Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: migrantumir.com

Бас мүфти қасиетті айда атқарылатын игі шараларға баршаны үлес қосуға шақырды.

  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі
  • Қазақстанда 1 наурыздан бастап намаз кестесі қалай өзгереді — Діни басқарма түсіндірді

“Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне барынша жеңілдік жасауға шақырамын. Азық-түлік мекемелерінде қолжетімді бағада ас мәзірін ұсыну – мақтауға тұрарлық істердің бірі. Бар жамандықтың бастауы болып табылатын арақ-шарап дүкендері сатылмаса екен деген тілегімізді айтқым келеді. Осы ретте, барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан маңызды нысандардың: жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешендерінің құрылысына аз да болса үлес қосуға шақырамыз", — деді мүфти. 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.