Білімгерлер үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (силлабус)



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/4
Дата22.10.2017
өлшемі0.73 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

«БЕКІТЕМІН»

МГІ,Э және ТМ факультетінің

жұмыс бағдарламалары бойынша

комитет төрағасы, т.ғ.к.., доцент

_____________ Б.А.Қойайдаров

«____»____________2008ж



БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (силлабус)

Қайраңдағы кенішті игеру”



Кафедра: «Мұнай газ ісі»

2008/2009 оқу жылы, 6 семестр



Пререквизиты: физика,химия,гидравлика,

Постреквезиты: мұнай кен орындарын игеру, газ және газ конденсатты кен орындарын игеру және пайдалану, және т.б.

Кредиттер саны: 3 кредит

Оқытушының (немесе авторлар

коллективінің ) аты-жөні: Биджанова А.Б., Кабдушев А.А

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28 үй, 6.1 копус, 428 ауд.

Телефон немесе e-mail: 2-44-17 жұмысшы

Тараз 2008 жыл


Негізгі оқулықтар тізімі:

№ п\п

Оқулықтың аты, авторы

Баспа, шыққан жылы

Библиотека атауы, орналасу орны

Экземпляр саны

1

Прогнозирование направлении развития разведочного бурения на шельфе.Промкин А.Л., Хворстовский С.С. –

М.: Недра-Бизнесцентр, 1999.

Гидрокешен

(6.1)


2

2

Освоение малых морских месторождении. Р.Гудфеллоу, Ж..Л.Шассиро

М.: Недра, 1990.

Гидрокешен

(6.1)


2

3

Мұнайды және газды өндіріп, өңдеу. Нұрсұлтанов Ғ.М.

Алматы: Альманах, 1999.

Гидрокешен

(6.1)


2

4

«Нефть и газ» - журнал,

2006 г.


Гидрокешен

(6.1)


3

5

Надыров К.К. – Нефть и газ Казахстана.

М.: Недра, 1990. (I-II том.)

Гидрокешен

(6.1)


2

6

Надыров К.К. – Нефть и газ Казахстана.

М.: Недра, 2006.(I-II-III-IV-V том.)


Гидрокешен

(6.1)


2


Курстың қысқаша түсініктемесі

Курс мақсаты – мұнай кен орындарын игерудің технологиясы мен жүйесіне байланысты сұрақтар жыйынтығы, қалыпты жағдайда мұнай кен орындарын игеру, физикалық-химиялық және жылулық тәсілдерді пайдалана отырып, мұнай кен орындарын игеру.

Бағалау жүйесі

(Семестр аяғында балл көрсеткіштері өзгертілмейді және қосылмайды)




Пән компоненттері

Тапсырмалар саны

Бір тапсырмаға берілетін ең жоғарғы балл

Балл мөлшері

Аралық бақылау

2

4

8

Тәжірибелік тапсырмаларды тексеру

7

2

14

№1, №2 БӨЖ

2

7

14

Сабақтағы белсенділік

2

2.6

5.6

Лекцияны тексеру

2

4

8

Сабаққа қатысуы

30

0.35

10.8

Емтихан







40

Барлығы







100


Курс компоненттеріне қойылатын негізгі талаптар.

Аралық бақылау – курс бойынша екі аралық бақылау тапсыру қарастырылған. Білімгер аттестация кезінде негізгі талаптарға сай балл жинау қажет, ал коллоквиум бағдарламаға байланысты белгіленеді.

Тәжірибелік сабақ – практикалық сабақтардың тақырыптары талқылануға беріледі. Практикалық сабақтардың мақсаты – лекцияда алған білімді іс жүзінде пайдалана білу. Бағдарламада көрсетілгендей, әр практикалық сабақтың мақсаты болады.

Сабақтағы белсенділік – білімгердің талқылау сұрақтарына белсенді әрі дұрыс жауап беруі.

Дәріс тексеру – екі аралық бақылау кезінде өткізіледі. Білімгер сабақта оқылған барлық дәрістерді жазып жүруі тиіс.

Сабаққа қатысу – сабаққа кешігуге және сабақ үстінде сөйлеуге болмайды.

дәріс сабақтарынан қалған жағдайда (- 2 балл);

практикалық сабақтардан қалған жағдайда (-1 балл).
Лекциялық сабақтар.


п/п


Апта

Сабақтар тақырыбы

Әдістемелік сілтеме

1

1

Кіріспе, пәнмен танысу




2

2

№1 дәріс.Теңізде барлау бұрғылаудың қиындықтары

және әдістері. Теңізде бұрғылау шарты






3

3

№2 дәріс.Теңіздегі барлау ұңғымаларының бұрғылау

жұмыстарына қатысатын талаптар






4

4

№3 дәріс.Теңізде барлау ұңғымаларының бұрғылау

рационалды әдістері






5

5

№4 дәріс.Бұрғылау әдісінің геологиялық ақпараттылығы




6

6

№5 дәріс.Тәуелді сипаттама критериялар бойынша

бұрғылау әдісін бағалау






7

7

№6 дәріс.Теңізде бұрғылаудың проблеммалары мен

ерекшеліктері, соққы беру - қадау бұрғылауы (қабу)






8

8

№7 дәріс.Айналмалы бұрғылау




9

9

№8 дәріс.Керінді гидротасымалдар арқылы бұрғылау




10

10

№9 дәріс.Қысым беріп бұрғылау




11

11

№10 дәріс.Теңізде бұрғылау негіздері мен қондырғылары. Стационарлы негіздер




12

12

№11 дәріс. Теңіз түбіне сүйелетін жылжымалы негіздер




13

13

№12 дәріс. Жартылай отырғызылатын қалқымалы

бұрғылау қондырғылары






14

14

№13 дәріс. Суасты бұрғылау агрегаттары




15

15

№14 дәріс. Суасты бұрғылау станоктарының қысқаша сипаттамасы





п/п


Апта



Практикалық сабақтардың тақырыбы

Әдісте

мелік


сілтеме

1

1

Ұңғыма өнімін жинау және дайындаудың бірбеткей блок-сұлбасы.



9 -14.

2

2

Мұнай ұңғымаларының өнімдерін жинаудың бірбеткей блок-сұлбасы.

14 бет

3

3

Атмосфераға жиналған газды факелының бірбеткей блок-сұлбасы.

13-14 бет

4

4

Теңіз суын қолданудың бірбеткей блок-сұлбасы.

14-15 бет

5

5

Мұнайды тасымалдаудың бірбеткей блок-сұлбасы.

14-15 бет

6

6

Қабат суын өңдеудің (айырудың) блок-сұлбасы.

16-17 бет

7

7

Керекті жалпы және кешеннің технологиясы жүйесінің көмекші сұлбасы.

18-19 бет

8

8

Газ ұңғымалары өнімін жинаудың бірбеткей блок-сұлбасы.

20-21 бет

9

9

Газды өңдеу блок-сұлбасы.

22-23 бет

10

10

Газды тасымалдау блок-сұлбасы.

24 бет

11

11

Теңіз суын қолданудың блок-сұлбасы.

24-25 бет

12

12

Газды және конденсатты тасымалдаудың блок-сұлбасы.

25-30 бет

13

13

Кондесатты өңдеудің блок-сұлбасы.

25-30 бет

14

14

Мұнайды жинау және дайындаудың су асты блок-сұлбасы.

25-30 бет

15

15

Газды жинау және дайындау жүйесінің блок-сұлбасы.

25-30 бет


1.Теңізде барлау, бұрғылау жұмыстарының қиындықтары мен әдістері.


    1. Теңізде бұрғылау шарты.

Ұңғымалардың теңізде бұрғылау процесіне табиғи, техникалық, технологиялық факторлар әсер етеді. Ең көп әсер ететін табиғи фактор, ол жұмысқа ұйымдастырылатын техниканың конструкциялық орындалуын, оның бағасын, бұрғылаудың геологиялық ақпараттылығын және т.с.с. анықтайды. Оларға гидрометреологиялық, геоморфологиялық және таулы-геологиялық шарттар жатады.

Гидрометреологиялық шарт – теңіздің толқуы мен оның мұзды және температуралық режимдерімен, су деңгейінің ауытқуымен, ағыс жылдамдығымен және көрінулігімен (тұман, ала бұлттылық, жауын-шашын) сипатталады. Ресей жағалауларын шайып өтетін теңіздердің көпшілігі (Жапон, Охотское, Берингово, Баренцево, Тамар бұғазы) келесі түрдегі толқын қайталануында болады (%):1.25 м-ге дейін (3 балл)-57; 1.25-2.0м (4 балл)-16; 2.0-3.0м (5 балл)-12.7; 3.0-5.0 (6 балл)-10. Балтық, Каспий және Қара теңіз толқын биіктігі қайталанулары 93%-ды құрап, 3.0-5.0м-ге дейін 5% құрайды.

Арктикалық теңіздің жағалау аймақтары бір жылдың көп бөлігінде жылжымайтын мұздармен жабылған. Бұл жерде кемелердің жүруі бір жылдың тек 2-2,5 айында мүмкін болады. Қатты қыста арктикалық теңіздердің жабық ағысы мен бухталарында бұрғылауды тек мұздың үстінде жүргізуге болады. Мұздың еріп жатқан кезінде бұрғылау жұмыстарын жүргізу қауып төндіреді. Осы кезде дрейфтенуші мұз толқынының өсуін тегістейді. Бұл әсіресе карек, лаптевых, Шығыс Сібір және Чукот теңіздерін де болады. Мұндағы толқын биіктігінің қайталану үш метрге дейін 93%, ал 3-5 метр - 6,5%. Акваторияларда бұрғылау кезде бұрғылау негізінің және қондырғылардың көрінуі бұлынғырланып уақыт көп кететін болғандықтан өте қауіпті болып есептеледі. Мұзсыз кезде бұрғылауды шектеу таңғы және түнгі уақытта көрудің төмендеу салдарынан болады. Теңізде бұрғылау процесінде көрудің төмендеуі кері әсерін бұрғылау жабдықтарына және жағалауларға радиолокационды бақылау және радио байланыс орнату арқылы қысқартуға болады. Теңіздегі негіздер судың ағып келу және ағып кетуімен жалпы циркулиациясына байланысты болатын ағын қозғалысына қарсы тұруға қаблетсіз. Кейбір теңіздерде ағын жылдамдығы үлкен маңыздылыққа ие болады. (Мысалы: Охотское теңізінде ағым жылдамдығы 5 метрге дейін жетеді). Ағым әсер етуі уақытқа, бағытқа және жылдамдыққа байланысты өзгергендіктен бұрғылау қондырғысын (ЖБҚ) күнделікті бақылап отыруды талап етеді. Жоғарғы ағынның 1 метр секунд жылдамдығында жұмыс істеу якорлы қондырғыларды күшейту арқылы іске асады. Жоғары ағып келу және ағып кету жағалау акваторияларының түбінің көп бөлігін шайып, қатынай алмау аймағы жоғарылайды. Осының салдарынан кемелер керекті жабдықтарды жеткізе алмайды. Ағын биіктігі көрші теңіздерде және әрбір бөлігінде әр-түрлі болады. Мысалы: Жапон теңізінде ол тіпті білінбесе, ал Солтүстік мұздарда 9-11 метрге дейін жетеді.

Геоморфологиялық шарттар жағалаулардың тұрғызулары, сызулармен топографиясы және түп топырағымен анықталады. Барлык теніздердің қайрандары түптің кіші иіленуімен сипатталады. Белгісі 5м изобаттар жағалаудан 300-1500м қашықтықта болады. Топ топырағы тіпті онша маңызды емес аудандарда біртекті емес. Құм,саз уйінділері,шағал құмдақтар кейбір кезде риф және жеке тас түріндегі тау жыныстарынын жинақталуына байланысты болады. Теңіздегі кен орындарында игерудің 1ші кезеңі қатты пайдалы қазба гоелогиялық зерттеулерінің регізгі обьектісі болып 50 м тереңдіктегі акватоиялы жагалау ауданынын бөлектері есептеледі.Бұл барлаудың кішігірім бағасымен кіші тереңдіктердегі кен орындарды игерумен жэне тереңдігі 50м дейінгі қайран аудандарының мейілінше үлкендігімен түсініріледі.Бірлікті барлау ұңғылары 100м-ге дейінгі ойпаттарда бұрғыланады.Геологтар зерттейтін қайрандарды негізгі аймағының ені 100м ден 25 ге дейінгі жолақтарды құрайды.Мұзды жабысындыларда бұргылау кеэеңінде ұнғыманы отырғызу нүктесі жағалаудан алыстағы жабысынды жолқ еніне байланысты және арктикалық теңіздерде 5км дейін жетеді.

Балтық, Баренцева, Охотское теңіздері және Татар бұғазындағы жүзу құралдары шторм кезінде жабық және жартылай жабық бухталардың жоқтығынан тез арада жасырыну жағдайлары жасалмаған. Бұл жерлерде бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін ЖБҚ қолдаған жөн, өйткені дербес емес құрылғылар қолдану персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындатады және шторм кезінде құрылғыларды қиратуы мүмкін. Айтарлықтай кең жағажай аймағы жоқ терең сайлы және тастақ жағалауларда жұмыс істеу үлкен қауіп төндіреді. Мұндай жерлерде экордан ЖБҚ үзілсе, оның аман қалуы тіпті мүмкін емес.

Арктикалық теңіздердің қайрандары аудандарында аялдау құрылыстары, базарлы және порттары жоқ, сондықтан мұндағы бұрғылау құралдары және оларды жабдықтайтын кемелердің керек заттарымен қамтамасыз ету мәселелері үшін үлкен назар аударған жөн. Барлық жағынан алғанда Жапон және Ресейдің ішкі теңіздерінде жақсы жағдайлар жасалған. Жасырынуға болады деген жерлерден алшақ бұрғылау үшін ауа-райын болжайтын арнайы қызмет орналастырылып бұрғылау үшін қолданатын жүзу құралдары дербес, күшті және теңізде жүзу қаблеті зор болуы тиіс.

Таулы-геологиялық шарттар. Олар, негізінен, қуаттылығымен және ұңғымамен қиылысатын тау жыныстарының физико-химиялық құрылымдарымен сипатталады. Қайран бөлімдері, негізінен, қырынды тау жыныстарымен сипатталады. Түп бөлімдерін құраушылар құм, саз, құмдақтар болып есептеледі. Шалғай шығыс теңіздерінің қайрандарында түп бөлімдері келесі түрде көрсетілген: мибатпақтар-8, құмдар-40, саздар-18, құмдақ-16, басқалары-18. Қырынды бөлімдердің қуаттылығы 50м-ден асып кетуі анда-санда кездеседі және 2м-ден 100м-ге дейін өзгереді. Бір немесе басқа да тау жыныстарының қалыңдық қуаттылығы бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін өзгереді, ал тереңдік бойынша интервал көрінісі ешқандай заңдылыққа бағынбайды. Жоғарғы қалыңдықта мибатпақтар күйіңкі күйде, ал үлкен тереңдіктерде нығыздалған күйде болады. Олардың қозғалысқа қарсыласуы 16-98 кПа, ішкі діріл бұрышы 4-260, кеуектілік 50-83%, дымқылдығы 35-90%. Құмдардың ілінісуі 0-ге тең, ішкі діріл бұрышы 22-320, кеуектілік 37-45%. Саздардың жылжуына қарсыласуы 60-600 кПа құрайды. Консистенция көрсеткіші 0.18-1.70, кеуектілік 40-55%, дымқылдығы 25-48%. Түп бөлімдерінің жыныстары, сазды ескермегенде, байланыссыз және де бұрғылау кезінде тез бұзылады. Ұңғы қабырғасы шыдамды емес, тіреулерсіз бұрғылау кезінде тез бұзылады. Тау жыныстарының сулануынан қалқымалар пайда болуы жиі кездеседі. Мұндай горизонттарда кернді көтеру қиынға соғады.


    1. Теңіздердегі барлау ұңғымаларының бұрғылау жұмыстарына қойылатын талаптар.

Бұрғылауды артық немесе жеткіліксіз жабдықтап бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кететін негізсіз шығындарды жою үшін оған қойылатын геолого-методикалық талаптарды сақтай отырып бұрғылау, кез келген ұңғымалар үшін басты мәселе болып табылатын бұрғылаудың негізгі жолы позициялаумен ұңғыма диаметрі мен тереңдігі, технологиялық схема және методикасы, рейс ұзындығы және кернді шығару жұмыстарымен жұмыс істеу арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта Ресей теңіздерінің қайрандарында қатты пайдалы қазбалар және рудасыз материалдар кен орындарын игеру үшін кәсіби қолайлылықтарының болар-болмас саны анықталған. Сондықтан, мұндағы талаптар зерттеушілердің алдын ала жасаған бағыттауларына негізделеді. Теңіз қайранының кен орындарынан алынған қатты пайдалы қазбалар төгілмелі түрде болады. Оларда бағалы және сирек кездесетін материалдар мен рудалар, минералдар концентрацияланады. Руда болып есептелетін ильминит және моноцит тәрізді минералдар теңіздерде тамшы түрінде концентрацияланады. Шет ел басылымдарының мәліметтері бойынша, суасты шашырандыларын өндіру бағасының бір бөлігін құрайтын қатты пайдалы қазбалы компоненттер құрамын құрылыққа қарағанда теңіз түбінде 3-5 есе төмен тереңдікте рентабельді игереді. Бұған мысал ретінде теңіз шашырандыларын игеру қолайлылығын Оңтүстік Африка қайрандарының бір аудынында алмаз өндіру көрсетті.



Алмазды шағалды грунт бойынша өндіруі 300т/с. Кемеге орнатылған эжектр-эфликтрлі құрылғы арқылы жүзеге асады.

Ұңғыманың құрылықтан алшақ болуы және барлау акватория ауданы шашырандылардың миграциялық қабілеттілігімен оны құрайтын минералдардың тығыздығы мен өлшеміне байланысты анықталады. Ксаритет, алтын және платиноид шашырандысы бар минералдардың тығыздығы жоғары (7*10-3кгм3), олар түпкі бастаудан 20-40 км алшақтықта кездеседі. Екінші топтағы минералдар (ильминит, рутил, циркон, монацит, магнит, хромит) тығыздығы (4-7)*10-3 кг/м3 болып, түпкі бастаудан ондаған, тіпті жүздеген километр алшақтықта жинақталады. Үшінші топқа тығыздығы 4*103 кг/м3-тан төмен минералдар (алмаз, сапфит, рубин, олександрит, шпинель, т.б.). Олардың шашырандылары түп бастаудан 1000 км-ге дейін алшақтықта жиналуы мүмкін. Мәліметтер бойынша, шашырандылар теңізде 100-120 м изобатта таралып, ал алтын және ксаритет шашырандылары көмілген қалыпында болады. Шашырандыларды барлау кезіндегі ұңғыманың судағы тереңдігі 120 м-ден аспайды. Өйткені шашырандылар кездеспейтін тереңдіктен тереңірек іздейді. Ұңғымалардың теңіз түбінен төмен тереңдігін ГМТ бойынша ол сол жердің тау жыныстарын кесіп өтіп, толық мәлімет алу үшін 1,2 м-ге дейін тереңдетілетін болса ғана анықтауға болады. Шашырандыларды барлау кезінде бұрғылау диаметрі және бір рейс үшін тереңдетілуін, қазбаның пайдалы түрін барлау кезеңі, шашыранды бөлімдердің өнімділігінің ішкі құрылымы, сандық өлшемі, өнімді бөлімдердегі пайдалы минералдардың кеңістікке таралу айрықшалылығы, бос қалыңдықтағы мүмкін болатын қуаттылық бойынша анықтайды. Жалпы жағдайда пайдалы қазбалар түріне байланысты бұрғылау диаметрін үлкейту ретін келесі түрде магнит, титаноцирконилі минералдар, ксаритет, тантолит тобындағы минералдар, алтын, алмаз, платина шашырандыларын детальды барлау кезінде құрылықтағы кен орындардың шашырандылар қоры классификациясын қолдану инструкциясына байланысты диаметрі 0.5 м-ден кіші бұрғыланған ұңғыма мәліметтерін созылмалы шурф арқылы тексеру керек. Шурфтардың саны шашырандылардың кәсіби контуры шегінде бұрғыланған ұңғыма санының 5-10% құрауы мүмкін. Сирек кездесетін металдар мен олово шашырандыларын барлау кезінде күш түсіріп бұрғылау әдісі мен диаметрі 0.1-0.2 м бұрғылау ұңғымаларымен шектеледі. Теңіздегі пайдалы өнімдердің тиімділіктері құрылыққа қарағанда тепе-тең таралған. Сондықтан, теңіз шашырандыларын барлау кезіндегі бұрғылау диаметрі құрылықтағы шашырандыларын барлау кезіндегіге қарағанда кіші болуы тиіс. Ұсыныстарға байланысты теңіздегі алтын шашырандыларын детальды барлау кезіндегі ұңғыма диаметрін 0.22-0.25 м аралығында ғана ұстау жеткілікті. Ұңғыма диаметрін үлкейту кен орнының баға дәлдігін айтарлықтай жоғарылатпайды, бірақ ұңғыма құрылысын қиындатады. Теңіз шашырандыларын іздеу кезеңінде көптеген шикізат минералдар түрін (алмаздан басқасын) бұрғылау үшін зерттеушілер диаметрі 0.12-0.15 м ұңғыманы пайдалануды жүктейді. Осыған орай, шалғай шығыс теңіздері акваторияларында шашырандыларды іздеу-барлау кезеңінде ұңғыманың диаметрі 0.168 м құбырмен бұрғылайды.

Ұңғымалардың VII-XII бұрғылану категориясындағы жыныстарды алмаз іздеу мақсатында бұрғылау диаметрі 0.112 м-ден төмен болмауы тиіс, техникалық қиындықтарға зейін қоймау, үлкен типоразмерлердегі сериялы алмаз коронкаларының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұрғылау процесінде шашырандыларды құрайтын пайдалы компоненттерді есептеу үшін маңызды таңдалып алынатын керннің көп немесе оның аз болуын бақылау қажет. Осы бұрғылау талабына байланысты ұзындықтары шектелетін интервалды рейс қолданулары және құбырлар мен ұңғыманы қаттылауын міндетті түрде енгізу қажет. Берік тау жыныстарында қорғау целигінің биіктігі 0.1 м болса жеткілікті, ал мибатпақтар мен суға қаныққан құмды шағал жыныстарында ол 3.0 м дейін жетеді. Ұсыныстарға байланысты алтынды шашырандыларды зерттеу кезінде рейс үшін тереңдету 0.2 м құрайды, титано-цирконилі – 0.2-0.5 м, титано – магнитті және кассиритті – 0.5-1.0 м. Әртүрлі жыныстарда соққылау канатты әдіспен бұрғылау процесі көрсеткіштермен кен орындардың шашырандыларын барлау кезінде рейс ұзындығы әсерін ескере отырып, зерттеушілер рейсті 0.2 м-ге тереңдету кезінде жыныстардың және жер қабатының максимальды созылмалы металдарының мейлінше толық жіктелуі және құрамы өте ірі фракциялардан тұратын таңдамалар жіктелуін ескертеді. Целикке шегендеу құбырын 0.2-0.5 м-ге отырғызу құбыр түбіндегі жыныстардың құбырға еркін түсуін қиындататын қақпашық туындайды. Осыған орай, өнімді қабатты рейс ұзындығын 0.2 м-ден асырмай өндіруді қолданады;бос жыныстарды бұрғылау кезінде рейс ұзындығын 0.5-1.0 м дейін ұлғайту керек, бұл бұрғылау жылдамдығын жоғарылатады. Металдар, алмаздар, басқа да бағалы тастар, сондай-ақ, янтарь игеру үшін ұңғымалы геотехникалық әдіс тиімді. Геотехникалық ұңғыма диаметрі оған түсірілетін өндіру жабдықтарының өлшемдерімен анықталып, 0.25 м-ден төмен емес түсіруін ескертеді. Бұндай ұңғыма тереңдігі 100 м тереңдіктен аспайтын теңіз түбінен пайдалы қазбалардың нақты түріне байланысты барлау процесі секілді болады. Таза өндіру бағытындағы ұңғыма бұрғылау өнімділігін арттыратын жыныстарды жер бетіне су арыны арқылы көтеретін гидромеханикалық әдіспен бұрғыланады. Басқа да пайдалы қазба кен орындарын алатын болсақ, барлау және игеру жұмыстары көмір-тас кен орындарында жүргізіледі. Көмір кернін таңдау қиыншылығы тау жынысының классификациясында ол I-II топтағы жыныстарға жатады және коронка диаметрі 0.076 м-ден кем емес 0.5 м-ге дейін қысқартылған рейспен бұрғылау арқылы қабат қуаттылығы 1.5 м-ден 2.1 м-ге дейін үлкен көмір қоры табылды. Бұрғылауды диаметрі 0.152 және 0.130 м құбыр мен алмаз коронкалы қалқаншалы қондырғының айналмалы әдәсәмен жүргізіледі.

Алмаз коронканың моторесурсы орташа алғанда 500 м-ді құрады. Бұрғыланып жатқан ұңғыма тереңдігі 750 м-ге жетеді. Көмір барлау ұңғымасының параметрлеріне жақын болып, құрылымдық-картиралы ұңғыма параметрлері есептеледі. Бұрғылаудың минимальды диаметрі 0.059 м, судағы тереңдігі 300 м, жыныс бойынша 300 м-ге дейін және одан да жоғары. Бұрғылау барысындағы құрылымдық-картиралы ұңғыма рейсінің ұзындығы кез-келген болуы мүмкін және керн шығуы мен рейстегі бұрғылаудың механикалық жылдамдығымен анықталады. Теңіз недрасы шағал мен тастақ, ең бастысы құм негізіндегі рудасыз шикізаттың алпауыт кен орындарын иемденеді. Оларға әр түрлі құрылыс ошақтары үшін сұранысы өте зор. Құрылыс материалдары кен орнын барлау үшін керннің компонент құрылымы мен гранулометриялығын сақтап қалу қажет және жұқа дисперсиялы материалдарды шайып кетпеуін қамтамасыз ету, яғни саз қатпарлары санымен сипатталатын шикізат сапасының төмен болмауы тиіс. Құмды және шағал-құмдақ жатқынында кернді бұрғылау кезінде жұқа дисперсиялы материалдарды су шайып кетпеуін қамтамасыз ету қиынға соғады. Рейс тереңдігі 2 м және одан да жоғары болуы тиіс. Рудасыз материалдар өнімділік қабатының қуаттылығы ондаған метрлерге жетеді. Рудасыз шикізат кен орындарын барлауға назар аудартатын акватория тереңдігі оларды тиімді игеру мақсатындағы техникалық құралдар мен әдістер мүмкіншілігімен ғана шектеледі. Игеру тереңдігін ұлғайтса, оның ПӘК және өнімділігі тез арада төмендеп, энергия шығыны жоғарылайды. Осылайша игеру тереңдігін 10-нан 40 м-ге дейін ұлғайту, өнімділікті 2 есе азайтады. Теңіздегі құрылыс материалдарын өндіру кезінде эрлифті қондырғыны пайдаланған жөн. Эрлифті пайдаланудың тиімді тереңдігі – 40 м шегінде.

Қатты пайдалы қазбалы барлау ұңғымалары тереңдіктері мен диаметр интервалдарына инженерлі-геологиялық ұңғымалар өлшемдері жатады. Олардың құрылықтағы тереңдіктері 10-20 м-ді құрайды. Құрылыс фундаментін шайып өтетін және түп грунттарының сулануын болдыратын теңіздегі ішкі желді және толқынды күш түсіру, суастындағы ағыс интенсивтілігінен инженерлі-геологиялық ұңғымалардың тереңдіктері өте көп болады. Мұнай кәсіби геотехникалық құрылысын инженерлі іздеулер кезінде керекті максимальды тереңдік тіректерге айтарлықтай биіктік, массалық және концентрациялық үлкен күш түсіруге байланысты. Теңіздегі инженерлі-геологиялық зерттеулер қажетті ерекшелігі осы арада бұрғылаудың негізгі мақсаты болып тек грунт таңдамасын алу ғана емес, сонымен қатар, табиғи ағып келудегі грунттардың физико-механикалық құрылымын анықтау мақсатында ұңғы оқпанында әртүрлі геотехникалық зерттеулер жүргізу болып табылады. Еркін өткізетін үлкен диаметрлі бұрғылау құбырларын пайдалануға негізделген бұрғылау кешенінің орнына, құрылықта инженерлі-геологиялық бұрғылау кезінде пайдаланатын геологиялық барлауды қолдануға қарағанда техникалық және технологиялық жағынан айтарлықтай ақтайтын деп табылды. Диаметрі 0.127 м мұнай сортаментінің бұрғылау құбырлары теңіздегі бұрғылау жұмыстарында көп кездеседі. Осыған орай, ұңғыма диаметрі 0.132 м төмен болмауы тиіс. Қазіргі уақытта 200 м тереңдіктегі акваториялар назар аудартады. Инженерлі-геологиялық қажетті бұрғылау перспективасында үлкен тереңдіктерде жұмыс істей алады, өйткені, қазіргі уақытта мұнай мен газды өндіру теңіздің 500 м тереңдігінде мүмкін болып отыр. Көрсетілген ұңғыма өлшемдерінің интервалдары әр түрлі шекті техникалық ұңғыма өлшемдерімен бірдей болады. Мысалы, кейбір елдерде ұңғыма көмегімен теңіз түбіндегі радиоактивті қалдықтарды экологиялық қауіп төндіретін көміп тастау идеялары жасалуда. Авторлардың көз қарасы бойынша, қалдықтарды қауіпсіз көміп тастау ұңғыманың 0.15 м диаметрмен бұрғылау қажет. Бұл жыныс бойынша 40 м-ге жуық тереңдіктерде, ал жағалауы алшақ акваторияның 80 м тереңдігінде жүзеге асады. Ұңғыманы бұрғылауға қойылатын геологиялық-методикалық және эксплуатациялы-техникалық талаптарының барланып жатқан акватория тереңдіктері және геологиялық кескіндердің келесі өлшемдерін анықтайды:



  • ұңғыманың максимальды тереңдігі(су бойынша 300 м, жыныс бойынша 300м), м;

  • қырылған (рыхлых) бөлімдердегі ұңғыма диаметрі (максимальды – 0.325/0.351, минимальды – 0.146/0.166), м;

  • түпкі жыныстардағы ұңғыма диаметрі (максимальды – 0.131, минимальды – 0,059), м.

Қарастырылған бағыттағы ұңғымалар су және жыныс бойынша тереңдіктері айрықшаланады. Сондықтан, көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:

1-топқа құрылыс материалдарын және шашырандылырды, геотехникалық, технологиялық және үлкен бөлігін инженерлі-геологиялық барлау ұңғымалары жатады. Жай уақытта олардың тереңдіктері су және жыныс бойынша 100 м-ден аспайды. Бұл топтағы ұңғыманың жыныс бойынша тереңдігі 30 м-ден аспайды. 2-топқа көмір және басқа да пайдалы қазбаларды құрылымдық барлайтын және жыныс бойынша бұрғылау тереңдігі 100 м-ден асатын инжинерлі-геологиялық ұңғымаларын жатқызады. 2-топтағы ұңғыма тереңдіктері су және жыныс бойынша 300 м тереңдікке дейін жетеді. Бірақ, екінші топтағы ұңғымалардың үлесіне бірінші топтағы ұңғымалар үлесіне қарағанда түпкі жыныстарда бұрғылаудың айтарлықтай көп көлемі түседі. 1 және 2-топтардағы ұңғымаларды бұрғылау процесстері тереңдік бойынша табиғи ерекшеленсе де көп ұқсастығы болады, өйткені олардың әр қайсысын міндетті түрде әр түрлі қаттылықтағы жыныс бойынша бұрғылау керек, өйткені барлық ұңғымалар түпкі жыныстарға нық отыруы қажет. Тіпті, құрылыс материалдарын барлау кезінде қаттылығы және бұрғылануымен ерекшеленетін құмды және шағал-құмдақты бөлімдерді бұрғылау қажеттілігі туындайды. Судағы жыныстарды ашу кезінде суланудың әсерінен ұңғыманың қабырғалары берік болмағандықтан, оқпанды шегендеу құбырымен жыныстарды бұрғылау, оларды салыстырмалы түрде үлкен диаметрмен бұрғылау қажет.

Инженерлі-геологиялық, структуралық-картиралы және көмірді барлау ұңғымаларын бұрғылауға қойылатын талаптарда бір колонналы снарядтармен беттік айналмалыларды пайдаланып, минимальды қажетті диаметрлермен бұрғылау да бар. Жүзетін құралдарға шайқалудың бұрғылау процестеріне әсер етуін төмендету мақсатында колонкалы снарядтарды айналдыру үшін түптік айналдырғыштарды пайдаланады, ал көтеріп-түсіру операцияларына кететін уақыт шығынын азайту мақсатында керн қабылдағышы бар снарядтарды қолданады. Осы жағдайда керн алу үшін қарапайым колонкалық снарядтар мен беттік айналдырғыштарды пайдаланып бұрғылауға қарағанда, ұңғыма диаметрі қажетті диаметрден айтарлықтай үлкен болғаны жөн. Мысалы, ДонГТУ мамандары акватория 150 м тереңдігі кезінде ұңғыманың 150 м-ге дейін тереңдігінде ғылыми зерттеу-бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін «Диабаз» кемесін жасап шығарды. Жасап шығарылған снарядтар құрамына жататындар: диаметрі 0.114 м бұрғылау құбырлары, диаметрі 0.140 м ауырлатылған бұрғылау құбырлары, диаметрі 0.151-0.214 м колонкалы бұрғылау головкалары жатады. Бұдан басқа инженерлі-геолгиялық, структуралы-картиралық және көмірді барлау ұңғымалары жоғары қырынды бөлімдер горизонттарының жоғары сулануы және салыстырмалы үлкен тереңдіктеріне байланысты диаметр сағасын ұлғайтудың екі немесе үш сатылы өзгертулерін иемденеді. Сондықтан, олардың бастапқы диаметрлері шашырандыларды барлау ұңғымалары диаметрлеріне және геотехнологиялық, техникалық диаметрлеріне жақын болады. Құрылыстың ұқсас шарттары және бағыттауда қарастырылып жатқан барлау ұңғымаларының диаметрлеріне жақындығы оларды бұрғылау кезінде бірдей типті және әдісті жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет