Білім саласы : Қатынас



жүктеу 39.1 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі39.1 Kb.

Білім саласы : Қатынас

Бөлімі : Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты:Үй құстары туралы түсініктерін тереңдету,білімдерін тиянақтау

Білімділік . Сурет арқылы үй құстарын атауларын дұрыс атап беру.

Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын молайту,ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Үй құстарын қамқорлыққа алуға баулу.

Сөздік жұмысы: тауық,әтеш,үйрек,қаз

Көрнекілік: үй құстары суреттері

Билингвалдық компонент: әтеш-петух, тауық-курица,қаз-гусь т.б



Іс-әрекеті



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әркеті


Ынталандыру сезімді ояту

Балалар сәлемдесіп

Шаттық шеңбер жасайды


Топ,топ басайық,

Жалаудан үй жасайық!

Жаса,жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн»



Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Қайталайды



Ізденістер,

ұйымдастыру


Тәрбиеші балалар сендер ауылға

барғыларың келе ме?

Ендеше біз ауылға барамыз. Ауыл алыс немен барамыз?

Қане поезд болып тізбектеп тұрайық

Қане кімнің бойы ұзын

Паровоз ол поезддің

Қатар ,қатар тұрайық

Ауылға біз барайық

Міне ауылғада жеттік ,Ой кім жылап тұр мұнда

Әженің жылағаны естіледі

Әже сізді кім ренжітті

Әже : Мені ешкім ренжіткен жоқ аяғымды ауыртып алдым ,балапанды іздеп жүрген едім соған жылап тұрмын

Тәрбиеші : Балалар біз әжеге көмектесеміз бе?

Қане балапанды іздеуге шығамыз

Жолда үйшікте жатқан күшіктен сұрайық
Күшік,күшік әженің балапанын көрмедің бе?

Күшік : Көрдім ,көрдім менің бір тапсырмамды орындасаңдар сосын айтамын

Үй құстарын атап даусын табыңдар

Күшік : рахмет дұрыс көрсете білдіңдер анау жатқан мысықтан сұраңдар сол біледі


Мысық : Иә көрдім менімен ойнасаңдар айтамын

«Анасын тап» ойыны

Ойын шарты : Үстел үстінде үй құстары

суреттеріне өз балаларын алдына алып қою.

Сұрақ жауап

Сергіту сәті: «Менің шөжелерім»

Қимыл қозғалыстар көрсету
«Артығын тап» ойыны

Шарты: Суреттер ішінен артық суреті табу

Әжеге балапанды береді

Әже Рахмет айтады балаларға сыйлық береді


Балалар жауабы
Балалар поездбен

өлең жолдарын бірге қайталайды


Әжені көреді
Жылағанын естиді

Тыңдайды

Иә біз көмектесеміз

Күшік ,күшік әженің балапанын көрмедің бе?

Балалар

тапсырманы орындайды

Мысық, мысық әженің балапанын көрдің бе?

Балалар мысық пен ойын ойнайды балапандардың анасын табуға

көмектеседі
қимылдар жасайды
Балалар суреттер арқылы артығын табады

Әженің сыйлығын алады

қоштасады



Рефлексиялық түзетушілік

Балалар біз қайда бардық

Кімге көмектестік,балапан қайда кетіп қалды?

әженің үй құстарын атап беріңдерші ?

Ендеше біз топқа қайтамыз поездбен

Сұрақ жауап беру





Күтілетін нәтіже:

Біледі : Үй құстарын атауларын.

Игереді: Балалар үй құстарының даусынын ажратуды игереді

Меңгереді: Шөжелер қимыл-қозғалыстары.

Ақсу қаласы

КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы

Тіл дамыту бөлімі бойынша

қорытынды ашық сабақ
Тақырыбы: Үй құстары
I- сәбилер № 14 «Күншуақ» тобы

Тәрбиеші : Г.С.Кулдошбекова




2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет