Қазығұрт аудандық полициясына бір топ жергілікті тұрғындар хабарласып, олардың атына белгісіз біреу несие рәсімдегенін мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған факті "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Күдікті 31 жастағы ер адам болып шықты. ол банк қызметкері бола тұра клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеген.

"Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 21 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген хабарламада. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.