«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»



жүктеу 46.72 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі46.72 Kb.
түріРегламент

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.23.06. № 396 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 1 маусымдағы

346 бұйрығына



8-қосымша

 

 



«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


(2018.20.04. берілген өзгерістермен)

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген) бекітілген «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттардың қабылдануы туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

 

 



2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін негіздеме-өтінішінің болуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-рәсім - көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдау - 15 (он бес) минут;



2-рәсім - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру - 30 (отыз) минут;

3-рәсім - көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:



1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;

2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру;

3) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту.

 

 



3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру үшін жауапты уәкілетті қызметкерлері қатысады.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген рәсімдерден тұрады:

1-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарды қабылдауы - 15 (он бес) минут;

2-рәсім - конкурсты ұйымдастыру үшін жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеруі - 30 (отыз) минут;

3-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру не көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) анық емес болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша түрде бас тарту - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған уақыттан бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

1, 2 және 3 рәсімдерді орындау ұзақтығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

«Білім беру саласындағы халықаралық



шарттар шеңберінде шетелде оқу

конкурсына қатысу үшін құжаттар

қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

 

 



«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар

қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 



 

 

 



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет