Білім беру салалары: Таным Бөлімі: Орыс тілі Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ. Мақсаты



жүктеу 1.08 Mb.
бет5/8
Дата24.12.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:



Білу:

  • әңгіменің мазмұнын баяндай, тілмен жеткізе білу;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

күні айы 201 ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Айыр қалпақты әшекейлеу

Мақсаты: Балаларға айыр қалпақты бастыру әдісі арқылы әшекейлеуге үйрету.

Сурет салуға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Балалармен бірігіп сурет сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа,

ептілікке тәрбиелеу



Сөздік жұмыс: қалпақ-калпак


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың ұлттық киімдер туралы білімдерін пысықтап аламын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтады

Ұйымдық іздену

Балаларға «Суреттен айыр қалпақты тауып, көрсет» д/о ұсынамын

Балалар көрсетеді

Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі.. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айырқалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балаларға бүгінгі сабақта ұлттық бас киім ер адамның айыр қалпағын бастыру әдісі арқылы әшекейлейтініміз-ді айтып түсіндіремін.

Балалар келседі.

Ең алдымен әшекейлеу жолдарын көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды.

Балаларға әшекейлеуге кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Ұлттық бас киімдерді ата»

Балалар білгендерінше атап шығады.

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылаймын. Балалардың жасаған жұмыстарын бірігіп талдауды ұсынамын. Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді., өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • айыр қалпақты бастыру әдісі арқылы әшекейлеуді;

Білу:

  • айыр қалпақты бастыру әдісі арқылы әшекейлеуге болатынын;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере;

  • Бастырған оюдың ішін қарындашпен бояй;

  • ұқыпты жұмыс жасай;

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау


Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

күні қазан айы 2011 ж.


Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Н.Қалқа «Рәміз» (жаттау)

Мақсаты: Балалардың рәміздер туралы білімдерін кеңейту, толықтыру

Өлең жолдарының мән-мағынасын жете түсіну

Мемлекетке, рәміздерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: рәміз-символика


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада ҚР рәміздерінің суреттері ілінген

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балалардан тақтада нені көріп отырғандарын сұраймын

Балалардың жауабы

Ұйымдық іздену

Балаларға Отанымыз Қазақстан жайлы қысқаша әңгімелеуді ұсынамын.

Әлемде Қазақстан Республикасыннан басқа да талай жерлер, мемлекеттер бар, бірақ адамға ең ыстығы өз Отаны. ҚР дүниеге келген адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Қазақстанда тұратын әр адамзат өз Отанын сүюге, оны қорғауға міндетті.



Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады

Сол сияқты рәміздерімізді де үнемі қадірлеп, қастерлеп, силап жүруіміз керек.




Балаларды Н.Қалқаның «Рәміз» өлеңімен таныстыру.

Өлеңді оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.
Өлеңді екінші рет оқимын.

Жолдарын қайталаймын, хормен айтқызамын.



Өлеңді мұқият тыңдайды


Жекелей жолдарын хормен қайталап,жаттап алуға тырысады.

Балалар жолдарын хормен қайталап, жекелей айтады.



Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Дұрыс ата»

.Балалар рәміздерді атайды

Рефлекстік-түзету

Суреттер бойынша рәміздерді сипаттауды ұсынамын.

Сұрақ жауап бойынша қайталаймын.

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.


Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:



  • ҚР әміздері туралы;

  • Өлеңнің мазмұнын жете түсіне;

Білу:

  • Өлең жолдарын қайталай;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

20__ ж. ____________ айының ____ күніне ересектер тобы дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты: 1. арқанның үстімен жүру қимылдарын одан әрі жалғастыру.

2. жыланша кубиктің арасымен жүгіруге үйрету.

3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу



Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, змейкой-жыланша

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

Ұйымдық - іздену

I.Кіріспе бөлім: бір колоннаға тұрып жүру, жыланша жүгіру, аяқтың ішімен, сыртымен жүру, жай жүру, 4-ке бөлініп сапқа тұру.

бірінің артынан бірі жүреді, жыланша жүгіреді,аяқтың ұшы-мен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады.



II.Негізгі бөлім

Жалпы жаттығулар:

1. «Алақанды күнге көрсетеміз»

Б.қ: тік тұрып, екі қолды төмен түсіріп

Ж: алақанды жоғары қаратып, қолды екі жаққа көтеру,

саусақтарды жазу, Б.қ. оралу 6 рет



2. «Сағаттың тілі»

Б.қ: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолын бүйірге ұстап

Ж: оң (сол) жаққа еңкейу 6 рет

3. «Тікұшақ»

Б.қ: Аяқты алшақ қойып, екі қолын жаң-жаққа көтеріп тұру

Ж: 1 – 4 оң (сол) жаққа бұрылып 5 рет

4. «Балалар-биі»

Б.қ: тік тұрып, екі қолды бүйірге ұстап

Ж: 1-оң (сол) аяқтың өкшесіне, 2-ұшына, 3-4 – бір орында жұру

5рет

5. «Тығылыспақ»

Б.қ: Аяқты алшақ қойып, екі қолды төмен түсіріп тұру

Ж: Басты төмен қарай тізеге еңкейтіп, екі қолымен тізені құшақтап, жүрелеп отыру «Балалар тығылды», Б.қ. қайта оралу 5 рет

6. «Көнілді доптар»

Б.қ: тік тұру, қол белде

Ж: Қос аяқпен секіру, бір орында жүру (кезек ) 3 рет

қайталайды


----------------------------

----------------------------

----------------------------


----------------------------


----------------------------



Негізгі қимылдар:

1.«Қыл көпірдің үстімен жүру»

2. «Кім шапшаң»жыланша, кубиктің арасымен жүгіру /топтық /ағымды әдіс/

қ/о: « Өз үйіңді тап»


Арқанның үстімен жүреді

кубиктің арасымен жыланша жүгіру
қ/ойынның ережесін сақтайды


Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ. Қорытынды бөлімі:

Бірінің артынан бірі тұрып жүру, тоқтау



Сабаққа талдау жасау.

бірінің артынан бірі тұрып жүреді



Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек:

  • арқанның үстімен жүру қимылдарын жасай

  • жыланша кубиктің арасымен жүгіре


2011 ж. айының күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты: 1. Арқанның үстімен (бойымен)бүйірмен адымдапа жүру қимылдарын үйретуді одан

әрі жалғастыру



2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға

тигізбей өтуге үйрету.



3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу



Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушылықта-рын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

Ұйымдық - іздену

I.Кіріспе бөлім: бір колоннаға тұрып жүру, жүгіру, аяқтың ішімен жүру, аяқтың сыртымен жүру 4 калоннаға бөлініп тұру.


бірінің артынан бірі жүреді,жүгіреді, аяқтың ішімен жүреді, сыртымен жүреді шеңбер бойын

ша жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады.



II.Негізгі бөлім Жалпы жаттығулар «Шапалақ»

1. Б.қ: тік тұру, қол төменде

Ж: қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -6 рет.

2. Б.қ: қол төменде, аяқты алшақ қою

Ж: Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ: Аяқты алшақ қою, қол белде

Ж: алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып,

б.қ.оралу. -3 реттен әр жаққа

4. Б.қ: тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою, қол төменде

Ж: отырып, қол алдыға созып шапалақтау, «шапалақ» деп

айтып, б.қ. қайту -5 рет

5. Б.қ: тік тұру, қол белде

Ж: Қос аяқпен секіру, бір орында жүру (кезек ) - 3 реттен.
Негізгі қимылдар:

1. «Бүйірмен адымдап жүр» (арқанның үстімен бүйірмен адымдап жүру, қол белде, бас пен арқаны тік ұстау) –2 рет бірінің артынан

бірі жүру әдісі

2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өту

2 рет бірінің артынан бірі жүру әдіс



Қ/ойын: «Қағып ал»


қайталайды


----------------------------

----------------------------

----------------------------

Қол белде, бас пен арқаны тік ұстап, арқанның үстімен бүйірімен адымдап жүреді.

Арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өтеді
Бағытталған допты қағып алады.

қ/ойынның ережесін сақтайды



Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ. Қорытынды бөлімі:

Бірінің артынан бірі тұрып жүру, тоқтау



Сабаққа талдау жасау.

бірінің артынан бірі тұрып жүреді



Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: 1. Арқанның үстімен (бойымен)бүйірмен адымдапа жүре;

2. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені

арқанға тигізбей өте;



Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

21 күні қараша айы 2011 ж.

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы:

(топтық жұмыс, триз әдісі, су бояумен)



Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтап бекіту

Балалардың саусақ қимылдарын дамыту

Күзгі табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): Алтын күз-золотая осень


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

М. Жылқайдаровтың «Күз» өлеңін оқимын

-Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?



Балалар мқұият тыңдайды.

Балалардың жауабы.



Ұйымдық іздену

Күз туралы кіріспе әңгіме:

- Қазір күз мезгілінің нешінші айы? Атаңдар

- Күз мезгілінің құбылыстарын атаңдар?

- Күзде құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

- Күз мезгілінің мінез құлқы қандай болады?

Балалардың жауабы.




Психожаттығу:

- Балаларға күз мезгілін бет пішіндерінен білдіруді ұсынамын (күн ашық, күн бұлтты, күн суық, көңілсіз, суық жаңбыр жауып тұр, жел тұрды, аспанды сұр бұлт қаптаған, аспан ашық-күн шуағын шашып тұр)


Мұқият тыңдап, көңіл-күйлерін білдіреді.



- Міне, осы құбылыстардың барлығы күз мезгілінде болады. Енді, қағаз бетіне осы күз мезгілін бейнелейміз.

Балалар келіседі.

Балаларға күз мезгілін триз әдістері арқылы қалай бейнелеуді түсіндіріп, көрсетемін

Балалар мұқият тыңдап, қарайды

Балалардың топтық дербес жұмысы




Қиынсынған балалармен жеке жұмыс

Тәрб-ң көмегіне жүгінеді

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Жел сияқты қалықтап,

Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

Текске сәйке қимылдар жасайды.



д/о: «Көңіл күйіңмен көрсет»

Балалар тәрбиеші атаған жыл мезгілдерінің құбылыстарын көңіл-күйі арқылы көрсетеді.

Рефлекстік-түзету


Балалардың жасаған жұмыстарын 1-2 балаға талдатамын, бағалатамын.

Балалардың белсенді жұмыстарына алғысымды білдіремін.



Өз әсерлерін білдіреді


Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • күз мезгілі туралы;

Білу:

  • Күзгі өзгерісті бейнелей білу;

  • Жаңа сөздік сөздердің мәні мен мағынасын;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу;

  • Триз әдісі арқылы, су бояумен жұмыс жасай;

Ересектер ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

21 күні қараша айы 2011 ж.
Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жомарт күз. Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтау,бекіту

Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен сәйкестендіріп, талдай білу.

Күзгі табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: алтын күз-золотая осень


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Балаларға Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?»өлең-жұмбағын оқу:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?



Балалар мұқият тыңдап, жауаптарын береді.

Ұйымдық іздену

- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?-өлең-жұмбақтың әр жолын түсіну.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады

Күзде тағы қандай құбылыстар болады


Күзде күн салқын, бұлттар көбейеді

Күздің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?

Күн қысқа, түн ұзақ. Күн көтеріледі. Күзде суық жел соғады, суық жабыр жауады. Диқандар астық жинайды.

  • Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?

  • Ал, егер күн бұлтты болса ше? Күзгі бұлтты күнді қалай айтуға болады?




Аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза

Күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, көңілсіз, суық жаңбыр сіркіреп тұр



БалаларҒа аваторы

«Алтын күз» өлеңін оқимын.

Өлеңнің мазмұны бойынша түсіндіремін.

Балаларға сұрақтар қоямын.

Балалардың пікірлерін тыңдап, қоштаймын.

Өлеңдегі күз мезгіліне сипаттама беруді ұсынамын.


Балаларға көздерін жұмуды ұсынамын. Содан өлеңді екінші рет оқимын.

Өлеңді мұқият тыңдайды


Өлеңдегі күз мегіліне сипаттама береді.


Балалар өлеңдегі күз мезгілі-нің құбылыстарын көздерін жұма отырып, көз алдыларына елестетеді

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

Ал енді олай болса жұмбақтар шешіп көрелік.

  • Қызыл-сары кемелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды /жапырақ/


  • Жер бетінде шашы бар, жер астында басы бар /сәбіз/

  • Ағаш толы сары шымшық,

Сілкіп көрсең түседі ұшып /жапырақ/

  • Қалың киім ұнатады, шешіндірсең

жылатады /пияз/

Балалар бірден келіседі
Жұмбақтарды мұқият тыңдап , жауабын табады.

д/о: «Күзгі жылы киімдерді ата»

.Балалар атайды

Рефлекстік-түзету

Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Балалар белсенді қатысып, атайды. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет