Білім беру салалары: Таным Бөлімі: Орыс тілі Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ. Мақсаты



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/8
Дата24.12.2017
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

.

Білім беру салалары: Таным



Бөлімі: Орыс тілі

Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ.

Мақсаты: «Ойыншықтар», «Біздің топ» тақырыбына байланысты материалдарды бекіту, еске сақтау, ойлау қабіліттерін одан әрі дамыту. Басына қиын іс түскенде өзге адамға көмек көрсете білуге талпындыру, айналадағылармен сыпайы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): игрушки-ойыншықтар.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын



-Здравствуйте, ребята. Как Ваши дела, здоровье. Есік қағылады.




Ұйымдық - іздену

-Балалар біреу біздің есікті қағып тұрған сияқты. Қонақ келген сияқты.

Мен есікті ашып, Әсел қуыршақты қарсы аламын.

-Здравствуй, Әсел! Балалар, қонақпен амандасыңдар.


Балалар орыс тілінде амандасады.

Қуыршақ Әсел:

Балалар, мен сендермен орысша сйлесуге келдім. Мен орысша айта аламын, маған достарым үйретті. Қуыршақты көрсетіп-это мяч, аюды-слон, пілді-аю дейді


Балалар тыңдайды, өздерінің келіспейтіндіктерін білдіреді.



-Балалар сендер не дейсіңдер? Қонағымыз ойыншықтарды дұрыс атады ма? Оған орысша дұрыс атауды үйретейік.

Балалар жауап береді, келіседі.

Таныс сөздер мен сөз тіркестерін бекітуде және дыбыстарды дұрыс дыбыстауда жұмыстар жүргіземін

Балалар ойыншыққа сөз тіркестерін қосып айтады.


Дыбыстық жұмыс: у-у, о-о.

Балалар тәрбиешінің артынан хормен және жекелей қайталайды

Сергіту сәті: «Прыг-хлоп»

Балалар текске сай қимылдар жасайды.

Д/о: «Сенде не бар? Что у тебя есть?»

Балаларға заттар таратып беріп, сұрақ қоямын, сосын оны ұсынамын.



Балалар көрсетіп орысша атауын айтады.

Рефлекстік - түзету

Әсел балаларға ризашылығын білдіреді. «Спасибо, ребята».

Мен енді ойыншықтардың атын есіме сақтаймын красивая кукла, красный мяч, маленький заяц, хороший слон. До свидания!



Балалар Әсел қуыршақпен, мұғаліммен орыс тілінде қоштасады.



Мен балалардың белсенді жауаптарына алғыс айтамын. Сендер өте жақсы қатыстыңдар сабаққа. До свидания!

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Топтағы ойыншықтар туралы;

Білу :

  • Дыбыстардың жасалу жолдары туралы;

Істей білу керек:

  • Таныс сөздер мен сөз тіркестерін айта білу;

  • Сұрақтарға жауап бере білу;

  • Таныс ойыншықтарды орысша атай білу;


Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

04 күні қазан айы 2011 ж.



Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: 6 саны

Мақсаты: 6 санымен таныстыру, дауыстап санау, тура және кері санау

Балалардың санау, логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.

Көпбұрыштың қасиетін білу, санағыштар арқылы көпбұрыштар құрай білу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): алты-шесть,


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері


Мотивациялық -

түрткі болатын



Балаларға күзгі орманнан бір нәрсе теріп әкелгенімді айтамын. Балаларға жұмбақ жасырамын, осы жұмбақтың жауабы менің орманнан терген нәрсем екенін айтып түсіндіремін. Ішінде жапырағы бар кәрзеңкені топқа әкелемін.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді, келіседі.

Ұйымдық - іздену

«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады»

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақ-тың жауабын шешуге тырысады.

Балаларға кәрзеңкеден көрсетіп, біртіндеп қанша екенін санап кассаға салуларын ұсынамын

Қуана-қуана санап кассаға салады.

Балалар мен неше жапырақ жинап әкеліппін (5)

Балалардың жауабы Хормен және

жекелей санату



Тағы да бір балаға осы жапырақтарға астыңғы кассаға сәйкес сандарды салуды ұсынамын.

Балалар жапырақтарды санай отырып, соларға сәйкес сандарды салады.

Балалар орманнан 5 жапырақ теріп әкелдім, бірақ балабақшаға келе жатып жолдан тағы бір әдемі жапырақты тауып алдым. Оны жаңағы 5 жапырақ-қа әкеліп қосамын. Бұрын 5 жапырақ еді, енді қанша болды (6)

Балалар мұқият тыңдайды

Балалардың жауабы



5 жапыраққа 1 жапырақ қосып едік 6 жапырақ болды /балаларды 6 санының таңбасымен таныстыру/

Балалар 6 санының таңбасы неге ұқсайды?


Балалардың жауабы



Қалай ойлайсыңдар 6 5-тен көп пе әлде аз ба?

Балалардың жауабы

Балалар мына пішінге қараңдаршы, қандай пішін екенін білесіңдер ме? Бұл көпбұрыш, өйткені оның бұрыштары көп. Кәне, санап көрелік.

Енді қабырғаларын санап көрелік. Қанша болды? Демек 6 бұрышы болса-бұл пішін алты бұрыш деп аталады.



Балалардың жауабы

Бояумен жұмыс:

Енді осы алдарыңдағы алты бұрышты кез келген түстегі қарындашпен бояңдар.



Балалар бояйды

Балаларға пішінді қандай түспен бояғандарын жекелей сұрап білемін.

Балалардың жауабы

д/о: «Менің ойыншықтарым»

Балалар ойыншықтарды атайды ж/е санайды

Санағышпен жұмыс:

Балаларға алдарындағы санағыштардан 6 бұрыш құрастыруды ұсынамын және құрастырған көпбұрыштары қанша бұрыштан тұратынын санап, атауды ұсынамын.


Балалар 6 бұрыш құрастырып, бұрыштарын санап, атайды.



Рефлекстік - түзету

Сабақты қортындылаймын. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтаймын.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.


Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Жалпы сандар туралы;

Білу :

  • 6-ға-ке дейін санай;

  • Түстерді айыра;

  • Алтыбұрыштың қасиетін;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға толық және дұрыс жауап бере;

  • Санағыштарды пайдалана отырып, алтыбұрыш құрастыра;

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

____ күні ____________ айы 200__ ж.

Білім беру салалары: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым» суреттеме әңгіме (қуыршақ)

Мақсаты:


  • 2-3 сөйлем арқылы ойыншық бойынша суреттеп әңгімені құруды үйрету;

  • Қ-Қ, Р-Р дыбыстарын дұрыс айтуды жаттықтыру;

  • Грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастыру (жекеше, көпше түрі)

Билингвалдық компоненті (сөздік жұмыс):қуыршақ-кукла, әдемі көйлек-красивое платье, шаш-волосы

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері


Мотивациялық -

түрткі болатын

Орыс топтың баласы қуыршақты алып келеді де, балаларға сыйлайды

Балалардың қызығушылығы пайда болады

Ұйымдық - іздену

Қуыршақты қарап, әңгіме құрамын

Мұқият тыңдайды

Бұл не? Қуыршақтың қандай дене мүшелері бар? Қуыршақтың шашының түсі қандай? Шашы ұзын ба, әлде қысқа ма? Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Аяғына не киген? Аяқ киімінің түсі қандай?

Сұрақтарға жауап береді



Сөздік жұмыс

Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Балаларға қуыршақ бойынша суреттеп әңгімені айтуды ұсынамын

Балалар бір бірден қуыршақ бойынша суреттеп әңгіме айтады

Балаларға қайталауды ұсынамын:

Қар-қар-қар

Менде қуыршақ бар-бар-бар

Балалар қарға қалай дыбыстайды


Балалар қарға не деп мақтанды

Р-Р дыбысын дыбыстауды ұсынамын


Енді Қар-қар-қар, бар-бар-бар, -деп жылдам-жылдам және дауыстап қайталауды ұсынамын

Мұқият тыңдайды
Балалар дыбыстайды

Қ-Қ дыбысын жеке және барлығы бірігіп қайталайды

Балалардың жауабы

Қ-Қ дыбысын жеке және барлығы бірігіп қайталайды

Балалар жылдам-жылдам және дауыстап қайталайды


д/ойын «Дұрыс айт»

(жекеше, көпше түрлерін атау)



Суреттерге қарап, жекеше-көпше түрлерін айтады

Рефлекстік - түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.Белсенді қатысқан балаларды мадақтаймын

Сұрақтарға жауап береді, өз әсер-лерін айтады


Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Ойыншық бойынша суреттеме әңгімені дұрыс және жүйелі құрастыру туралы

Білу :

  • сөздерді басқа сөздермен қалай дұрыс өзгертуді және келістіруді

  • жаңа сөздердің мағынасы туралы

Істей білу:

  • Сөздегі дыбысты бөліп айта

  • Сөздерді жекеше және көпше түрде өзгерте


2011 ж. айының күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты: 1. Допты бір-біріне домалату қимылдарын үйретуді одан әрі жалғастыру

2. Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіруге үйрету

3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу



Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

Ұйымдық - іздену

I.Кіріспе бөлім: бір колоннаға тұрып жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, 2 калоннаға бөлініп тұру.

бірінің артынан бірі жүреді,

жүгіреді, аяқтың ұшымен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша жүре, 2 колоннаға бөлініп тұрады.


II.Негізгі бөлім Жалпы жаттығулар «Шапалақ»

1. Б.қ: тік тұру, қол төменде

Ж: қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -6 рет.

2. Б.қ: қол төменде, аяқты алшақ қою

Ж: Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ: Аяқты алшақ қою, қол белде

Ж: алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып,

б.қ.оралу. -3 реттен әр жаққа

4. Б.қ: тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою, қол төменде

Ж: отырып, қол алдыға созып шапалақтау, «шапалақ» деп

айтып, б.қ. қайту -5 рет

5. Б.қ: тік тұру, қол белде

Ж: Қос аяқпен секіру, бір орында жүру (кезек )

- 3 реттен.



Негізгі қимылдар:

1. «Допты домалату» (қарама-қарсы отырып бір-біріне домалату)


2. «Өзеннен секіріп өт» (екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіру)
Қ/ойын: «Кім жылдам»


қайталайды


----------------------------

----------------------------

----------------------------

Допты бір-біріне домалатады

екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіреді

қ/ойынның ережесін сақтайды



Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ. Қорытынды бөлімі:

Бірінің артынан бірі тұрып жүру, тоқтау



Сабаққа талдау жасау.

бірінің артынан бірі тұрып жүреді


Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: Допты бір-біріне домалата;

Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіре;


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

____ күні ____________ айы 20__ ж.


Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы:Қуыршаққа диван

Мақсаты: Балаларға санағыш арқылы диван құрастыруға үйрету.

Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа

тәрбиелеу



Сөздік жұмыс: жұмсақ диван-мягкиий диван

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтаға диванда отырған баланың суретін ілемін

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балалардан суреттен не көріп отырғандарын сұраймын

Балалар өз жауаптарын береді

Ұйымдық іздену

Балаларға суретті өзім түсіндіріп шығамын.

Балалар мұқият тыңдайды

Балалар өз ойларын, пікірлерін айтады.



Мына суретте бала қайда отыр? Не істеп отыр? Отырған диванының түсі қандай?

Балалардың жауаптары

Олай болса, санағыштар арқылы диван құрастырамыз.

Диванды қалай құрастыруға болады?



Балалар өз ойларын айтады.



Диван құрастыру үшін ең алдымен бізге таяқшалар керек, диванның аяғын, арқасын келтіріп құрастырамыз.

Балаларға диванды қалай құрастыруды көрсетемін.



Балалар зейін қойып тыңдайды.

Балалар мұқият қарайды.



Балаларға құрастыруды бастауды ұсынамын.

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс




Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о:«Кім қайда отыр»

Балалардың жауабы

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.



Сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін айтады.




Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Құрастыру туралы;

Білу:

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау


Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

10 күні қазан айы 2011 ж.


Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: М.Әлімбай «Сары жапырақтар жауғанда» (жаттау)

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін кеңейту, толықтыру

Өлең жолдарының мән-мағынасын жете түсіну

Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Күз-осень, бұлт-облако, тұман-туман, сары жапырақтар-желтые листья


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Балаларға жұмбақ жасырып, бүгінгі сабақта өтілетін тақырып сол жұмбақтың жауабы екенін айтып түсіндіремін.

Балалар суреттерді қарап отырып сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдық іздену

«Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады»

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады

Балалардан күздің тағы да қандай белгілерін білетіндіктерін сұрау.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, өз пікірлерін ортаға салады.

Балалар М.Әлімбаевтың «Сары жапырақтар жауғанда» өлеңімен таныстыру.

Өлеңді оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

Өлеңдегі жапыраққа сипаттама беруді ұсынамын.

Өлеңді екінші рет оқимын.

Жолдарын қайталаймын, хормен айтқызамын.


Өлеңді мұқият тыңдайды

Өлеңдегі жапыраққа сипаттама береді.
Жекелей жолдарын хормен қайталап,жаттап алуға тырысады.


Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Күзгі жылы киімдерді ата»

.Балалар атайды

Рефлекстік-түзету

Суреттер бойынша күзгі жапырақтың күй-жағдайын сипаттауды ұсынамын.

Сұрақ жауап бойынша қайталаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.


Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет