Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлім көздері



жүктеу 46.68 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі46.68 Kb.

Білім беру саласы: Шығармашылық. 
Бөлім көздері: Жапсыру 
Тақырыбы: Шырша 
Мақсаты:Балаларды ағаштардың түрлерімен таныстыру,ағаштардың адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.Соның ішінде шырша ағашы туралы түсінік беру. Жаңа жылдық шыршаны безендіруге үйрету.Шырша бейнесін геометриялық фигуралардан құрастыру.Балалардың белсенділігін,өздерінің іс-әрекеттерін әңгімелей білуін,қызығушылықтарын қалыптастыру.. 
Түрі: ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. 
Әдіс - тәсілі: Шаттық шеңбері, ой қозғау, жұмбақ, әңгімелесу, қол еңбегі, түсіндіру, сергіту, 
Көрнекі құралдар: жасанды шырша, экран, слайд, шырша суреті, түрлі – түсті қағаз, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын – ала дайындалған пішіндер, безендірілген шырша.
Салалық байланыс: Қатынас, шығармашылық,денсаулық,таным. 
Құрал - жабдықтар: түрлі түсті пішіндегі үшбұрыштар, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім.

Қызығушылықты ояту кезеңі. 
Шаттық шеңбері:


Сәлемдесу 
Бәрін білу салтымыз,

Аман болсын халқымыз. 
Келген қонақ сіздерге, 
Сәлем бердік жалпымыз

Ұйымдастырушылық кезеңі.

Ой қозғау. 
Тәрбиеші:

  • Балалар, бүгін сендерге айтар менің бір жақсы жаңалығым бар.Біз бүгін қысқы орманға саяхат жасаймыз.Балалар,бірақ орман біз ойлағандай жақын емес.Орманға бару үшін бір күндей уақыт керек екен.Біз орманда қараңғыда қалып қоймауымыз керек.Орманға тез бару үшін немен барсақ болады екен,қане өздерін айтыңдаршы балалар?!

(Балалар өз ойларын ортаға салады.Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң тәрбиеші сөйлейді)

Тәрбиеші:

  • Жарайды балалар,ойларыңа рахмет.Маған бір ой келді.Орманға тез бару үшін сиқырдың көмегіне сүйенсек қайтеді?Онда сиқырлы кілеммен барсақ па екен?

Балалар:

  • Иә,иә....

Тәрбиеші:

(Қолындағы таяқты сілкейді)



  • Онда барлығымыз бірге ұйымшылдықпен сиқырлы кілемге мінейік.

(Балалар сиқырлы кілемге мінеді.Осы кезде сиқырлы әуен ойнап, сиқырлы кілем шетіндегі жарық жанып-сөнеді)

Тәрбиеші:

  • Балалар міне көзді ашып-жұмғанша орманға да келіп жеттік.

(Ағаштардың суреті,орманның көрінісі)

Балалар ағаштарды көреді,қызықтайды.Тәрбиеші сиқырлы таяқпен ағаштарды сілкейді.Осы кезде ағаштар тіл қатады)



Қайың ағашы:

Терек ағашы:

  • Мен терекпін,тік өсетін биік ағашпын.Менен қағаз,сіріңке жасайды,үй салуға пайдаланады.

Үйеңкі Ағашы:

  • Мен үйеңкі ағашымын.Менен қара май,бояулар алады.

Емен ағашы:

  • Мен еменмін,мықты ағашпын.Менен үй жиhаздары,ыдыстар,музыкалық аспаптар жасайды.

Іс-әрекетті бақылау кезеңі:

  • Балалар қандай ағаштармен таныстық?

  • Ағаштың қандай пайдасы бар?

  • Ағашқа қалай қамқорлық жасаймыз?

(Ағаштар арасынан жылаған дыбыс шығады)

Тәрбиеші:__Сен_не_орманда_адасып_кеттің_бе__Қоян'>Тәрбиеші:__Балалар_бір_дыбыс_естілді_ме__Балалар:__Иә,иә__Тәрбиеші'>Тәрбиеші:

  • Балалар бір дыбыс естілді ме?

Балалар:

  • Иә,иә

Тәрбиеші:

  • Бұл не болды екен?

Балалар:

  • Қоян,қоян.

Тәрбиеші:

Қоян:

  • Мен,мен......

Тәрбиеші:

  • Сен не орманда адасып кеттің бе?

Қоян:

  • Жоқ,мен адасқан жоқпын.Маған достарым мерекелік әдемі ағашты әкел деп тапсырған еді.Мен ол қандай ағаш екенін іздеп-іздеп таба алмадым.Мен ақымақ қоянмын,түк білмеймін.

(Қоян жылайды)

Тәрбиеші:

  • Болды,жылама ақ қоян.Сен ақылдысың ғой!

  • Сен іздеген ағашты бірге табайық .Біздің балалар қазір сергіту жасайды.Кел сенде бірге жаса.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Қоян:


  • Ой достар мерекелік ағаш бола ма? (жылайды)

Тәрбиеші:

  • Балалар расында мерекелік ағаш бола ма?

Балалар:

  • Болады,болмайды.

Тәрбиеші:

  • Қазір жұмбақ шешсек біз бұл сұрақтың жауабын табамыз.

Жұмбақ

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

Ол не?(шырша) 

Балалар:


  • Шырша

(Шырша ортаға әкелінеді)

Тәрбиеші:

  • Балалар бұл шырша ағашы.Шыршаның түсі жасыл.Шырша қылқан

жапырақты ағаш. Шырша таулы аймақтарда, орманды үлкен қалаларда өседі. Шыршалар биік, орташа, аласа болады. Жылдың төрт мезгілінде де өседі. Шыршаларды кесуге болмайды. Олар ауамызды тазартып, табиғатымызға көрік беріп тұрады. Жақында Жаңа жыл мерекесі болды.

Сұрақтар қою.



- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме? 
- Ал жаңа жыл мерекесінде міндетті түрде не болу керек? 

- Ендеше балалар қоянға сол шыршаны өзіміз жасап берсек қайтеді?



Балалар:

-Иә,жасап береміз.



Тәрбиеші:

-Онда шеберханаға барып шырша жасайық.

( Шеберханаға бару.Шырша жасау.

Д\о Геометриалық пішіндерден шырша құрастыру. 
-Балалар, мынау қандай пішіндер? 
- геометриялық фигуралар 
- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. 
- әр түрлі, үлкен, кіші, орташа 
-түсі қандай? 
Ұжымдық жұмыс. 
- Жасыл үшбұрышты 
- Үлкенін, орташасын,ең басына кішісін жабыстырамыз 
Қайшымен жұмыс істеу ережесімен таныстыру. 
Жеке баламен жұмыс. 
Үлгере алмайтын балаға көмектесу. 
Қоянға сыйлық.

Балалар шыршаны қоянға сыйлайды.Қоян балаларға сәбіз таратады.



Қорытындылау:
- Балалар, сендерге бүгінгі күннің тапсырмасы ұнады ма? 
Қиын болды ма? 
Қызық болды ма? 
Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: Шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру керектігін.

Игереді: ағаштардың түрлерін және адам өмірі үшін қажеттілігін түсініп табиғатқа қамқор болуды.
Меңгереді: өз қолдарымен шыршаны қиып жапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет