Білім философиясындағы оқушылардың танымдық МӘдениетін дамыту мәселелері жаңбыршиева Нұрғайша Болысбайқызы «Педагогика»



жүктеу 124.82 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі124.82 Kb.

БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жаңбыршиева Нұрғайша Болысбайқызы

«Педагогика» пәнінің оқытушысы

Тараз «Болашақ» колледжі , Тараз қаласы
Білім философиясы адамның рухани танымы мен мәдениетін рухани мұралар мен құндылықтарды игеру арқылы дамыту мәселелерін өз деңгейінде қарастырады. Білім философиясының ғылыми негіздері адамның өмірде алар орнын, білімі мен мәдениетін, оның даму алғы шарттарын зерттейді. Ал, руханият пен мәдениет адамның өмірдегі мәнін анықтаудың, оны іске асырудың негізгі бастамашыл бағыты. Ол ой-жүйенің, сана-сезімнің негізі.

Философия руханият пен мәдениет негіздері арқылы білім мен таным көздерін анықтайды. Ол сананың мәдени этикалық, рухани қабілеттерін іс-әрекетке асырудың логикалылығын және реттілігін қанағаттандыруды талап ететін аксиологиялық заңдылық. Философиялық мәнділікпен логикалық тұжырымдар, мәдени сана білім мазмұны мен оның оқыту, тәрбие әдістемелерін мағыналы танымдық жүйеге бағыттап отырады. Сөйтіп ол адамның өмірлік бағдарын саналылыққа, мәнділікке уағыздап, түрлі танымдық мәселелерді ой елегінен өткізуге, оны өмірде сапалы қолдануға көмек береді, түпкілікті жағымды ойға жетелейді, педагогикалық мәдениет, әдеп және педагогикалық шеберлік кеңістігіне бойлап білім мен тәрбиенің жаңа парадигмасын қалыптастырады. Сондықтан мәдени және рухани мұралар мен көркем өнер арқылы тәрбиелеуде интеллектуалдық мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы іске асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде білімнің философиялық мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық – қызметтік әдістемелер қолданып үйрету көзделуде. Барлық көркем білім салаларында рухани мәдениет, көркем өнер көздері мен олардың философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту ең сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың, өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру басты орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық мән-мағынасын талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық тұрғыда жүйелі талдап тұжырымдаулары т.б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде қолдануға талпыну т.б. болып табылады.

Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай рухани және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан қарап, өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте оқушымен мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп оқушы – мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой бейнесі оқушы шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға мүмкіндік береді.

Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып, көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан өнерде логикалық құрылымдар емес саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен білімге деген шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен білімге деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір мәнін түсінуге ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс шығармашылық қиялды тудырады. Шығармашылық қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі мұндай сезімдік-логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады. Рухани тәрбие оқушы жан дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін нұрландырады. Затында адам санасында әр нәрсе материалдық та, руханилықта бейнелі болуы мәнді. Бұл бейнелеу өнеріндегі, жалпы барлық өнер түрлеріндегі бейнелілік сипатқа тән және ол кескіндік, тұлғалық көркем-образдық әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол бейнелі санаға тәуелді. Адам өз өмірін әлемді бейнелі қабылдаудан бастайды.

Дж.Дьюи философиясындағы адамның қоршаған ортамен үзіліссіз өзара әрекет тәжірибесі туралы өмірлік идеясы, осы көрсетілген тұжырымдар мәнін анықтауға көмектеседі.

Оның философиялық зерттеулері педагогиканы одан әрі дамытуда маңызды болған, «ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі» туралы ойын тұжырымдау мен негіздеуге мүмкіндік береді [1, с.186].

Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы т.б.

Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр.

Адам өмірді бейнелі пішінде қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен де белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде бейнелік қабылдау мен іс-әрекет жатыр.

«Ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі» туралы Дж.Дьюй философиялық іліміне қатысты таным және шығармашылық қызмет түрлі ақиқатты құмарлықпен ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында, түбінде бір тұтастық процестер жүйесін құрайды. Ойлау биологиялық және әлеуметтік дамудың жемісі.

Педагогика мен шығармашылықтағы ортақ мәселелер адамның тұлға ретіндегі эмоционалдық өмірінің белгілері және бұл екеуіне де тән қасиеттер:

а) Сезім, қуаныш, қайғы, мұң, қанағат, ғанибет, шапағат, нұр т.б.

ә) Көңіл-күй түрлері, үнжырға т.б.

б) Эмоционалдық сезіну жоғары, асқақ сезім, сейілген көңіл т.б.

в) Ашу, долдану, (афекті), қорқыныш, үрей, тарығу т.б.

Осы қасиеттер ортақтығы да тәрбие мен шығармашылық – жаратымпаздық процесстер сәйкестігін, және осыған байланысты осы тұрғыдағы ойлау актісі мен оқыту процестерінің сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине білім мен тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан дүниесін байытып, оқыту сапасын арттырады. Мұнда адам санасы сыртқы дүниеге және басқа адамдарға деген қатынаста қалыптасса, ол әрине сезім, эмоция сана құрылымының мәнді компоненттері болып есептеледі. Таным мен шығармашылық процесс адамның ішкі дүниесінің, сыртқы әлемнің барлық жақтарын, макро және микро ғарыштық қағидаларды, мүдде, ерік, жігер, сезім қажеттіліктерін анықтайды. Қоршаған дүниені адамның ақиқаттық тұрғыдан тануына көркем бейнелеу қалай жатса, сезім де солай жатады.

Сана адамның қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу қабілеті ретінде оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын Д.Кішібеков «Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың, диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады» - деп көрсетеді [2, б.174].

Сана объективті ақиқаттың идеалдық бейнесі. Сананың мәні білім. Ал оны туғызатын жалпы танымдық ізденіс. Сана рухани құбылыс, ол бір жағынан білім жүйесі, екінші жағынан таным процесі. Сана белгілі бір қатынастағы бейнелеу. Сана дегеніміз – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

«Адам адамгершілігі туралы сөз» деген еңбегінде итальяндық философ Пико делла Мирандола Құдай жаратқан адамнан басқа ұлылық жоқ, ал ондағы ең жоғарғы ұлылық адамның ақыл ойы мен рухы дейді. Сол қайта өркендеу кезеңіндегі идеалға сәулеткерлікте, сурет өнеріде, әдептануда, эстетикада, әдебиетте, педагогикада бірдей хабары бар жан-жақты дамыған адам жатқызылды.

Жас ұрпақтың ойын тереңдетіп, қиялын өрістететін әдістемелер білім философиясының категорияларымен анықталады. Мысалы ұлттық рухта, қазақы менталитетті қалыптастыратын көркем өнер түрлерінің туындылары қол өнері бұйымдарын, бейнелеу өнерін, музыканы, поэзияны, көркем әдебиетті, кино, театр өнерін т.б. өнер түрлерін, мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді әсерлі сезініп, саналы қабылдау тәсілдері білім философиясының рухани мәнділік тәсілдеріне жүгінеді. Бұл тәсілдер отан сүйгіштікке, адамгершілікке, инабаттылық пен имандылыққа баулиды.

ХVIII ғ. ағартушылық философиясындағы эстетикалық тәрбие идеяларын жасаушылардың көрнекті өкілі Шефтсбери – «Адамдар, салт-дәстүрлер, пікірлер мен дәуірлер мінездемесі» («Характеристика людей, обычаев, мнений и эпох») (1711) еңбегінде әлемді пантеистік түсіну тұрғысынан қарап қоғамда және табиғатта әлемдік гармония басым екендігін көрсетеді. «Мұндай гармонияда жеке тұлға өзінің табиғи қызығушылығын қанағаттандырып, бүткіл қоғам үшін еріксіз еңбек етеді, және керісінше жалпы жетістіктерге қамқорлық етіп, ол толығымен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады және дамытады. Мәселе қоғамдық және жекеше талаптар үйлесімінің жеткілікті де нық негізін табуда жатыр. Ал мұндай нық дәлелді негізді Шефтсбери сұлулықтан көріп таниды. … Шефтсбери тарихи прогрестің қозғаушы күші сұлулықпен адамгершілік деп санады». «Ол сұлулық пен жақсылық бір мағынаны көрсетеді деп есептеді. Сондықтан ол үшін тәрбие идеалы, қарама-қарсы қажеттіліктер мен эффектілерден өз ішкі дүниесін, табиғатта қалыптасқан үйлесім мен сұлулық заңдылықтары арқылы құратын суретші болып табылады» [3, с.8]. «Шефтсбери ойынша өз талғамын тәрбиелей отырып, сұлулық пен гормония көзін бүткіл ғарыштық түрмен құрылым кейпінде танып, адам белгілі бір дәрежеде суретші болып қалыптасып дамиды. … Шефтсбери адамгершілікті адам өзін-өзі сомдаушы, өз жеке тұлғалық пошымының шебері болуы тиіс деп санады. … Жеке бас пен қоғамдық мүдделер арасында гормониялық қатынастар орнығуының себептерін - Шефтсбери қоғамдық гармонияны орнықтырудың негізгі құралы эстетикалық тәрбиеде, жеке бастың осы эстетикалық мәдениетін дамытуда деп санады» [3, с.9].

Оның түсінігінде сұлулықпен және гармониямен салыстырғанда, мораль - өсиет танымның төменгі формасы болып саналады.

Жалпы алғанда әр тарихи кезеңдерде философия, педагогика, психология ғылымдарының өкілдері, өнер түрлері арқылы адамзаттың қоғамдық сана – сезімдерін, әлеуметтік өмірінің жаңа неғұрлым жетілген формаларын, эстетикалық тәрбие идеяларымен көркем білім принциптерін қолданып тәрбиелеуге ұмтылып отырды. Бұл ізденістер адам өмірін, әлемді әсемдік пен көркемдік арқылы жақсартып өркендетуге бағыттайды.

«Болашақтың әсем өміріне енетін» жақсы адамды тәрбиелеу туралы көптеген ұлы ойларды ежелгі дәуір философтары Демокриттен, Платоннан, Аристотельден, Горацидан, Плутархтан кездестіруге болады. Әрине ежелгі гректік және Римдік көркем өнер мұралары Азия сомдап тудырған өнер мен мәдениет өрісінің терең тамырымен негізделіп танылады және онымен тығыз байланыста дамиды. Мұнда грек өнерінің өркендеуінен үш мың жыл бұрынғы Месопотамия, тарихтағы ең алғашқы қайта өркендеу дәуірі мен өркениетінің ерте дәуірлері мен Шығыстық өнер өркениетінен бастау алатыны белгілі. Өнер тарихында гректердің өз пайымдаулары бойынша олар өздеріне аймақтас, өзін қоршаған ежелгі және дана мемлекеттердің ұрпақтарының халқымыз деуі өркениет дамуының шығыстық өрісін көрсетеді. Олар тек ғылым саласында ғана емес, көркем өнерді де өте ежелгі таптық өркениет елдерінің іргетасына, тұғырына қарап дамытты.

Көпшілік жағдайда терең де сапалы, жаңа дәуірге бағыттылығын тұтас көркем педагогикалық процесс мәселелерінің бәрі материялар әлемімен идеялар әлемінің ара қатынасы арқылы шешілуі тиіс.

Рухтың тазарып өрістеуі арқылы адамның санасы мен сезімі, ой жүйесі, мәдениеті сауығатындығын А.Г.Гурвичтің биоөрістің генетикалылығы туралы дәлелі адам ойының ғарыштағы «сана өрісінде» сақталатындығына тәуелділігін байқатады. Қазіргі прогрессивті ғалымдар ойынша адамның рухани түсініктері мен дүниетанымдық көзқарастары адамның – энергиялық ақпараттық жүйесінде айқындалады. Тәрбие процесінде жас өспірімнің жағымсыз қасиеттерін, оның осы биоөрістік жүйесінен аластатып, жоғарғы асқақ сезіммен шығармашылық қиялын шарықтату, көркем өнер мен мәдениет көздері арқылы, олардың биоөрістік жүйесіне әсер ету тәсілдерімен іске асырылуы бүгінгі күннің бұлжымас міндеті. Жас буынның сана өрісімен рухани сезімін тәрбиелеу, осы тұрғыда көркем өнер пәндері мен мәдениет көздері арқылы жүйелі тұтас педагогикалық процесте іске асырылуы білімнің негізгі қағидасы болуы тиіс. Көркем педагогикалық білім беруде өнер пәндері мен рухани мәдениет негіздеріне сүйене отырып рух пен сана тәрбиесіне баса мән беріледі.

Көркем біліммен тәрбие процесінде оқушының шығармашылықпен қызмет етіп, өз мүмкіндігінше көркем образды сомдауы, осы қағидаларды қаперге ала отырып белгілі бір әдістемелік тәжірибеге сүйенеді. Бұл әдістемелер – бейнелеу тәсілдері сызық, түс, түстер үйлесімі, қатынас, кеңістік, перспектива, ритм, жарық-көлеңке қатынастарының тұтас жүйесі арқылы өз сезімін көңіл-күйін көрсете білуіне бағытталады.

Мұғалім міндеті осы саналы-сезімдік бейнелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың қоршаған ортаны, әлемді шынайы қабылдап ақиқатты тану қабілеттерін қалыптастыру. Өнердің басты мақсаты ақиқат шындықты көркем сезіммен ойлыақыл арқылы саналы тану, қоршаған орта сұлулығын әсерлі бейнелеу. Ал оқыту өмірге бейімдеп оқытып үйрету, ол саналы когнитивтік үйрету болып табылады.

Педагогикадағы гуманитарлық бағыт В.Дильтей, Т.Литт, В.Флитнер, Э.Венигер еңбектерінде философиялық негіз қалап тарихи көрініс тапты. Философиялық эмпирикалық зерттеулерде педагогикалық білім жүйесі, оның құрылымы, педагогикалық теориялардың мазмұндық сапасы философиялық концепциялармен қамтылып қарастырылады. Педагогикалық гумманитарлық бағыт, тәрбие мен білім мазмұны, түрі, әдісі, құралы әрқашанда рухани-материалдық кеңістік аясындағы қоғаммен қоғамдық сана-сезіммен, қоғамның түрлі өндірістік, мәдени, рухани қарым-қатынастарымен тығыз сабақтастық байланыста. Білім, тәрбие қоғамдық сана-сезім түрлері – идеология, саясат, мораль, құқық, ғылым, өнер, дін, қоғамға жат пиғылдағы кері сана-сезімдер барлығы адамды қалыптастырудың тұтас процесін жүйелейді. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде ұлттық тәрбиеден бастау алып жалпы адамзатқа тән қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастыруды көздейді.

Таным білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарты болғандықтан жас өспірімнің өнерге деген шығармашылық сүйспеншілігі мен қатынасы танымдық мәдениет арқылы өрістейді. Танымдық мәдениет бұл адамды білімге, ғылымға, өнерге бастайтын педагогикалық категория. Ол білім мен тәрбие алу көзі, рухани дамудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде оқушы танымдық мәдениетін қалыптастыру басты міндет.

Көркем өнер, шығармашылық процесс қоршаған ортаның материалдық-рухани бейнесін жасау арқылы адамның танымдық мәдениетін қалыптастырып оның танымдық ой өрісін кеңейтеді. Көркем өнер, рухани мәдени құндылықтар мазмұны мен орындау тәсілдері, көркемдік тілі оқушының дүниеге көзқарасын, танымдық мәдениетін шыңдайды.

Таным білімнің, рухани сана-сезімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттарын рухтың материяға, сананың болмысқа қатысы тұрғысында қарастыратын теориялық ілім болғандықтан, адамның рухани мәдениетін дамытуға бағытталады және оқу мен тәрбиенің әдіснамалық негізін құрайды. Ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз қызметі біртұтас танымдық процесс. Бұл процесс өзіндік мәдени тәртіпті, мәдени сана-сезімді қажет тұтады.

Кез келген шығармашылық қызмет, барлық жағдайларда да, адамды рухани-сезімдік, интеллектуальдық, адамгершіліктік, кәсіптік, инабаттылық тұрғыда өзінің рухани болмыстық, танымдық формасына қарай белгілі бір дәрежеде дамытып отырады.

Оқыту мен тәрбие адамды педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесіне енгізу, қатыстыру процессі болғандықтан ол шығармашылық ізденісті талап етеді. Шығармашылықтың жалпыға ортақ қызмет өрісі мен функциясы адамның барлық рухани –танымдық, практикалық қабілеттері мен қасиеттерін дамыту. Адам қызметінен туындаған қажеттіліктер оларды қанағаттандырудың түрліше жолдарын, тәсілдерін ізденіп табуды көздейді. Яғни қызметтің көптеген түрі мен қасиеттерін іздену адам болмысының шынайы негізі ретінде танылады.

Жаңа ғасыр оқушылары өзін-өзі дамыту, өзін-өзі актуальдандыру мен өзіндік әлеуметтену толқынында ынта мен ықылас, талап пен ізденіс басты мәнге ие болып ғылыми таным, рухани мәдениет, адамзат жады мен сенім-нанымы барлығы сана, сана астары, ми, ми қызметі аяларындағы ой, таным, сезім, парасат, қасиет танымдық био өрістері жүйелі қатынас процесстерінде әлемді қабылдап, танып, түсінуге деген ынта-ықыласты туғызып оның танымдық мәдениет тәсілдерін, танымдық процесс жолдарын анықтайды. Сөйтіп рухани құндылықтар мен көркем мәдениет оқушылардың танымдық мәдениетін өрістетіп жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға мүмкіндік ашады.

Шығармашылықтың өз салаларына сәйкес негізгі заңдылықтары мен қасиеттері, оқушылар бойына рухани мәдениетті қалыптастырудың әдістемелік тәсілі болып табылатын, танымдық мәдениетке тәрбиелеудің дидактикалық мәселелері мен принциптері болып, арнайы өзгерісте қолданысқа еніп отырады.

Себебі олар тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық ұстанымдарды қалыптастырудың әдістемелік мазмұнды сипаты болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления. Пер. с англ./Под ред. Н.Д.Виноградова. М., 1997.

  2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, Нұр-кітап, 2002. -388 бет.

  3. Идеи эстетического воспитания. Антология. В 2-х тт. Т. ІІ. Сост. В.П.Шестаков. Общ. вступит. ст.Мих.Лившица. М., Искусство, 1973. -368 с. 4 л.ил.

.


Тіркеу үлгісі




  1. Аты, тегі, әкесінің аты (толығымен) Жаңбыршиева Нұрғайша Болысбайқызы


  2. Ғылыми дәрежесі

  3. ғылыми атағы

  4. Мекеме Тараз «Болашақ» колледжі

  5. Қызыметі оқытушы

  6. Қызметтік мекен-жайы .Тараз қаласы, Пушкин көшесі-57_____

  7. Телефон, 87770893783, 87473144067

  8. Баяндама атауы «Білім философиясындағы оқушылардың танымдық мәдениетін дамыту мәселелері».

Каталог: uploads -> doc -> 1198
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1198 -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі С. Рахимов атындағы жалпы орта мектеп


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет