Қазақстан Қырғызстанға екі мың тонна дизель отыны түрінде гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бөлінген.

Бұған дейін Бішкек ЖЭО-да 2 ақпанға қараған түні апат орын алып, жылу, ыстық су мәселелері туындады. Қазақстан жеткізген дизель отыны көлік, ауыл шаруашылығы және медициналық мекемелерді қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің түрлі салаларындағы энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады. 

“Бұл гуманитарлық көмек Қазақстанның көрші елдермен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі тұрақты күш — жігерінің және бүкіл өңірді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға одан әрі жәрдемдесудің бір бөлігі ”, — делінген KazAID хабарламасында.

 

  • Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына қатысты тергеу басталды

  • "2 миллиард теңге қарыз": Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауыты сатылымға шықты

28 ақпанда ҚР ТЖМ" Резерв "РМК" Заря " филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясын 17 вагон-цистернамен Қырғызстанға жөнелтілді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.