреенко педагогикалық оптимизмнің ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу арқылы адам бойындағы қабілетті шексіз дамытуға болатындығында емес, қандай да бір іске қабілеті жоқ бірде-бір адамның болмайтындығы жайлы деректі мойындауында. Адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыра отырып, біз әрбір адамдағы дара қабілетті бөліп алуға жағдай жасаймыз деп қорытады.сонымен бейімділік, қабілет дегеніміз- бұл оқушының белгілі бір іс-әрекетке айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан алғашқы белгі. Сондықтан балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте, яғни төменгі сыныптарда оқитын оқушыларда, олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, дер уағында байқап, соған сәйкес келетін қабілеттерді жетілдіруте мүмкіндік жасалу қажет.

Ол үшін мұғалімнің өзінің В.А.Крутецкий атап көрсеткендей төмендегідей қабілеттері: дидактикалық (оқу материалды оқушыға түсінікті етіп бере алу қабілеті), коммуникативті (оқушының оқуына жағдай туғыза білу қабілеті), ұйымдастырушылық (оқушылар маңызды мәселелерді шешуге және жұмысты дұрыстап ұйымдастыра білуге үйрету қабілеті), академикалық (сәйкес ғылым саласындағы қабілеті), авторитарлық (оқушыға эмоционалды әсер ете отырып беделді болу), перцептивтік (оқушының рухани дүниесін түсіне алу қабілеті), психологиялық (тұлғаны терең тану қабілеті), сөз сөйлей алу және ойлай білу қабілеті болуы керек. Сонда ғана ол оқушыларға өзіндік шығармашылық іс-әрекет атқарта және олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіре алады.

З.Т.Сейілова ғылыми зерттеу жұмысында бағыттылығына қарай жалпы және арнаулы, даму деңгейіне қарай талант, дарындылық, данышпандылық деп қабілеттің құрылымын көрсеткен. Қабілеттің құрылымының жоғары, яғни даму деңгейін басшылыққа алатын болсақ, мұғалімдердің көбінесе қабілеттілікті дайын тұрған оның ең жоғары белгісі таланттылық болу керек деп алмастырып алатындығын, оқушылардан сол өлшемдегі белгіні байқаса ғана олармен шығармашылықпен жұмыс жасауға болады деген жаңсақ пікірде болатындығын біз мектеп практикасында кездестіреміз. Осындай пікірдегі көптеген мектеп мұғалімдері оқушыларда байқалатын қабілеттің алғашқы белгілерін жетілдіруді көздемейді. Ол белгілер оқушыларға олардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарды орындап үйренуінен бастау алатындығын ескере бермейді, оны оқытудағы жету керек мақсат қана деп ұғады. Осыған жетудегі іс-әрекеттердің орындалуы үшін оқушылардың математикалық дайындығына төмендегідей талаптар қойылады:

-мақсатқа сәйкестік, яғни білім берудің жалпы мақсаттарын, оқу пәнін оқып үйренудің біртұтас міндеті мен оның дербес мәселелерін оьдыту міндеттерінің берілуі;

-жүзеге асырылуы, яғни мектептің нақтылы жағдайларына қарай іс жүзіне асырылуы үшін олардың уақыт қорына сәйкес келуі қажет; оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың математикалық дайындығына, оқытылатын материалдың әдістемелік жағынан өнделгендігі және т.б. тәуелді болып табылады;

-оқу материалдарын саралау, оқушының алдын-ала математикалық даярлығына, қызығушылығына, қабілетіне қарай оқу материалын негізгі және қосымша бөліктерге бөліп оқу материалын меңгертудің әр түрлі деңгейде болуын қамтамасыз етуі қажет.

Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар оқу үрдісін ұйымдастырушылар, оны жүзеге асыратындар мен бақылаушы-тексерушілер т.б. барлығы да бірдей қабылдайтындай жағдайда болуы керек. Математикадан оқушы даярлығына қойылатын талаптардың толық сипаттамасы оқу материалын оқушы меңгеруінің сапасынан көрінеді.

Педагогика әдебиеттерінде білім сапасы үғымы оқыту нәтижесінің ең жалпы басты сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту нәтижесінің сапасы деп, меңгерудің толықтық, дүрыстық сияқты кейбір аспектілерін түсінеді. Қандай да бір обьект-нәрсенің және құбылыстың сапасы болып оның осы нәрсе екенін көрсететін мәнді орнықты қасиеті саналады. Әдетте білім сапасының қасиеттері төмендегідей болады: толықтық және тереңдік, шапшаңдық және бірізділік, нақтылық және жалпыламалық, орамдылық және тармақталғандық, жүйелілік және түсініктілік,

Білімнің толықтылығы оқу бағдарламасында қарастырылатын обьектілердің барлық белгілерін білумен сипатталады. Оқушылар білімін тексергенде, алдымен, олар обьектілердің белгілерін бөліп көрсете алуы және атап айтып бере алатындығымен анықталады.

Оқушылардың білімінің терендігі оқу объектісін түтастай бейнелеуімен, ол білімін басқа білімдермен мәнді байланыстыра білуімен белгілі болады. Білімнің бұл сапалылық қасиеті оқушының алған білімін практика жүзінде пайдалануымен де сипатталады. Әдетте, білімдер арасындағы байланыстар бірден айқындала бермейді, себебі, біріншіден, әдетте оқушылар параллель немесе тізбекті орналасқан байланыстарды түсіне алмайды, екіншіден ол байланысты түсіну үшін жаңа аралық байланыстың болуы қажет етіледі. Байланыстардың анықталуы белгілі бір уақыттың өтілуін қажет етеді, тіптен кейде оқу пәнін оқытудағы барлық уақытты да қамтуы мүмкін. Мысалы, тендеуді меңгерту орта мектептегі математика курсында барлық мезгілінде де оқытылады.

Осы байланыстарды оқушының ұқсас және әр түрлі оқыту немесе белгілі бір жағдайда қолдана білуге дайындығы білігімен және білімнің жеделдете, тереңірек меңгерілуімен анықталады. Оқушы өзіне қажетті білік пен дағдыны қаншалықты меңгерсе, онда олар соншалықты алған білік пен дағдыны әр түрлі жағдайда қолданып, білімдерін жеделдете, тереңдете түсетіндігін олардың білімін тексеру барысында байқадық. Оқушы білімін тереңдету олардың білімді интеллектуалдық дәрежеде меңгеріп практикада қолдана алу дағдыларына, икемділігіне байланысты сипатталады.

Дағдылардан икемділік үғымын ажырата білу керек, психологияда икемділік дегеніміз оқушының қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті, ол білім мен тәжірибеге негізделеді, білімі мен тәжірибесі көп оқушының икемділігі артық болады. Икемділік-белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады, ол білімнің амалға айналуы және амалды жүзеге асырудың да тәсілі.

Білімнің икемділігі есептерді шығарудың тиімді вариантын табудың жылдамдығымен сипатталады. Білімнің икемділігінің көрсеткіші оқушының бір есепті бірнеше тәсілмен шығару қабілеттілігіне де байланысты анықталады. Икемділіішен білімнің жеделдете меңгерілуі арасындағы айырмашылық былай сипатталады: білімнің жеделдете меңгерілуі нақты жағдайлар үшін білім мен дағдыны пайдалану болса, ал білімнің икемділігі белгілі жағдайлардан ауытқып жаңа тәсілді бүрыннан белгілері арқылы шығарып алуға байланысты жаңа білік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Білімді жалпылауда нақтылы көріністерді ашу мен жалпылама білімді нақтылау қабілеттілігі арқылы білімнің нақтылығы мен жалпыламалылығы сипатталады. Білімді жалпылау білімді нақтылау арқылы қарастырылады. Екеуін оқушы бірдей пайдаланған жағдайда нақтылы фактілерді жалпылау дағдысының қалыптасуына, жекеден жалпыға біртіндеп өтуге игі әсерін тигізеді.

Білімнің меңгерілуінің тежелуі мен дамытылуы, біріншіден, оқушының білімдер арасындағы байланыстарды тауып алып, керекті жерлерде қолдана білуі. Сонымен бірге білімнің жалпыланған болуы және жинақталған түрде көрінуі өте маңызды. Одан басқа оқушыға қажет болған жағдайда білімнің жинақталған түрін қолдану үшін жалпылаған білімді негіздейтін нақты білім қажет.

Жалпыланған білімді нактылап, оны негіздегеннен кейін оқушының ол білімді тереңдетіп дамыта білуі жеткілікті.

Математикада берілген материалдарды жалпылау қабілеттері әр деңгейлі есептерді шығаруда ортақ тәсілді таба алумен сәйкесінше ортақтан әр түрлі тәсілді байқау қабілеттерінен көрінеді. В.А.Крутецкий былай деп жазады: "қабілетті ересек балаларға есептерді жалпылама шешу тән (әр түрлі есепті жалпы түрде шығару тенденциясы). Бұл тенденция элементар түрде кіші жастағы қабілетті балаларда байқалады. Бүндай оқушылар қиналмастан есепті шығарғанда есепті әріптік түрде әріпті өрнек күру арқылы шығара алады, осылайша оқушы есептерді шығарудың табылған тәсілін жалпылағаннан кейін жинақталу басталады .

Математикалық есептерді шығартанда есептің типі басқа болса да түжырымдаудың жинақталуы арқылы оқушының ойлау қабілеті қалыптастырылады. Орташа оқитын оқушылар есептерді бірнеше рет шығарғаннан кейін ғана ол туралы білімін жалпылай алады. Сондықтан бұндай оқушыларда тұжырымдау, тексеру, түзету сирек байқалады.

Қабілетті емес оқушыларда жоғарыда айтқан үрдістер бір бірнеше жаттығуларды орындағаннан кейін ғана қалыптасады. Математикалық есептерді шығаруда ойлау үрдісінің жинақталуының бағыты былай анықталады:

а) шапшаңдығы (есептердің шартын оқығаннан кейін бірден жауап беріледі);

ә) ой қорыту үрдісінде бірнеше буындар түсіп қалса да, ойлау үрдісін дүрыс бағытта жүргізе алу

б) қиындығы, бұнда мұғалім орта және нашар оқитын оқушыдан ойлаудың кұрылымын тез айтып беруін талап етеді.

Білімнің жүйелілігі оның жинақтылығымен анықталады. Оқушыдан білімді жүйелі меңгеру деңгейі мына бағыттан көрінеді:

а) оқу материалының мазмұнын анықтағанда білімдерді өзара байланыстырып меңгерту;

ә) оқу материалын бұрынғысынан басқаша етіп қайта құрып, байланыстырып мазмұндау;

б) қажетінше әрекеттерді тізбектей орындауы;

в) жаңа байланыстарды өзінше орналастыру, атап айтқанда, біріншіден, меңгерілетін білімдер аралығы; екіншіден, жаңа білімдер мен меңгерілген білімдер аралығы.

Оқушыларға білімді жүйелі меңгертуде мұғалімнен білімдерді меңгерту арасындағы байланыстарды біртіндеп жалпылау талап етіледі.

Бұл жалпыланған идеялар білімдерді меңгерту төңірегінде жинақталып жүйеленеді. Әрбір оқыту пәні үшін жүйелеу әр түрлі болады. Бүның бәрі пәннің мазмұнын баяндауға байланысты анықталады. Егер білімнің берілуі төмендегі тізбек бойынша: негізгі ұғым, негізгі ереже, салдар, қосымша анықтамалар берілсе, онда білімнің берілуі жүйеленген деп есептелінеді.

Білімнің берілуінің жүйелілігіне мынадай белгілер енеді: бір білімнен басқа білімнің туындауы, бірінің басқа білім үшін негіз болуы. Дегенмен, білім кейде жүйелі берілгенімен де, бір жүйеге келмеуі мүмкін. Білімнің берілуі жүйелілігін тексеруде математика курсын оқыту обьектісінің мазмұнының сипаты мен тәсілін, оны оқушылардың меңгеру деңгейін ескеру қажет.

Білімнің сапалылығы білімдер арасындағы байланыстарды түсінумен, елеулі және елеусіз байланыстарды ажырата білу біліктілігімен, осы байланыстардың байқалуы мен жүзеге асырылу механизмін түсінумен, білімдерді меңгеруде қолданылатын тәсілі мен оны қолдану үшін негізге алатын принциптерді үғыну аймағын анықтаумен сипатталады, осы білімнің сапалылығы белгілерін қалыптастыру біртіндеп жүзеге асады. Оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптарды анықтауда білімнің сапалылығының қандай белгілері мен оны оқытудың қай деңгейінде жүзеге асыру қажеттілігін білу керек. Білімнің сапалылығының негізгі формасына оқушының алған білімін өз ойымен жеткізе білу біліктілігі мен мазмүндауда білімдер арасындағы байланыстарды ауыстырып реттей алуы енеді. Оның келесі формасына берілген сүраққа оқулықта дайын жауап берілмей, осы сүраққа жауаптың басқалай түрде берілуіне байланысты оқушының білімді топтау мен жүйелей алуы енеді. Білімнің жүйелілігі мен терендігі білімдердің берілуінің арасындағы байланысқа қатысты болғандықтан сапалылықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Біртүтас теорияда жүйелілік білімнің орнықтылығын анықтайды .

Оқушының білімді меңгеру орнықтылығы деп ойында ұмытпай сақтау ұзақтығы мен есінде қалдыра алуы, білімді толық жүйелілігімен қайталай алуын айтамыз.

Білімнің меңгеру орнықтылығы елеулі білімдер жүйесін есте сақтау мен оны қолдану тәсілдерін білуден тұрады. Ұзақ уақыт бойы мектептің оқыту тарихында оқушыға білімді меңгерту орнықтылығы білімді бір немесе бірнеше формада бір мазмүнды жиі қайталап оқыту арқылы қамтамасыз етіліп келді. Диплом жұмыстарында жиі қайталап оқыту білімнің сапалы меңгерілуін барлық уақытта қамтамасыз ете бермейтіндігін, керісінше, білімді жүйелі ұғынып меңгеру, оны талдауға үйрену білімді орнықты меңгеруге септігі тигізетіні көрсетілген және білімнің орнықты меңгерілуін іске асыру арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға болады.

Оқыту үрдісінде білімнің сапалылығын жүзеге асыратын барлық элементтері кейде бір мезгілде, ал кейде кабаттасып жатады. Оқушылардың білімінің сапасы жетістігін және білімінің арттыру деңгейін оның білімді қаншалықты меңгергенін алған білімдерін әр түрлі типтегі есептерді шығаруға пайдалана алатындығын тексермей білу мүмкін еместігі айтылған .

Алайда, оқу үрдісінде оқушылардың математикадан білім беру стандартының осы уақытқа дейін әр деңгейіне математикадан дайындығына қойылатын талаптардың анық қойылмауынан, деңгейлік дамыта оқыту әдістемесінің болмауынан мұғалімдерге көптеген қиындықтар туындады.

Осы уақытқа дейін оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқулықтар, есептер жинағы, әдістемелік құралдар мен осыған лайық оқушының математикадан дайындығына қойылатын талаптар анықталғаныменен, оқушының білім алу қабілетіне қарай деңгейлік нені меңгеру қажеттілігі, білімі мен икемділігіне қойылатын талап анықталмаған. Бұл мәселе көбіне-көп оқушылардың мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсер кезде берілуі әдеттегіден өзге есептерді шығарудың тиімді тәсілін таңдай алмай қиналатындығынан байқалады.

Осы мәселелердің негізгі себебі есептер мен жаттығуларды қиындығына байланысты оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік дамыта оқытудағы математикадан дайындығына қойылатын талаптардың қатысының және одан асатын оқытуға келтіру мәселелерінің анықталмауынан болып отыр.

Деңгейлік оқытудың нәтижесін обьективті тексеру мен бағалау тек талап етілетін білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Обьективті түрде оқушы білімін тексеру мен бағалағанда білім сапасы мен оны меңгерудің деңгейі дәл анықталады. Білім сапасын анықтау, сипаттаумен бірге оқушының білім деңгейін қалыптастыратын, жетілдіретін талаптарды анықтау қажет.

Талаптарды анықтаудың бір түрі оқу тапсырмасы болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде сыныпқа байланысты танымдық есептерді білімнің толықтығына, жалпылығына, жүйелілігіне, орнықтылығына және т. б. сәйкес бөліп, оқу тапсырмаларын беруге байланысты қойылатын талаптарды анықтай отырып. меңгерілетін білімнің сапасы анықталады. Оқу тапсырмаларын құруға қойылатын талап қалыптастырылатын білімнің сапасына сай іс-әрекеттерді анықтап, айқындауға байланысты үсынылады. Сондықтан жинақтылық, жүйелілік. орныктьшык сияқты қасиеттеріне қарай есептерді сыныпқа лайыктап бөлу тапсырмалар жүйесін құрастырудың алғашқы қадамы болып табылады. Осыдан кейін танымдық есептерді әрбір сыныпқа типтеріне қарай бөліктеу қажет. Жоғарыда айтқандай білімнің толықтығы, жалпыламалығы және жүйелілігі танымдық үрдістердің қолайлылығын сипаттайды. Білімнің біртұтастығы үшін - бұл меңгерілетін білімнің өзара байланыстылығы; білімнің жүйелілігі үшін - бұл әрбір білім мазмұнын өзара байланыстырып меңгерту болып табылады.

Оқушының математикадан дайындығына қойылатын талаптарда математика курсындағы тараулар немесе тақырыптарға байланысты олардың үғымдарды қаншалықты меңгергені тізімделеді. Бұл тізім оқушының меңгерген білім сапасының біртүтастығын сипаттайды. Бірақ әрбір үғым өздеріне тән белгілерімен анықталады. Бір немесе бірнеше үғымның елеулі белгілерінің өзара байланыстылығын білу үғымдарды жан-жақты толық меңгертуге әкеледі.

Деңгейлік оқытуда меңгерілетін білім сапасы оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруге бағытталған тапсырмаларды орындауды талап етеді. Бүндай тапсырмаларды оқушы орындай алу үшін оқушының жаңа ахуалдарға қолдана алатындай қарапайым тапсырмаларды орындағандағы әдістер мен тәсілдерді пайдалану біліктілігімен қарулануы қажет. Аталған тапсырмаларды орындау себеп-еалдарлық байланыстарды орнықтырумен, анализ және синтез, салыстыру, біріктіру, жалпылау сияқты ойлау үрдістерінің түрлерімен байланысты талданатын құбылыстар мен заттар арасындағы тәуелділікті, заттар мен күбылыстарды топтау дағдысымен, жаңа тәсілдерді орындау іс-әрекетін қалыптастыру және т.б. үрдістермен байланысты математиканы оқытуда ойлау қабілетін есептерді шығару дағдысы арқылы жетілдіру болып табылады. Сондықтан, математиканы оқытудың мазмүнын анықтауда деңгейлік есептер жүйесіне қойылатын талаптарды да анықтау керектігі туындайды.

Сонымен, жүргізілген жұмыстарын қорытындылағанда оқушының біліміне, білігіне және икемділігіне қойылатын талабын баяндау олардың икемділігі мен дағдысының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетідіруге қатысты деңгейін жеткілікті анықтап бермейтіндігіне көз жеткіздік. Бұл мақсатты әрбір оқушының қабілетіне қарай икемділігі мен дағдысын жетілдіретін арнайы тапсырмалар жүйесін құру арқылы шешуге болады.

Жалпыға ортақ орта білім берудің бастауыш мектептерге қойылатын қоғамдық талап пен оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтарды тудырды және ол қарама-қайшылықтар математиканы оқытуға әсер етіп келді.

Бастауыш мектеп математика пәнінің мұғалімінен оның пәнін оқушылардың бәрі жақсы үлгеруін, яғни математикадан оқушыға қойылатын даярлық деңгейі жаңа заман талабына сәйкес келетіндей жағдайда, талап етіліп келді.

Оның үстіне бастауыш мектеп математикасының пәндік ерекшелігі оқушыдан күнделікті, тынбай және тынғылықты сыныпта да, үйде де еңбек етуді талап етеді.

Ал, кейбір оқушылар болса оқуға деген ішкі талпыныстары, тырысуы болмауы салдарынан міндетті орта білім алуда өз құқықтарын жалған ұғынып, бастауыш мектеп математика пәнінен жүйелі және тынғылыкды еңбектенуді доғарады, ол көбінесе олардың оқуға деген қызығушылықтарының бәсендеуінен туындайды. Бұл оқушының математикадан дайындығы деңгейінің төмендетуіне әкеліп соғады.

Сондықтан бір жағынан бастауыш мектепке қойылатын қоғамдық талаптар қайшылығын жою үшін, екіншіден оның нақты жайын анықтау үшін мектептегі әрбір оқушы оқытудың баяндалған деңгейіндегі материалдарды меңгеретіндей математикадан оқушы даярлығына қойылатын талаптар анықталған. Дәл осы сияқты оқытудағы оқушы дайындығына қойылатын талаптардың деңгейіндегі білімді меңгеру деңгейлік оқытуға қажет екендігій мектеп тәжірибесі көрсетті, сондай-ақ, математиканы оқытудың нәтижелерін бақылауға да жаңа әдіс қажет болды.

Сол себепті оқушы білігін, дағдысын бақылаудың құрамды бөлігі стандартта анықталатын математикадан оқушы даярлығына қойылатын талаптарды көрсету, жетістігін бақылау, тапсырмалар үлгілерін келтіру керек болды.

А.Н.Колмогоров оқыту нәтижесін бақылауды ұйымдастыру жөнінде былай деп жазады "жаңа басталған оқушы жұмысының әрбір бағыты оны ақтайтындай минимал жетістікке жеткізілуі керек: мектеп оқушы жадына дайын затты әйтеуір бір оған қажет болады деп толтырып қоюмен айналыспауы керек".

Мұғалімдер жұмысын бақылау барысында оқушының білімін бақылауды ұйымдастырудың оқу жүктемесіне елеулі әсері тигізетінін көрсетті. Бақылаудың жүйесіздігі, бейтараптығы, оған қажетсіз материалдардың енуі оқушы жұмысына да бейтараптықты, сенімсіздікті ұялатып, оқыту нәтижесін төмендетті, бұл мәселені математикадан білім беру стандарты шешіп оқушы білімі мен білігін бақылаудың жүйесін ретке келтірді, бейтараптықты жойды. Бақылауға оқушы даярлығының міндетті деңгейінің енуі мұғалімнен оқыту нәтижесінің нақты бейнесін анықтауды, әрбір оқушының жетістігін қорытындылауды, дер кезінде олқылықты жоюды, келесі материалды меңгеру үшін оған шара қолдануды анықтап көрсетті. Бастауыш мектеп математикасынан білім беру стандарты мектептегі математикадан толық және сапалы білім нәтижесінің төменгі шекарасын анықтады және қамтамасыз етуге септігін тигізді. Міндетті деңгейде оқу материалын меңгере алатындай әдіс-тәсілдерді тандау жеткілікті болды. Бұнда біз оқушыны шамасы келмейтін оқу жүктемесінен босатып, оны басқа қызығатын қабілеті бар жолға жолдап, сол бағытта дамуына жол ашамыз.

Психологияда қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған оқушының біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі деп ұғынылады. Сонымен қатар қызыығуда бір нәрсені еркше таңдап, соған зейін қойылады. Оқушыны еліктіріп өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болады. Олай болса, біздің зерттеуіміздің жағдайында оқушының қызығуы оқып біле беруге аударылуы керек.

Сөйтіп, біз қызықтыру арқылы математика пәнін оқытудағы оқыту талаптарын құруда оқушы міндеті мен құқын шешудің жаңа әдісіне келеміз: оқушы математикадан білім беру стандартынан туындайтын талаптарды орындауы қажет және одан әрі де терең меңгеруіне құқы бар. Мүндай әдіс, яғни оқушыны қызықтыру, сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ұйымдастыру, мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс жасауына, оқушының өзі осыған келуіне әкеледі, осылайша Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық ынтымақтастық нығаяды.

Сонымен қатар, бүндай жағдайда білім сапасын бағалау өзгереді:


білім берудің стандартымен анықталатын базалық деңгейдің
меңгерілуі оқудағы нақты жетістік болып есептелінеді, бүнда білім
сапасын бағалау жүйесінде бақылаудың түрлері сәйкесінше өзгертіліп
құрылуы керек бақылаудың сынақ түрі, тестік түрі және т.б. арқылы). Бастауыш мектеп математикасынан оқушы даярлығына қойылатын жалпы талапты жүзеге асыруда математикадан білім беру стандартында келтірілген тапсырмалар үлгісімен қоса оқушының білімді меңгеру деңгейін көтеретіндей, деңгейлік дамытатын жағдайлары да анықталады. Оқу стандартында үлгісі келтірілген базалық деңгейге қойылатын талаптармен қатар мүмкін деңгейге де қойылатын талаптардың үлгілері келтірілуі қажет. Яғни деңгейлік дамыта оқытуға дайындық деңгейіне сәйкес келетін тапсырмаларға қойылатын талаптардың да анықталғаны жөн. Бүндай әдіс іске асырылуы үшін оқыту үрдісін базалық деңгеймен шектеп қоймауымыз керек, яғни оқытудың деңгейі математикадан білім беру стандартындағы міндетті деңгейінен артық болуы керек. Білім беру стандартының тапсырмасы онымен анықталмаған базалық деңгейден жоғары, қызығушылығын баянды етуге, оқушы қабілетін арттыруға негіз болып, жеке тұлғаға білім беру мазмүнын өзі тандатуға әкеледі. Математикадан білім беру стандарты деңгейлерінің көрсетілуі оқу талаптарын деңгейлік саралауды іске асырады. Оны кәдуілгі мектептегі оқу үрдісі жүйелерінде сабақта математиканы тереңдетіп оқытуға және арнайы мәселелерді оқытуға пайдалануға болады. Ондағы ерекшелік аталған мектептегі мамандыққа баулып оқыту пәндеріне қойылатын міндеттердің әр түрлі болып көрсетілуінде болады. Бірінші жағдайда, ол-жалпыға ортақ білім дайындығының базалық деңгейі болса, ал екінші жағдайда, ол-дайындықтың жоғарғы деңгейі болады. Ал, ортаңғы деңгейде, ол оқушының қызығушылығы мен танымдық қажеттілігіне байланысты дайындықтың нәтижесінде жоғарғы деңгейге жетуге жағдай туғызылады.

Математикадан білім беру стандартында бағдарламаны деңгейлік саралау мен міндетті деңгейді байланыстыра отырып құру қажеттігі айтылған. Оқушының білімді меңгеру деңгейлері оқытудьщ қорытынды нәтижелерімен қатыста беріледі. Білім берудің мемлекеттік стандарты қосалқы құжаттарда (бағдарламада оқытудың міндетті нәтижелері деп беріледі) ,оқулықтар мазмұнында, оқу құралдарында (арнайы шрифтпен, арнайы белгімен көрсетіледі) беріледі.

Талапты саралау шартының орындалуы алдымен, математикадан
білім беру стандартының негізінде анықталған минимумның бөлініп
көрсетілуін қажет етеді. Ал бұл оқушылардың оқуға деген

қызығушылығымен, ынтасымен, белгілі бір іске бағытталған талабы мен оған дайындығын саралауды талап етеді.

Біз оқытуды деңгейлік саралау үшін оқушыға берілетін тапсырманы деңгейге сәйкес топтаймыз:

- міндетті тапсырма, яғни мұғалімнің көмегімен орындалатын


жалпыға ортақ меңгерілетін тапсырма;

деңгейлік оқытуға дайындық деңгейіндегі тапсырма, бағдарламадағы міндетті білімді толық меңгеретін, жоғары деңгейге жетуте жағдай туғызатын тапсырма;

- деңгейлік дамыта оқыту тапсырмасы, оқушының қызығушылық
пен танымдық қажеттілігіне, қабілетіне байланысты білімін
тереңдететін, оперативті өзіндік ойлау іс-әрекетін орындауды талап
ететін тапсырма.

Бастауыш сыныптардағы математика курсы-нақтылы практикалық сипатқа ие. Онда математика курсының оқытылуында теориялық материалдар көрнекі түрде мазмұндалады, математикалық әдістер ереже түрінде беріледі. Математиканы оқыту нәтижесі оқушыларды қарапайым дедуктивтік түжырымдарды үйренген ережелеріне сай әрекеттерді орындауға негіздей отырып, үйретуге жағдай жасайды. Әрбір сабақта оқытудың мазмүнын үғындыру мен тиімді меңгерту әдістері оқушыны үқыптылық пен ықыластылық, құрастырылған жоспарға сәйкес жұмыстарды орындауға баулу және оны қорытындылай білуге үйрету сияқты еңбекке тәрбиелейді. Оқушының назарын әрқашан тақтада және дәптерде орындалған геометриялық сызбалар мен шығарылған есептердің тәсіліне аударып отырады. Бұл, әрине мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болады, есепті шығарып, жауабын табуы;



оқытуда

  • есеп жауабын шешімдегі жауаппен салыстырып тексеру және
    қажетті түзетулер енгізу;

  • оқушылардың өзара пікір алмасулары нәтижесінде қорытынды
    түжырымға келу немесе атқарған қызметіне қарай өз бетінше ой
    қорытуы.

жоғарыдағы аталған маселелер мен математика ерекшелігін ескере отыр пәнді деңгейлік дамыта оқушылардың өзіндік / іс-әрекетін арттырудың төмендегідей топтарға бөлінді

Бастауыш сыныптағы: математика пәнінен білім беру стандарты талапқа деңгейде деңгейлік дамыта оқытуды өз бетімен білім алуға


бағыттау: оқушының өздігінен есептерді шығару алгаритмін
білу, шешімін салыстыра отырып негіздей алу, қатесін түзете білу.

  1. топ: пәнді деңгейлік дамьіта оқыту барысында есептеуді
    шығару әдістерін пайдалану: оқушының деңгейлік дамыта оқыту
    есептерін шығарудың жолдарын, әдістерін өздігінен меңгеру арқылы
    шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

  2. топ:бастауыш сынып математикадан білім беру стандарты талаптарына деңгейде1 деңгейлік дамыта оқыту үлдісінде білім алуға лайықты,солай оқуға келе алатын оқушының қабілетін ,қызғушылығын
    анықтау

IV топ:бастауыш сыныпқа математика пәнін әр түрлі деңгейлікте оқыту,оқушылардың төмендегідей әрекеттерді қабылдай алатындай дәрежеге
жетуі:

Бастауыш сыныпқа математика пәнінен меңгерілетін теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмысына баулу;



  • деңгейлік дамыта оқыту есептерін шығару арқылы оқушының
    жүйелі ойлау қабілетін жетілдіру;

  • есептерді шығаруға теориялық талдау жасату арқылы оқушының
    білімін терендету сонымен бастауыш сыныптарда математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын шаралардың өзіндік іс-әрекетін арттыру шарттарына

сыныптардан

байланысты топтарды негізге ала отырып,деңгейлік дамыта оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған басқару алгоритмі төмендегіше

  1. Оқуға деген оқушылардың ынтасын арттыру;

  2. Танымдық қажеттілік туғызу;

  3. Есепті шығаруды жоспарлай алу;

4.Күтпеген жерден оперативті түрде есепті шығарудың оңтайлы
жаңа тәсілін табу;

5.Аралық есептеулер жүргізу үшін ережелер мен зандылықтарды


қолдану;

6Жаңа тәсілді қолданып есеп шығаруды орындау;

7.Өз бетінше есептің шешімін тексеру;

8.Өзінің қатесін өзі түзету; (кей жағдайда ол мұғалімнің


көмегімен орындалады).

заңдылығын, белгілерін, қасиеттерін ашуға ^йсағдай жасайды. Жалпылау үрдісі даралау үрдісімен тығыз /байланысты. Ол қарастырылатын обьектінің қасиеттері ішгдан кейбір қасиетін, негізгісін бөліп алу болыпЧабылады.

Сонымен, математикадкн білім беру/стандартынан асатын деңгейлік дамыта оқытудыңХәдістемелік жүиесін (мақсат, мазмүн, әдіс,құрал, түр) құруда оқушьшардың өзіндік іс-әрекетін жетілдіруге бағытталады. Оқушының өзіндж жұмыс/жасау қабілетін жетілдірудің күралы - деңгейлік дамыта оқЦту е^птері мен осы есептерді шығару қызметі болуға тиісті.

Математикадан білім беру стакдартынан асатын деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде өзіндік зкүімьіс жасау қабілетін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі күннің әлеумеУгік \ экономикалық талаптарынан туып отыр. Төменгі сыныптаріан баіқтап оқушыларға деңгейлік дамыта оқыту, көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру үрдісін әр түрлі әдіс тәсілдерду қолданып үЦымдастыру арқылы білім беру жаңаша өзгерістер мем идеялар қосатынына сеніміміз мол. Сонымен бірге бұл мәселенің бала тәрбиесін^\әсерін зерттеу, оның осы жастан бастап өзіндік іс-әрекетін, жүмьіс жасау қабілетін жетілдірудің жолдарын айідандау - өзекті мәседердің бірі болып

отыр. -. С&Шгілщиі -Ъи. ишоішш^^ ф^яГом^ішам

^математика пәнін тщ&еші^-сыныптардан денгейлік

^іынанлай факторлар кері әсер етті:
гердщ дегнтшткда^рета^ішту тәжірибесінің аздығы;
-^ьшынтардан—өастап ^цгеилж дамыта^

; әдістемелік жүйесініь^жасальшбауьі;



1 - осы бағытта^тл^шь^^й1 жұмыс жүргізуге қажетті дидактикалық

күралдардың тапшылығы^1'^

Осындай себептерге байланысты оқушы бойындағы пәнге деген қызығушылық бәсеңсиді. Бірнеше кезевдерден түратын есептерді оқушы өздігінен шығара алмайды. Негізгі мектептің төменгі сыныбында математика пәні Нурк Э.Р., Тельгмаа А.Э. /58/ немесе Виленкин Н.Я., Шварцбурд С.Я. /§9/ және Т.А. Алдамүратова /60 / т.б. оқулықтары бойынша оқытьшып келді. Осы оқулықтармен оқытып жүрген мұғалімдерге сауалнама жүргізгенімізде зерттеу барысында төмендегідей пікірлердің ба\ъшдылығы байқалды:

оқулықтарда негізінен міндетті деңгейлік тапсырмалар қамтылған;



  • қиын есептер берілгенімен, олар аз;

  • оқулықтарда оқушы білімін тереңцететін деңгейлік дамыта
    оқыту есептері жеткіліксіз;

  • мұғалімдерге көмекші құралдарда білімді терендететін деңгейлік
    тапсырмалар кешені қарастырылмаған.

Қ,Р.Ыбанның /61/ төменгі сыныпқа арнап жазған "Математика"

35

оқу құралында халықтық педагогика элементтерін еыдіріп, ерекшелеуге әрекет болғанымен аталған олқылыктарға Іспеттес, білімді тереңдететін деңгейлік есептер жоққа тән.

Сонымен, зерттеу барысында біз негізгі мектептің төменгі сатысында математика пәнін оқытуда мынандай түжырым жасауға мәжбүр болдық:

1. оқыту мақсаты мен мазмүнының деңгейлік дамыта оқытуға сәйкестендірілмеуіне байланысты оқыту тәсілі мен формасы оған сәйкес зерттеліп практикада жүзеге асырылмаған;

2.қиындығы әр түрлі типтегі есептерді шығара білуге, түпкілікті нәтиже алып, оған талдау жасауға үйретуге деңгейлік дамыта оқыту тапсырмаларын пайдалану арқылы оқушының өзіндік іс-әрекетін жетілдіруге болады.

Сондықтан да оқулықтардың аталған жетіспеушіліктерін ескере отырып, қазіргі білім берудің талаптарына сай математика пәнін оқытудың мазмүны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет деген қорытындыға келдік.

Математикадан білім беру түжырымдамасы орта мектепте математикадан базалық білім мазмүнын оқытудың құрылымын 3-ке бөледі:

I. І-УІ сыныптарда бір ғана математика мәні оқылады.

II. ҮІІ-ІХ сыныптарда екі математика пәні- алгебра мен геометрия
болып бөлініп оқытылады.

III. Х-ХІ сыныптарда екі математика пәні- алгебра және анализ


бастамалары мен геометрия оқытылады.

Түжырымдамада төменгі сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес стандарт емес есептерді үсыну қажеттігі де көрсетілген. Бұл мәселе Т.Б.Лидің кандидаттық диссертациясында жан-жақты зерттелген /62/.

Дей түрғанмен де төменгі сыныптарға арналған оқу құралдары бұл талапты қанағаттандырмайды, стандарт емес есептерді шығарту математика пәнін тереңдетіп оқытатын сыныптарда шығарылып келді.

Базалық оқу бағдарламасы бойынша математика пәнін тереңдетіп оқылатын сыныптар келесі беттегі 1-кестеде көрсетілген. Бұл құрылымда білімді тереңдетіп оқыту І-УІІ сыныптарда, оның ішінде төменгі сыныптардан бастау көзделмеген. Оқулықтардағы тапсырмалар жүйесінің оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына базалық деңгейді меңгеруді алатын болсақ, ал оны пайдаланудың кемшілік жақтарына оқушының ойлау қабілетінің дамуының уақыт тадабына қарай жүйелі түрде жетілдірілмеуі алынады.

Тапсырмалар уақыт талабына қарай өзгеріп, толықтырылып
отырғанда ғана оқушы математикадан білім беру стандарты

талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқытуды қажет етеді. Осыған



шг

Каталог: uploads -> doc -> 134c
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
134c -> Сынып Күні: Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет