Білім беру салалары: Таным Бөлімі: Орыс тілі Тақырыбы: Ойыншықтар. Біздің топ. Мақсаты



жүктеу 1.08 Mb.
бет7/8
Дата24.12.2017
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • отбасы мүшелері туралы;

Білу :

Істей білу керек:

  • Өзінің отбасы мүшелерін сыйлай білу;

2011 ж. айының күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты: 1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға

тигізбей өту қимылдарын үйретуді одан әрі жалғастыру



2. ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» -допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алуға

үйрету.


3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу



Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушылықта-рын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орындауға келісімдерін береді.

Ұйымдық - іздену

I.Кіріспе бөлім: бір колоннаға тұрып жүру, жүгіру, аяқтың ішімен жүру, аяқтың сыртымен жүру 4 калоннаға бөлініп тұру.



бірінің артынан бірі жүре-ді,жүгіреді, аяқтың ішімен жүреді, сыртымен жүреді шеңбер бойынша жүре, 4 колоннаға бөлініп тұрады.

II.Негізгі бөлім Жалпы жаттығулар «Шапалақ»

1. Б.қ: тік тұру, қол төменде

Ж: қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -6 рет.

2. Б.қ: қол төменде, аяқты алшақ қою

Ж: Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ: Аяқты алшақ қою, қол белде

Ж: алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып,

б.қ.оралу. -3 реттен әр жаққа

4. Б.қ: тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою, қол төменде

Ж: отырып, қол алдыға созып шапалақтау, «шапалақ» деп

айтып, б.қ. қайту -5 рет

5. Б.қ: тік тұру, қол белде

Ж: Қос аяқпен секіру, бір орында жүру (кезек ) - 3 реттен.

Негізгі қимылдар:

1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өту

2 рет бірінің артынан бірі жүру әдіс



2. ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» /допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу/ 3-4 рет /топтық әдіс/
Қ/ойын: «Қағып ал»


қайталайды


----------------------------

----------------------------

----------------------------
Арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені арқанға тигізбей өтеді
Допты жоғары лақтырып еденге соғып допты қағып алады.
қ/о ережесін сақтайды

Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ. Қорытынды бөлімі:

Бірінің артынан бірі тұрып жүру, тоқтау



Сабаққа талдау жасау.

бірінің артынан бірі тұрып жүреді


Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: 1. Өрмелеу – арқанның астынан (биіктігі 40 см) бауырмен етпеттеп денені

арқанға тигізбей өте;

2. Допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап ала;

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

күні айы 2011 ж.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Өз ойынан

Мақсаты:


  • Өз ойындағы заттың бейнесін салу;

  • Қолды сурет салуға жатықтыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру;

  • Балалармен бірігіп сурет сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне тәрбиелеу

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері


Мотивациялық -

түрткі болатын

Дымбілместен хат келеді

Балаларда қызығушылық пайда болады

Ұйымдық - іздену

Хатты балаларға дауыстап оқимын.

Мұқият тыңдайды

Хатта Дымбілмес тәрбиешіге өзінің ең жақын досына сыйлық бергісі келгенін және сендердің көмектесулеріңді өтініпті.

-Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе? Ол өзі досына не сыйларын білмей отыр.


Балалар бірден келіседі



- Балалар Дымбілместің орнында

өздерің болсаңдар не сыйлар едіңдер?

- Олай болса әркім өзі қалайтын сыйлықты қағаз бетіне бейнелеп салуды және сол салынған суретті Дымбілмеске пошта арқылы жіберетінімізді айтып түсіндіремін.

Сол ойындағы заттың суретін қағаз бетіне салуды ұсынамын.



Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салады.
Балалар келіседі

Ең алдымен балаларға өзімнің ойымдағы заттың суретін салып көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды


Сөздік жұмыс

(салған суреттерінің орысша баламасын атау)



Жаңа сөздің мағынасын түсініп, жадында сақтау

Балаларға өз беттерімен жұмыс жасауды ұсынамын

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жеке жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді

д/о: «Сипаттап бер»

Салған суреттердің ішінен кез-келген бір суретті алып, сипаттау

Рефлекстік - түзету

Балалалрдың жұмыстарын қарап шығып, талдау жасаймын, мақтап-мадақтаймын

Соңынан қортынды жасаймын.



Балалар өз әсерлерін айтады

Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс:

  • Қарындаштың көмегімен ұқсас бейнелерді салуды

Білу :

  • Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылары мен іскерліктерін меңгеру

Істей білу керек:

  • Қарындашпен жұмыс жасай;

  • Өз ойындағы затты көз алдына елестете суретін сала;

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы:Саябаққа саяхат

Мақсаты: 1. Саябақтың жалпы сырт көріністерімен таныстыру

2. Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын салыстыра әңгімелей отырып, табиғаттың

ерекшеліктері туралы әңгімелеу..

3. Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): саябақ-парк


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері


Мотивациялық -

түрткі болатын



Топта балаларға саябаққа саяхатқа шығатынымызды айтып түсіндіремін

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Ұйымдық - іздену

Балалар «саябақ» дегенді естулерің бар ма? «Саябақ деген не?» кім қалай түсінеді?

Балалар жауап беруге тырысады.



Саябақтың сыртында: Балалар сендер айналадан не көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауабы

Саябаққа кіріп шығып жатқан адамдарды бақылау

Балалар көргендерін баяндайды.

Саябақтың ішінде: Біз қайда келдік?

Мұнда не көріп тұрсыңдар.

Әрбір нысананы бақылап көргендерін айтуды ұсынамын.

Саябақтағы ағаштардың кейпі қандай?

Жер қандай?

Мұнда адамдар не істейді?

Балалар ше?

Саябақты біз қалай қрғауымыз керек?






Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау.

д/о: «Қайсысы тірі табиғатқа, қайсысы өлі табиғатқа жатады?»

Балалар дұрыс атауға тырысады.

Рефлекстік - түзету

Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қортындылаймын.

Белсене қатысып отырған балаларды мақтап-мадақтаймын.



Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз әсерлерін білдіреді.


Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:

  • Саябақ туралы;

Білу :

  • Жаңа сөздік сөздердің мағынасын;

Істей білу керек:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.

  • Тәрбиешіні мұқият, ынтамен тыңдай;



2011 ж. айының күніне ересектер тобының дене тәрбиесінің ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Мақсаты: 1. Допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу қимылдарын үйретуді одан әрі

жалғастыру

2. Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіруге үйрету

3. Жалпы жаттығуларды жасауда мұқияттылыққа, берілген нұсқауды тыңдай білуге,

қ/ойында ережесін сақтауға тәрбиелеу

Билингвалдық компонент (сөздік жұмыс): ходьба друг за другом- бірінің артынан бірі жүру; на носочках -аяқ ұшымен, на пятках-өкшесімен


Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотива-циялық-

түрткі

болатын

Топта балаларға дене шынықтыру сабағына қонақ келетінін айтып, сапта тұрғанда және саппен жүргенде дұрыс, тік жүруді ұсынамын. Тәрбиешінің командасын мұқият тыңдап, дұрыс орындауды ұсынамын.

Балалар қызығушы-лықтарын білдіріп, тәрбиешінің айтқан ұсыныстарын орын-дауға келісімдерін береді.

Ұйымдық - іздену

I.Кіріспе бөлім: бір колоннаға тұрып жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, 2 калоннаға бөлініп тұру.


бірінің артынан бірі жүреді,жүгіреді, аяқтың ұшымен жүреді, өкшемен жүреді шеңбер бойын

ша жүре, 2 колоннаға бөлініп тұрады.



II.Негізгі бөлім Жалпы жаттығулар «Шапалақ»

1. Б.қ: тік тұру, қол төменде

Ж: қолды алға созып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -6 рет.

2. Б.қ: қол төменде, аяқты алшақ қою

Ж: Оңға (солға) бұрылып, шапалақтап, «шапалақ» деп айтып,

б.қ. оралу -4 реттен әр жаққа.

3. Б.қ: Аяқты алшақ қою, қол белде

Ж: алға-төмен еңкею, шапалақтау, «шапалақ» деп айтып,

б.қ.оралу. -3 реттен әр жаққа

4. Б.қ: тік тұрып, аяқтың арасы аздап алшақ қою, қол төменде

Ж: отырып, қол алдыға созып шапалақтау, «шапалақ» деп

айтып, б.қ. қайту -5 рет

5. Б.қ: тік тұру, қол белде

Ж: Қос аяқпен секіру, бір орында жүру (кезек )

- 3 реттен.



Негізгі қимылдар:

1. ЛАҚТЫРУ: «Қағып ал» /допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны ұстап алу/

2 «Кенгуру»(екі арқанның үстінен секіру)

Қ/о «Ұшақтар»

қайталайды


----------------------------

----------------------------

----------------------------

допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап алады


екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіреді

қ/ойынның ережесін сақтайды



Рефлекстік -

түзету

ΙΙΙ. Қорытынды бөлімі:

Бірінің артынан бірі тұрып жүру, тоқтау



Сабаққа талдау жасау.

бірінің артынан бірі тұрып жүреді


Күтілетін нәтиже :

Түсінуге тиіс: нұсқауларды

Білу : ересектердін көрсетуімен орындай

Істей білу керек: - Допты жоғары лақтырып, еденге соғып, оны ұстап ала;

- Екі арқаннан үстінен қосаяқтап секіре;


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

____ күні ____________ айы 20__ ж.

Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Қағаздан ұшақ жасаймыз

Мақсаты: Балаларға қағаз арқылы бүктеу, жырту әдісімен ұшақ құрастыруға үйрету.

Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа

тәрбиелеу



Сөздік жұмыс: ұшақ-самолет,

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Балаларға жұмбақ жасырамын.

- Егер осы жұмбақтың жауабын тапсаңдар, бүгінгі жасайтын жұмысымыз не екенін бірден білесіңдер

Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікке.



Балалар мұқият тыңдап, жауабын дұрыс табуға тырысады

Ұйымдық іздену

Суреттердің бетін ашып, не көріп отырғандарын сұраймын

Балалар мына суретте не бейнеленген деп ойлайсыңдар?



Балалар өз пікірлерін айтады

Ұшақ қалай қимылдайды? Ұшады ма, әлде жүреді ме? Ол көліктердің бір түрі деп ойлайсыңдар ма?

Балалар өз пікірлерін айтады

Тағы да қандай ұшатын көлікті білесіңдер?

Балалар жауап беруге тырысады.

Балаларға қағаздан ұшақ құрастыруға болатынын айтып ең бірінші сурет арқылы, содан соң өзім бүктеу, жырту әдісі арқылы жасалу жолдарын көрсетемін

Балалар мұқият қарап шығады



Балаларға ұшақты жасауға кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс




Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Көліктердің ішінен ұшақты тап»

Балалар тауып көрсетеді

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылай-мын. Ең үздік жұмысты балаларға таңдат-қызып, балаларға көрсетемін.Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін айтады.



Күтілетін нәтиже

Түсінуге тиіс:



  • Ұшақтың қағаздан қалай құрастырылатынын;

Білу:

  • Бүктеу және жырту әдісі арқылы ұшақ жасай білу;

Істей білу:

  • Сұрақтарға жауап бере білу.

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсініп және жадында сақтау

  • ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану


Орта және ересектер тобының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

күні айы 201 ж.
Білім беру салалары: Таным.

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Құс

Мақсаты: Балаларға қағазды бүктеу әдістері арқылы құсты құрастыруға үйрету.

Құрастыруға машықтандыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Балалармен бірігіп құрастыру сабағы үстіндегі тәртіп ережелеріне, мұқияттылыққа

тәрбиелеу



Сөздік жұмыс: Құс-птица

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-түрткі болатын

Тақтада матамен жабылған суреттер

Балалар қызығушылықтарын білдіреді.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың құстар туралы білімдерін пысықтап аламын.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтады

Ұйымдық іздену

Балаларға «Суреттен құстарды тауып,ата» д/о ұсынамын

Балалар танитын құстарын атайды

Балаларға қағаздан да құс бейнесін құрастыруға болатынын айтамын

Балалар мақұлдайды, бірден келіседі.

Ең алдымен қағазға сызылған құрастыру жолдарын көрсетемін.

Балалар мұқият қарайды.

Сол сызбалармен қағаздан құрастыру жолдарын көрсетемін

Балалар мұқият қарайды.

Бүктелген бөліктері мықтырақ болу үшін желім қолдануды ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардан дайын болған құс бейнесін нақты қай құсқа ұқсататындарын сұраймын

Балалар өз ойларын білдіреді

Балаларға құрастыруға кірісуді ұсынамын

Балалар келіседі

Балалардың дербес жұмысы

Балалар өз бетімен жұмыс істейді

Қиынсынған балалармен жұмыс

Тәрбиешінің көмегіне жүгінеді.

Сөздік жұмыс

Жаңа сөздердің мәні мен мағынасын түсіну

д/о: «Аталған құстың дауысын дыбыста»

Балалар дыбыстайды

Рефлекстік-түзету

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қотындылай-мын. Балалардың жасаған жұмыстарын бірігіп талдауды ұсынамын. Белсенді қатысып отырған балаларды мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді., өз пікірлерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет