Биология 9-сынып 2



жүктеу 92.21 Kb.
Дата14.10.2017
өлшемі92.21 Kb.
түріСабақ


«Қызыл кітап» және оның рөлі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:


Дамытушылық:

Тәрбиелік:


Оқушыларға алдыңғы тақырыптардан алған білімдерін тереңдете отырып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру. Оқушылардың дүниетанымын тақырыпқа сай өрбіту, дамыту, арттыру, тіл байлығын дамыту.

Оқушыларды өз бетімен ізденуге, еңбектенуге, шығармашылыққа баулу

Оқушылардың сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды қамқорлыққа алуға, қорғауға баулу және экологиялық тәрбие беру.


Сабақтың

түрі:


Аралас сабақ

Әдіс -тәсілдер

Ұжымдық оқыту, сұрақ – жауап, ойын элементтерін қолдану, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Кітаптар көрмесі, интерактивті тақта, буклеттер, қызыл кітап, плакаттар.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-Амандасу. -Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. -Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. -Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарымен таныстыру.

-Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

-Оқушыларды психологиялық дайындау;



Үй тапсырмасын сұрап, бекіту, бағалау

А) «Бағдаршам» сұрақтарын қою арқылы үй тапсырмасын сұрап, бағалау

Қызыл шам сұрағы:

- Қазақстан аумағындағы радиациялық апат аймақтары.

- Аймақтардың қауіптілігінің қанша түрі бар?

Сары шам сұрағы:

- Экологиялық апат аймақтары.

- Апаттардың зар даптары

Жасыл шам сұрағы: - - Апаттан қорғану жолдары. - Сенің қоршаған ортаға тигізер пайдаң

Б) Сәйкестендіру тесті


1

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай, Абай аудандары

1

Орташа қауіп-қатерлі аймақ

2

Қауіп-қатерлі аймақ

2

Төтенше қауіп-қатерлі аймақ

3

Шығыс Қазақстан облысы, Абай, Бесқарағай аудандары

3

Шығыс Қазақстан облысы, Семей, Курчатов, Өскемен, Риддер қалалары, Аягөз, Бородулиха, Глубоков, Шемонайха аудандары;

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы; Павлодар облысы, Май ауданы



4

Гептил өте улы бо

ғандықтан

4


Адамдардың түрлі ауруларға ұшырауы

5

Қоршаған ортаның ластануы

5

Республика аумағында ірі зымырандық полигондар

6

Батыс Қазақстан облысында «Тайсойған», Балқаш көлі маңында «Ташкент-4» және «Байқоңыр» ғарыш айлағы

6

адамдардың өкпе, тыныс алу жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек пен бауырды зақымдайды

Жауабы: 1-2. 2- 3, 3-1, 4-6, 5-4, 6-5.


Оқушыларды

білімді, саналы

және белсенді

түрде меңгеруге

дайындау кезеңі:


-Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

- Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету.

- Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

-Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- Оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.


Жаңа сабақты

түсіндіру кезеңі:




Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Отыра алмас ұлың шыдап,қызың шыдап

Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.

Қызыл кітап, қызыл кітап

«Жоғалып кеткендердің бастарына,

Жазылған қызыл шырақ»



Қ.Мырзалиев

Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралай келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы ойлана бастады. Кейбір өркениетті елдерде жануарлар, өсімдіктер, орман, өзен, көлдерді қорғау туралы мемлекеттік деңгейде құжаттар қабылдана бастады. Прогресшіл патша ретінде танылған І Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін «патша қазынасы» деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен өзен бойынан 3 шақырым жерге дейін ағаш кескендерді жер аударғаны белгілі.

Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тапты. Әсіресе Еуропа елдері, Ресей мемлекеті, Қытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөле бастады. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылды.

Халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола жойылып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

1963 жылы Халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1978, 1981, 1991, 1996 жылы өңделіп қайта басылып көпшілікке ұсынылды (7-кесте.)
7-кесте.


Шыққан жылдары

Кітапқа енген организмдердің топтары

Балықтар



Қосмекенділер



Бауырымен жорғалаушылар



Құстар


Сүтқоректілер



Өсімдіктер




1978

4

1

8

48

31

-

1981

-

-

-

-

-

306

1991

16

3

10

58

42

-

1996

16

3

10

56

40

506

1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) ұйымдастырылды. Мақсаты – табиғаттың тұтастығы мен әралуандылығын сақтау ісінде дүние жүзінің ұйымдарына ықпал ету, қолдау және көмектесу. (ХТҚО 1988 жылдан бастап Дүниежүзілік табиғат қорғау одағы деп аталады.)

«Қызыл кітап» ұйымдастыру оңай емес. Ол үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Қазақстанның ғалымдары бірнеше рет ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып, «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми сипаттама беріп талқыға салды. Одан соң сол түр туралы қарар қабылданды.

«Қызыл кітапқа» енгізу үшін ғалымдар түрдің 5 категориясын анықтаған. Осы категорияға сәйкес келген жағдайда ғана ол түр кітапқа енеді. Ол категориялар мынадай:

1 категория – жойылып бара жатқан түрлер. Себебі, бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, күдір,т.б.

2 категория – саны азайып бара жатқандар.(жуық арада жоғалып кетуі мүмкін).

3 категория – сирек кездесетін түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ,бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, т.б.

4 категория – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Оларға шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б. жатады.

5 категория – қалпына келгендер (қорғау жұмыстарының нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т.б.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді аулауға, ұстауға мүлдем тыйым салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулаған жағдайда жауапқа тартылады. Сондықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды оқып-үйрену, білу баршаның міндеті болып табылады. «Қызыл кітапқа» енгізілген аңдар мен құстарды, өсімдіктерді біле отырып, зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мен мектебіміздің кітап сөресінде тұруға тиісті.




Жаңа сабақты

бекіту кезеңі



Бүгінгі өткен жаңа тақырыбымыздан не білдік, не үйрендік, қандай ойда қалдық......

Патша қазынасын толтыру арқылы біз жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендігіміз туралы біле отырайык.

«Патша қазынасы»

А) сұрақтарға жауап беру арқылы қазына толтыру.



  • «Қызыл кітаптың» тәрбиелік мәні неде?

  • «Қызыл кітапқа» енгізу қандай талаппен енгізіледі?

  • Қазақстанның «Қызыл кітаптары» қай жылдары шыққан?

  • «Қара кітап» туралы не білесіңдер?

Ә) Жылдар жылнамасын толықтыру



Шыққан жылдары

Кітапқа енген организмдердің топтары

Балықтар



Қосмекенділер



Бауырымен жорғалаушылар



Құстар


Сүтқоректілер



Өсімдіктер




1978














1981

















1991

















1996


















Бағалау:

Сабақ барысында белсенді араласып отырған оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:

§56 – ты оқу.

Эссе жазу:



«Менің жануарларды қорғап қалуға қосар үлесім» тақырыбында.

Каталог: uploads -> doc -> 01bb
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет