Білім беру үрдісіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің алдыңдағы талап- жаңадан жаңаны табу



жүктеу 39.29 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі39.29 Kb.

Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі

Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келесі міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан- жақты дамыыған рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Мұғалімнің мәртебесіне лайық болу мақсатында өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап дамыту мақсатында ««Өрлеу» БАҰО» АҚ -ы филиалы « Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған Кембридждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінде білімімді жетілдірдім. Осы курсқа қатысқаныма қуаныштымын. Себебі, оқушылармен жұмыс істеуге бұл бағдарламаның берері көп.

Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мүғалім оқушының өз белсенділігін туғызы алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технололгияның басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.

Ол өзіндік жеті модульден тұрады:



  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

  2. Сыни тұрғыдан ойлау;

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

  4. Білім берудегі АКТ пайдалану;

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

  7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы жеті модульді білім беруде тиімді пайдалануда, дістүрлі сабақта пайдаланатын жұмыс түрлеріне қарағанда топпен жүргізілетін жұмыс оңтайлы нәтиже береді. Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа биімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –білім сапасының нәтижесінде яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түсіндіремін десе де ол- мұғалімнің өз шеберлігі. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір- бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым- өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл- оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым. Бұл- оқушыларды ынталандыратын бірден- бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Оқушының жетістігін қолдау оның өзіне деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. ББҮ (Білемін, Білгім келеді, Үйрендім) сызбасын оқушылардың толтыруын ұсындым. Осы арқылы олардың автор жөнінде не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсені бүгінгі сабақтан ала алды ма секілді нәрселерге баса назар аудардым. «Маршрур картасы» арқылы бағалау. Мысалы: «Қос сөздер» тақырыбын меңгеруде пайдаланылған бағалау түрлері: 1) Оқушының аты-жөні 2) Үй тапсырмасының орындалуы 3) Ойнайық та, ойлайық 4) Топта белсенділігі 5) Семантикалық картамен жұмыс 6) Шығармашылық табыс 7) Оқулықпен жұмыс 8) Өзін-өзі бағалауы ( + , - таңбаларын қояды)

Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Ол арқылы сабақты тиімді өткізуге болды. АКТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру ұсыну, алмасу үшін қолдану және интернет желісінде бірлескен жүмысқа пайдалануға тиімді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады. Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді. Оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекше өасиеттері арқылы дараланып отырады. Біреулері ойын ашық түрде жеткізе алса, екіншілері өлең арқылы, суреттеу арқылы білдіріп отырады.

Білім беру мен басқару және көшбасшылық. Бұл мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі – мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұоғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға саналы шешім қабылдауға бағытталады.

Жалпы қорыта айтқанда аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушыларға оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады. Бір-бірін тыңдауға үйретеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.


Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік- экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан- жақты білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана өркениет алға дамымақ.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет