Алматыдағы Медеу ауданында заңсыз берілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін Шығыс айналма жолының құрылысына байланысты Радлов көшесіндегі 13 жер телімі нарықтық бағамен 1,2 млрд теңгеге сатып алынған. 2021 жылы учаскелердің бірі (35 соттық) іс-шараларды өткізуге арналған кешен салу үшін ЖШС-ге берілді.

"Заңды тұлға аумағы 3500 шаршы метр болатын ғимараттың орнына 22 шаршы метр техникалық үй-жай тұрғызып, 32 миллион теңгеге жер телімін заңсыз сатып алған. Сонымен қатар халыққа және қалаға әлеуметтік маңызды пайда әкелмейтін тағы бір коммерциялық нысанның құрылысы жүріп жатқан", – делінген хабарламада.

Медеу аудандық прокуратурасының талабы бойынша сот мәмілелер жарамсыз деп таныды.

"Дәл осы ауданда 2020 жылы міндетті аукцион өткізбей немесе ең жақсы ұсынысты таңдамай, жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсатта басқа ЖШС-ға жер телімін (37 сотық) бөліп берген. Осы уақытқа дейін жер игерілмей келді. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды", – деп хабарлады прокуратура.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.