Қырғызстанда бай және жоғары лауазымды тұлғаларға элиталық интимдік қызмет көрсететін желі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gknb.gov.kg

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, элиталық интимдік қызмет көрсететін интернет-топтардың бас әкімшісі анықталып, ұсталды.

"Анықталғандай, И.К.Д. 18 бен 25 жас аралығындағы жас қыздардан, сондай-ақ Instagram және TikTok әлеуметтік желілерде танылған  тұлғалар мен блогерлерден тұратын онлайн топтар желісін ұйымдастырған. Онда эскорт қызметінің құны 1000 доллардан 10 000 долларға дейін көрсетілген. Сонымен қатар ол қыздардың интимдік қызмет көрсетуі үшін Дубайға (БАӘ) және көршілес республикаларға сапарлар ұйымдастырған", — делінген хабарламада.

  • Кездесу құны 500 мың теңгеден басталады: Алматыда "элиталы эскортшылар" желісінің ұйымдастырушысы ұсталды 
  • "Күресетін адамдарды тапқан екен": Қазнетте эскорт-қызметті ұйымдастырған қызды жазалауға қатысты дау туды

Жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша қыз ұсталып, сот қаулысымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасауға қатысы бар лауазымды тұлғаларды анықтау бойынша қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Жезөкшелер үйін жабуды талап еткен Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті төрағасы интимдік қызметті пайдаланатын депутаттардың есімін жариялайтынын айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.