Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары»



жүктеу 73.94 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі73.94 Kb.

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары» профильді бағдарлама

Тақырыбы: Сәлем берді күз желмен, кетті кішкентай туристер серуенге

Мақсаты: Дене шынықтырудың әр-түрлі жолдарымен таныстыру. Балалардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және таза ауаның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру . Шынықтыру шараларын еске түсіре отырып, ойын-жаттығуларын қолданып логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту . Қозғалыстарды үйлестіру, икемділік қабілеттерін дамыту. Денсаулықты сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: терренкур-емдік жаяу жүріс

Қостілдік құрауыш: жол сөмке – рюкзак


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші педагогтың әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық, оятушылық кезеңі



Балалар, далада жүргенде жоғары қарасақ нені көреміз?

-Ал төменге қарасақ не көреміз?

Балалар, бүгінгі күн ерекше болмақ, өйткені бүгінгі іс-әрекетімізді бақшамыздың ауласында, көгілдір ашық аспан астында өткіземіз. Олай болса бізге өмір нәрін, жылулығын, таза ауасын сыйлаған «Табиғат анаға» ризашылығымызды білдірейік:

О, табиғат – сен тіршілік түнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген, күліп қырдан.

Сен – көлсің, сен ормансың, сен баусың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Аспан, таза ауаң үшін рахмет!

Жер, дем алатын жұмсақ шөптерің үшін рахмет!

Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Теңіз, суың мен құмын үшін рахмет!
Өйткені біз суға шомыламыз, таза ауада серуендейміз, денемізді шынықтырамыз, күнге қыздырынып, салауатты, шыныққан бала боламыз!


-Аспан, күн, бұлт көреміз.
Төменнен жер, көк шөп, суды көреміз.

Балалар өлең жолдарын қимылмен көрсетеді



Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезеңі


Тәрбиеші: Балалар, ал бізге, дем беріп, шөлімізді қандырып, шынықтыратын, жылулығын сыйлайтын қандай табиғат құдіреттерін білесіңдер?

(Сол арада пошташы хат әкеліп береді).



Т: Жарайсыңдар, балалар. Қараңдаршы, Жер-Ана бізге хат ішінде сиқырлы жол картасын беріп жіберіпті. Осы картадағы жолдарды дұрыс тапсаңдар «Ғажайып жерге» тап боласыңдар депті. Ол үшін бізге жолымызға серік болатын Шымырбектің көңілді жол сөмкесін алып алайық

Жер ананың хат ішіндегі тілегі:

Мен, сендерге тілерім,күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастаңдар.

- Қане, балалар , онда босқа уақыт жаяу жүріспен саяхатымызды бастайық . Ол үшін сиқырлы сөзді айтып керек жерімізге тап боламыз. Ал бастайық, қайталайық сәтті сапарымызды бастайық:



Т: Балалар, бірақта сиқырлы кілемшеміз ұшпай тұр, не істесек болады екен?

Т: Жарайсыңдар , балалар олай болса терең дем алып, іштегі ауаны шығарып, үрлеп кілемшеге ұшуына көмектесейік.

Балалар бірақ мына кілемше расында да сиқырлы екен ол денсаулыққа барар жол тек қана жаяу жүрістен басталарын біліп тұр



  • Жолда кедергілерден өтуіміз қажет. Ол үшін біз батыл да батыр да болуымыз қажет.

  1. Жорыққа дайындық - қолдарына қамшы алып, бас пен қолды төмен түсіріп жаттығу.

  2. Қарауыл қарау - оң (сол) қолды маңдайынын тұсына алшақ ұстап, сол қолмен белге ұстап, сол иық жаққа қарау.

  3. Бой жазу – Оң (сол) , алдыға (арт) жаққа шалқаю.

  4. Бұлақтан су ішу – Еденге тізерлеп отырып, тізені түзу ұстап, басымен алға еңкею.

  5. Керілу – жерге жатып, алға қарай еңкею.

  6. Жорғалау – төрт аяқтап, жүру.

-Кең жерге келдік. Туған жеріміздің ауасы қандай тамаша, таза,жұпар иісті. Қане барлығымыз таза ауаны жұтайықшы. Гүл иіскейік.

Күн жылынып , жәндіктер тіріліп, тіршілікке араласты. Ал мына қоңызды қараңдаршы, шалқасынан құлап тұра алмай жатыр, бізде осы қоңыз сияқты жерге жатып, аяғымызды жоғары көтеріп қимылдатамыз.

- Балалар , қараңдаршы қандай тамаша , керемет жерге келдік. Айналамызға қарап, табиғаттың сұлулығын сезінейік. Қане, барлығымыз таза , шипалы ауамен терең тыныстап дем алып, көк аспанға, айналамызға сүйіспеншілікпен қарап, табиғатқа қандай жақсылық жасай алатындығымызды ойланып көрейікші.

Сол арада ағаш түбінде жатқан кірпіні көреді.

Т: Сәлеметсің бе, кірпі сен неге мұнда отырсың?

Кірпі: Мен, қу түлкіден тығылып отырмын, бірақ та ол мені көріп қояды, сендер маған көмектесіңдерші.

Т: Жарайды, онда біз сені балаларыңмен алақанымызға жасырайық, ол сендерге де, бізге де пайдалы. Өйткені сендердің тікенектерін біздің саусақтарымызға массаж жасайды.



Массаж:Кірпі, кірпі, кірпішек,

Тігіп алыпты өзіне күртешек.

Өзі тікені күртешек, тістеп алады,

Кірпішекті алақанға жасырайық.

Таба алмасын оны түлкішек,

Алақанда айналдыра кірпіні

Үгейік біз алақанды.

Игілікті істерді жасап,

Қайырымды бала болайық.

Балалардың жанына қарлығаш ұшып келеді.

Қарлығаш: Сәлеметсің дер ме балалар, маған көмектесіңдерші менің кішкентай балапаным анау тау бөктеріне ұшамын деп, тау үстінен түсемай жатыр, өйткені оның қанаттары әлі қатайған жоқ .

Т: Қараңдаршы, балалар, қандай биік тау, осы тауға шығып, тау бөктеріндегі қарлығаш балапанын алайықшы. Бірақ тау шынына қалай шығамыз?

Қарлығаш: Жарайсыңдар , балалар , рахмен сендерге, өздеріңді қайырымды, шымыр, шыныққан бала екендеріңді көрсеттіңдер.

-Енді жаяу жүріспен саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық, сиқырлы сөзімізді айтайық :

Бір, екі , үш,

Қырларға, биік тауларға, әдемі гүлзарларға

Құстай самғап жетейік

Бір, екі, үш

Аяқтарым құстай ұш.

Релаксация: (музыка әуенін тыңдап, көздерін жұмып жатады.)

Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, жерге жатып Табиғат-Ананың жылулығын сезінейік. Суын ішіп, денемізді сүртіп бір сергіп қалайық .

Туған жеріміздің ауасы қандай тамаша, таза, жұпар иісті. Күн жылынып , жәндіктер тіріліп, тіршілікке араласты. Ал мына қоңызды қараңдаршы, шалқасынан құлап тұра алмай жатыр, бізде осы қоңыз сияқты жерге жатып, аяғымызды жоғары көтеріп қимылдатамыз. Ал енді жаяу жүрісті саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

Алдарыңа қараңдаршы орман ішінен қандай жолдар көріп тұрсыңдар?

Олай болса жол қанша қадам болатынын санайықшы. Әр жол қанша қадам болатынын.

1-5 ге дейін санату.

Балалар мына ұзын жолмен барайық, қайда апаратынын, қайдан тап болатынымызды білейік ?

Т: Балалар, бұл Табиғат-Ананың айтқан керемет жері ғой. Қараңдаршы,қандай әдемі ағаштар, гүлдер өсіп тұр. Ағаш басындағы алмалардың дәмін көріп, гүлдерді иіскеп, табиғаттың сыйын, нәрін сезейік.

Ойын: « Кім жылдам?». Балалар кім ағаш басындағы алмаларды жылдам теріп алады. Жиған алмаларымызды топқа апарып тосап жасап жейміз.

Т: Біз табиғатсыз тіршілік ете алмайды екенбіз. Табиғат –күн сияқты мейірімді, ауа сияқты таза, су сияқты мөлдір, гүл сияқты әдемі, тау сияқты асқар, биік сезімдерге тәрбиелейді. Ең бастысы Табиғат –Ана бізге күш-қуат, пен денсаулық береді. Балалар біздің жол сөмкеміз қатты көмектесті.



-Күн, жер, су, ауа.

Балалар таң қалып, саяхатқа барғандарына қуанады

Балалар жол сөмкелерін асынып саяхатқа дайындалады

Балалар бірге:

Бір, екі , үш,

Қырларға, биік тауларға, әдемі гүлзарларға

Құстай самғап жетейік

Бір, екі, үш

Аяқтарым құстай ұш.

-Сиқырлы кілемшеге ауа, жел керек сияқты.

Балалар тыныс алу жаттығуын орындайды


Балалар жаяу жүріспен жүреді

Балалар тәрбиешінің ұсынылған жаттығуларын орындайды

Балалар ауамен тыныстап, бойларын жазып, демалады.

Қоңыздың қимылын қайталайды.

-Таза ауаны ластамау, суға түкірмеу, қоқыс тастамау, шөп, гүлдерді жұлмау, құстардың ұясын бұзбау.

Балалар алақандарына резеңке кірпілерді салып, ұсақ –қол моторикасына массаж жасайды. Үгу жаттығуын өлең жолдарымен сүйемелдеу.

- Жарайды , қарлығаш біз саған балапаныңды алып береміз.

-Ұзын арқанмен шығуға болады.

Балалар арқанға өрмелейді де, биіктікте тұрған балапанды алады.
Балалар сиқырлы сөзді қайталайды.
Орманға балалар жүгіріп жетеді. келеді.

Балалар, көлшіктен су ішіп, бет- қолдарын, аяқтарын сулайды.

- Ұзын, қысқа жолдар

-балалар қадамдап санайды

Балалар, жүре-жүре бақшаға келеді.
Ағаш астындағы алмаларды жинайды


Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі



- Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

- Не үйрендіңдер?

-Енді балалар, жаяулатып тобымызға қайтайық, ұстанып жүрген ұранымызды айтайық:

Қоштасу шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз,

Міне, біздер қандаймыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Өйткені біз шыныққан достармыз


- Көмек көрсете отырып, біз денемізді шынықтырдық.
- Күннен мейірімді, жылу сыйлауды үйрендік, гүлдерден әдемілікті үйрендік, достарымнан төзімділікті үйрендік, судан таза болуды үйрендік,

Бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөліседі




Күтілетін нәтиже:

Біледі: жаяу жүрістің пайдасын

Меңгереді: табиғатттағы ережелерді, қиын кезде бір-біріне көмектесуді

Жасай алады: орман тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, ұйымшыл бола алатынын.
Каталог: uploads -> doc -> 11fe
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
11fe -> Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім 2/ Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет